Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:47, реферат

Краткое описание

Біз өз әдет-ғұрпымызды әкелерімізге қарағанда тез өзгертеміз және өзіміздің өзгертулерімізді тез қабылдаймыз, әрі өзіміздің әдет-ғұпымызды үлкен ыждаһатпен құқықтық норма етіп қайта өңдейміз және бір ізге саламыз.
Өз қарамағында жалға алушысы бар лендлорд, осы жалға алушыны сақтап қалу үшін шартта көрсетілмеген көп нәрсеге барады. Осылайша ақша рентасы тұрақты да, ал шынайы рента өзгеріске ұшырап отырады.

Оглавление

КІРІСПЕ.............................................................................................. 3-4

I бөлім. Жер рентасының теориялық негіздері...............................5-8

1.1 Жер рентасының экономикалық мәні…………………………...... 5-8
1.2.Жерді пайдалану ақылығы және оны экономикалық ынталандыру……………………..............................................................9-10

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер
кадастрлық жүйесінде жерлердің бағалануы..................................11-13

2.1. Жер үшін төленетін төлемдердің түсінігі және жалпы мәселелері.................................................................................................11-13
2.2. Сапалы бағалау (жер қыртысының бонитет балы).......................14-15

III бөлім. Жер қойнауын бағалау әдістемесі....................................16-20

3.1. Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі құқықтары..............16-20
3.2. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтын түрлері ......21-23
3.3. Жер учаскісінің бал банитетін бағалау............................................24-25
Қорытынды...................................................................................... 26-27

Қолданылған әдибиеттер .................................................................... 28

Файлы: 1 файл

жер рентасы.docx

— 89.05 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ..............................................................................................       3-4

 

I бөлім. Жер рентасының теориялық негіздері...............................5-8       

 

1.1 Жер рентасының экономикалық мәні…………………………...... 5-8     

1.2.Жерді пайдалану ақылығы және оны экономикалық ынталандыру……………………..............................................................9-10

 

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер

 кадастрлық жүйесінде  жерлердің бағалануы..................................11-13

 

2.1. Жер үшін төленетін төлемдердің  түсінігі және жалпы мәселелері.................................................................................................11-13                                 

2.2. Сапалы бағалау (жер қыртысының бонитет балы).......................14-15 

 

III бөлім. Жер қойнауын бағалау әдістемесі....................................16-20

 

3.1. Жер қойнауын пайдаланушылардың   негізгі құқықтары..............16-20

3.2. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтын түрлері ......21-23

3.3. Жер учаскісінің бал банитетін  бағалау............................................24-25

Қорытынды......................................................................................        26-27                

 

Қолданылған  әдибиеттер .................................................................... 28 

Қосымша .............................................................................................     29-30                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

     Біз өз әдет-ғұрпымызды әкелерімізге қарағанда тез өзгертеміз және өзіміздің өзгертулерімізді тез қабылдаймыз, әрі өзіміздің әдет-ғұпымызды үлкен ыждаһатпен  құқықтық норма етіп қайта өңдейміз және бір ізге саламыз.

      Өз қарамағында жалға алушысы бар лендлорд, осы жалға алушыны сақтап қалу үшін шартта көрсетілмеген көп нәрсеге барады. Осылайша ақша рентасы тұрақты да, ал шынайы рента өзгеріске ұшырап отырады.

    Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері – жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану,  жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.

      Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған.  Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сарқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма –жыл  ренталылық табыс береді. Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.

     Жаңа күрделі жұмсалымнан алынған табыс қана, табыс және пайда ретінде болады; ол осы жаңа салымдар салуды пайданың шегіне жеткенге дейін жүзеге асырады, оның өндірушілік артық өнімі немесе рента оның жыл сайын жұмсалатын капитал мен еңбегінің жаңа үлесі үшін талап етілетін сыйақыдан жоғары жақсарған жерден түскен жалпы табыс өсімнің артықшылығы болып табылады.     

    Бұл артықшылық мыналарға байланысты болады; біріншіден, жердің өнімділігіне, екіншіден, ол сатуға тиіс заттардың салыстырмалы құнына және сатып алуға қажетті заттарға байланысты.   

      Табыстардың бөлінуін талдау, оның тағы бір түрі жер рентасының құрылу мәнін түсіндіруді қажет етеді. Осы категорияны, сол сияқты жалақы, процент, пайданы әр қилы мектеп бағытының өкілдерінің зерттеулері жер рентасы категориясының мәніне әр түрлі баға береді. Жер рентасы туралы маркстік концепция капиталистік қоғамдағы табыстың барлық түрлерінің көзі бір таптың-пролетариаттың  (өнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы) қосымша еңбегі, тек жалақы еңбекпен табылған табыс, қалғандары еңбексіз (пайда, процент олай болса жер рентасы да).

     Жер учаскесiне құқық шектерi туралы айтып кетсек. Егер Қазақстан

Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық,

 

3

осы учаскінің шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су

айдындарына, екпелерге қолданылады.  Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы,          

жер учаскесiнiң  нысаналы мақсатына сәйкес және жер  қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Егер Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.

     Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауға байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институты ретінде анықталады.

      Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн және де жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері де бар.

      Құқық бұзылушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады-жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік еңбек жауаптылығы.

    Жер рентасының адам еңбегінің нәтижесінде белгіленген бөлігі мен табиғаттың бастапқыда берген байлығы түріндегі бөлігін ажыратып қарауға тұрарлық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

I. Жер рентасының теориялық негізі

1.1. Жер рентасының экономикалық мәні

 

     Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып,    рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер маңыздылығы табиғи ерекшеленеді: еркін ұдайы өндірілетін басқа екі факторларға қарағанда жер ұсынысы шектелген, оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін  ерекшілік болып табылады. Сондықтан, жер ұсынысы икемсіз.

    Жер ұсынысының шектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жағдай барлық экономикалық мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен ерекшеленеді.

    Жер рентасы – жер учаскісін уақытша қолданғанға (пайдаланғанға) төленетін төлем.  Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебінен пайда болады. Құрылу ерекшілігіне сәйкес Маркс жер рентасының екі түрін бөліп қарады: абсолюттік және дифференциалдық. Дифференциалдық рентаны А.Смит пен Д.Рикардо да зерттеген.[1-кесте,-29-б]

      Дифференциалдық рентаның пайда болу себебі-жерге шаруашылық объектісі

ретіндегі монополия. Қайнар бұлағы-ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылардың ақы  төленбеген қосымша еңбегі. Дифференциалдық  рента тек осы жолмен ғана алынады. Дифференциалдық рента екіге  бөлінеді. Олар: бірінші және екінші дифференциалдық рента деп аталады.

      Дифференциалдық I рентаның пайда болу шарты: жердің табиғи құнарлығындағы және учаскілердің рынокқа орналасу қашықтығының айырмашылықтары. Осы жағдайларға байланысты, тек құнарлығы орта және жақсы немесе рыноққа жақын жерлердегі учаскілерде құрылатын үстеме пайда жер иелерінің қарамағына көшкен соң, дифференциалдық I рентаға айналады.

      Дифференциалдық II рентаның пайда болу шарты: белгілі бір жер учаскісіне, әдетте табиғи жағынан құнарсыз учаскілерге, қосымша жұмсалатын капитал өнімділігінің айырмашылығы.

      Белгілі бір жерге қосымша капитал жұмсау (тыңайтқыштарды, жаңа машиналарды, жер суландыруды, жер құрғатуды, өндірістің жаңа тәсілдерін кеңінен қолдануын) арқылы ауыл шаруашылығын қарқындату негізінде құралатын үстеме пайда, кәсіпкер жалға алушылар оны жер иелеріне берген соң, дифференциалдық II рентаға айналады.

      Қорыта айтқанда, бірінші дифференциалдық жер рентасының барлық жағдайда жер иелері иемденеді. Егер жерді жалға алу жөніндегі келісім шартының мерзімі аяқталмаса, II дифференциалдық жер рентасын жалға алушы, ал егер осы шарттың мерзімі бітсе, II дифференциалдық жер рентасын жер иесі пайдаланады. Сондықтан жерді жалға беру туралы шарттың мерзімі жөнінде жер иелері мен жалға алушы арасында кескілескен үздіксіз тартыс пен күрес болып тұрады.

5

 

      Дифференциалдық рента құнарлығы өте жақсы және орташа учаскіде

алынған өнімнің  бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы 

өндіріс бағасының  арасындағы айырмашылық ретінде  жақсы және орташа жер учаскесінде пайда болады. Дифференциалды рентаның алғышарттары – бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым-қатынастар.

    Дифференциалдық рента бірдей енбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім (пайда) алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы одан нашар жерді пайдаланғанда немесе пайдаланатын жердің сапасы нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді. Оны қарапайым мысалмен

көрсетуге болады. Түсімі 40 ц\ га жалпы шығыны 20 мың  теңге бидай өндірілетін жер  ауыл шаруашылығынан алынды делік.

    Қалған жерлердің өнімділігі 10 ц\га. Жоғалтқан өнімді алу үшін ондай жерлердің төртеуін игеру немесе қосымша шығын жұмсап жердің өнімділігін арттыру керек. Игерілетін жерге жұмсалатын жалпы шығын 30 мың теңге деп алайық. Сонда бидай өндіруге жұмсалатын шығын 10 мың теңгеге артады.  Егер сапасы нашар жерлерді игермей, оның орнына сапасы бұрынғы жердей жерді тапқан болсақ, оның халқы шаруашылық тиімі 10 мың теңге  болған болар еді. Яғни сапалы жердің құндылығы сапасыз жерден 10 мың теңгеге артық деген сөз. Жаңадан игеретін сапалы жердің экономикалық бағасы да 10 мың теңге. Былайша айтқанда, экономикалық бағалау негізгі дифференциалдық тиім болды. Мысалдан байқағанымыздай, халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған жерден алынатын өнім немесе таза табыс шамасы емес, дифференциалдық табысқа немесе нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шекті шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен  есептелген жер рентасымен анықтайды.

    Абсолюттік рента. Карл Маркс ілімі бойынша бұл жерге жеке меншік негізінде барлығында бар, жер учаскілері жағдайымен ерекшеленбейтін рента. Ол ауыл шаруашылық өнімнің құны және  оның өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықтан көрінеді: біріншісі соңғысынан жоғары. Маркстің айтуы бойынша, ауыл шаруашылық өнімі құнының төмендеуіне жерге жеке меншіктен туындайтын экономикалық шектеулер кедергі етеді. Осыдан қорытынды – жерді мемлекет мүлкіне айналдыру керек.

      Жалға берілген жерлердің табиғи, жасанды құнарлылықтарының, оның орналасу қашықтықтарының айырмашылықтарынан тәуелсіз түрде және ауыл шаруашылығындағы барлық жерлерде құралатын жерге деген жеке меншік монополиясы нәтижесінде жер иелері иемденетін үстеме пайда абсолюттік жер рентасы деп аталады.

      Абсолюттік жер рентасының пайда болуының себебі: жерге деген жеке меншік монополиясы. Құрылуының алғы шарты-ауыл шаруашылығындағы

 

6

капиталдың  органикалық құрылымының, өнеркәсіппен салыстырғанда төмен 

болуы. Жерге  деген жеке меншік монополиясы өндірістің басқа салаларындағы 

капиталдардың ауыл шаруашылығындағы артық қосымша  құн қайта 

бөлініп,түрлі  салалардағы пайданың теңесуіне  мүмкіндік бермейді. Абсолюттік рентаның бір ғана алуны жолы бар. Жалдамалы  жұмысшылардың қосымша еңбегі. Осы  рентаның мөлшері ауыл шаруашылығы  өнімінің құнынан қоғамдық бағасын  алып тастағандағы айырмасына тең.

       Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы емес, ол қажетті өнім алудың тұрақты көзі. Топырақтың құнарлығы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан табиғи процесс, қолдан жасалмайды. Бірақ экономикалық тұрғыдан жаңғыртуға, жақсартуға болады.

     Топырақтың құнарлығын жаңғырту, қосымша еңбек жұмсауды қажет етеді. Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға экономикалық жағдай туғызады.

     Егер жердің иесі жерді жалға берсе, онда жалға алушы оған жылдық рента

төлейді, оның ішінде жер рентасы плюс жердегі  бар құрылыстарды қолданғаны  үшін төлем бар.  Жалға алушы шаруашылыққа салған капиталдан орташа пайда алады. Қосымша құн мен орта пайда айырмасы абсолюттік жер рентасының құрайды. Жер рентасының маркстік концепциясы қысқаша осындай.

    П.Самуэльсон жер рентасының мөлшері «соңғы әдіспен » анықталады, яғни жасалған өнімнің жалпы мөлшерінен жалақының жалпы мөлшерін алып тастағанға тең деп қорытынды жасайды. Жеке меншік құқығы бойынша рента жердің иесіне ( фермерге ) тиеді.

Жер рентасының Маркстік тұжырымдамасына келетін  болсақ, қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан, жер рентасы пайда және процент сияқты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылады. Карл Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.

Информация о работе Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.