Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................
Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................
Қазақстаннан шығу туризiмiнiң өсуiне әсер ететiн факторларға шығу тәртiбiн карапайымдылау, iскерлiк қатынастардың кеңеюi, валюталық кұралдары бар адамдардың және кәсiпорындар санының өсуi жатады.
Туристiк кызметке тұтынушы сұраныстың тенденцияларының анализi, жергiлiктi халық үшiн қысқа мерзiмдi демалыс, демалыс пен емдеудi бiрiктiру, сонымен қатар демалыс күнгi туризмi айрықша тартымды екенiн көрсетедi.
Қазiргi уақытта Солтүстік Қазақстан аймағындағы iшкi туризмдi дамыту үшiн туристiк - рекреациялық мүмкiншiлiгi өте зор. Табиғи ландшафттардың, флора мен фаунанын көптүрлiлiгi, мәдени - тарихи рекреациялық ресурстардың әртүрлiлiгi бәсекелес туристiк индустрияны құруга мүмкiншiлiк бередi.
Қазакстан Республикасының «туризм туралы» заңы - ұлттық туризм жүйесiнiң қызмет етудiң негiзгi заң актiсi болып табылады, ал осы жүйенi, сол немесе басқа аймақтардың, мемлекеттердiң, олардың мәдениетi мен дәстүрлерiмен танысу мақсатында адамдардың демалысты өткiзуi ретiнде анықтайды.
Әртүрлi елдердiң, мемлекеттердiң тәжiрибесi, туризм индустриясының әрбiр экономиканың ажырамас бөлiгi екендiгiн көрсетiп отыр.
Солтүстік Қазақстандықтардың көбін демалуға туристік фирма арқылы жіберіп отырады дейді “Казинформ”. Ірі туристік фирмалар облыс территориясында орналасқан. Көбіне туристерді әдемі табиғатты курортты зона Бурабайға жіберіп отырады. Ал шетелдегі танымал қаратеңіз жағалауындағы Кавказ, Туркия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктерінің демалу базалары да өз құндылығын жоғалтпауда.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бірін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің дүниемізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді .
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Туризм саласындағы халықаралақ қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі - Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуметті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.
Солтүстік Қазақстан туризмінің дамуына 1997 жылы еліміздің астанасын Ақмола облысына көшірілуі де үлкен ықпал етті десек те болады. Ондағы Бурабай, Баянауыл, Муялды санаторияларын қайтадан қалпына келтіру мақсатымен құрылыстар жүргізілді.
Халықшаруашылығының саласы ретінде туризм сұраныс пен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырыта білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікке орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (бұдан әрі- турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде Қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болды.
ДТҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде Қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігінің Солтүстік Қазақстан аймағындағы объектілер – “Баянауыл” МҰТС (Павлодар облысы), Щучье- Бурабай курортты аймағы базасындағы “Бурабай” және “Көкшетау” МҰТС, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғи қорығы ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғарғы деңгейімен сипатталады /56/.
Солтүстік Қазақстан аймағының бизнес - туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Геосаяси жағдай және табиғи шикізат ресурстары Солтүстік Қазақстан аймағының бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Біздің мемлекетіміздің жас ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болды.
Туризм дамуы ушiн материалдық - техникалық факторлардын үлкен маңызы бар. Олардың негiзгiлерi: орналасу, көлiк, қоғамдық тамақтану, сауда мекемелерiнiң дамуымен байланысты. Туристердi орналастыру үшiн пайдаланылатын материалдық база туристiк инфрақұрылымның құрылуында алдыңғы орынды алады. Орналастыру орындарына қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристiк ауылдар, жеке пэтерлер т.б жатады. Туристiк саяхат кезiнде маңызды рольдi, сонымен қатар туристердiң тамақтануын ұйымдастыру алады. Туристiк ағымды кеңейтудiң негiзi болып, көлiк табылады. Соңғы кезде техникалық прогресс қарқынының тездетуiнiң нэтижесiнде көлiк кауiпсiз, тез жэне комфортабельдi болып жатыр [31,32].
Бурабай курорттық ауданы өзінің табиғатымен, тауларымен, көлдерімен, жануарлар мен құстар дүниесінің әртүрлілігімен, шипалы климатымен, таза ауасымен, қымызымен, шипалы сулары мен батпақтарымен, аңыз-әңгімелерімен ерекшелінеді. Осының барлығын көру, сауықтырылу және демалу үшін туристер көп келеді. Бурабай өңірінің демалушылары тек қана Қазақстандықтар емес, сонымен қатар Ресейден де көп демалушылар келеді. Бірақ, Бурабайдың табиғи және әлеуметтік - экономикалық ресурстары өздерінше туристердің келуін қамтамассыз етпейді. Осындай қарсы алудың мүмкіншілігі қажетті туристік инфрақұрылымының болуымен анықталады.Туристік инфрақұры- лымының дамуы Бурабайдың туристік өнімін өндірудегі қатысуы мен оның халықаралық нарықта бәсекелестік күресте қатысуына мүмкіншілік береді. Туристік шаруашылық туристік ұсыныстың элементі болып табылатындықтан, территориялық құрылымға үлкен әсерін тигізеді. Осындағы алдыңғы орын түнеу базаларына, транспортқа және тамақтану орындарына тиеді. Осы құрылымдар болмаса демалыс пен көпшілік туризмнің дамуы, жердің туристік көріктілігіне қарамастан мүмкін емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жазылған жұмысты қорытындылайтын болса, Солтүстік Қазақстан аймағында курорт, санаториялар көптеп кездеседі. Осы курорттық аудан Қазақстан Республикасының туризiмiн дамытуында маңызды орын алады. Себебi, осы аудан өзiнiң ерекше табиғи - климаттық жағдайларымен Қазақстанның iшкi туризмiн дамытуға мүмкiншiлiк бередi.
Ең алдымен, осы курорттық ауданның табиғи рекреациялық ресурстық мүмкiншiлiгi өте зор. Осы потенциал демалушылардың әртүрлi қажеттiлiктерiн қанағаттандырады. Осы ауданда қатты дамып жаткан емдiк туризммен және сауықтыру демалыстарымен қатар, шетел туристерiн тарту үшiн жаңа туризм түрлерiн дамытуға болады. Көкшетау таулары, осы ауданда шоғырланған Бурабай, Шортанды, Үлкен және Кiшi Шабакты, Қотыркөл сияқты көлдер өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң әртүрлi және бай болуы жаяу, атты демалысты, ғылыми, спорттық және экологиялық туризмдi дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
Солтүстік Қазақстан аймағының әлеуметтiк – экономикалық рекреациялық ресурстар мүмкiншiлiгiнiң зор болуы да осы аудандағы жаңа туризм түрлерiн дамытуға болатынын анықтайды. Мәдени - тарихи ескерткiштер осы курорттық ауданға емделу мен сауықтыруға келген адамдардың танымдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға, осылайша танымдық туризмдi дамытуға мүмкiндiк туғызады.
Туризм географиясының негiзгi ұғымдарының бiрi болып, объектiнiң немесе өңiрдiң «туристiк аттрактивтiлiгi» табылады. Сол немесе басқа ауданның тартымдылығы тек колайлы жағдайлармен немесе тарихи ескерткiштермен ғана емес, сонымен қатар дамыған туристiк шаруашылықтың болуымен анықталады. Ондағы Бурабай курорттық ауданы ХIХ ғасырдан берi өмiр сүрiп жатыр. Ал оның инфракұрылымы тек Кеңес Одағы кезiнде ғана құрылды. Осында құрылған туристiк инфрақұрылым туристердiң орналасу, тамақтану, емделу мен сауықтыруға, көңiл көтеру, мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға мүмкiншiлiк жасайды. Негiзгi туристiк инфракұрылым Бурабай, Шортанды, Қотыркол, Баянауылда орналаскан. Бiрақ олардың iшiндегi ең туристiк инфракұрылым көп шоғырланған көл бұл - Шортанды көлi болып табылады. Осы курорттық ауданның туризмiн дамыту үшiн, туризм мен рекреация үшiн бөлiнген жердi толығымен игеру керек. Мысалы, Бурабай көлiнiң оңтүстiк батыс бөлiгiнде жаңа туристiк инфрақұрылымды салу керек. Сонымен қатар, көп уақыт берi пайдаланылып жатқан, материалдық - техникалық базасы ескiрiп қалған туристiк инфрақұрылымды реконструкциялап, қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Осы жағдайларды ескерiп, осы ауданның материалды - техникалық базасын нығайту мақсатымен осы ауданның туристiк имиджiн құрастырып, инвесторларды тарту керек.
Солтүстік Қазақстан аймағының курорттык ауданына жыл сайын стационарлық демалысқа және қысқа мерзiмдiк демалысқа бірнеше мыңдаған отандық және шетелдік азаматтар келедi. Осының салдарынан осы көрiктi жердiң табиғаты нашарлап, экологиялық жағдайы киындап бара жатыр. Бұл өнiрдiң көптеген обьектiлерi мемлекеттiк қорық фондысына жатқандықтан, сонымен қатар осы ауданның қиын экологиялык жағдайларын ескерiп, бұл өңiрде экологиялық туризмдi дамытуды жөн көрiп отырмыз. Себебi экологиялық туризм Бурабай, Баянауыл, Оқжетпес, Қорғалжын қорығы сияқты ерекше табиғаты бар территориялардың экологиялық тепе – теңдiгiн сақтау мақсатында жасалады.
Осы ерекше ландшафты территорияларды сақтау негiзiнде бiз Қазакстанның туристiк мүмкiншiлiгiн ары карай дамытып, Қазакстанның әлемдiк туристiк нарықта бәсекелестiкке қабiлеттi етiп шығаруға көмектесемiз.
Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:
Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи - мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар тас жолдары мен темір жолдарға жақын орналасуы;
облыс әкімшілігінің туризм бөлімінің ғылыми - танымдық, спорттық туризмді дамытуға назарын аударуы.
Солтүстік Қазақстан аймағын туризмнің ірі орталығына айналдыру мәселелерін шешуді тежейтін бірнеше факторлар бар. Олар:
тарихи - мәдени ескерткіштерге баратын жол қатынасының нашар болуы;
тарихи – мәдени ескерткіштерге қатынас жолдарына жақын орналасқанымен олардың қазіргі жағдайы отанды және шетелдік туристердің талғамына сәйкес келмеуі;
арнайы туристік бағыттар мен соқпақтардың болмауы;
тарихи – мәдени мұралар сақталған орындар жөнінде ақпараттық деректердің аздығы;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Забелина Н.М. Национальный парк. М: Мысль, 1987
Боровое национальный парк // Эко курьер 1998 - 23 сентября.
Тришечкин А. Боровое. Астана: ТОО «Дизаин», 2002
Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. Алматы: Қазак университеті, 2004
Михайлов В. Боровое. Алма - Ата: Кайнар, 1979
Беклемишев Н.Д. Курорт Боровое. Алма - Ата, АН Каз ССР, 1958
Замятин С. И. Курорты Казахстана. Алма - Ата, 1962
Замятин С.И. Курорты, санатории и лечебные местности Казахстана. Алма - Ата: АН Каз ССР, 1956
Криницин Н.Я. Курорт Боровое. Научно – популярный очерк типа справочника. Под редакцией и предисловием проф. П.И. Зарницина. 1928
Брякин М.И. Справочник по курортам Казахстана. Алма - Ата: Казгосиздат,1959
Соколова М.В. История туризма. М.: Мастерство, 2002.- 350с.
Қазақстан курорттары. Алматы: Қазақстан,1974
Курорты энциклопедический словарь. М.: Сов. Энциклопедия, 1983
Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования. Алма - Ата, 1967
Ердавлетов. С.Р. География туризма.: история,теория, практика. Алматы, 2000
Котляров
В.А. География отдыха и
Веденин Ю.А. Динамика территориальных рекреационных систем. М.: Наука, 1982
Куйдин Ю.И. Боровое. Алма - Ата , 1985
Жандаев М.Ж. Курорт Боровое. Алма - Ата, 1981
Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма. Алматы, 2000
Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары