Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................
Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................
Кіріспе.......................
1 ҚОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ....................
1.1 Табиғи
ресурстары....................
1.2 Тарихи-мәдени
ресурстары....................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ
ОРТАЛЫҚТАРЫ...................
2.1 Курорттары....................
2.2 Санаторийлері.................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс
туризмінің қазіргі жағдайы.......................
3.2 Облыстағы
туризмді дамыту проблемалары..................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау, соған орай Қостанай обылысында емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық
аспектіге – адамның еңбекке
деген қабілеттілігін
Қостанай облысының санаториялық курорттық потенциалы Қостанай облысының туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа шипажайлар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Жұмыстың көкейтестілігі: Қостанай облысының туризм шаруашылығындағы алатын орны және экономиға қосатын үлесі.
Облыс аймағының туристік рекреациялық ресурстарын одан ары дамытып, оның шешу проблемаларын жеке-жеке талдап, анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Қостанай облысының туристік рекреациялық мүмкіндіктерін анықтау.
Жұмыстың міндеті: Қостанай облысы туризмінің даму тарихын анықтай отырып, шипажай, санаторий шаруашылығы саласын және осы аталған аймақтың емдік туризмді дамыту жолдары мен болашағын айқындау.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өндеу.
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1...................
Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлеміз. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз не? Деген сұрағына жауап берейік.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи). Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады [1].
Табиғи жағдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады. Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық кешендер, олардың компоненттерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, таңғаларлық немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.
Табиғи
географиялық жүйелердi рекреация мақсатында
зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда,
демалыс пен туризмнiң түрлерiн
өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының
деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек
рекреация үшiн қолайлы
Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.
Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт, климат, жануарлар және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады. Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын ұйымдастырылуы тәуелді болады. Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге, таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік кешендер мен жеке туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады. Туристік бағыттар мен туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда орналасады. Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді. Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып табылады. Олардың туристер мен спортшылар үшін өзіндік тартымдылығы бар, сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады. Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады. Сонымен қатар олар, актиті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы. Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат табылады. Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар. Адамның организіміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы, метеорологиялық құбылыстар жатады. Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды, олар әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін тигізеді. Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Гигиенисттердің зерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60% денгейінде болады.Адамның организімінің табысты жұмыс әстеуіне айналадағы ортаның температура режимі әсерін тигізеді. Жазғы орта тәуілік температуралардың комфорттық зоналары +17,2 +21,2 деңгейінде болады (Н.В Виноградов, В.Г Надеждин бойынша). Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі бар адамдар үшін есептелінген. Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы. Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е.А Котляров /17 / +10 +12 диапозонын ұсынды, ал Ю.А Веденин, Н.Н Мироненко демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15 +25 деп анықтады. Негізгі құндылықтарға ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз болуы т.б. жаткызуға болады[2].
Қостанай облысына қысқаша шолу. Облсы орталығы – Қостанай қаласы. Облыс Қазақстанның солтүстік-батысында Орал тауының оңтүстігін, Батыс Сібір ойпатының жазық оңтүстік-батыс шеті мен оңтүстігін, Торғай үстіртінің қыратты жазығын алып жатыр.
Қостанай облысы пайдалы қазбаларға бай. мұнда темірдің, бокситтің, никельдің, есбестің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдары мен металлургиялық шикізат – цемент, флюс, доломит, отқа төзімді балшық, әнек және құрылыс құмы, гранит, диорит кендері кездеседі.
Климаты – тым контитентті, жазы біршама ыстық.
Облыста 4,5 мыңға жуық үлкенді-кішілі көлдер бар, олардың ірілері – Құсмұрын, Сарымойын, Ақсуат, Сарыкөл, Сарыоба, Қулыкөл, Шұбаркөл, Сасықкөл, Бөрілі. Көлдердің 80 %-ы тұщы.
Қазіргі
кездегі облыстағы өнеркәсіптің
басты саласы – темір кені мен
асбест өндіруші тау-кен өнеркәсібі.
Оның төңірегінде көмекші сала есебінде
энергетика, машина жасау және металл
өңдеу кәсіпшіліктері де өркендеуде.
Тау-кен өнеркәсібінің ірі
Өнеркәсіптің
басқа ірі салаларында құрылыс
материалдары өнеркәсібінің құрамында
бірнеше ірі темір-бето конструкция
комбинаттары, кірпіш зауыттары бар.
Олардың орталықтары Қостанай, Рудный,
Жітіқара, Лисаков қалаларында
Тамақ өнеркәсібінің негізгі өндіретін өнімдері – ет, сүт, сары май, нан, ұн, сыра. Ірі тамақ өнеркәсіптері – Қостанай мен Жітіқараның ет комбинаттары, Қостанайда, рудный мен Лисаковта сүт, май зауыттары орналасқан.
Машина жасау металл өңдеу өнеркәсібінің ірі орталығы – Қостанай, Рудный, Смирнов қалалары.
Қостанайда жасанды талшық өндіретін химия зауыты бар. Облыста Оңтүстік Орал энергия жүйесі мен Жітіқара – Қостанай газ құбыры тартылған.
Қостанай облысы – еліміздің аса ірі астықты облыстарының бірі. Республикадағы егіс көлемінің 16,6 %-ы осы облыстың үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығы жері – 10 211,6 мың га. Ауыл шаруашылығының басты саласы – егіншілік. Ауыл шаруашылығы өнімінің 50-60 %-ы осы егіншіліктен алынады.
Егістік дақылдардан 64,4 %-ына жаздық бидай егіледі. Мал шаруашылығының ең басты саласы – етті бағыттағы мүйізді ірі қара малын өсіру. Оған табиғат жағдайы қолайлы.
Қостанай облысында теміржол, автомобиль және әуе көлігі қатынасы дамыған. Теміржолдың ұзындығы – 890 км. Маңызды теміржол магистралі – 325 км, оның бір бөлігі Қостанай – Рудный – Жітіқара жолы – 165 км.
Қостанай – Троицк, Қостанай – Жітіқара автомобиль жолының ұзындығы – 8 540 км.
Қостанай әуе жолы арқылы Мәскеу, Алматы, Астана, Челябі қалалары арасында байланыс орнады.
Қостанай мен Рудный қалаларын газбен қамтамасыз ету үшін «Бұқара - Орал» газ құбырынан тармақ тартылады. Қазір Ақсай – Красный Октябрь - Қостанай - Астана газ құбыры жүргізілуде.
Облыс қалалары – Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаков, Жітіқара.
Қостанай – облыс орталығы. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіптен ет және ұн комбинаты, тігін және аяқкиім фабрикалары, жасанды штапель талшықтары зауыты бар. Металл өңдеуші өнеркәсіп орындарынан механикалық зауыттарды атауға болады. Олардың біреуі тау-кен жабдықтары зауыты болып қайта құрылды. Бұл зауыт станок, мұнай қозғалтқыштарын, жүгері отығызатын машиналар, ауыл шаруашылығы машиналары мен эксковаторларға қосалқы бөлшектер шығарумен айналысады.
1.1 Табиғи рекрациялық ресурстары
Қостанай облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай. Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап – таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты да табиғат аясында демалыс орнын ашуға, курорттық сфераны дамытуға өте қолайлы болып табылады.
Соңғы жылдары облыстың табиғи ресурстары қолға алынып, туризм белсенді түрде дамуда. Әсіресе, көптеп қызықтыратындары табиғатпен танысу, емделу болып табылады. Бұл Қазақстандық және шетел туристерін көптеп тартуда.
Қостанай облысында биік таулар, ормандар аз шоғырланған. Бірақ өзінің ландшафтысында көрікті жерлер көп. Олар жайылымды, түрлі шөптер алып жатқан далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан- жағын таулар, ормандар қоршаған әдемі көлдер.
Қостанай облысының түризмі жақсы дамыған, әсіресе әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген шипажай іспеттес демалыс орындары, санаторийлер, өкпе дертіне қарсы санаториялар, балалар сауықтыру орындары, бальнеогиялық орындар туристерді ел ішінен ғана емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар болсақ «Дружба», «Сосновый бор» санаториялары, «Жайлау» ойын-сауық кешені, «Лоц Рассвет» шипажай-санаториясы және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп болуы.
Жер бедері. Облыс территориясы жазықты рельфпен сипатталады. Солтүстік бөлікті Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс шеткері аймағы алып жатыр, ал оңтүстікте Торғай үстірті; облыстың батыс бөлігін Орал үстіртінің толқынды жазығы алса, оңтүстік-батыста – Сарыарқа.
Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары