Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................
Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................
I-Екідің Арқалық қаласы әкімдігіне бағынысты аумақта, Қараторғай өзенінің оң жағалауында, өзеннен 0, 73 шақырым және Бейсен қыстауынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Қорған үйіндісі жер мен тастан салынған. № 1 қорған үйіндісінің диаметрі 15 м тең, биіктігі – 0,7 м. Қорған айналасының ені – 5 м, тереңдігі – 0,3 м орлар бар.
II -Екідің Қырлы жерде орналасқан, алыстан көрінеді. Кигіз үй тәріздес құрылыс тастан салынған, диаметрі – 6 м., жалпы биіктігі – 3,8 м. Кіру бағыты –шығыс.
1.3 Ерекше қорғалатын жерлер
Дүние жүзінің қорықтар территориясында қорғау тәртібі, атқаратын қызметі, негізігі бағыты әр елде әр түрлі. Сондықтан қорғайтын территориясының маңызына қарай оларды қорықтар, заказниктер, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөлген.
Табиғи ландшафты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны сақтауда, әр түрлі экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор. Сол сияқы туризм жақсы дамыған біздің елде, дүниежүзіне көз тартатын жердің бірі де сол қорықтар. 1983 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша дүниежүзінің 124 елінде 4 млн км2 жер көлемін алып жатқан 2600 – ден артық ірі қорықтар территориясы бар. Дүние жүзінде ең үлкен қорық – Гренланд ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн гектар [37].
Табиғат эталоны деп - табиғи, адам қызметімен бұзылмаған, белгілі бір географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді айтады. Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы керек.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі тие қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші қызметке құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады. Қорықтардың табиғат эталонын қорғауда олардың негізгі маңызды қасиеті, қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүреді. Сондықтан көптеген қорықтар егер антропогендік ландшафтардың ортасында орналасса, өнеркәсіп пен құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2 километрлік қорғаныс зонасын жасайды.
Қ о р ы қ - ерекше қорғауды қажет ететін жоғалып бара жатқан өсімдіктің, жануарлардың түрлеріне және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке объектілері мен құбылыстарын сақтауға өте қолайлы.
Қорықтардың тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардың генофондысын сақтайды. Соның нәтижесінде биогеоценоздың қасиеті мен құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы өсімдіктер мен жануарлар түрлернің қорық маңындағы жерлерге тарап отыруы да өте маңызды іс.
Қазір
Қазақстан территориясында
Наурызым қорығы – Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га) қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га ) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық , ызғарлы; жазы – ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы –17 °С, шілде айы +24,2°С. Жылдық орташа температура +2,4 °С, жылдың 131 күні жайма шуақ, ашық болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 233 мм, оның 30-40 %-і жаз айларында жауады. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына, мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
Табиғи байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне қайтадан көбейтілуіне жол ашу. Яғни, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оны қорғау өте күрделі жұмыс. Ол үшін ең алдымен адам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста дұрыс шешу, табиғат байлығын “талай” бермей, керісінше оны арттыру ісіне атсалысып, күтіп – баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы қажет. Еліміздегі табиға ресурстарды тиімді пайдалану - абиғатты қорғау ісімен тығыз байланысты.
Табиғатты қорғау – табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау және бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Оның басты міндеті халық шаруашылығын шикізат, энергиямен қамтамасыз ету және еңбекшілердің дамуын табиғат заңдарымен ұштастыру.
Ерекше қорғалатын территорияларды атап өтелік [27].
Ұлттық саябақтар. Ұлттық саябақтардың мемлекеттік қорықтардан елеулі айырмашылықтары бар. Айталық қорықтарда табиғат байлықтары, сол аймақтың ландшафты географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалады. Мұндағы жерлер шаруашылық айналымынан басатылады да, барлық экологиялық процестер өз бетінше жаратылыстың заңына сәйкес дамиды. Адам оның тек бақылап зерттеушісі, тыныштығын сақтайтын қорғаушысы ролін атқарады. Ұлттық саябақтарға жүктелетін міндет бұған қарағанда әлдеқайда күрделірек. Оларда табиғат кешендері адамдардың тынығып демалуымен ұштастыра отырып, қорғаудың ғылыми негізгі әдістері іздестіріліп, жүзеге асырылады.
Көпшілік дүниежүзінің елдерінде табиғаттың қорғалатын учаскелерінің негізгі сферасы ұлттық саябақтар.
Қостанай облысында ұлттық саябақтар ұйыдастыруға қолайлы жерлер бар және ондай шаралар жүргізіліп те жатыр.
Табиғат ескерткіштері. Бұл сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетіне бұзылып бара жатқан және сонымен бірге ғылыми эстетикалық кейде тарихи немесе мәдени жағынан құнды табиғат объектілері.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – табиғатқа тән бір затты қорғау. Бұл сөздің мағынасына жете мән берсек, құрып бара жатқан жануарлардың жеке бір түрлерін қорғау, мысалы: құланды, мензбир суырын, арқарды, т.б.
Табиғат ескерткіштерінің қатарына табиғаттың қорғауға алынған жекелеген объектілері сирек кездесетін қойтастар, геологиялық ашылып қалған қабаттар, үгілуден пайда болған тау жыныстарының ерекше формалары, рельефтің бірегей формалары, сирек кездесетін ағаштар мен өсімдіктер, бұлақтар, сарықырамалар және басқалар жатады.
Қазақстан
жерінде Республика дәрежесінде 24 табиғат
ескерткіші бар. Оның ішінде аса маңызы
бар үшеуі Қазақстан
Табиғат
ескерткіштерінің қай жағында болса
да маңызы зор, оларға кішкентаі үңгілер
(урочище, роша) көлдер, аңғарлар таудың
бөліктері және жеке объектілер (сирек
геологиялық ашылған жерлер, пайдалы
қазбалы орындардың эталоны, құрама
сулар, үңгірлер, сирек немесе тарихи
құнды ағаштың жеке түрлері т.б.)
сол сияқты жасанды табиғат объектілері
(ескі көшелер мен парктер, көне
қалара, карьерлер, тоғайлар, т.б.) жатады.
2 ҚОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК
Емдік туризм дегеніміз - адамдардың өздері тұратын жерлерінен басқа жаққа табиғат жағдайлары мен факторларын емдік мақсатта пайдалануын айтамыз. Емдік туризм негізі курортар мен санаторий жұйесі және басқа сауықтыру орталықтары болып табылады. Онда адамдар күнделікті тіршілік ортасынан оқшаулана отырып жаңа ортада табиғат аясында оның емдік ресурстарын денсаулығын түзету мақсатында пайдалануы. Емдік сауықтыру орталығында емдік ресурстар (су, ауа, батпақ т,б) кеңінен қолданады. Курорттық немесе санаторий жағдайында ем алу сауығу адамдарды табиғат ортасында емдеу, шынықтыру болып табылады. Жұмыс істеу барысындағы шаршаған организмді қалпына келтіру тек емдік туризм жағдайында іске аса алады. Бұл жағдайда адам организмі жаңа ортада емдік сипатқа ие болады. Оның негізі режим сақтауға байланысты.
Психикалық
және емдік процедуралар адам организмінің
қалпына келуге, аурудың алдын
алуға алғышарттар жасайды. Табиғи
емдік факторлар әсері
Емдік туризмнің түсініктері. Емдік туристік ресурстар -туристік көрсету нысандарын қамтитын табиғи - климаттық, нысандары, сондай ақ туристердің рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға, олардың күш - ждігерін қалпына келтіріп сергітуге жарайтын, салауатты өмір сұруге жәрдемдесетін өзге де нысандар болып табылады. Туристік қызығушылыққа табиғат, тарихи -мәдени ескерткіштер: ландшафтылық - климаттық белдеулер, геологиялық, гидрологиялық нысандар (тау бедері, бархандар, үнгірлер, сарқырамалар, мұздықтар т.б), мұражайлар мен басқа да құбылыстар жатады.
Қазақстан Республикасы курорттық ресурстарға өте бай. Елдің солтүстік бөлігінде олардың көбісі шоғырланған. Оған себеп жердің климатының қолайлылығы, түрлі минералды сулардың, батпақпен емдеу ресурстарыны өте көп. Мұнда көптеген шипажайлар орналасқан. Олар «Сосновый бор», Бурабай, Баянауыл, Оқжетпес, Шучинск, Муляды, Таң және т.б.
Суға шомылу мерзімінің қысқалығы тау беткейлері мен тауларда орналасқан көлдерге байланысты. Су ресурстарының көректену көздеріне байланысты оларды туристік – демалысқа пайдалану жолдары әлі күнге дейін қолға алынбаған [45].
Емдік туризм қазіргі туризм классификациясында елеулі орын алады. Қоғамдық қатынасы мен технологиясына орай үш формаға бөлінеді: емдік, сауықтыру - спорттық және танымдық. Осылардың негізінде туризмнің классы, типтері, түрлері анықталады. Туристік саяхаттың алдына қойған мақсаттарына қарай олар төмендегідей жіктеледі:
а) рекреациалық туризм,
б) экскурсиалық туризм
в) мамандарылған туризм.
Рекреациалық туризм емделу және демалу мақсатын көздейді. Оның өзі курортта емделетін болып бөліне отырып, климатпен емделу, бальнео-емделу, кымызбен емделу және батпақпен емделу деп те бөлінеді. (сурет 1).
Климатпен емдеу өз алдында талассотерапияғаю (теңіздік климатпен байланысты,суға түсумен,күн энергиясын қабылдаумен), гелиотерапияға (күн сәулесін қабылдау), аэротерапия (ауның мүмкімшіліктерун пайдалана отырып) сауықтыру және емдеу,аурудың алдын алу шараларын қамтиды.
Қазақстан халқының материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуі, өнеркәсіптің дамуы, Маңғышлақ түбегінің мұнай мен газ байлықтарының меңгерілуі, тың жерлерді игеріп, жаңа шаруашылықтардың құрылыуы, сонымен қатар ауыл шаруа- шылықтың басқа салаларының дамуы, қайта құру кезеңіне дейін Қазақстан халқының санының ұдайы өсуіне әкеп соқты. Бірақ ол тек табиғи өсімнен ғана шектелмеді, Қазақстандағы басқа жерлерден халық қоныс аударды. Осының нәтижесінде курорттық - санаториялық емдеудің қажеттілігі өсті. Бірақ, егер біз емдеуге қажетті халықтың тұрмыс жағдайы қажет ететін ғимараттарды салудың нәтижесін салыстырсақ емдеу ғимараттардың, яғни санатория мен курорттардың саны халықтың қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Курорттар өте ерте кезен бастап қалыптасуына монша мен минеральді су көздерінің адамдардың пайдалануымен байланысты (б.з.П ғ.). Табиғаттың емдік қасиетін климаттық факторларына қарай пайдалану олардың таралу аймағының жылы теңіз жағалауы мен жер асты ыстық бұлақ көздеріне байланыстылығын байқатады. Ердедегі египет тұрғындары емдеумен айналысқан. Денені шынықтыруда суды, күнді, ауаны пайдаланған. Қазіргі туризм элементі серуен дұрыс пайдаланылған. Алғаш термальді суларды.
Швейцария курорты Санкт – Мориц маңайында пайдаланған деген деректерге сұйенсек ортағасырлардан бастау алады.
Пломбьер-ле-Бен и Ахен – Ұлы Карл Императорының демалатын мекені. Кейінірек Спа и Котре, Абано – Терме минералды су көздері монастырлерге берілген. Сол заманның курорттары ішінен Карлсбад (Карловы - Вары), 14 ғасыр Баден – Баден курорттарының негізі қаланғандығын анықтаймыз. Курорттардың дамуы 18 ғасырға тән құбылыс. Англия жағалауында емдік сауықтыру орындары пайда бола бастады. 1792 ағылшын дәрігері Р.Рассел теңіз жағалауына балалар емдік курортын ашқан ( Маргите) Италия мен Франциияда 19-20ғғ. Қазіргі Еуропалық курорттардың ірге тасы қаланды. Алғашқы кезде бұл жерлер негізінен емдеу жұмыстарымен айналыса, қазір көбінесе сауықтыру, демалумен айналысуда. Чехия санаторий мен курорттық емдеуден Европада бірінші орында тұр. Ең үлкені Карловы - Вары. Соңғы жылдары 50 мың адам 70 елден келіп демалады. 2 млн. экскурсанттар болған деген деректер бар. Қазіргі курорттар спортпен айналысуға мүмкімдіктер жасауда. Казино, түнгі клубтар, гольф алаңы т.б. [22].
Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары