Қостанай облысының рекреациалық ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа

Краткое описание

Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................

Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................

Файлы: 1 файл

костанай диплом.docx

— 108.83 Кб (Скачать)

Европада  Чехиядан кейінгі орында Венгрия  тұр. Ыстық бұлақтарымен әйгілі. 19 ғасырда  Европада сумен емдеу орталығы қалыптасты. Қазір 22 қалада 66 елді мекенде емдік  ресурс көзері бар. Әлемге танымал курорттар: Баден-Баден. Висбаден (Германияда), Виши (Францияда), Бат (Ұлыбританияда), Спа (Бельгияда) орналасқан. Минералды сулар негізінде Америкада  Маммот-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс (Арканзас штатында). Теңіз жағалау курорттары ашылған.

Таяу  шығыста емдік туризм Өлі теңіз  маңына шоғырланған. Израйл курорттарынан  Эйн - Букек, Эйн - Геди, Неве - Зохар атап өткен жөн. Азиялық емдеу туризмі  өзіндік сипатқа ие. ТМД елдерінің  емдік туризмі 1 Петрдің 1717жылғы  «О приискании в России минеральных  вод», түрлі аурулардан емделу үшін шыққан указына байланысты дамыған.  

1719 жылы 1 Петр указымен алғашқы Марциаль  Кончезерск сулары негізінде  Петрозаводск маңында емдік курорт  ашылған, кейіннен осы сулар  атақты курорт болды. Курорт  ісі Октябрь революциясынан бастап 1990 жылдарға дейін қарқынды дами  отырып емдік, алдын алу жұмыстарын  жүргізді. Оның дамуына С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, А.А. Остроумов т.б  атсалысты.

Қазақстан аймағындағы емдік ресурстар 19 ғасырдан белгілі. 1834 - 1880 жылдары Рахманов ыстық  бұлағы, Арасан – Қапал бұлағы,  Бурабай, Жусалы мен батпақты жерлер туралы мәліметтер пайда бола бастады. [20].

 «Аяқ-Қалқан»,  «Жаңа-құрған» курорттарының ашылуына  профессор А.Н.Сызғановтың еңбегі  мол. С.И.Замятин Республикадағы  барлық батпақты көлдер мен  минералды су көздерін зерттеді.

Туризмдегі  табиғат - рекрация ресурстар тобы деп  географиялық ортадағы ресурстардың жиынтығын  айтамыз. Оларға Литосфера, Гидросфера, Атмосфера және Биосфера қабатындағы  кездесетін ресурстар кіреді. Бұл  топтың өзін үшке бөле отырып қарастырған  орынды. Солардың бірі: Ландшафт. Ландшафт  адамдардың туризмге деген сұранысының  негізгі көрсеткіші. Таулы рельеф оның құрамдас бөліктері Қазақстан  жерінде Алтай, Сауыр - Тарбағатай, Жетісу Алатауы, (Жонғар) Алатау,  Солтүстік, Батыс Тянь - Шань тау сілемдері, Қаратау, Мұғалжар, Сарарқа өңірінің таулары құрайды. Өзендер мен  көлдері өзіндік сипатқа ие. Балқаш, Алакөл, Каспий  теңізі болашақ сауықтыру  демалыс, емделу зонасына айналуы тиісті. Бұлардан өзге Сарыарқа өңіріндегі көлдер, таудағы көлдер туристік нысан ішінде өзіндік орнын әлі таппай отыр. Қазақстан жері табиғат ландшафтысының барлық түрлерін қамти отырып шөл, шөлейт зонасыннан бастап таулардағы мәнгі  мұз, мұздықтар әлемімен туристерді таныстыруына мүмкімдігі бар бірде  бір ел. Туризмдегі ландшафт тобын  құрайтын туристік ресурстар туризмнің  танымдық, экологиялық, аңшылық, балық  аулау, емдік, шытырман оқиғалы, спорттық туризмді дамытудың алғышартын құрайды

Қазақстан тәуелсіздік алған 1991-2001 көптеген санаторий, курорттар жекеменшік иелігіне көшті. Тек 2004 жылдардан бастап санаторий  курорт ісі қайта жандана бастады.

 

Емдік туризмнің  туристік классификациясындағы орны


                                     ТУРИЗМ



 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет  / Ердаулетов С.Р.материалдары негізінде /

 

2.1 Курорттары

 

«Лоц  Рассвет» ЖШС Рудный қаласындағы  «ССГПО» АҚ еңбешілері мен еліміздің  басқа аймақ тұрғындарын  сауықтырумен айналысады.

Басты емдік  факторлар:

Сульфидті балшық. Оның келесідей әсері бар: ісікке қарсы, иммунитетті қалыптастырып, арттырады, боистимуляциялық, бактерияларға қарсы, репаративті-тегенаторлық және т.б. Балшықпен емдеуге нұсқау: буындардың ауруы, тыныс алу ағзаларының дерттеріне, жүйке-жүйесінің зақымдауы, гинекологиялық, урологиялық аурулар және т.б.     

Бальнеотерапия  – Шарко душы, су астындағы душ-массаж, циркулярлы душтар, аяқ-қолға арналған құйынды ванналар, емдік ванналар (скипидарлы, құмырсқа ваннасы, йодобромды, мыс, оттегі ванналары).

Құрғақ  көмір қышқылды ванналар – гепотензивті, тыңайтушы, репартивті және т.б.  

Циклдік пневмомассаж, бұл аяқ-қолдың жоғарғы  және төменгі жақтарына қан мен  лимфа айналымды жақсарту үшін жасалынады.

Электр, свет, магнит терапиялары, бұлардың емдік  қасиеттері жоғары.

Ингаляциялық  терапия – яғни жоғарғы және төменгі  тыныс алу жолдарын емдеу үшін дәрі-дәрмектер мен емдік шөптерді аэрозоль түрінде қолдану. 

Парафиноозокеритивті  емдеу, қолмен массаж, ЛФК, ішекті сулау, ішекті мониторингтік тазалау (ІМТ), урологиялық массаж және т.б.

Жолдаманың  құнына 3 реттік диеталық тамақтану  кіреді. Күнде салаттар, жаңа піскен жеміс-жидектер мен шырындар беріледі.  

ЛОЦ жылсайын және тәулікбойы санатория-шипажайлық қызмет көрсетеді.

Клиенттердің  қалаулары бойынша сан түрлі  дерттердің диагностикасын жасау мүмкіндігі қарастырылған. Келесідей медициналық  аппаратуралар бар: "Олимпус" фирмасының фиброгастродуоденоскопы, «Пентакс»  аппарат фиброколоноскоп, УЗИ аппарат "LOGIQ P5". 

Мекемеде  клиникалық және биохимиялық зерханалар, ЭКГ аппарат, "Флюарком" сандық флюорографы, спирограф, аудиометр  бар.

«Рассвет» профилакториясы 1960 жылы Соколов-Сарыбай  кен-тау өңдеу комбинаты базасында (ССКӨК) негізі қаланған. 2005 жылдан бастап «ЛОЦ «Рассвет» деп қайта құрылды, ал кейінен «ЛОЦ» деп өзгертілді. Қазіргі таңда бұл медициналық шипажайлық мекеме, заманға сәйкес диагностикалық, физиотерапевтикалық аппаратуралармен жабдықталған. 

2008 жылы  баолық коммуникацияларды, құрал-жабдықтар мен инвентарьларды алмастырып, толықтай қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген. Жыл сайын емдеу-сауықтыру орталығында 5000 жуық адам емделіп шығады. ЛОЦ Рудный қаласының маңында, Тобыл өзенінің жағасындағы парк зонасында орын тепкен, 2 корпустан тұрады:

Алты  қабатты ұйықтайтын корпус, су-балшықпен  емдеу ғимараты мен қосалқы ғимараттар.

Тұрғын  бөлмелер келесідей болып бөліндеді:

Жабдықталған  төрт орынды нөмір (холда теледидар);

Барлық  жағдай жасалған бір орындық жартылай люкс (теледидар);

Барлық  жағдай жасалған бір орындық  люкс (теледидар, тоңазытқыш).

 

 

2.2 Санаторийлер

 

Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеулерде Қазақстан халқы көп ауыратын ауруларының түрлері анықталып, халқының жалпы денсаулығының деңгейі  зерттелінді, сонымен бірге курорттық -санаториялық емдеудің қажеттілігі  жағынан есеп жүргізілді. Осы зерттеулер кейіннен  физиотерапия және курортология Орталық Институты қолдады. Нәтижесінде  кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік  берді. Оларға: Қазақстан халқын санаториялық орындармен қамтамасыз ету; динамикалық  жағынан 2000 жылға шипажайлық жәрдемі жағынан қажеттіліктің өсуіне болжамдық -жоспар жүргізілді.

Қазіргі кезде кардиологиялық санаторияларды салу құрылысы өте тиімді болып есептелінеді. Әсіресе, Орталық және Солтүстік  Қазақстандағы – Қарқаралы, таулы-орманды  массивті (Қарағанды облысы); Қостанай облысындағы Қазанбас орманы; Павлодар облысындағы Баянауыл таулы - орманды  массиві болып табылады

Қазіргі кезде санаториялық - шипажайлық емдеу және  профилактикалық шаралар арасындағы синтезі болып табылады.

Минералды суларды емдеу балшықтардың аппликацияларын  сырттай қолдану терінің рефлексі байқалады; ал іштей қолдану механизмнің  гуморальдық компоненттері бүкіл  асқазан тракты бойынша рефлекторларымен бірге тығыз байланыста болады; организмнің  гуморалды және рефлекторлы компоненттерде эндокриннің әсері өте үлкен. Олар организмнің физикалық факторлық  әсерлеріне жауап қайтарады [25].

Балшықпен емдеу кезінде бірқатар ферменттердің (каталаздар, оксидаздар, хоминастераздар  және т.б.) активтілігі жоғарылайды.

Сонымен шипажайлық - санаторияларда емделудің тиімділігі ең алдымен ол адамның ағзасына қалайша әсер етеді.

Қазақстан көптеген курорттық орындарға бай. Курорттық жүйені ұйымдастыруға  ғалымдар 200-ге жуық шипажайдың бар екенін есепке алды.

 

Қостанайдағы  туризм мен қонақжайлылықтың бір  нышаны ретіндегі

"Сосновый  бор"  санаториі

 

Санаторидің ашылуының тарихы.

Бәрімізге белгілі аңызға сәйкес Индияға жасалған жорығынан қайтқан Ақсақ Темір  қолбасшы орман арасындағы көлдердің  бірінен табиғи ем қабылдаған. Ол осы  көлдің берген еміне таң қалған. Қостанай мен Челябі қалаларының арасында «Кесене» деген бекініс бар екендігіне тарихи түрде дәлелдеме берілген. Бұл ғимарат Челябинск тарихи мұражайымен қорғалады. Бұл ғимарат қолбасшының қаза болған қызына ескерткіш ретінде өз құлдарымен бір түннің ішінді тұрғызылған.

Суы шипалы табиғи көлдер Қостанай қаласынан бастауын алатын үлкен «Аман Қарағай» және «Ара Қарағай» қорық шаруашылығында шоғырланған. Ормандарда табиғи байлық барынша мол: құстар, жануарлар, саңырауқұлақтар, жидектер және т.б. Бұл жерде сергектік  пен балғындықты сезінуге болады.       

1960-1975 жж  аралығында ғалымдар Қазақстан  Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин  ауданы, щербакова селосы аумағындағы  минералды суға бай көлдерге  зерттеу жұмыстарын жүргізген  болатын, зерттеу нәтижесінде  судың таңғажайып емдік қасиетке  ие екендігі анықталды.  Көлдің  маңынан санаториялық-емдік кешеннің  даму базасы -  «Сосновый бор»  демалыс үйі ашылды, ол 1981 жылы  санаторий деп өзгертілді.

«Сосновый бор» санаториі Қостанай қаласынан 45 шақырым қашықтықта «Ара Қарағай» емдік қорығы территориясында орналасқан. Санаторий 316 бөлмелі/орындық 7 қабаттық тұрғын үй корпусы және 40, 9 және 25 нөмірлі  жаңғажайлы корпусты болып табылады. 

Санаторияның  бірегей табиғи емдік-шипалық мүмкіндіктері  санаториялық-шипажайлық қызметтерді  көрсетуге негіз болып табылады.  Мұнда медициналық және диагностикалық аппаратуралармен (УЗИ, ФГС, клиникалық-диагностикалық лаборотория) жабдықталған 3 қабатты  емдік-диагностикалық корпус пайдаланылады. Емдеу барысында келесі табиғи ресурстар  қолданылады: бұлақтан алынатын минералды  су және емдік балшық.   

«Сосновый бор» санаториі минералды суы  бар стационарлық бассейнге ие, сондай-ақ тренажерлармен жабдықталған спорт  залдар, жаңға жайлы сауналар бар, өзен жағасында орналасқан орыс моншасы  бар.    

  Санатория-шипажайлық  емдік қызмет көрсетудің барысында  физиологиялық ем, балшық және  минералды су қолданылады. Ең  басты емдік фактор минералды  су болып табылады. «Сосновый  бор» санаториі минералды суының  өзіндік құрамы танымал «Пятигорский»  шипажайындағы минералды бұлақ  суының құрамына, сондай-ақ «Моршин», «Карловы Вары» және «Ессентуки 17» суларына ұқсас болып табылады.  

  

«Сосновый бордың» емдік-шипалық қызметі

 

Санаторий келесідей ауруларды емдейді:

Ішек-қарын  жолын (гастрит, эзофагит, асқазан ауруларын, колит, өт қабының қабынуы, панкреатит).

Жүрек-қан  тамырларының ауруы (гипотония, бастың сақина ауруларын, стенокардия);

Радикулит, артрозоартрит, полиартрит, жауырын периартриті;

Зат айналуының бұзылуы (семіздік, қант диабеті);

Аллергия  мен тері аурулары (экзема, псориаз, нейродерматит);

Гинекологиялық  аурулармен ауыратын науқастарды (аднексит, бедеулік);

Өкпе  ауруларын (бронхит, бронхалы астма, созылмалы  пневмония);

ЛОР аурулары (гайморит, фарингит, ларингит, отит, тонзиллит);

Несеп ауруларымен  ауыратын науқастарды (простатит, импотенция, цистит, энурез).

Бос уақытты  жақсы өткізу үшін теннис корты, тау  велосипедтері, катамарандар, шаңғылар, аэро шана, бильярд, тир, мейрамханалар, кафе-барлар, DVD кинозалдар ашылған. Балалар  бөлмелері жұмыс істейді.   

Климатпен емдеуді (әуе және күн ванналары, минералды бұлақ суынан жиналған көлде шомылу),  бальнео-, физиотерапевтикалық  процедураларды, емдік гимнастиканы кеңінен қолдану санатория-шипажайлық емді ерекше тиімді етеді.

 

Сумен емдеу.

Басты емдік  қасиет болып сульфатты-хлорлы-натрилі  минералды су табылады. Сумен емдеу  бөлімінде минералды су толтырылған 10 ванна және минералды суы бар  контрасттылы ванналар, минералды су астындағы гидромассаж, циркулярлы душ, Шарко душы, құйынды ванналар. 

 

Балшықпен емдеу. 

Санаторияда балшықпен емдеу кеңінен қолданылады. Балшықпен емдеу бөлімі 8 лайлы  төсек тақтаға ие. 

Сулфидтті-тұнбалы  балшықтың келесідей әсерлері бар:

Сырқатты  басатын, ісікке қарсы, биостимуляциялық, теріге, бұлшықеттерге, буындарға, омыртқаға  таралу әсрі;

Ағзаның жылулық балансына реттеу әсерін береді, жасушалардың қанайналымының жақсаруына септігін тигізеді;

Седативті әсер тудыра отырып, орталық жүйке  жүйеге әсер    етеді;

Жүйке жүйелерінің  шеткі жүйесінің функционалдық  күйіне әсер етеді. 

Балшықпен емдеу буынның ісіктеріне әсер етуде  жақсы нәтиже береді. Ол ауруды басу және ісікке қарсы әсер ету қасиетіне  ие. 

Балшықпен емдеу қызметі жүйке жүйесі, өкпе жүйесі, ас қорыту ағзалары зақымдауы, тері аурулары, урологиялық және гинекологиялық ауытқулар кезінде көрсетіледі. Емдік балшық аппликация, тампондар, лай маскалары түрінде қолданылады.  

Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары