Қостанай облысының рекреациалық ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа

Краткое описание

Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................

Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................

Файлы: 1 файл

костанай диплом.docx

— 108.83 Кб (Скачать)

Климат  континенталды және өте құрғақ. Қыс  ұзақ, аязды, қарлы боран мен күшті  жел қыс бойы соқса, жазғы мезгіл аптапты ыстық және құрғақты. Жылдық көрсеткіші облыс солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстікте 240-280мм. Вегетациялық период солтүстікте 150-175 күн, ал оңтүстікте 180 күн.

Жер қойнауы  пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және  темір рудасы, боксит, қоңыр  көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және косынды  әк тас, құм, құрылыс тастары және т.б. Магнетиталық руда мен құба темірдің жалпы қоры  15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазба мен минералды  шикізаттың 400-ге жуық кен орындары бар: 68 – жерасты сулары, 19 боксит кен орны ашылды, 7 – алтын және бір-бірден  - күміс пен никель. Қостанай темір бассейндері Орталық Қазақстанның, Батыс Сібірдің металлургия заводтарының маңызды шикізат базасы болып есептеледі.

Су ресурстары.  Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер – Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың  ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Топырақ жамылғысы. Өсімдіктер және жануарлар  әлемі. Облыс топырағы ауыр механикалық құрамымен ерекшеленетін сортаң және тұзды қара және сарғылт топырақ. Тың жерді игеруге байланысты барлық жер жыртылған. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі шөпті өсімдікті, қайыңды-көктеректі және қарағайлы орманды (Арақарағай, Аманқарағай) қара топырақ; орталықта – түрлі өсімдікті, қарағайлы орманды – Науырзымқарағай, қорық ұйымдастырылған,  сарғылт топырақ; оңтүстік бөлікте – бетегелі және жусан өсімдікті ақшыл-сары топырақ. Қостанай облысының жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды.  Ауылшаруашылық алқабы 18123,4 мың гектар жер. Оның ішінде 5659,3 мың га, немесе 31,2% жер егінді алқап, ал 12072 мың га (66,6%) – жайылымдық жер.

Облыс аумағының  бір ерекшелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстігіне қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне жететін  ұзындығы 700 км  Торғай қыраты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген [15].

Қалыптасқан топырақ  және өсімдік жамылғысы  жөнінен облыс жері орманды дала және дала зонасы құрамына кіреді. Мұнда  бидай, күнбағыс, түрлі жемістер өсіруге  мүмкіндік береді. Жауын- шашынның басым  бөлігі жазда түсетіндіктен,  мұнда  көп өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл ауданда өсімдік шаруашылығының дамуына облыстың басым бөлігіндегі құнарлы топырақ та септігін тигізеді.

Облыс жеріндегі  топырақ жамылғысының бойлық бағытта  белдемдік байланыстағы өсімдік  жамылғысы таралған. Оның солтүстік  жіңіщке бөлігін орманды дала белдеуі алып жатыр. Орманды жерлері  негізінен әртүрлі бұталар өскен  терек аралас қайыңды шоқтардан  тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты  қамтитын қайыңды орман өңірлерін  құрайды. Дала белдеуі әртүрлі шөбі басым илеумен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдеуінде негізінен әртүрлі  шөптер араласқан бетегелі- селеулі  шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдеулерінің құмдық топырақты жерлерінде қайың мен қарағайлы басым Арақарағай, Аманқарағай және Науырызымқарағай мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған. Орманды дала өңірінің оң жағы облыстың қайың, терек, тал тағы басқа ағаш, түрлі шүйгін шөп өседі. Бұрын бітік шөп өскен далалық өңір негізінен жыртылған. Өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас өсімдіктер өсіріледі.

Қостанай  облысында жануарлардың біраз түрі бар. Бұлан, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ; кеміргіштер- ақ қоян, ор қоян, борсық, суыр, сусар, сасық күзең, аламан, сарытышқан, аққұлақ, кірпішешен, андатра және құстың көптеген түрлерінен құр, ұзақ, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, бүркіт және қараторғай, қаз, үйрек, аққу, және тағы басқалары кездеседі. Есіл өзенінде шортан, алабұға, аққайран, қарабалық, табынбалық және тағы басқалары кездеседі [33].

Ішкі  сулары. Қостанай облысында ірі өзендер аз. Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер – Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торғай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл               және т.б.

 Кішігірім өзендер өте көп, бірақ олардың сулы кезеңі көктемде, яғни қар ерігенде, ал жазда бұл өзендердің суы азайып, құрғап қалады. Халықшаруашылығына суды пайдалану үшін көктемгі сулармен қоймаларды толтырады.

 Қазақстан жерінде  Тобыл  өзенінің  тек  бас жағы  ғана  ағады.  Ол Оңтүстік  Оралдың  шығыс  беткейінен  басталады да,   жолында  Торғайдың төрткүл өлкесінен  сала  қосып алады.  Тобыл өзені  қоректену жағынан  Есілге  ұқсас.    Тобылда  судың  молаятын кезі,  Есілдегі сияқты  -  көктем,  судың  аз  кезі – қыс.  Тобылдың  суы халықтың  тұрмыс  қажетіне  және  өнеркәсіп мақсатын  қамтамасыз ету  үшін  өзен  ағыны  - жоғарғы  Тобыл,  Қызылжар,  Амангелді  және  басқа  су  бөгендерімен  ретке келтіріледі [28].

 Табиғи  су  бассейіні  жоқ  көптеген  аудандарда  бөгеттер  мен  су  қоймалары  жасалған.  Көлдер  мен бөгеттер  халықты  сумен  қамтамасыз етуге,  ішінара  егін  суғаруға  пайдаланылады.  Бұларды  көп  мөлшерде су  құстарын – үйрек  пен қаздарды өсіруге  пайдаланылады.   

Қостанай  облысының экологиясы.

Қостанай  – Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық бөлігі, 1936 жылы 29 шілдеде  бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының  негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен  бар. Орталығы – Қостанай қаласы. Жер  аумағы 196,0 мың км. Тұрғыны 913,6 мың  адам. Облыстың солтүстік-батысы мен  солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік  Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен  шектеседі. Облыс аумағы негізінен  жазық дала. Солтүстіктен оңтүскке қарай тым созылып жатуына  байланысты (740 км) әр түрлі физико-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында  Орал маңы үстіртін (250-400 м), солтүстігінде  Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін, қиыр оңтүстік-шығысында  Сарыарқаның батыс бөлігін қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа  қарай еңістене келіп, солтүстцігінде Золотая Сопка тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.

Қостанай  облысының аумағы үш ірі топырақ  белдемінде орналасқан. Солтүстік жағын  қара топырақ, орталық бөлігін қоңыр-қызғылт  топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр  топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр топырақтар облыстың солтүстік  және орталық аудандарында егін шаруашылығы  мен мал шаруашылығын өркендетуге  қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты  бөлігі құнарлығының төмен болуына  байланысты негізінен, мал шаруашылығына  қолайлы.

Қостанай  өңірінің табиғаты ерекше. Сырттан  келген адамдар мұнда ауаның тазалығын  бірден байқайды. “Тынысым бірден кеңіп  кетті” деп сыйлы қонақтар ризашылық білдіріп жатады. Атмосфераның тазалығы жергілікті жерлерде белгіленген игі істердің уақытылы орындалуына байланысты. Мәселен, кейбір қалаларда қатты отынмен жылытылатын жылу қазандықтарынан қап-қара түтін будақ-будақ шығып жатады. Қою түтін аспан әлеміне жөңкіліп жатса да ауаны ластамай қоймайды.

Мұндай  залалдан құтылудың амалы бар. Әлгі қазандықтар газбен жұмыс істесе, қою түтін аспанға ұшпайды. Осы  тәсіл Қостанайда тиімділікпен қолға  алынған.

Дегенмен, Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің жылу энергетикалық  орталығы көмірмен, Арқалық қаласындағы  осындай орталық мазутпен жұмыс  істейді. Әрине, олардың қазандықты газбен жылытуды ойластыруы қажет. Облыс  басшылары мұны ескеруде.

Бюджеттен аудан орталықтарын және ірі елді мекендерді газдандыру қолға алынбақ. Мұның экологиялық тазалыққа  ықпалы зор.

Кәсіпорындардан жыл сайынғы сыртқа шығарылатын  қоқыстар мөлшері 316,069 мың тоннаны  құрайды. Жалпылай алғанда атмосфераның ластанып, бүлінуі автокөліктердің  көбейіп кетуінен. Кәсіпорындардан  бөлінетін жоғарыда аталған қоқыс  мөлшерінің 51 пайызын, жылына 159,678 мың  тонна, автокөлік түтіні құрайды.

Осынау  келеңсіздікке тосқауыл неге қойылмайды деген сауал туындайды. Әрине, ешкім  де қол қусырып, қарап отырмайды. Автокөліктердің түтінінен ауаның ластануын азайту мақсаты көзделуде. Соған орай жиырмаға жуық бақылау-зерттеу  пункті жұмыс істейді. Мұның сыртында облыста автокөліктерді газбен жүруді қамтамасыз ету стансасы іске қосылған. Қоршаған ортаға ағынды сулардың да зияны  тиеді. Бүгінде ағынды су көлемі 99 мың  текше метрден астам. Бұл 2005 жылдан жеті пайызға көп. Өткен жылмен салыстырғанда  қалдық заттар көлемі де кеміді.

Желқуар, Аманкелді, Қаратомар, Жоғары Тобыл  су қоймалары да, Тобыл, Шортанды, Желқуар  және Обаған өзендерінде мониторинг жүзеге асырылады. Себебі, мұндағы суды ірі елді мекеннің тұрғындары пайдаланады.

Соңғы жылдары  Тобыл өзені суының сапасы жақсара  түсуде. Бұл судың тазалығын сақтауға белгіленген шаралардың ықпал етуіне байланысты. Кейінгі кезде табиғатты  және суды қорғау заңнамасы тиімді түрде пайдаланылады.

Дегенмен, су ресурстарын қорғау және тиімді түрде пайдалану үшін аймақтық бағдарламаны жасайтын уақыт жетті. Оған 30 миллион  теңге ақша қажет.

 

                          1.2 Тарихи-мәдени ресурстары

 

Қостанай облысы табиғи ескерткіштермен қатар тарихи – мәдени ресурстарға да бай болып келеді. Мұнда әдемі,  көп тарихы  елді мекендер, үйлер, қамалдар, ескерткіштер, әскери бекіністер бар. Сонымен қатар қазіргі заманға сай биік  зәулім үйлер  бар.  Көптеген оқу орындары және мәдени орталықтар, театр, мұрайжай, сарайлар орналасқан.

Қостанай  облысы мәдени-тарихи құндылықтарға  бай. Облыста 1974 тарих пен мәдениеттің  ескерткіштері, сондай-ақ сәулет ескерткіштері  бар: Архипов көпестің диірмені, Лорец  көпестің үйі, Сенекосов көпестің үйі, «Фурор» киноматограф ғимараты, Яушев  көпестің пассажы, Қостанай зауыт атқорасының  ғимараты, қалалық қазынаның ғимараты, мешіт және т.б. ескерткіштер.  

Ескерткіш – кең мағынасында – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама  атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлы, көрмелік маңызы бар  заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері  бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге  бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері  ескерткіштері, монументтк (мүсін) өнері  ескерткіштері. Сондай-ақ,  ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға  болады. Яғни, азаматтың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы  түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің  ерекше, қайталанбас заттық - рухани үлгі - нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан  кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін  құндылықтарды, қастерлі мұраларды  Ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіштері, жазба ескерткіштер, өнер ескерткіштері, археологиялық  ескерткіштер, ұлттық дәстүрлі қолөнер  ескерткіштері, діни ескерткіштер, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы  оба, қорған, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақ кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіштер түрлері қатарына жатады. [35].

Облыстың  тарихы келесідей мүсіндер мен ескерткіштер түрінде көрініс тапқан: Тың игерушілердің  құрметіне тұрғызылған монумент, А.Имановтың мүсіні, Б.Майлиннің  ескерткіші, Ыбырай Алтынсаринге арнап  қашалған ескерткіш, Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза тапқандар үшін тұрғызлған мемориалды кешен, Жеңіс паркі және т.б.

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік  деңгейдегі шара болып табылады және өскелкең ұрпақ тәрбиесінің маңызды  бөлігін құрайды;  тар мағынасында - ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген  ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіштер әдетте,  дүние салған адамның  құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштердің  кең тараған түрі де осы – көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, (ұрыс даласына) орнатылады.

Қостанай  қаласы Тобыл өзенінің  солтүстік  жағалауында  орналасқан.  1879 жылы  орыс,  украйндық, шаруалармен құрылған 1893 жылы Қостанай қаласы жыл сайын  жәрмеңке өтіп тұратын уезді орталағы  болатын. 

Кеңес Одағы  кезінде  Қостанай ірі  өнеркәсіпкік орталыққа айналды.   Әсіресе,  50 жылдар ортасында  тез  дамыды.  Оған  себеп  тың  жерлерді игеру,  сонымен  қатар мұнда темір  рудасын және асбест  кен  орындарын  өндіруде  жаңа  территориялық - өнеркәсіптік   комплеус  қүрылды.

Қазіргі  замандағы Қостанай – бұл  үлкен  мәдени орталық  болып саналады.  Мұнда  жоғарғы оқу орындары  және  техникумдар, телестудия, драмалық театр,  филормония,  тарихи  - өлкетанулық,  геологиялық музейлері,  қолданбалы  өнер музейі,  мәдени сарайлар,  клубтар,  кафелер, қонақүйлер, кітапханалар Қостанай – қазақтың бүгінгі педагогы Ы.Алтынсаринның  отаны,  мұнда Совет Одағының батырлары  Л.И.Беде  және И.Ф.Павлов  ескерткіштері   орнатылған.  Бұлар  Қостанай облысынан  шыққан  Ұлы  Отан  соғысынң  батырлары.

Арқалық  қаласы біраз  уақытқа  дейін  Торғай  облысының орталығы  болған.  Қазір  ең  жас  қалалардыі бірі  болып саналады.  Қала 1956 жылы Амангелді  тобының  оксид кен орындарын  жүргізу  кезінде поселек  ретінде  құрылған.

Қазақ халқының  азаттық  күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға  деген құрмет белгісі  мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді.  Қазақ тарихындағы  құнды  мәдени ескерткіштер қатарына  Амангелді иманов,  Ыбырай Алтынсарин,  Бей3мбет Майлин, Ахмет Байтұрсынұлы, Құрманғазы  және  Дина  Нұрпейісова,  Абай Құнанбаев,  Абылай хан,  Әлия  мен Мәншүк,  Ілияс Жансүгіров,  Сакен Сейфуллин,  Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады. 

 Қостанай облысы Амангелді ауданында  Екідің ауылына (Сарыторғай) жақын алқапта ертедегі екі рәсімдік құрылыс  жабайы тастан кигіз үй тәріздес салынған. Шамамен ерте темір ғасыр уақыты. Жергілікті аңыз бойынша XVII-XVIII ғғ. Екідің тұрған төбелер арасындағы алқапта  қантөгіс соғыс болған. Бір-бірімен жауласқан рулар әскери басшыларының ордасы осы жерде орналасқан. XX ғасырдың 80-жылдарында жергілікті халықтан жиналған қаражатқа бұзылған діңдерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары