Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 10:08, курсовая работа
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кіріспе....................................................................................
1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ..........................................................................
1.1 Табиғи ресурстары..............................................................
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары................................................
1.3 Ерекше қорғалатын территориялары
2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ.....................................................................
2.1 Курорттары..........................................................................
2.2 Санаторийлері............................................................................................
3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы........................................
3.2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары..........................
Қорытынды..............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................
Ал германиялық "Compass" компаниясы Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, Кёльн қаласында Қазақстанның туристік бюросының және оның интернет-парақшасының - www.kasachstan-tourismus.de - таныстырылымын өткізді.
Бұл бюро бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, интернеттегі неміс тілді аудиторияға Қазақстанның туристік брендін таныстыру мәселелерімен айналысатын болады. Бұл парақшада Қостанай облысы жайында, оның табиғаты, көлдері мен жан-жануарлары, сондай-ақ көркем демалыс орындары баяндалған екен. Дегенмен облыстың географиясы, табиғат толық зерттелмей, оның мүмкіндігі барынша пайдаланылмаған деп жазылған.
Соңғы кезде Республикада жарнама ақпараттық қызмет белсенді түрде жүруде, туризм туралы ақпараттық мәліметтер, мақалалар жиі шыға бастады. Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерін көрсететін кең жарнама науқаны Германияның Берлин қаласында көрменің жұмыс істеу барысында талай өткен. Оған біздің Республикамыздан келген делегацияның қатысуы алғаш емес. Біздің ел кейбір мемлекеттердің ірі туроператорларының қызығушылығын өзіне аударған. Қазақстанның туристік нарығының көптеген потенциалды мүмкіншіліктері баршылық. Оларды дұрыс, тиімді, табысты пайдалану елдің ұлттық табысының өсуіне әкеледі. Жалпыға белгілі жағдай, Сингапур, Гонконг, Тайланд сияқты елдердің экономикалық өсуі туризмнен басталған еді. Германия, Италия, Франция, Испания, Швейцария сияқты елдердің бюджеті туризмнен түскен пайдамен, табыспен толықтырылады. Сонымен қатар туризмнен және оған қызмет ететін бизнеспен өмір сүріп жатқан елдер де бар.
Қазақстан Республикасы өкіметінің 2002 жылы 29 желтоқсанда қабылданған туристік саланы дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстандық және шетелдік азаматтарлың туристік қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті туристік комплекс құру және Қазақстанның имиджін туристер үшін қызықты етіп жасау болып табылады /18/.
Қостанай облысында туризмді дамытуға зор мүмкіншіліктері мен ыңғайлы жағдайлары бар. Туризм саласын дамыту бағдарламасын орындау шеңберінде республиканың сегіз приоритетті облыстарында тарихы, халықтың мәдениеті бай жерлер, ескерткіштер, «табиғат маржандары» жерлері анықталды. Осы жағдайлар этно-мәдени, танымдық, спорттық, экологиялық туризм түрлерін дамытуға мүмкіншілік береді. Осындай «табиғат маржандарының» бірі Ақмола облысы территориясында орналасқан Бурабай курорттық ауданы болып табылады. Ақмола облысы «Бурабай», «Зеренда», «Қорғалжын» сияқты ерекше табиғи потенциалы бар болуы салдарынан халықаралық туризм жүйесінде өз орның табудың зор мүмкіншілігі бар. Бурабай курорттық ауданының табиғи комплекстері тек қана Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелден саяхаттаушыларды көп қызықтырады. Бурабай курорттық ауданының жайлы табиғи - климаттық жағдайлары бар курорттық жерлермен, емдеу - рекреациялық ресурстармен тарихи - мәдени фондының байлығымен, ыңғайлы географиялық орналасуымен, мемлекетаралық авиациялық, темір жол және автокөлік магистральдардың болуымен ерекшеленеді. Бурабайдың курортологиялық ерекшеліктері ХІХ ғасырдан бері белгілі болған. Осы жерге Омбыдан демалушылар көп келген. Ең алғашқы қымызбен емдеу шипажайы Бурабай көлінің жағалауында 1910 жылы ашылды, 1925 жылы мемлекеттік курорт Боровое, 1927 жылы ең алғашқы емдеу жерлер Шортанды көлінің жағалауында – «Бармашино» ашылды. Емдеу жерлер қазір демалушыларға физиотерапевтикалық, сумен, балшықпен емдеудің барлық түрлерін, сонымен қатар вибромассаж, косметикалық биомассаж сияқты қызмет көрсетулерді ұсынады. Сонымен қатар демалушылар үшін сауналар, бассейндер, бильярд, видеосалондар, барлар, ал жазғы мезгілде - жағажай, қайықтар, катамарандар мен қызықты әрі танымды туристік маршпуттар ұсынылады.
Көпшілік
демалудың дәстүрлі
Қазіргі кезде ауданның
Бурабай курорттық ауданының
туристік бизнесінің негізін
курорттық бизнес алады.
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері ішінен: 4 фотошеберхана, 2 сұлулық салоны, тұрмыстық салон, 4 ақша айырбастау пунктері, 4 жанармай құятын станциялары, 3 қайық станциялары, 1 құтқару станциясы қызмет етеді. Демалушылардың бос уақытын өткізу үшін: 5 би алаңы, мотоциклдерді жалға алу пунктері, 2 зоопарк, акваорталық ұйымдастырылған. Жазғы мерзімде 63 ұлттық сувенирлерді, сурет, видеофильмдерді сататын сауда пунктері жұмыс істейді.
3.2 Солтүстік Қазақстандағы туризмді дамыту проблемалары
Жалпы
алғанда Солтүстік Қазақстан
аймағы туристік қызмет
Соңғы кезде курорттық
Бурабай ауданындағы туристік
бизнес әлі де мезгілдік
Соңғы кезде
Бурабай курорттық ауданын
Негізінен, адамдардың
Солтүстік Қазақстанда аймағының туристік бизнесті дамыту үшін, халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшін, емдеу -сауықтыру комплекстерін жаңа, сапалы деңгейде дамытудың барлық алғышарттары бар.
Соңғы кезде бизнес адамдары осы өңірдегі туристік индустрияны әлемдік деңгейге дейін көтеру үшін қадамдар жасап жатыр. Олар өзінің, ерекше жолын табу мақсатымен әрекеттер жасап жатыр, бірақ қазіргі заманға сай курорт бизнесіндегі тәжірибенің аз болуы процесті тежеп отыр. Сондықтан біздің іскер адамдарымызға кәсіпқой методикалық көмек және істердің дұрыс жүргізілгеніне критикалық көзқарас қажет. Осындай көзқарасты Европалық курорттар ассоциациясының жобалар бойынша менеджері береді. Ол Бурабай курортты ауданында 3 күн қонақта болды. Осы 3 күн барысында барлық туристік обьектілермен танысып, бірнеше рекомендациялар берді. Рейнхард Петридің ең орынды ұсынысы болып - сауықтыру орындарының мүддесін Отанда және шетелде қорғай алатын бүкіл Қазақстандық курорттар жиынын құру болды.
Осының бәрін қорытындылай келіп, келесі қорытындылар шығаруға болады. Солтүстік Қазақстан аймағы курорттық ауданының материалды - техникалық базасы туристік және курорттық бизнесті дамыту үшін зор мүмкіншілігі бар. Сондықтан осы өңірде туристік бизнесті іске асыру үшін инвесторлар үшін ыңғайлы инвестициялық климат жасау керек, әлемдік деңгейге шығару үшін оны кең түрде жарнамалау қажет. Сонда ғана осы өңірге келушілер көп келіп, қызмет көрсетудің сапасы артып осы өңірдің тұрмыстық бизнесі пайда әкеледі.
Көптеген елдер үшiн халықаралық туризмнiң рөлi өте зор. Америка мен Европа елдерiндегi туризм, туризм саласындағы iрi монополиялары құрылған, өзiнiң елдерiнiң туристiк - рекреациялық ресурстардың қаркынды түрде пайдаланылатын экономика саласына айналды.
Халықаралық туризм бұл - өте күрделi және сирек кездесетiн құбылыс. Барлығымызға белгiлi, мемлекеттiң сыртқы экономикалық байланысы әртүрлi алмасулар аркылы болады: аманат кассасындағы ақша, шетелдiк салымдар, халықтың көшiп -қонуы, мәдениет төңiрегiндегi алмасулар, сауда және кызмет көрсету, т.б. Қандай бiр ел болмасын, онын ең күрделi iс-әрекетi сырткы экономикалық алмасу, жеке алғанда сырткы сауда, оның нәтижесiнде валютамен түсетiн ақшалар.
Көптеген дамушы елдер үшiн шетел туризмi шаруашылықтың жаңа саласы ретiнде саналады. Олардын ресурстарын әлi толық бағалап және оларды шаруашылық айналымға енгiзу тек қазiрден ғана бастап басталуда. Осы дамушы елдер үшiн шетел туризмi -валюта кiруiнiң маңызды көзi болып саналады.
Солтүстік Қазақстан аймағындағы туризм сферасының дамуы және оның эффективтiлiгi елдiң жалпы экономикалық дамуының деңгейiнен және туристiк - рекреациялық кызмет көрсетулердiң сапалы деңгейiне байланысты.
1991 жылға дейiн бұрынғы КСРО да iшкi және халықаралық туризмнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды камтамасыз ететiн өзiндiк инфрақұрылымы бар бiрегей туристiк кенiстiк өмiр сүрдi.
Тәуелсiз мемлекеттердiң кұрылуы, халықтық қатынастар, заң шығару жүйесi бiрыңғай жүйенiң бөлінуіне әкелдi. Осы кезендегi туристiк қызмет көрсетулерге сұраныстың күрт төмендеуi, азаматтардың төлем кабiлетiнiн томендеуi, көлiк және т.б кызмет көрсетулерге тарифтердiң жоғарлауы, шекара төлемдерiн енгiзу және баска да факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасындағы терең саяси және әлеуметтiк –экономикалык өзгерiстер, оның экономикасындағы ең маңызды және болашағы бар саланың бiрiне - туризмге, тiкелей әсер еттi.
Солтүстік Қазақстан аймағы Республика және халықаралық туристiк айналымда әлi қарапайым орынды алады, бiрақ өткен ғасырдың соңы оң тенденциялардың өсуiмен сипатталады. Олар iшкi және халықаралық туризмге де қатысты.
Туризм саласындағы халықаралық байланыстардың дамуының бiр қадамы болып, 1993 жылы Қазақстанның ДТҰ (Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымға) кiруi мен туризм саласында ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдерге отыру болды. «Қазақстан 2030» стратегиясы бағдарламасында туризм экономиканың приоритеттi бағыты ретiнде аталған. Осы саланы дамыту Қазақстан үшiн өте өзектi мәселе болып отыр.
Көптеген елдердегi қазiргi туризм жағдайының анализi негiзiнде, туризмнiң дамуы iшкi, ұлттық туризм бағдарламасын қолдау негiзiнде бiрге жасалу қажет. Қазiргi денi сау тұрмыс қалпына тенденциялар қазiргi туристердi ұлттық парктерге, қорықтарға, сафари мен шаңғы курорттарына тартады.
Қазақстан бiрқатар елдерден туристiк индустрия саласында артта калып отыр. Көп жылдар бойы Қазақстанның туристiк қызмет көрсетуiн, туристiк мекемелердi зерттейтiн ғылыми- координациялық орталығы бар өзiндiк сала деңгейiне көтеру кажеттiлiгi карастырылып жатыр./38/
Қазакстанның кiру туризiмiнiң өсуiне әсер ететiн факторларға: Саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм, туристiк потенциалдың болуы жатады. Шетел туристерiнiң елге кiруiнiң саны және ел бойынша кiру туризмінен түскен табыс онша үлкен емес. Елге барып келудiң төмен болуы туристiк сектордың дамуының төмен денгейiнiң және қажеттi дұрыс жарнаманың жоқ болуының себебiнен болады. Жалпы мемлекет бойынша алғанда шетелдiк туристерге қызмет корсетудiң әлеуметтiк - экономикалық жағдайлары халықаралық стандарттар талабына сай [44].
Информация о работе Қостанай облысының рекреациалық ресурстары