Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Оглавление

Кіріспе

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)


Қорытынды


Қолдынылған әдебиеттер тізімі


Қосымша

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 127.47 Кб (Скачать)

Курортты  зонаның қалыпты дамуы ең алдымен  бұл жерде сәулеттік желінің  салынуынан байланысты болады. 1999 жылы канализациялық коллекторлардың  салынуына 60,98 млн тенге, ал 2000 жылы 50,3 млн және 2001 жылы  60 млн тете бөлінген. Көкшетаудың  пром су жүйесінің қайта өңделуіне және оның Щучинск қаласына дейін салынуына, соңғы 2  жыл ішінде 300 млн теңгеге дейін қаржы жұмсалды, ал жуырда 270 млн теңге бөлінген және оны пайдалану беру жоспарланып отыр. Бірақ осының барлығы мұндай маңызды табиғи қорғалған нысанды толығымен аяқтау үшін жеткіліксіз, өйткені курортты зонаға қызмет көрсететін Воробьевск, Қотыркөл канализациялық коллекторлары да нашар қал кешуде. Ол үшін кем дегенде 570 млн теңге қаржы қажет, ал мұндай қаражатты облыс басшылары бере алмайды.  Жыл сайын ізделінетін қаржы мәселелері шеше алмайды. 1999 жылғы салынған коллектор құбырлары, жұмысының аяғына дейін жүріп, жарамай қалуы мүмкін. Мемлекет тарапынан қаржылық көмек болмағанша бұ мәселе аяқталмайтын сияқты.

Қазіргі кезде «Балдаурен» балалар сауықтық орталығын қайта өңдеуден өткізу жұмысшылары толық масштабта  жүргізілу де, ол халық арасында «Артек» атымен мәлім. Жеке меншік лагерлердің  қызығушылығы көрінуде, бірақ ол осы  жазда келетін демалушылардың қабылдауына  жеткіліксіз. Ал қыс кезінде зонаның  көп бөлігі бос болып тұрады. Сондықтанда  бұл жерге жалғыз иегер керек, ал Көкшетау-Бурабай курорттық зонаның  даму бағдарламасы аймақтық емес, жалпы  мемлекеттік болуы тиіс және ең алдыңғы  кезекте ол сумен қамтамасыздауды  және канализация мәселелерін шешу керек. Курортты зонада ауыз су жеткіліксіз. Сондықтан да ол жерде су Щучье  көлінен алынады, бұл көп жыл  өткен сайын тайызданып келеді. Жергілікті септиктердің жағдайы күрделі мәселе болуда, олар баяғыдан толып кеткен, лас, кір сулардың барлығы барып  көлшікке құйылады. Осының барлығы  күрделі экологиялық қауіп төндіруде. Осы себептерден инженерлік желіні жасап бітірмегенше, курорттың эффективті пайдалануы жайлы әңгіме қозғалмайды. Боровое ауылыда зонаның даму жоспарына (бағдарламасына) кіру керек, өйткені ол ауылдың инфрақұрылымын дамыту керек. Бұл дегеніміз жаңа басқарушы адам сол жердің иелеріне ол жердегі тәртіпті  терке келтіру  керектігіне талаптар қоюы керек, ал егер ол талаптар орындалмаған жағдайда жерлерді тартып алып, оларды жұмыс  істей алатын азаматтардың қолына беруі  керек.

Бұл мәселелер Бурабай курортты зонасының  сәулетті дамуына ұстап тұруда. Жоғары мемлекеттік деңгейде өңделген құжатсыз, ол белгілі бір песрпективаларға ие бола алмайды /15/.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау өзекті әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие. Адам ежелгі замандарда табиғаттың дамуына ерікпен болсын, еріксіз  болсын өзінің үлесін қосып келеді. Дамыған кезеңде, адамзат өндіруші күшінің биік деңгейіне жеткенде, ол жер бетінің аса белсенді түрлендіргішіне  айналған. Тыңайған жерлерді игеру, көлдер мен өзендерді қолдан жасау, осыған айтарлықтай маңызды мысал бола алады.

Әсіресе курортты адамдардың қоршаған ортасын  қорғау үлкен маңызға ие, өйткені  табиғаттың өзі оның ландшафты қорлары, адамдардың емдік сауығуы үшін бірде-бір  фактор болып табылады. Табиғи қорларды және оның емдік қасиеттерін пайдалана  отырып, адам  сол табиғи байлықтарды сақтап отыруы керек. Осындай мәселелер Борлық курортты ауданында өт күрделі түрде болып тұр, ол жерлер түгелімен адаммен игерілген. Бұл жерде ең алдымен ландшафтың мынандай элементтері қорғауды талап етеді: су, ормандық қорлар, жануарлардың көптеген түрлері, табиғаттың кейбір ескерткіштері және тағы басқа. Көптеген көлдер, бұлақтар мен өзендер, экономика керектілігіне, курортты-санаторий ғимараттарымен, тұрғылықты тұрғындарымен кең көлемде пайдалануда. Әсем жағалаулары бар көлдер демалушылардың шомылуына, балықтардың түрлерін дамытуға, су құстарын өсіруге пайдаланып жатыр, ал минералды және батпақты көлдер адамдардың сауығу мақсатында қолданылуда. Бұл бір жағынан адамдарға өмірлік маңызды мән береді, олардың денсаулығын нығайту үшін, бірақ бір жағынан су қоймалар тоза бастайды, судың сапасы төмендейді. Әлі күнге дейін Щучинкс қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындары Щучье көліне өздерінің зиянды қалдықтарын тастауда; олар: шыны өндіретін заводтар, ет өңдеу комбинаты, май өңдеу зауыты және тағы басқалары. Б.Чебачье көлінің жанында құс фермасы орналасқан, көптеген осындай көлшіктерде мал емін-еркін суғарылады. Осындай суқоймаларына деген жауапкершіліксіздіктің салдарынан өзендер мен көлдердің ластануы болуда, сол өзендер мен көлдердіе балықтар өлуде және су көздерінің санитарлы-гигиеналық жағдайы нашарлауда.

2002 жылы 17 мамырда Щучинск аулының  әкімшілігінде отырыс өтті. Ол  жерде жаз маусымына курорттық  зонаның дайындығы туралы мәселелер  қарастырылып талқыланды. Әкімнің  бірінші орынбасары В.Панинский  жол жүйесін қайта жөндеуден  өткізу үшін жергілікті бюджеттен  3 млн теңге бөлінгендігін айтты.  Жаңа иегерлердің көбісі, курортты  сервистің дамуына ешқандай қаржы  қоспастан пайда көргілері келеді.

Әкімшіліктің  қызметкерлерінің сөзіне қарағанда  «Алтын бор» турбазасы «Щучинск»  демалыс үйінің коттедждары «Көкшетау» демалыс үйінің жағдайлары мәз емес жағдайда.

Щучинск профсоюз санаториі бүкіл Союзға аты мәлім болған. Сол кезде  ол әйгілі атқа ие болған «Жасыл бор» - санаториі «Қазақстан жолдары» компаниясына жатады. Жаздық маусымға сауықтық орталық  әлсіз дайындалды. Жуырда оның басшысы  ауысты жаңа директор В.Червенко корпустармен бөлмелерді аралап басын шайқады, барлық жерлерде суық және қолайсыз жағдайлар  болды. Бірде бір дәрігер қалмаған. Демалушыларға қызметті екі медбике  көрсеткен. Демалушылар тамаққа, бөлмелердің  суықтығына, тұрмыстық бұйымдардың  жоқтығына жиі шағымданатын. Туристік жолдардың барлығын шөп басып  кеткен. Бірақ тәулік бойы кафелер  мен барлар қызметін көрсеткен. Демалушылардың қалтасынан айқын ақша сору жүйесі жүзеге асырылған. Бірақ сауықтық орталықтың иегері басқа жағынан дамыған. Үш котедждеде толығымен жөндеу жүргізген. Барлық санаторийдің қаржысы сол  жерге жұмсалды. Компанияның басшылары  жайлы жерлерде демалуда, ал қасында демалатын демалушылар үшін аса күшті емес үйшіктер берілген.

2002 жылы «Оқжетпес» санаториінің  толығымен қайта өңдек жұмыстары  басталды. Бұл шаралар үшін республикалық  бюджеттен 10 млн АҚШ доллары  бөлінген. Бұл жерде жабық бассейн,  фитнес, сауна, мәдениет үйі, асханалар  және тағы басқалар қазіргі  заманға сай жаңа ғимараттар  пайда болды. 

Бұрынғы «Ақмола» санаториі жаңа түрге ие болды. 1,5 жыл ішінде 400 млн теңге  көлемде республикалық бюджеттің  қаржысы жұмсалды. Санаторий базасында  балаларға арналған сауықтық орталық  қызметін атқаратын болады.

Жазғы маусымға «Оқжетпес» республикалық  жастар лагері жақсы дайындалған, ол қазіргі кезде мәдениет және ақпарат  Министрлігіне қарайды. Ол жерде 2-ші және 3-ші ұйықтау корпустарында  Еврожұмысы аяқталуда. ТОО «Приозерный» санаториында екі жабық бассейн, сауна салынуда, жаздық коттедждар жаңаруда. 30 млн теңге туберкулезге қарсы республикалық жасөспірімдер  санаториін қайтадан өңдеуден өткізуге жұмсалған. Курорттық зонаны дамыту мәселелері аудандық әкімшіліктің назарында  тұруда деп айтады. Әкімнің орынбасары Алтаева Т. шомылу жағалауларының жағдайлары жақсаруда. Демалушылар мен басшылардың  арасындағы кездесулер жаңғыруда. Қазақстан  халықтарының Ассамблеясы Бурабайда  алғашқы халықаралық фольклорлы әуендер фестивалін өткізуге ұйғарды. Өздерінің қарамағына біздің курортты зонаны және Астананың жарнамалық агенттігін алды. Болашақта үлкен ауықтық  орталықтарда өздерінің Интернетке шығу жолдары болады. Көріп тұрғанымыздай  курорттық шаруашылықта әлі айқындылықпен  ашықтық жеткілікті. Демалыс адамға жылына 1  рет беріледі. Сондықтан  да адам жақсы демалғысы келеді. Тек қана табиғат жағдайлары бұған  жеткіліксіз, бірақ зонада әлі күнге  дейін өзендер мен көлдердің  ластануы  жүріп жатыр, жалпы экологиялық  жағдай нашарлауда. Негізгі курортты зона «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағының территориясында орналасқандықтан ол аса қорғалатын зона болып табылады.

Көкшетау-Бурабай  өңірінің тағыда бір өзекті мәселесі ол – орман өрттері. 1998 жылы болған найзағайдың әсерінен өрт болған. Болған өрт 1500 гевтарға жуық орманды  талқандаған. Табиғат апаттарынан  ешкім қорғалмаған. Бірақ жергілікті орманшылар өздерінің кінәсін біліп  тұрды, өйткені, олар кішкентай жас  шыршаларды сақтап қорғай алмады. 4 жылдың ішінде шығындардың барлығы қалпына  келтірілді. Қазіргі күні аудан бойынша  күйген бір орын көрмейсің – жас  ағаштар бой көтеріп үлгерді.

«Көкшетау»  ұлттық саябағында, 2003 жылдың қарсаңында табиғатты қорғау үшін алтын алқамен  марапатталды. Таулы жерлерде орманшының жұмыс істеуіне 500-600 гектардан, ал жазық  жерде 1000 га аспау керек. Былай қарағанда  ұлттық саябақтың барлық орман фонды 200 мың гектарды құрайды, ал оны бар  болғаны 106 орманшы ғана қорғайды. Ал 1999 жылы мамыр айында Ақмола облысында 2 бірдей өрт болған  Маралды мен Алексеевка орманшаруашылықтарында нәтижесінде 20 га орман-дала өсімдіктері құрып кеткен, 25 жылдық аққайыңдар мен шыршалар шырақтар сияқты лаулап жанып кетті. Өрттік апатпен күресу үшін Балхашино ауылының тұрғындары да шықты. Ал көршілес Алексеевка орман шаруашылықтарындағы өртпен Ерназар аулының 195 адамы өртпен арпалысты, сонымен қатар РОВД  қызмткерлері және өрт сөндірушілер. Нәтижесінде 500 га жас орман зардап шекті. Шығарған тұжырым бойынша өрт демалушылардың тарапынан болған дейді.

 

Қорытынды

Қазіргі кездегі дамыған туризм бүкіл  дүние жүзін жаулап алды. Туристармен  алмасу көбінесе көршілес мемлекеттердің арасында болады, жыл өткен сайын  басқа елдің өмірімен танысау  деуші адамдардың саны көбейе түсуде.

Ішкі  туризим, туристардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін тударады, салт-дәстүрмен танысуға мүмкіндік  береді және өз мемлекетінің әсем жақтарын ашуға ат салысады. Қазақстан Республикасының  агенттік мәліметтеріне қарағанда, статистика бойынша 2001 жылы ішкі туризмнің  үлесі 73,8% құрады, ал сыртқа шығатын  туризм – 24,6% үлеспен болды. Бұл жағдай, ішкі туризм шығатын туризмға қарағанда  арзан болуымен түсіндіріледі.

Фактілік  мәліметтерді зерттей отырып біз  мынандай тұжырымдамаға келеміз. Көкшетау-Бурабай  өңірі үлкен табиғи және әлеуметтік-экономикалық қасиеттерге ие, соның арқасында  ол курорттық шаруашылықты және туризмді  дамыта алады. Осы аймақтың ауданында 80 жуық көлшіктер орналасқан. Бұл  жерде жануарлардың алуан түрлері  мекендейді. Осы жерге келетін  туристер өз үйлеріне жаңа адам болып  қайтады. Берілген өңірде (туризм индустриясының перспективалары үлкен және көлемді. Осы реакциондық ауданға туристардың  негізгі ағымы Ресей мен БҰҰ  келеді. Бұның барлығы Бурабайдың шекараластығымен байланысты. Бурабайдың ормандары, шыңдарының әсем түрлері, көлдерінің тұнықтығы, ауасының тазалығы адамдарды  сауықтырады және қызықтырады. Бірақ  Көкшетау-Бурабай курорты тек  қана өзінің табиғатымен ғана емес, сонымен қатар минералды суларымен  емдік балшықтарымен ең бастысы  тауымен ерекшеленеді және әйгілі. Сондықтан да Бурабай курорты  туберкулезді ауруларын емдейтін жер  болып табылады. Көкшетау-Бурабай  өңірі Ресей мен Қазақстанның шекарасында орналасқан, бұл жерге  Ресейдег туристардың көп ағымы  келеді, дәлірек айтқанда Томск, Омск және тағы басқа қалалардан.

Көкшетау-Бурабай  өңірі Солтүстік Қазақстанның ең бір дамыған өңірі болып табылады. Өңір курортты шаруашылықты дамытуға және қолдауға керекті рекреациялық қорларға ие. Негізгі курортты зоналар  болып мына санаториялар табылады «Бурабай», «Оқжетпес», С.Сейфуллин атындағы санаторий, «Щучинск» демалыс үйлері – «Бурабай», «ЦСКА», «Приозерное» балалар лагерлері  – «Балдаурен», «Оқжетпес» және «Қысқы бор» турбазасы және тағы басқалары.

Берілген  аймақтың ең үлкен басты мәселесі мынада, көптеген сауықтық орталықтар жекешеленген, мысалға алғанда 24 мемлекеттік  орындардан 11 ғана қалды. Ең жанға бататындығы  иегерлердің ауысуы әлі нәтиже бермеуде. Тағы да бірқатар мәселелер бар, экологиялық, экономикалық және өңірді сумен қамтамасыздау  сияқты. Бірақ Көкшетау-Бурабай өңірін дамыту және қамту жоспарына енгізгендіктен және Жапониядан қаржылық көмек көрсететіндіктен бірқатар осы  сияқты мәселлер жауабын  тауып шешілуде.

     

 

 

 

 

  

 

 

 

 

  

 

 

 

 




Информация о работе Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму