Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Оглавление

Кіріспе

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)


Қорытынды


Қолдынылған әдебиеттер тізімі


Қосымша

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 127.47 Кб (Скачать)

С.Сейфуллин атындағы санаторий

Санаторий 2002 жылы теміржолшыларға арнайы ашылған. Щучинскіге демалушылар негізінен  темір жол арқылы келеді. Санаторий  Щучинск қаласында бекеттен 5 км жерде орналасқан. С.Сейфуллин атындағы санаторий бүгінде курортты зонаның  бірегейлі деп айтсақ, артық айтқандық  емес. Оны қайта жасауға жол  басқармасы шамамен 600 млн теңге  бөлді. Жаяу жолдар брусчаткамен өңделген, сәнді корпустар қазір ғана жарнама  плактынан түскен секілді. Жарық, ыңғайлы  бөлмелер. Әрбір бөлмеде, тек люкстерде ғана емес, кондиционер, теледидар, электр шәйнектері, ванна бұйымдары бар.

Курорт  қызметі  бірнеше есе жақсарды, ал бағасы сол қалпында қалды. Жол жетекшілігінің өздерінің жұмысшыларын нағыз қамқорлыққа  алуы байқалады. Олар бұрынғы кездегідей, жолдама құнының бағасынан 10-40% төлеп, осы жолдамалар арқылы санаториге келеді. Демалушы өзінің қалтасы көтергендігіне қарай люкс, жартылай люкс, орташа бөлме  алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда шамамен 16 мың теміржолшы бар, қыста  бір уақытта 150, жазда -250 адам қабылдай алады. Көптеген отбасылық жолдамалар бөлінеді. 5 уақыт тамақтандыратын  және толық емдеу курсы бар  әдеттегі нөмір тәулігіне 1654 теңге, люкс -2303 теңге құрады. 20 күнге арналған жолдама 35 мың теңге тұрады. Осы  бағаның 10%-ын төле де (бар болғаны 35 мың теңге) – рахаттанып демала бер. Тілектер мен ұсыныстар кітабына бір теміржолшы  былай деп жазыпты: «Мұндай демалыс арман ғана болар!»

Спорт және жаттықтыру залы, бильярд, төрт монша  үйі, кинотеатры, ойын автоматтары, жаңа медициналық жабдықтар – мұның  бәрі демалушыларға қызмет етеді. Тіпті  маусым айына тән ауа райы да курорттағыларды ренжітпейді. Үйге олар денсаулығын түзеткен, ерекше қуат алған және келесі жылы емдеу орнына оралу ниетіндегі көңіл-күймен кетеді.

«Бурабай» демалыс үйі

Орны: Көкшетаудан  шығысқа қарай 65 км  қашықтықта емендер  қоршауында, көркем көлдің жағасында  орналасқан.

Нөмірлер: екі, үш-төрт орынды нөмірлі, 3-5  этажды кірпіш корпустар, нөмірдер душ пен  дәретхана, лоджия, екі бөлмелі люкс бөлмелер. Әрбір этажда ыңғайлы теледидар  холдары бар.

Инфрақұрылымы: спортзал,  кинозал, бейнесалон, кітапхана  бар,  кафетерий, бильярд,   үстел  теннисі, жаттықтыру залы, монша.

 

 

 

Кесте 5

Орналасу объектісі

Нөмір категориясы

Адам басына күніне төлейтін бағасы, тг

Құнына кіреді

«Бурабай» демалыс үйі 

2 – бөлмелі, люкс (ТВ, хол) 

4200

 

 

Тұру мен 3 уақыт тамақтануы

2-3 орынды 

3180

ТВ бар, 2 орынды нөмір 

2400

Қосым – 7  жасқа дейінгі 

3420

Емдеу, инфрақұлымы 

 

Зал, спорт алаңы 

Автотұрақ, кафе


 

«Оқжетпес»  санаторийі

Орны: Еменді ағаш қоршауында Айнакөлдің сұлу жағалауында  орналасқан. Нөмірлер: екі және үш-төрт орынды нөмірлері мен тоңазытқыштарды  бар 1-5 этажды кірпіш корпус. Әрбір нөмірде  теледидар мен радиожауапбергіш бар.

Инфрақұрылымы: спортзал, кинозал, бейнесалон, кітапхана, компьютер клубы бар, казино, кафетерий, бильярд, үстел теннисі,  жаттықтыру залы, бассейн, 4 монша, дискобар.

Щучинск ауданының  Зеленый бор селосындағы «Жұлдыз» оқу-сауықтыру орталығында 2002 жылдың шілдесінде «Оқжетпес қонақтарды шақырады»  атты балалар ән шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. Сахнаға шыққан әрбір  кішткентай әртіс өзінше қызықты  еді.

Кесте 6

Орналасу объектісі

Нөмір категориясы

Адам басына күніне төлейтін бағасы, тг

Құнына кіреді

«Оқжетпес» санаторийі

2 – бөлмелі, люкс (ТВ, тоңазытқыш, радиотелефон)

4200

 

 

Тұру мен 3 уақыт тамақтануы

2-3 орынды  нөмір 2 орынды ТВ+телефон 

3180

Қосым – 7  жасқа дейінгі 

3420

Емдеу, инфрақұрылымы 

Спортзал, жаттықтыру залы, кафе, би залы, теннис  және т.б.

 

Спорт алаңы, автотұрақ


Фестивальда ашылулар көп болды, мысалы гран-при  иегері болған Щучинскіден келген Кристина Макарова мен бурабайлық жеті жасар  жұлдыз Маржикбаева сахналық шеберлігі  үшін дипломмен марапатталады.

Щучинск тұрғыны Әділ Райсов, Көкшетау балалар  шығармашылығы үйінен Лиза Коновалова, Оқжетпес ауылының кішкентай тұрғыны  Вера Кан, Сандықтау ауданынан қатысқан Аня ГОнчарова әртүрлі номинациялардың  жеңімпазы болды. Бір сөзбен айтқанда, ақмола жері әнші талантына бай болып  шықты.

Ал 2003 жылы жазда фестиваль өзінің кішігірім  бес жылдығын атап өтпекші және ән билігінде жаңа «жұлдызшаларды»  міндетті түрде ашатын болады.

Заманға сай Бурабай курортында 240 бүлдіршін  денсаулығын мықтайтын, әрі дем  алатын «Арман» облыстық сауықтыру  орталығы бар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және жағдайы төмен  отбасылардың балалары мұнда тегін  бағытталды.

Осы жылы Ақмола облысында мынадай бағыт  ұстануға шешім қабылдандыя, яғни ата-ана  қалтасының қаншалықты қалыңдығы бүлдіршіннің емделуі мен толық демалуына  әсер етпеуі керек. Осы мақсатта бюджеттен  шамамен 13 млн теңге бөлінді, осыған орай 2002 жылдың тамыз айына қарай 2200 баланың денсаулығын қалпына  келді десе де болады.  

2002 жылы Щучинск ауданының «Зеленый  бор» селосындағы «Жұлдыз» балалар  сауықтыру орталығында, яки алғаш  Ақмола облысы бойында ментальды  ауытқулар бар балалар үшін  «Спешал Олимпикс» ойындары өтті.

Бағдарламаға  жеңіл атлетика, үстел теннисі, баскетбол, футбол кіреді. Олимпиаданың негізгі  мақсаты – ұпай, секунд, гол емес, «Маған жеңуге рұқсат бер, жеңе алмасам, мен бұл ойында батыл болайын! Деген ұранға айналған өзінің кемшілігін жеңу болды. Қорытындылар көрсеткендей, командалық есепте жеңімпаз атанған  №15 Елизавета профмектебінің өкілдері ең батыл болды. Екінші орынды Урюпинск балалар үйінің бүлдіршіндері иеленді, үшінші орында – Көкшетау құрама командасы. Олар республика ойындарына жолдама  алды.

«Оқжетпес»  республикалық  жастар лагерінде  «Бақыт – күштің бірігуінде» деп  ұрандаған «Бірлік – 2002» Қазақстанның Ұлттық джамборі – скауттардың халықаралық  слеті өтті. Бұл слетқа Германия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Туркия және республиканың басқа  да облыстарынан делегациялар қатысады.

Мұндай  масштабтағы жастар слеті бізде  алғаш рет болды. Оны Қазақстан  скаут қозғалысының ұйымы Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өткізеді.

Щучинск қаласындағы 200 жас журналистердің «Оқжетпес» атты белгілі республикалық  жастар лагері «Оқжетпес» деп өзгертілді. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары  мен қоғамдық келісім, «Детское время» балалар баспасының, радио телевидение  және кино орталығының, Қазақстанның жастар медиа одағының төртінші халықаралық  фестивалі өтті.

Көпшілік  үшін бұл көп күттірген, әрі жағымды  жаңалық: Бурабай курорт зонасында 2002 жылы жаздық сауықтыру маусымы  ашылды.

Мамардың  төкпе жауынына шомылған реликті  ормандар алғашқы маусым күндерінде екі еселенген озон порциясын  бөліп шығарады. Демалушылардың массалық тобын қарсы алып, ескі достарын қуана қабылдап жатқандай.

ҚР  Қорғаныс министрлігінің ЦСКА демалыс  үйінде (бұрынғы «Ботагөз» демалыс  үйі)  отырғыш шаңын келушілер  ешқашан сілкіген емес: сауықтыру  орнының ұядай коттедждері ақ қарлы қыста да, жаңбырлы көктемде де, мінезі қиын күзде де бір босамайды. Бір маусым бірден келесісіне өтіп отырады.

Шындығына келгенде, жазда мұнда үлкен нөмір  күтіледі, - дейді Қорғаныс Министрлігінің ЦСКА екінші бөлімінің бастығы, демалыс  үйінің қожайыны Василий Червенко. Негізгі контингент – оқу жаттығу  және қалыптастыру жиынына келетін  әскери спортсмендер. Мұнда шаңғы  жарысы, блатлон, триатлон және басқа  да спорт түрлері бойынша Қазақстан  құрама командаларының мүшелері өздерінің  шеберлігін шыңдайды.

Көбінесе, жарыстар мен жиындардан кейін Қазақстанның әр бұрышынан келген  атлеттер мұнда  келіп демалуға бола ма? – деп  сұрап жатады:

...Әскери  емдеу орнында бірінші болып  демалғандар – Ақмола облыстық  құрама команданың шаңғышылары  мен Теміртау металургтер тобы.     

Василий Михайловичтің графигі бойынша  мұнда 2002 жылы 10-маусымда Ресейдік коньки тебушілер мен Нижневартовскіден  келген балалар – жастар спорт  мектебінің тәрбиеленушілерінің сайысы болып өтті. Сібірліктер Қазақстанға  өзінің жас ауысуымен бүкіл жаз  бойына жібереді:  баскетболистерден  кейін шаңғышылар келді, сосын футболистер, волейболистер...

Ал  еліміздің оңтүстік өңірлері мен  ТМД елдері емдеу жұмысшыларымен аз құлақтанған. Сондықтан бар үміт осы таңғажайып жер туралы әңгімені ауыздан-ауызға көп қалаларға таратады деген спортсмендерде. Бұрындары  адамдар Бурабайға денсаулығын  түзету үшін, санаторлық ем алу мақсатында келетін. Қазір ЦСКА демалыс үйлерінде  нақты бағыт бар – демалыстың белсенді түрлері. Бұл дегеніміз  туристік жорықтар да, экскурисларда, атпен жүріс, балық аулау да. Мұнда  волейболдан, футболдан, жарыстар, отбасылық  спорттар өткізіледі. Әскери демалыс  үйі өзінің табынушыларын тапты  деген үміттеміз.

Сонымен бірге жас спортсмендер ретінде  де 2002 жылы өзінде мұнда президент  тестері бойынша жарыстар, мектеп оқушылары арасында хоккей турнирлері өтті.

Хоккей  корты салынды, демалыс үйі территориясында  пляждық воллейболға арналған екі  алаң ашылды. Сондықтан да, нағыз  волейболистерді Көкшетау-Бурабай  аймағының қылқанды ормандарына, онда да ең қолайлы уақыт – маусымның  жандануына шақыруға болады.

 

Оқжетпес

2003 жылдың қаңтарында «Оқжетпес»  емдеу орны ашылды. Қайта жасауды  тәмамдады да, оған бес жұлдызды  отель статусын берді. Бұл Қазастанда  мұндай статус алған бірінші  емдеу орны.

Оқжетпес  – мемлекеттік саясаттың жанды  бейнесі Бурабай аймағы шетел  инвесторларының қызығушылығын  тудырды. Мысал үшін, итальяндық қаржы  компаниясы – «Эни». Олар құрылысқа  ғана емес, экологияға да, басқа да көптеген салаларға демеуші болды. Басты  демеуші ретінде «Джейлан ЛТД» түрік  фирмасы  мойындалды. Директоры Шахин  Иллтере бұл фирма реконструкцияны  бір жарым жыл ішінде бітірді.     

Реконструкцияға байланысты, емдеу орны спорт алаңын, жұмысшыларға арналған мейрамхананы, қонақтарға арналған 250-орындық мейрамхананы, казино, 250-орындық конференц зал, төрт  моншалы  бассейн және дәстүрлік  емес медицина корпусын қайтарып алды. Бұрынғы 8 ұядай ыңғайлы бөлмелерге тағы 44 люкс нөмірлерін қосты.

Емдеу орны жыл бойы жұмыс істегендіктен, жылу құбырларын жаңартып, Германиядан  әкелінген электрстанцияны қосты.

2003 жылдың қаңтарында Бурабай курорт  зонасының ғажайып бұрышында  «Щучье» көлінің жағасында орналасқан  «Балдәурен» жаңа жыл бойы  істейтін сауықтыру лагері 165 баланы  қабылдап алды.

Еліміздің жобалаушылары мен архитекторларының  үлкен ұжымымен бірге «Астана  Стройинвест» компаниясының қазақстандық бүлдіршіндерге сыйға тартқан емдеу  орнының екі апта бойы толық құқылы қожайындары болған балалар негізінен  балалар үйінің, приюттердің, интернаттардың тәрбиеленушілері.

Мұнда балаларға арналған ұйықтайтын кең  бөлмелер, жарық сыныптар, компьютер  кабинеттері, ойын залдары, спорт кешені, кафе, дискотека, емдеу корпусы бар, ал жазда жабық бассейн  мен ыңғайлы рляж салынып бітеді. Ол уақытқа дейін «Балдаурен» бір маусымда 300 балаға дейін қабылдайды. Жаздың ортасында мұнда лагерьді ресми түрде ашу рәсімі жоспарлануда, бұған Президенттің Артек – «Балдауреннің» салынуына бірден-бір себепші тұлға.

Жазғы уақытта отбасының қаржылық мүмкіндігіне байланысты ата-аналарға балалармен бірге  араласудың әртүрлі варианттары  ұсынылады.

Топтастырылған  оқушылардың тобына Үлкен Чебанье  өзендегі демалыс палатканың лагерін  ұсынады (тамақтану және тамақты  өз бетінше дайындау енгізілген) сонымен  қатар Көкшетау демалыс үйінде жаздық үйшіктер беріледі (3 адамға арналған бөлмелер, суық сумен). Омск қаласының ұйымдастырушы  фирмалары оқушылар тобына арналған жолдамалардың жол ақысын өте  төмен бағада ұстап тұруға тырысады, олар «Боровое» курортты зонасында  демалысты ұсынады. Жоғары сапалы автобустарда демалушыларды ары бері де белгілі  бір кесте бойынша әрбір дүйсенбі мен жұмада алып барады.

Шілде-тамыз 2002: Алғашқы шыңдарға шығу жиналысын, шаудан кейін Александр Кленов жүргізді. Оның жетекшілігімен Екатеринбург қаласының  таулы спорт мектебінің шыңға  шыққыштары Боровое шыңдарында 20 күн  өткізді. Олармен бірге УРРУ –ның альпинистерінің тобыда сол күндерді өткізді.

Тәжірибе  жинап алған соң олар Ала-арша жеріне саяхатқа кетті, оларға енді «үштік»  шыңдарға шығу керек емес болып қалды. Сонымен қатар сол күндері  ол жерде «Синегорье» әндер фестивалі  өтті, ол жерде Омск пен Екатеринбургтан 1000 жуық адам қатысты.

 

2.3 Көкшетау-Бурабай курорттарын  дамытудың мөлшері мен перспективалары 

Өз  кезінде Ақмола облыстық әкімшілігімен  және облыстық экономика басқармасымен  Борлық курортты зонаны дамытуға бағдарлама ойластырылған болатын. Бірақ ол жердің көптеген нысандары жеке меншікке сатылып алғандықтан және әртүрлі  министрліктердің иелегінде болғандықтан, оны жүзеге асыру өте қиын. Ал қаржының жетіспеушілігінен ол мүлдем жүзеге аспайтын сияқты. Жергілікті әкімшілік  бұл жерде тиісті тәртіпті де орната алмай жатыр, бұған ұлттық «Бурабай»  саябағының да күші жетпей жатыр, дегенмен бұл курортты зона осы саябақ ауданының  иелегінде болғанның өзінде де. Оның басшылары мен әлі күнге дейін  дамудың басты жоспары жасалмаған. Сондықтан  да біздің ойымызша мемлекеттік  органдар қатарынан жалғыз басқарушы  иесі болуы керек дейміз. Сонымен  қатар басты жоспарды өңдеп шығару керек, сол жоспар арқылы шиеленіскен  мәселелерді шешет алар еді.

Информация о работе Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму