Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Оглавление

Кіріспе

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)


Қорытынды


Қолдынылған әдебиеттер тізімі


Қосымша

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 127.47 Кб (Скачать)

Соңғы уақытта  рекреациялық қызметтің үш негізгі  формалары туралы айтады: емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық. Рекреациялық-спорттық және рекреациялық-танымдық сабақтар рекреациялық сабақтың әртүрлі топтарына кіретіндігіне қарамастан, олар Бурабай курортты аймағында өзінің функционалды бағыты бойынша бір-біріне өте жақын. Біріншілері де, келесілері де негізінен адамның дамуы мен физикалық сауығуына ықпал етеді.

Тарау 2. Көкшетау-Бурабай курортты шаруашылығының дамуының рекреациялық жағдайлары

 

2.1 Туризм дамуының табиғи-климаттық  жағдайлары 

Қазақстанның  солтүстігінде, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан орналасқан, нағыз оазис – бұл жердің географиялық атауы Көкшетау үстірті, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швецария» деп атайды. Бұл «Швецария» үлкен емес. Оның маңында қазақ даласы орналасқан. Егер оған биіктік жотасынан қараса, онда бірден мынадай ой туады: атом соғысынан кейінгі бейбітшілік. Көңілсіз сұр дала, таңғажайып айырмашалық. Жүз-екі жүз метр – тіптен басқа пейзаж.

Бурабай көтерілімдері айтарлықтай төмен. Төбелер орманмен көмкерілген және спорттық қызығушылық тудырмайды. Тек батыс бөлігі ғана басқаша. Мұнда биіктігі 947 метр болатын негізгі жота – Көкшетау орналасқан. Көкшетау тауының биік нүктесі – Синюха.

Синюханың екі шыңы бар: Оңтүстік және Солтүстік. Биігі – Оңтүстік.  Таудың өзі  – орманнан 50-150 метр көтеріліп жатқан ұзын жартасты жота. Кейде орман жұтып қойғандай көрінбеу кетеді. Синюхадан оңтүстікке қарай Бурабай тауы (690м) орналасқан – керемет көріністі нүкте. Бурабай – бұл түйе. Шындығында, кейбір жерлерден қарағанда, бұл төбе екі өркешті түйені еске түсіреді. Қазір теміржол станциясы Курорт-Бурабай деп аталады. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары орналасқан, оның ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826м) деп аталады. Жай халық аузында – Ұйқыдағы батыр, өйткені тілімденген жота батырдың киімінде шалқасынан жатқан профильді елестетеді /8/.

Осы жартас туралы аңыз бар: «Жеке батыр баяғыда осы жерде күзетте тұрған кезде ұйықтап кетіпті. Құлаған жартас гүрсілі де, атқан таң шуылы да оны оята алмапты-мыс. Содан бері ол тау-алып болып ұйықтап жатыр» /1/.

Солтүстік шеті мен Синюха. Көгілдір шығанақ арасында жартастар орналасқан. Үш апалы-сіңлілі және Оқжетпес  - мұнда бәрі түсінікті үлкен, ортаңғы және кіші ағайынды сипаттайтын үш жартас. Үлкені мен ортаншысын Ежик деп атайды. Ортаншысы мұрынды, ал үлкені шалқасынан жатқан адамның ішін (қарнын) көз алдыңа келтіреді.

Оқжетпес шыңын келесі аңыз түсіндіреді: «ХVII ғасырда Абылай руының қазақтары қалмақтарды жаулап алып, бай олжаны биік тау етегінде бөліске салмақшы болады. Сұлу қалмақ қызының тағдырын ұза уақыт шеше алмай қиналады. Сонда Абылай хан тұтқын қыз өзіне күйеу таңдасын деп бұйырады. Қыз биік тасты шыңға шығады да, «Кімнің жебесі, менің орамалыма дейін жетсе, соған күйеуге шығамын» деп айқайлайды. Бірақ бір де бір жігіт жебесін шыңға жеткізе алмайды. Сонда қыз келесі шартын қояды – кім де кім менің жұмбағымды шешсе, соған күйеуге шығамын дейді. Бұған әлі күнге дейін куә -  Жұмбақтас. Бір жағасынан қарасаң шашы желбіреген жас қыз, келесі жағадан қарасаң, көк тауға қарап тұрған кемпір профилі көз алдыңа елестейді» /2/.

Көкшетау-Бурабай  аймағының аймағының климат ерекшеліктері, біріншіден, оның географиялық орнымен түсіндіріледі. Ол мұхиттар мен оңтүстіктен келетін жылы ауа массасы мен солтүстіктен келетін суық ағындары емін-еркін кіретін ашық аумақты жазықта орын тепкен. Сондықтан аймақ қысы суық, желді, жазы ыстық және күз, көктем кезеңдері қысқа континентальды климатпен сипатталады. Тек таулар, массивтер, ормандар, көптеген көлдер мен мұндағы ауа-райы жағдайларын бірқатар жұмсартады. Маусым, шілде және тамыз айларындағы күн жылуы тропиктегіден бір де бір кем емес, жазда жылу ағыны жылдың басқа маусымдарына қарағанда айтарлықтай көп, максимум шілдеде байқалады. Күн радиациясы жергілікті жердің таза ауасы мен айтарлықтай биіктігіне байланысты ашық күндері көп болады. Күн шұғыласының ұзақтығы да маңызды, ол мұнда Ресейдің еуропалық бөлігіне қарағанда едәуір көп.

Бурабай аймағында маусым айындағы күн шұғыласының  орташа мөлшері А.Д.Вудская мәліметтері бойынша 288 сағатқа, ал қаңтар айында – 74 сағатқа жетеді. Ал олардың маусымдағы әр күнге келетін максимальді мөлшері -9,6 саға, қаңтарда -2,4 сағат. Әрине, кейбір жылдары айтарлықтай ауытқулар болуы мүмкін.

Сипатталып  отырған аймақ үшін, Қазақстанның барлық солтүстігі үшін климаттың құрлықтық типі тән, яғни орташа  айлық температуралардың максимумы мен минимумы жазғы және қысқы күн тұруынан кейін бақыланады (22 маусым мен 22 желтоқсан). Сәуірде теріс таңбалы t – а болады, мамырда күрт өседі +12,20С, шілдеде максимальды + 24,40С, яғни Қырым жағалауынан қандай болса, сондай. Сосын біртіндеп төмендейді: қарашада – 7,30, қаңтарда минимальды -15,4 0, t – а ауытқуының жылдық амплитудасы – 35,80.

Бурабайдағы атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері орташа 360 мм-ді құрайды. Олардың ең көп мөлшері жазға келеді, максимумы маусым мен шілдеде (72 және 46 мм); қыста түсетіні: қаңтарда 17мм, ақпанла 11 мм. Жауын-шашынның осылайша таралуы жоғары температурамен және жаздағы жауын-шашынның максимумын қамтамасыз ететін циклондық әрекетпен және арктикалық ауа массалары мен полярлы сібір ауасының басымдылығымен түсіндіріледі /3/.

Қарстырылып отырған территорияда жаз айларында орташа жылдамдығы 2,3-2,7 м/с шегінде, қыста 3,6 м/с – қа дейін жоғарылайтын айтарлықтай желдер байқалады. Әйтсе де, ормандарда, қорғалған орындарда жел мүлдем жоқ. Көл жағалауларында, тау шыңдарында және шоқыларда 9 м/с-қа дейін күшті желдер болады. Штиль күндері мамырда, маусымда, шілдеде 17-18, ал тамызда – 22 күн.

Қорытындылай  келе, Көкшетау-Бурабай аймағының  ауа-райы жағдайлары жыл маусымдары бойынша келесі ерекшеліктермен сипатталады: қыстың ұзақтығы шамамен 5 ай (қарашадан наурызға дейін); аудан антициклонының ықпалында болады, осының әсерінен ашық құрғақ аязды ауа-райы басым болады; күшті аяздар (300 – қа дейін және одан да көп), борандар, бұрқасындар болады, қар жамылғысы ұзақ, тұрақты болады; жауын-шашынның түсуіне әкелетін циклондардың батыстан кезеңдік көшуі байқалады.

Көкшетау-Бурабай  курортты зонасының территориясы жан-жағындағы аудандармен салыстырғанда, үлкен су ресурстарымен ерекшеленеді: бұл ең бастысы, тұщы немесе әлсіз тұзданған көлдер, мұнайлардың саны бірнеше ондаған. Өзендер аз, оларға кішігірім Қылшақты, Сарыбұлақ, Қарабұлақ өзендері жатады. Бұлардың барлығы айқын білінетін далалық сипатқа ие: аз сулы, жазғы уақытта бірнеше тармаққа бөлініп кетеді. Өзендер ең алдымен көктемгі қар еру мен жазғы жаңбырлардан қоректенеді. Жер асты сулары да қорекке қатысады. Бұл өзендер үшін ағынның 80-90% -ы өтеді. Су тасулар біраз күшпен, бірақ қысқа уақытта өтеді.

Көкшетау-Бурабай  аймағы көлдерге бай. Олардың ішіндегі ең ірісі Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ және тағы басқа морфологиялық мәліметтер 1-кестеде келтірілген.

 

1-кесте

Көкшетау-Бурабай  аймағындағы көлдердің морфологиялық  мәліметтері (П.Р.Даирачево мәліметтері бойынша)

 

Көл атауы 

Ұзындығы, км

Ені, км

Ауданы, км2

Терең жері, м 

Су көлемі, м3

Теңіз деңгейінен биіктігі

1

Үлкен Шабақты

8,7

4,2

24,6

34,0

387

305

2

Бурабай

4,5

2,9

10,0

7,0

45

321

3

Кіші Шабақты

10,6

3,2

21,7

15,5

191

307

4

Шортанды 

7,1

3,8

19,6

31,0

363

398


 

Көлдер көркем жерлерде, тау етектерінде орналасқан, толығымен немесе кішкене ғана бөлігі орманмен қоршалған. Бір жағындағы  жағасы құламалы, жартасты, келесі жағасы төмен, көбінесе құмды болып келеді.

Көл жағаларының құрылымы, олардың қазаншұқырларының рельефті де сәйкес келеді: жағасы жарлауыт көлдердің тереңдігі үлкен және су асты баурайы жартасты, кейде құламалы болып келеді. Жағасы жайпақ көлдердің тереңдігі онша емес, бұл демалушылардың шомылуы үшіни өте ыңғайлы. Көл табаны айтарлықтай тегіс немесе тұнба шөккен аздап бүдірлі. Шортанды мен Үлкен Шабақтының түбінде ірі тас қатарлары бар.

Көлдердегі  су деңгейі үнемі ауытқып отырады, жағалық жолдар мен террасалар осының дәлелі.

Көлдердің қоректенуі негізінен жер асты суларын бірақ атмосфералық жауын-шашын да маңызды роль атқарады. Бурабай мен Үлкен шабақты көлдеріне Қарабұлақ пен Сарыбұлақ, Шортанды мен Кіші шабақты көлдеріне Көкшетау тауларынан келетін кішігірім өзендер мен бұлақтар құяды.

Айтылған  көлдерден басқа, ұсақ көлдер саны да көп. Мұндай көлдердің бір тобы Үлкен Шабақтыдан солтүстікке  қарай орналасқан. Бұл Текекөл, Ақкөл, Жайнақ, Шабақкөл және тағы басқалары. Бұлардың көбісі аймақтағы ормандар ішінде шашырай орналасқан. Бұларға Горькое, Лебежье, Үлкен және Кіші Карасьи, Светлое жатады. Бұлардың барлығы тұщы сулы, су өсімдігі басып кеткен, жағалары батпақтанған.

Сипатталып  отырған территорияның көп жерлерінде жер асты суларының бастаулар мен бұлақтар түрінде шығар жерлері байқалады. Бұларға, мысалы, Ақылбаев, Иманаев бастаулары жатады, бұл бастаулар Көкше тауларының оңтүстік баурайларының етегінде орналасқан.

Өсімдік жамылғысы үлкен халықшаруашылық, эстетикалық, емдік-сауықтыру мәніне ие табиғаттың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Берілген территорияда бірнеше топырақтық - өсімдіктік кешендер бар:          

  1.Еменді-қайыңды ормандар. Бұлар қарастырылып отырған территорияның үлкен бөлігін алып жатыр және табиғи  ландшафтардың басым элементі болып табылады. Тау баурайларында, кейде ұшар шыңға дейінгі жерлерде, көл маңындағы төбелерде, жоталарда өсетін емен кең тараған. Ылғалдылық пен топырақ өнімділігінің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі учаскелерде өсетін еменнің кейбір айырмашылықтары байқалады. В.Н.Сукачев осындай үш түрді анықтады. Бірінші – Бурабай саяжайының орталық бөлігінде өсетін емен,дер. Бұтақтар ағаш діңінен көбінесе горизонтальді жағдайда өседі, өсуі баяу. Екінші форма – Бурабай дачасының оңтүстік аудандарындағы емендер. Олар мұнда тез өседі, бірақ 13-15 м биіктікке жеткенде өсуін тез тоқтатады. Үшінші форма – Алтынбор саяжайының емендері тасты және ылғалды, жақсы гумусты топырақта өседі, өсуі тез, жылына 80 см-ге дейін, сүйір бұрышын ұзақ сақтайды, бұтақ үшкір бұрыш астында тарайды. Шоқылардың барлық суық баурайлары, көтерілімдер әдетте аралас қайыңды-еменді орманмен көмкерілген.

Келесі  кең таралған ағаш түріне қайың жатады, екі түрмен сипатталған – сақалды  және үлпілдек. Соңғысы тек батпақтар  мен көлдердің торфты жағаларында  сақалдымен аралас кездеседі. Тоғайға  әдетте қызылнық тән (биіктігі 2,5-3,5 м  бұталар). Үлкен Шабақты көлінің  жағасында қарақат бұталары кездеседі. Дымқыл жерлерде қайың, тал басым.

Бурабай саяжайындағы мохты кілемде орман  және дала формаларының қоспасынан тұратын  алуан шөпті бай өсімдік жамылғысы  жақсы дамыған.

Бурабай көлінің солтүстік жағалауында, Громовая өзенінің бастауларында желдің әсерінен майысқан бұталары арқасында  «билеп жүрген» қайыңдардың тұтас  шоғы бар.

Жазғы уақытта орманда таңқұрай, бүлдірген, костяника, брусника, тіпті клюква піседі, көп саңырауқұлақ пайда болады.

2. Алуаншөпті – тырсты өсімдік  кешені тау баурайларында, көтерілімдер  беткейлерінде тараған. 

Мұнда көбінесе бороздчатый типчак, суық жусан, тырсаизен жиі кездеседі. Әртүрлі шөптен  чербец, тонкона, гвоздика, лапчатка, фламис, лишайник, жиі кездеседі.

3. Дәнді – алуаншөпті өсімдік  оңтүстік-батыс тау маңдарында, территорияның  солтүстік және оңтүстік-шығыс  шеттерінде өседі, әдетте жазықтарды, орман алаңқойларын алып жатады.

Көбінесе  мұнда дәндер кездеседі: типчак, коротконожка, дала тимофеевкасы, вейник; изен-тырса, суық жусан, жорғалаушы пырей де өседі; алуаншөптен – подорожник, сорлы  учаскелерде – солодка, нүктелік астра және т.б.

4. Шалғынды – далалық өсімдік. Шалғындар өзен құйылымдары жерінде, көл қазаншұңқырларында, орман мен бұталар арасында таралған. Типчак, вейник, наземный, жорғалаушы пырей, подорожник, пузырчатка және вахталар түлкіқұйрық және тағы басқалары кездеседі.

5. Жусанды-сордақты өсімдік аңғарларда, кеуір бара жатқан су көздерінде, сор мен сорға айналған қара топырақта кездеседі. Типтік өсімдіктері: жусан, типчак, ячмень және басқалар.

Осылайша, аймақ қоршаған құрғақ даладан өзінің бай әртүрлі өсімдік жамылғысымен, бұталарымен және шөптің шалғынды түрлерімен айқан ерекшеленеді /3/.

2.1Жануарлар. Бурабайдың жануарлар әлемін дұрыстап тану үшін әр жыл маусымында бір рет емес, бірнеше рет бару керек.

Орнитологтар  мәліметі бойынша, мұндағы қанаттылар саны екі жүзден астам түрден асып жығылады.

Көктемде, ұшулар кезінде аспан үйрек қанатының  сыбдырына толады, бірінен соң бірі қаздар ұшады. Осындай кезде шөлдегі көлдің жағасында от жағып, аспан мен судағы құс шуылына құлақ түріп отырғанға не жетсін!

Кейде қараңғылықта кенет күміс шағала саңқылдап, кейде сұр қаздар ойбайлар, ал кейде үлкен выль қайғылы үнмен дауыс қосар, сондайда ойыңа еріксіз «Выль, а выль, полно тебе выть» мәтелі оралады.

Көктем  – балапан шығару кезеңі, ал Бурабай көлінде көптеген құстар артына ұрпақ қалдырады.

Информация о работе Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму