Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Оглавление

Кіріспе

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)


Қорытынды


Қолдынылған әдебиеттер тізімі


Қосымша

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 127.47 Кб (Скачать)

Денсаулық сыйлайтын сұлу өлке туралы әңгіме ауыздан ауызға тарай басады. Таңғажайып әсер ететін қымызбен және емдік ауамен емделу үшін, Бурабайдың көз тоймас әдемілігін көру үшін ешкімнің аяғы баспаған жолдармен жүру үшін, үрікпейтін балыққа бай мөлдір, көгілдір өзендерден балық аулау үшін Омбы және Петропавл, одан да алыс жақтың тұрғындары көптеп ағыла бастады.

Әрине, тамаша курортты өлкеде лайықты емдеу  орындары пайда болу үшін бірнеше ондаған жылдар қажет болды.

Алайда, курортты дамуы мұна  1917 ж. билікті  халық жаулап алған кезден басталды. Көп ұзамай барлық жеке емдеу орындары орталықтандырылды және 1920 жылы Бурабай жалпы мемлекеттік маңызға ие курортқа айналды. Тез арада Петропавлдан Көкшетауға дейін темір жол құрылысы басталды, одан ары қарай жас курортқа дейін Теміржолдың көмегімен курорттың тез дамуы басталды.

Ескі  санаторийлер кеңейтілді, жаңалап салына бастады. Осылайша, 1927 жылы Шортанды көлінің жағасында Бармашино санаториі пайда болды; келесі жылы Сары-бұлақтың жағасында орналасқан «Воробьевка» демалыс үйі қонақтар қабылдады. 30-жылдары Бурабай көлінің жағасында өкпесі ауыратын балаларға арналған санаторий салынды.

Соғыс жылдары Қызыл Армия жаралыларына арналған санаторийге айналдырылған  көміршілер орталық комитетінің  демалыс үйі 1935 ж. Шортанды көлінің  солтүстік жағалауында салынды.

1936 жылдан бері мұғалімдердің демалыс үйі жұмыс істейді. Қазпромстрахкасс  демалыс үйі, әскери санаторий, бірнеше пионер үйі ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бурабайда біздің елдің жетекші ғалымдары жұмыс істеді: 36 ғалым Жеңіс үшін қызмет етті, олардың ішінде В.А.Вернадский, Н.Ф.Гамалея және тағы басқалары бар. Белгілі қазақ жазушылары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ауезов, Ғ.Мүсірепов және т.б. Бурабайды жақсы көретін және осы таңғажайып сұлу жерге жиі келетін. Бұлар мұнда өздерінің денсаулығын түзетіп, үлкен күш-қуат пен шабытқа ие болатын, өйткені табиғатпен бірге болудың ғажайып сезімінен  артық не болшы еді?! Осыбір қайталанбас өлке сұлулығын С.Сейфуллин өзінің «Көкшетау» атты поэмасына арқау етті /13/.

Бурабай курорты бүкілодақтық атаққа ие болды. 1938 жылы емдеу орындары мен қоршаған ортаның суреттері Нью-Йорктегі әлемдік көрмеге қойылды. «Қазақстандық Швецария» бұрынғы Кеңес Одағы курорттарының ішінде екінші орынға ие болды /1/.

Адамзат әрқашан орын ауыстыруға, оны қоршаған әлемді тануға ұмтылды.

Тыңды – игеру, жаңа зауыт, фабрикалар, ескерткіштердің  пайда болуы құндылықтардың бір тәртіпке келуі, тамаша табиғат, тыңшылар жағдайының жоғарылаған деңгейі осы жерде тұратындардың ғана емес, бұл жерде өмірі болып көрмегендердің де осы аймақты танып-білуге деген құштарлығын арттырды. Әйтсе де, бір сөзбен айтқанда осы аймақта туристік-экскурсиялық ұйымдарды ұйымдастыруға қажетті база әлден мықты және тұрақты болды. Игерілетін тың осы облыста бірінші басталғаны кездейсоқ емес.

1965 жылы Шортанды көлінің жағасында  «Золотой бор» турбазасы атына ие 90 орынға арналған алғашқы палаткалық қалашық салынды. Ол кезде туристік база елуінші жылдардың егін даласын еске түсіретін. Салбырап тұратын көп орынды палаткалар күңгірт, әрі сыз болатын. Осында тұратын, осында ас үй мен асхана орналасатын. Мұнда келетін жол болмағандықтан туристер Шортанлы қаласынан немесе Шортанды санаториінен көл бойымен жаяулап-жалпылап жететін Жарық көзі болып движок қызмет ететін, ол қараңғы болысымен оталып, сағат түнгі 11-де өшірілетін. Матрастар мен көрпелер жердің үстінде жататындықтан, жауын жауғанда су болып қалатын.

Курортты  ауданда туризм осылай басталған: палаткалардан, қолайсыз жайлардан оның пайда болуы тың игерудің басын еске түсіретін, бір айырмашылығы сол, мұнда бәрі орманда жүзеге асырылады.

1968 жылы Көкшетау экскурсиялық бюросының ұжымы, ал екі жылдан кейін туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңес құрылды. Қызметкерлер мен туристік-экскурсиялық ұйымдар бұл уақытта осы территория бойынша қазақстандықтарға арналған туристік маршруттардың ашылу мүмкіндігін меңгереді, Бурабай аймағы бойынша маршруттар ойлап табылуда және «Золотой бор» турбазасының капитальды құрылысы басталды /13/.

Бірталай  уақыттан бері Бурабай аймағында тыныс алу жеңілірек, адам өзін-өзі сергек сезінеті белгілі болды. Емен ормандарына жол салғаннан беру мұнда адамдар таза ауамен дем алу үшін және қымызды  пайдалану үшін  келе бастады.

Қазақ даласында Бурабай аймағы секілді өлеңге айналған өлке көп емес шығар. Академик С.Мұқанов аймақты бекерге «Сарыарқаның өлеңді өзені» деп атамаған болар. «Боровое – Бурабайдың тастары, көлдері мен аңғарлары аңыздар мен әңгімелерге толы» - деп жазды ол. Ақындардың жұлдыздығы, былайша айтқанда, Бурабай аймағына қазақтың «әдеби олимпінің» даңқын әперді. Ақындар мұнда халық аузында мәңгіге қалған өлеңдер шығарды /1/.

 

1.2 Көкшетау-Бурабайдағы туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық  ролі

Ақмола  облысы:

Ауданы: 78,1 мың шаршы шақырым 

Тұрғындар саны: 675,8 мың адам

Тұрғындар тығыздығы: 8,7 мың адам

Құрылды: 1944 ж.

Облыс орталығы: Көкшетау, 1824 жылы құрылған.

Көкшетаудан Алматыға дейінгі қашықтық: 1615 км.

Облыс Қазақстанның Солтүстік аймағына жатады және Ақмола, Торғай, Қостанай, Павлодар облыстарымен, солтүстік шығыста – Ресейдің Омбы облысымен шектеседі.

Облыс территориясы таулы, үстірт жазықты сипаттайды. Солтүстік –шығыс бөлігін Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті алып жатыр, оңтүстік –батыс бөлігіне Сарыарқаның солтүстік шеті кіреді. Ең көркем жері –Көкшетау таулары, биік  нүктесі – Көкше -947 м. Облыс беткейлік суларға бай, өзені  кесіп өтеді, шығыста – Селеті өзені. Тұщы және тұзды көлдер көп. Жер асты сулары кең қолданылады. Облыс қайыңды ормандарда орын тепкен Көкшетаудыі еменді-қайды үйлері республикадан тыс жерлерде де атаққа ие. Климаты күрт континентальді, жазы жылы, қысы қатал.   

Мұнда 675,8 мың адам өмір сүреді. Оның 191,3 мыңы қазақтар (облыс тұрғындарының 28,9% -ы). 261,8 мың орыс (39,5%), 82 мың неміс (12,4%), 55,6 мың украин,  (8,4%), 25,4 мың поляк, сонымен бірге, басқа да ұлт өкілдері. Қала тұрғындарының саны - 40%, ауыл тұрғындарының саны - 60%.

Пайдалы қазбалардан тас көмір, доломит, алтын, әк, ас тұзы өндіріледі.

Экономикада дән шаруашылығы үлкен маңызға ие. Облыста ауылшаруашылық жерлері 6,6 млн га, егістікке 366,1 мың га жет кетеді, оның 80%-ын дән алып жатыр. Мал шаруашылығының басты  бағыты – жібек жүнді қойларды өсіру.

Тамақ  және жабдық жасау өнеркәсібі дамыған. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес  Одағының басқа аймақтарынан осы облысқа көшірілген кішігірім шойынды-литийлі және механикалық зауыттар базасында автоматты және жартылай автоматты таразылар шығаратын ірі зауыт салынды. Зауыт өнімі экспортқа шығарылады. Оттегілік демалатын аппаратура шығаратын зауыт республикада үлкен мәнге ие /9/.

Көкшетаудың жылу – сумен қамтамасыздық сферасындағы мәселесі елге аян, оның әкімшілік статусын жоғарылату арқылы бірталай мәселелер шешіледі. Мысалы, аймақтағы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту. Өйткені өнеркәсіптегі өндірісті қысқарту қаңтар-наурыз аралығында 1999 жылдың алғашқы үш айының деңгейін құрады -67,2%.

Солай бола тұрса да, қала шаруашылығын қалыпқа келтірілді, су жүретін торапты қайта жасады, көшелер мен демалыс зоналарын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Ерекше қадамдар Көкшетау-Бурабай курортын Астананың даму жоспарына қосқаннан кейін және Жапониядан демеушілер табылғаннан соң пайда болды.

Облыс орталығын Көкшетауға көшіргеннен  кейін мұнда экономиканы көтеруге бүкіл елге арналған емдеу орнына айналдыруға мүмкіндік туды /5/.

1999 жылы 20-мамырында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында Атансор атты Жаңа темір кен орнының ашылу салтанаты өтті. Онда шамамен 400 адам еңбек етеді. Жергілікті ел де вахталық әдіспен келгендер де.

«Кащерн Елрово» ААҚ кен орнының қожайындары мұнда қалыпты инфрақұрылым құрастыру үшін жұмыс істейді.

Кен орнының өзіне келсек, концерн директоры Радион Тен түсіндіргендей, ашық әдіспен алынатын рудаға деген сұраныс тұрақты болмақшы. Оны Қарағанды, Орал, Сібір металлургтері сатып алады. Қор көпке дейін, шамамен болжанған 38 млн тонна рудасын 25 жыл бойына өндіріп алуға болады.

1999 жылы Көкшетау облысқа Зеренді, Шортанды және Еңбекшілдер аудандарын қосты. Коллапста жартылай мешел ауыл шаруашылығымен тікелей байланысқан өңдеуші өнеркәсіп орын алған. Жұмыссыздық деңгейі басқа аудандарға қарағанда жоғары болып қалып отыр. Алайда, әкім Сергей Кулагиннің айтуына қарағанда, президенттің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік және территориалды құрылысы жөніндегі нұсқауы мәселелерді шешу үшін жаңа импульс берді.

Көкшетауға  21 облыстық мекемелер толығымен көшіп, орналасты. Қызметтік және тұрғын қорларының инвентаризациясы өткізілді және барлық передслокация қала қызметтерін қиындықсыз жеді.

Саяхатты  жаны сүйетіндер Көкшетау-Бурабай аймағына жолға шықаннан кейін әртүрлі мақсатқа жеткісі келеді. Біреулері территорияның ерекшеліктерімен танысқысы келеді, келесілері – табиғаттың сұлулығын тамашалап, орманның таза ауасын жұтқысы келеді. Үшіншілері үшін – туристік жорық – спорттық іс-шара. Басқа сөздермен айтқанда, үш негізгі мақсаттық функцияларға бөлуге болады: танымдық, сауықтыру-спорттық және емдік.

Таным-психологиялық  күшті қалыптастырудың ерекше формасы. Турист келген жерге қызығушылық таныта отырып, ол жұмысқа деген ой тудырады, яғни таным адамның ой ойлауына және осы арқылы миды жиналып қалған психологиялық шаршаудан босатады.

Танымдық  функция аймақтың табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және басқа да құндылықтарына деген туристің қызығушылығында байқалады.

Туризм  арқылы сауығу – адамның өндірістік және өндірістен тыс, физикалық және психологиялық шаршауынан арылту мәселелерінің бірден-бір шешілетін жолы. Белсенді демалысты дұрыс ұйымдастыру мен кеңінен қолдану адамды физикалық күшті етеді, сыртқы ортаның әсері мен қолайсыз жағдайларына қарсы тұруын күшейтеді. Сауықтыру-спорттық туризмде шаршауды жоюға, ағзаның маңызды жүйелерінің функциясын қалыпқа келтіруге бағытталған адам денсаулығына қажетті жалпы шаралар қолданылады. Осы жағдайларда күн және ауа ванналары, өзенде шомылу шаралары айтарлықтай мәнге ие.

Туризмнің осы функциясының әлеуметтік-экономикалық мәні өте жоғары, өйткені ол ондаған миллион адамның денсаулығын түзеуге, яғни олардың жұмыс қабілетін көтеруге бағытталған. Сауықтыру және спорттық шараларсыз өсіп келе жатқан ұрпақтың гармониялық дамуын еңбек және қоғамдық белсенділігі үшін қажетті энергетикалық және пластикалық материал жинау мүмкін емес.

Адам денсаулығын сақтау мен күшейту қамқорлығы, олардың жұмысқа деген қабілетін көтеру. Бурабай курортының бірінші міндеті, мұнда белсенді демалыс түрі ретінде белгілі сауықтыру функцияларын орындайтын туризм маңызды роль атқарады.

Жоғары  экономикалық көрсеткіштер – мақсат емес, адамзат қажеттіктерін қанағаттандыратын  құрал, тұрғын ел өмір сүруінің деңгейін көтеру құралы.

Материалды  өндіріс сферасында еңбек өндірісінің өсуі қоғамдық өнімді жасау үшін аз уақыт кететін жағдайға әкеледі. Уақыттың бүкіл массасы жыл бойына 8760 сағат немесе дөңгелектенгенде 9000 мың сағатты құрайды. 1850 жылы ол келесідей тәртіппен таралды: 500 сағат – жұмыс уақыты, 3000 ұйқы және 1000 сағат – жұмыстан тыс уақыт (ұйқыдан тыс), 150 жылдан кем емес уақытта сәйкесінше: 3000, 3000 және 3000 сағат. 

Туризмнің қарқынды дамуы, курортты-туристік аудандарда туристер концентрациясының жоғарылауы рекреациялық табиғат пайдалануды оптимизациялауды табиғи кешендерге түсетін жүктелімді реттеуді талап етеді. Туристік табиғат пайдалану табиғат қорғау формаларының дамуын қалыптастырады, ресурс потенциалын рационалды пайдалану жағдайларын қамтамасыз етеді. Осы міндеттерге рекреациялық меңгеру жоспарлары мен жобаларының ғылыми негіздеуі, курорттар мен  туристік орталықтардың дамуы жауап береді.

Рекреациялық  қажеттіліктер сыртқы ортаның объективті факторларының ықпалымен әлеуметтік-экономикалық даму процесінде қалыптасады және алмасу өндірісінің тәсіліне және өмір  сүру құралдарын таратуға толығымен тәуелді.

Көкшетау-Бурабай  аймағында анықталғандай, демалыс ландшафтарын таңдауға деген ықпалды тұрғын елдің жастық құрылымы көрсетеді. Жасқа байланысты қала тұрғындарының орманға деген қызығушылығы артады: «16-24» тобындағы адамдардың 31,3%-ы  демалысын орманда өткізгісі келеді, ал «60 және одан да үлкен» топта тіпті 47%. Керісінше, тауға деген сүйіспеншілік «16-24» тобының жастарына тән (9%).

Емдеу бастауларына зейнеткерлер де көп мән береді. Жүргізілген сұрақ бойынша, теңізде демалу, орман-көлде демалудан атақты емес екен. Барлық қала тұрғындары үшін сипатты тенденция болып Көкшетау-Бурабай аймағында демалуға деген ұмтылыстың күрт өсуі табылады.

Типология бойынша Бурабай аймағындағы  рекреациялық ермектерді 4  негізгі  типтерді біріктіретін екі топқа бөлуге болады:

  1. Қалыптасу тобы:

а) рекреациялық-емдік сабақтар;

б) рекреациялық-сауықтыру сабақтары.

  1. Даму тобы:

а) рекреациялық-танымдық сабақтар;

б) рекреациялық-спорттық  сабақтары.

Рекреациялық-емдік  сабақтар санаторлы емдеу әдістері анықтайтын сабақтар жүйесін сипаттайды: климатпен емдеу, бальнеоемдеу, қымызбен емдеу және т.б. Рекреациялық-сауықтыру сабақтарының түрі алуан түрлі. Мұнда қыдырулар, шомылулар, күн және ауа ванналары, ойындар, пассивті демалыс, саңырауқұлақ жинау және тағы басқалары кіреді.

Рекреациялық-сауықтыру  сабақтар көбінесе адамның физикалық күшін дамытуға бағытталады. Мұнда спорттық ойындар, моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жүрістер, тау шыңдарына шығу және тағы басқа кіреді. Рекреациялық–танымдық сабақтар адамның рухани дамуына арналған. Бұл топқа, мысалы, табиғат ескерткіштерді көру, табиғат құбылыстарымен танысу және тағы басқа кіреді.

Информация о работе Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму