Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау–Бурабайдағы аттрактивтілігі;
санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
Көкшетау–Бурабайдың туристік болашағы;

Оглавление

Кіріспе

Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы

1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру

1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі

Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары

2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары

2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі

2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)


Қорытынды


Қолдынылған әдебиеттер тізімі


Қосымша

Файлы: 1 файл

диплом.docx

— 127.47 Кб (Скачать)

Алғашқы қар ерулерімен суларда айқайлаған күміс шағалалар пайда болады. Олар өздерінің жұмыртқаларын көздерінің қарашығындай сақтап, топ-тобымен ұя салады. Олардың артынан қызыл тұмсықты крачкалар ұшып келеді. Олар өздеріне ұяны ашық шөл жағаларында жұмыртқа салады.

Қамыс басқан көллдерді ірі қарабауырлы  гагарлар мекен етеді, олар әдетте неке кезеңінде айқайлауық болып кетеді. Олардың ұялары кішігірім жырларда, өзен жағасының шетінде болады.

Өздерінің сүйікті жерлеріне қара құтандар да ұшып келеді. Мойындарын созған құтандар семізірек бақа іздеген күйі орман батпақтарының үстінде қалықтап жүреді.

Орманды бурабай көлдеріне сонымен қатар  тырналар, сұр құтандар, үйректің көп  түрі мекен етеді.

Салқын  көктем кештерінде биік аспан төрінде хрусталь сыңғыры естілгендей болады: аққулар ұшып жүр. Бұрнағы заманда осыбір таңғажайып аққанат құстардың көбісі Бурабайдың орманды көлдеріне қоныстанған екен, олардың бірі тіпті Аққулы деген атқа ие болған. Енді, аққулармен кездесу – сирек мүмкіндік; сақ құстар жұрт көзінен аулақта жұмыртқа салатын көрінеді.

Ұшып  өтетін тағы құстардан көктемде ақ маңдайлы казарка, тырна, күликтер кездеседі.

Бурабайдың  далалы көлдерінде сұр қаздар мекен етеді; одан алыс емес жерлерде сәнді қоңыр үйрек-атайка өмір сүреді.

Жазда, далалы емес жерде ақ және сұр тауықты  кездестіруге болады, алыс аспан төрінде бүркіт, сұңқар, үлкен подорлик, сарыч, қара коршуы, ястреб және т.б. қанатты жыртқыштар қалықтайды.

Құс сайрауын сүйетіндер жазғы орманда шығыс бұлбылы мен иволганы, славканы ести алады. Ал қыста Алтын борға қарапайым сібір ақбауыры, свиристель – рюм, пуночка ұшып келеді.

Әдемі, тұрқы торғайдан кіші орман әншісі щегаль де осында /3/.

1938 ж. Бурабай аймағына бірден үш жүз тиін жіберілген болатын. Олар жаңа жерге бауыр басып, көбейді.

Санаторийлер  мен демалыс үйлерін қоршаған емендер мен үлпілдік жануар баяғыда-ақ орын тепкен. Өткен қырық жылда тиіндер адамдардың қайырымды көршілігін бағалай алды. Санаторий территориясында қаптаған әсем ұялары, тиіндер ертеден тұрып жаңғақ, кәмпит пен печеньелерді өз таңдауынша жейді. Кейде бұларға қанағаттанбаған тиіндер балкондарды аралап кетеді, қорықпастан бос бөлмелерде нені жеуге болады, оның бәрін алып кетеді. Қар бетінде жаңылысқан із көрсеңіз – тетерев болған  деп ойлаңыз. Сұлу орман әтештері мен тауықтар қыста өсімдік дәндерімен, қайың сырғаларымен қоректенеді.

Теререв – косачтар бурабай ормандарының баяғыдан бергі аңы. Ал олардың  туыстары – глухарьларды отыз жыл бұрын Киров облысынан алып келген. Көркем құстар орманның барлық жерінен өздеріне мол азық тауып алады: хвое, жидектер, жәндіктер. Бурабайда енді көптеген глухарь топтары бар, тіпті олардың бірі Бурабай орманшылық-аңшылық шаруашылығының кеңсесінен тіпті де алыста емес, бұл кеңсенің жұмысшылары соншалықты табысты түрде ғажайып орман құстарын климатқа бейімдеп алды.

Жеке  батыр тау баурайларында алтай маралдары мен сібір тауешкілері пайда болды, ал дене тұрқы келбетті косульдарды бурабай орманындарда, одан тыс жерлерде де кездестіруге болады.

Көп жыл бұрын Херсоннан келген ұшақ қорықтан Көкшетау жеріне оты екі айлық құрабайды әкелді. Тәжірибе батыл еді: еліктің қатал климатқа бейімделуі мүмкін бе?

Біз ойлағанымыздай, мықты еліктер сынақтан өтті, өсті, өнді. Суық кезеңді қиналмастан өткізді, айтпақшы  елік тобының саны екі жүз елу бастан асып жығылады.

Енді  Бурабай орман төмендеуінде жабайы шошқа іздері қалың батпақты қамыстардың ана шетінде де, мына шетінде де кездеседі. Жабайы қабан табыны үш есеге көбейді. Қыста азық табу қамымен олар кішігірім топтарға бөлініп кетеді. Қабандар батпақ шөбінің түбін қазады, мұнда азық қоры жетерлік.

Шаруашылық  сонда да өзінің мазасыз қонақтарын тәрбиелейді, ауылда табиғат мұражайы бар.

Ал  мұражай жақсы: таулы-орманлы оазис  ретінде Бурабайдың иамаша экспозициясы және оған қосымша ағаш бұталарының астында өзінің кішігіріп зообағы бар, мұнда қайырымды елік, косуль, арқар, қоян, тиін жанұялары өмір сүреді.

Табиғат мұражайына жазда кіре алмайсмыз: экскурсияла, оқушылар, осылайша бәрі өз орнымен. Бәрі бурабайлық таксидермист Н.К.Чесноков істеген құстар мен аңдардың мүсіндеріне таңдаушылықпен қарайды. Келушілер бурабай, далалық, алқаптық, суда жүзетін, шалғындық және батпақтық тағы аңдарды көріп-біліп қана қоймай, жануарлардың қандай түрлері таулар мен ормандарға қайтарылғанын білетін болады.

Азаматтықпен , сұлулықпен тәрбиелеу! Иә, әрине, мұның бәрі пайдаға асады... Дәрігерлер стрестен зардап шеккен пациенттеріне еркіндікте өмір сүретін жабайы аңдар өмірін өз көздерімен көруге кеңес береді, дейді. Ал шындығына келсек, берілген кеңес жаман емес! Сенің көз алдыңда Алтын бор нәзік сары косуль нмесе қарапайым тиін бейнесінде көрініс берген кезде дүниенің бәрін ұмытасың. Табиғат өзінің тағы тіршілік иелеріне бітпес сұлулық сыйлаған.

Әсем  табиғат ортасында тұрып, адам жанында ашу-ыза, бірнәрсені қысқарту немесе құмарлық сезімдегі орын ала ма екен? – депті Л.Н.Толстой – адам жүрегіндегі жақсы емес нәрсенің бәрі табиғатпен, яки сұлулық пен қайырымдылықтың тікелей мысалымен жанасқанда жоғалып кету керек сияқты.

Тек осындай мүмкіндікті қас-қағым сәтке іс жүзіне айналдыру, яғни тағы аңдарды өз көзімізбен тамашалау – біздің қаңырап қалған ормандарымыз бен даламызда ғажайып іспетті. Жойылудан аман қалған барлық тіршілік иелері адамнан аулаққа қашуда. Кейде біз табиғат ресурстарын Жаратқан сыйына баласақ та, табиғи қорлар, әсіресе тірілер – құстар, аңдар, өсімдіктер азайып бара жатқанын сезінеміз және дабыл қаға отырып – табиғатты аялаңдар! дегіміз келеді.

 

2.2 Көкшетау-Бурабай курортты-рекреациялық  шаруашылықтың қазіргі таңдағы  күйі 

Рекреация этимологиялық түсініктер жиынтығын сипаттайды: recreatio (лат.) – қалыптасу, recreation (франц.) – ойын-сауық, демалалыс, еңбек қызметін шектейтін әрекеттің ауысуы және осы әрекетпен байланысты сипаттаушы кеңістіктер. Осыған сәйкес, рекреация термині бос уақыттағы адамдардың таңдалған өмір сүру қарекетінің белгілі бір түрлерін ғана емес, сонымен бірге олар қызмет етіп отырған кеңістікті де сипаттайды.

«Рекреация» - адамдардың тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдері кезеңінде сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени – ойын-сауық әрекеті үшін өздерінің тұрақты тұратын жері болып табылатын елді мекеннен тыс орналасқан арнайы территорияларда бос уақытын өткізу нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жиынтығы (Н.С.Мироненко, М.Т.Твердохлебов 1981).

Қазір Бурабай зонасында 24 санаторий мен 15 балалар сауықтыру лагері қызмет етеді. Мұнда жылына шамамен 38 мың адам денсаулығын түзете алады. Жекешелендіру толқыны курорт шаруашылығына әсер етті: 24 мемлекеттік емдеу орындарынан тек 11-і ғана қалды.

Щучинский

«Щучинский» санаториі аттас көлдің солтүстік-шығыс  жағалауында теңіз деңгейінен 380 м биіктікте, Бурабай жайылымында орналасқан.

«Щучинский» санаториі «Курорт Бурабай» теміржол станциясынан 18 км-де орналасқан, екеуінің арасын көл жағасы бойымен емен ормандары арқылы өтетін жақсы асфальтталған жол жалғап отыр.

Емдеу орны 1946 жылы жалпы терапевтік санаторий  ретінде 1930 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Қарағанды шахтерлерінің демалыс үйі базасында құрылды. Одан арғы жылдары мұнда емдеу корпусы, 10 орынға арналған бастпақты емдеу, батпақ сақтау, батпақты жылытуға арналған қазан салынды. Жанында 5  ванналы сумен емдеу орны салынды.

Санаторий жыл бойы жұмыс істейді, жазда 315 және қыста 250 орынға. Демалушылар қос екі этажды корпус пен төрт жаздық саяжайда орналасады. Оларға музыкалық салон, бильярд, қайық станциясы, тамаша құмды пялж, жақсы жабдықталған спорт қалашығы, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері қызмет етеді.

Санаторий солтүстікте орналасуына қарамастан, бақта гүлдер, таулар мен көлдерге қарайтын күннен қорғалған жабық  және ашық аллеялар көп.

Қазақстанның  басқа да емдеу орындары сияқты, «Щучинксий» санаториі қолайландырылып, кеңейтілуде.

«Щучинский» жазықты далалық бальнео-батпақты санаторий болып табылады.

Санаторидің негізгі емдеу факторлары болып  табылады. Балқаш – Сор тұзды  көлінің емдік тұнба батпағы, климат, емдеудің физиотерапевтік әдістері, бальнеоемдеу, емдік, физикалық мәдениеттің әр түрі, режим, диеталық және рационалды тамақтану, медикаментозды емдеу.

Санаторий заманауи аппаратурамен жақсы жабдықталған. Физиотерапевтік, рентгендік, тіс салу кабинеттері, ингаляторий, функционалды диагностика кабинеті, емдік физмәдениет, массаж, солярий кабинеттері, клиникалық және биохимиялық лабораториялар.

Санаторийді емдік батпақпен қамтамасыз ету  базасы болып солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан Балпаш-сор көлі табылады. Оның жанында Үлкен сор тұзды көлі бар, мұнда да емдік батпақ бар, бірақ әзірге ол пайдаланылмайды. Екі көлдің де жоғары сапалы емдік пайдалану қоры 400 мың текше метрге жетеді. Иісі күкірт сутек қара, мазь тәрізді пластикалық батпақтың көлдегі қалыңдығы 15-25 см-ге жетеді. Балпаш-сор көліндегі батпақ ерітіндісінің химиялық формуласы мынадай:

 

Май-Балық  көлінің жағаларындағы екі скважина арқылы шығарылатын минералды су қорлары жа жеткілікті. №94 скважинасынан шығатын судың химиялық құрамы:

Ал №93 скважинасының:

Көрсетілген минералды сулар асқазан-ішек аурулары, бауыр мен өт жолдары, зат алмасуы бұзылғанда, сонымен қатар асханалық  су ретінде де пайдаланыла береді.

Батпақпен емдеу негізінде апиликациялық  әдіспен жүргізіледі. Тірек органдарын, жеке суставтар немесе суставтар тобын емдеген кезде батпақ «қолғап», «жең», «шұлық», «етік», «іш киім», «шалбар» ретінде бауыр, асқазан, бел, жұлын облыстарына жеке медальон сияқты жағылады.

Гинекологиялық  аурулар болса, батпақ ректальды  немесе вагинальды тампон түрінде қолданылады.

Денеге  батпақты жаққаннан кейін ауруды жаймамен, артынан кленке және жүн жамылғыға орайды.

Жүрек-тамыр  жүйесі, фазасы, ауыру сатылары жеке ескертілу арқылы процедуралар тағайындалады. Ұзақтығы мен t-а біртіндеп жоғарылайды. Әдетте батпақ күн ара, 38-42 t-мен, ұзақтығы 10-12 минут қолданылады, бір курста 10-12 процедура бар.

Батпақты  жууға арналған су t-сы 36-370 – тан аспауы керек.

Процедурадан  кейін емдеу орнындағы демалыс бөлмесінде жарты сағат, палатада бір сағат демалу ұсынылады.

Батпақ  қабылдайтын күні процедурадан бір сағат бұрын немесе 1 сағат кейін массаж алуға болады, ал емдік физмәдениет пен ауа ванналарын батпақпен емдегенге дейін жасау керек.

Сол күні теңіздік, көлдік және өзендік  шомылулар, емдік және гигиеналық ванналар, КВ – диатермия, УВЧ, жарықтық гидроэлектрлік ванналар, жылғалық душтар, су асты душ-массаж, УК- сәулелену жасауға болмайды.

Санаторийде жеке суставтарға гальвандық батпақ қолдану тәжірибе жүзінде байқалып жүр, яғни хроникалық танзилит кезінде мойын облысына, метеопатологиялық реакцияларды ескерту немесе түсіру үшін бүйрек облысына жағады.

Физиотерапия  бақа емдік факторлармен бірге пайдаланылады және олардың әсерін күшейтеді.

«Щучинск» санаториінде емдеуге көрсетілімдер  «Бурабай курорты» ауданындағы емдеу  орындарының көпжылдық жұмыс тәжірибесі мұндағы климат жағдайларында әртүрлі ауруға ұшыраған сырқаттарды емдеп шығаруға болатынын көрсетті, алайда жоғары мамандандырылған және біліктілікке ие болу мақсатында «Шучинский» санаториі қазіргі таңда жүрек-тамыр жүйелерінің, тірек және қозғалыс органдарының, туберкулез емес тыныс жолдарының ауруын емдеуге маманданған.

Жүрек-тамыр  жүйесінің аурулары:

1. Ревматикалық және басқа текті миокардиттен кейінгі күйі, жүрек жағынан өткір және өткірлеу құбылыстарының 8-10 айдан кем емес уақытта біту процесі, 1-деңгейден жоғары емес қан айналымының жеткіліксіздігі құбылыстары кезінде.

2. Жүрек бұлшықетін күш түсуден, миокардидистрофия, сонымен қатар алмастырушылық, эндокринді, токсикалық және инфекциялық түптен пайда болатын, 1-деңгейден жоғары емес қан айналымының жеткіліксіздігі құбылыстары кезінде.

3. Миокадиялық кардиосклерд немесе стенокардия ұстамасы болмаған кезде орын алатын атеросклеротикалық кардиосклероз.

4. 1-деңгейдегі көп емес қан айналымының жеткіліксіздігінен немесе компенсация күйінде аорта стенозы мен митральді коректары.

5. Тамыр қисықтары мен ми, жүрек және бүйрек тамырларында скелероз құбылыстары болмаған кездегі гипертониялық ауру (І және ІІ стадиялар, А фазасы).

6. «Эссенциалды» гипертониялық ауруы. 

7.Жүрек-тамыр  жүйелерінің функциясының бұзылуы  басым невроздар. 

8.Ұштарында  трофикалық бұзылулар және ми  мен тәждік қан айналымы болмаған  кезде ұштардың тамырларының  литерлендіруші атероскелерозы.

9. Тромбофлебит пен аяқ асты  ұшығуларды тудыратын процесс генерализациясына бағыттау болмағанда, тек ремиссия кезеңінде литерлендіруші тромбаншит.

10. Кейінгі қалдықтық құбылыстар, флебиттер  мен тромбофлебиттердің 3-4 айдан  ерте емес өткір немесе өткірлеу  құбылыстары кезінде, ал терең флебиттер мен тромбофлебиттер – 6  айдан ерте емес.

Спорт ойындары, жақын маңдағы туризм, қайықта серуендеу кеңінен қолданылады.

Санаторий жағдайында терренкурдың үш маршруты ойлап табылды.

Ұзындығы 1800 м 1-маршрут Щучье көлінің жағасы бойымен тегіс орман жеріне дейін жетеді.

Ұзындығы 3600 2-маршрут 40-қа дейін көтерілу бұрыштарына Щучье көлінің үстінен 18 метрге дейін көтеріледі.

Информация о работе Көкшетау–Бурабай аймағындағы туризмнің даму