Деванттық мінез-құлықтағы балалармен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар,келеңсіз құбылыстардың балалар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.

Оглавление

Кіріспе
І Деванттық мінез-құлықтың қалыптасуын теориялық зерттеу.
1.1. Балалардағы деванттық мінез-құлықтың түрлері.
1.2.Балалардағы деванттық мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар.
ІІ Бөлім.Әлеуметтік жұмыста девантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері.
2.1.Балалардағы девантты мінез-құлықпен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
2.2.Балалар тәрбиесін алдын-алу жолдары(профилактика)
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Деванттық курссс.doc

— 143.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік қызметкер мына жағдайларды ескеруі қажет: 
- баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау; 
- өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге үйрету; 
- баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; 
- баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.

Қорыта айтқанды, девиантты  мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір әлеуметтік қызметкер , баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.

Девианттық мінез-құлық  олардың қоғам –өміріндегі теріс  орны мен салмағын айқындайды. Қоғам  өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі  өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс.Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық балаларда көбірек байқалады. Оның объективтік себебі балаларда құқықтық әлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы, шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын балаларда көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т.б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты. Себебі, ол жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады. Олардың өздерінің «үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары бар. Мұндай жағдайда топтық ауытқу да дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.

Профессор А.Е. Личко және В.Г. Степанов сәтті отбасыны талдай отырып, 4 жағдайды бөліп көрсетеді:

-Отбасындағы қамқорлықты  күшейту (гиперопека);

-немқұрайлылық ( гипоопека);

- отбасындағы кумирдің  болуы;

Статистика бойынша  ОҚО да 14-18 жас аралығындағы тұлғалар арасында қылмыс, өсуде. 1995 ж. 460 қылмыс оның 25 адам өлімі, оның 4-ін жасы кәмелетке толмағандар жасаған; 1997 ж. 317 қылмыс, 51 адам өлімі, дегенмен 13,8 % төмендеген, 96-бап бойынша 6 өлім тіркелген; 1998 ж. 243 қылмыс, 23% төмендеген, 74 адам өлімі оның 5-уін жасөспірімдер жасаған. 1999ж. 228 қылмыс, 6,1 % төмендеген, 96-бапқа 4 адам өлімі жатады.

2000ж 269 қылмыс, 17,5% өскен, 195-і ауыр қылмыс. 14-18 жас аралығындағыларға  9 адам өлімі тіркелген. Адам  өлімі 25% өскен, 33 әйел зорлау, 48 тонау, 64 анаша айналымына қатысты қылмысты жасөпірімдер жасаған. Статистикалық мәліметтерге талдау жасасақ, кәмелетке толмаған жастар арасында 120 бап бойынша 1995 ж. -4; 1996-6; 1998 ж. -6; 1999ж- 3; 2000 ж. -4-ке жеткен. 178-бап бойынша 1995-27; 1996-26; 1997 ж. -17; 1998 ж. -13; 1999 ж.-27; 2000 ж. - 34 қылмысты іс қозғалған. 174-бап қарақшылық бойынша 1995 ж. -19; 1996 ж.-5; 1997ж.- 14; 1998ж.- 11; 1999ж. -11; 2000ж.-10 іс-қозғалған.

Қазіргі кезде біздің қала көшелерінде қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді көреміз. Арнаулы мәліметтер бойынша 1997 ж қарашада Қазақстан бойынша 27 мың бала мектепке бармаған.

Жастардың девианттық жүріс-тұрыстарының бір түрі–нашақорлық. Бұл мәселе жөнінде ел Президенті Қазақстан  халқына жолдауының бірінде былай деген: «Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Экономикалық, географиялық тұрғыдан қарағанда есірткі бизнесімен күресті Қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайды» . «ҚР нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 ж.ж. жарлығымен бекітілген құжатта:

«Кәмелетке толмағандар  мен жастардың, әйелдердің арасында есірткіні беймедициналық тұтынудың  етек алуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Есірткі тұтынушылардың 2/3-30 жасқа дейінгі адамдар .

Есірткіге байланысты қылмыс жоғары қарқынмен өсуде. 1991 ж. бастап жалпы  қылмыстылықтың 19,8% төмендеуі аясында  есірткіге байланысты қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсті. Бұл  қылмыстардың үлесі 5,3 есе өсті және 1999 ж. 15,28 % құрады. Жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сұраунаманың бір деректерінде жастардың 9-10% есірткіні пайдаланғанын айтқан болатын . Статистикалық мәліметтер бойынша, қылмыстарды (есірткіге байланысты) 20-29 жастағы адамдар жасайды екен.Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресте елімізде де істеліп жатқан шаралар бар. Мысалы ҚР Премьер–Министрінің 2003 ж. 20 қыркүйек №222 өкімімен бекітілген «Ауыл жылына арналған» спорт есірткіге қарсы ұранымен «АҚ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы іс-шарасын жатқызуға болады. Спорт мектептерін қайта жандандырып,олардың басым бөлігін спорттың түр-түрімен айналысуға баулу қажет. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес ісі бізден жүйелі және кешенді шараларды жүргізуді талап етіп отыр.

Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың тағы бір түрі – ішкілік. Статистикалық мәліметтер бойынша, бұзақылықтың 90%; әйел зорлаудың 90%; басқа қылмыстар 40% өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70%, ажырасудың 50% ішімдікке байланысты болған. Ішімдік мәселесі көбіне қазіргі кезде ауыл жастарының арасында өршіп тұр. Девианттық мінез-құлықтық бір түрі суицид, яғни бұл өзіне -өзі қол жұмсауы. Ауытқудың бұл түрі 20-55 жасқа дейінгілер, ол қазіргі кезде 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда басқа ТМД елдерінен қалыспайды.

Жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың  нашарлығы, мәдени демалыстарының дұрыс  өткізілмеуі жастарды араққа итермелеуде, сондықтан ауылдағы клуб, мәдениет үйі, т.б. мәдени іс-шараларды ұлттық рухымызды көтеретін насихат  шараларын жүзеге асыру кезек күттірмей атқарылар шараға айналдыру қажет.

Пайдаланған әдебиеттер. 
1. Рахметов.Қ.Ж. Болатова.А.Н. Исмағанбетова:З.Н. "Социология". Алматы. 2005. [1] 82-91 бет. 
2. Джаманбалаева.Ш.Е. "Особенности социолизации подростающего поколения". Алматы. 2002. 
3. Первова. "О социальной поведения детей и подросков". Санк-Петербург. 1999. [8] 7-12 стр. 
4. Нысанбаев. "социология". Алматы. 2002. 
5. М.Тажин. Б.Аяғанов. "Социология негіздері". Алматы. 1993. 
6. Козымбетова.Д.К. "Девиантное поведения моложежи как обьект социологического исследования". Алматы. 1999. [4] 18-29 стр.  
7. Әбсаттаров.Р. Аженов.М. "Әлеуметтану". Алматы. 2003. [3] 19-37 бет. 
8."Молодеж и общество на рубеже веков". Алматы. 1999.  
9. Тұрғанбаев.Ә.Х. "Социология". Алматы. 2001. [7] 78-83 бет. 
10. Кудрявцев.В.Н. "Социальная деформация: прицины, механизми и пути продоления". Москва. 1965. 
11. Әбсаттаров.Р. "Әлеуметтану". Алматы. 2002.  
12. Э.Дюргейм. "Норма и потология". Москва. 1992. [6] 63-68 стр. 
13. Ж.Сарсенова, Г.тәңірбергенова. "Әлеуметтану". Алмты. 2002.  
14. Смелзер.Н. "Социология", Москва. 1994. 
15. Морковия.Д. "Общая социология". Москва. 1994. 
16. Айтов.Н.А. "Основы социологии". Алматы. 1997. 
17. Джаманбалаева. Ш.Е. "Общество и подросток", социлогически аспект девиантного поведения. Алматы. 2001. [2] 60-64 стр. 
18. "Әлемдік әлеуметтану антологиясы". Алматы. 2006. [5] 97-105 бет.  
19. Ж.Т. Тощенко. "Социология". Москва. Прометей. 1994. 
20. Коэп А. "Исследования проблем социальной дезорганизции и отклоншегосия поведения". Москва. 1985.


Информация о работе Деванттық мінез-құлықтағы балалармен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік