Аталық без және ұрық безінің су шемені.Крипторхизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Аталық безінің шемені туа пайда болған және жүре пайда болған болады. Аталық безі ішастар арты кеңістігінде бүйрек бекіген аймақта қалыптасады, кейін біртіндеп ұмаға түседі. Ішастар өсіндісінің ұмаға бұлтыюы аталық безінің қозғалысына ықпал етеді. Аталық безі ұмаға түскеннен кейін ішастар өсіндісінің саңылауы жабылады. Кейбір жағдайларда генезі белгісіз себептер әсерінен ұрықтың дамуы кешігеді, өсінді саңылауы не өспейді, немесе босаң өседі. Саңылау бойында сақталған сұйықтық құрсақ қуысынан ұмаға түседі. Егер канал босаң жабылса, күшенгенде немесе айғайлағанда жабысқақтар кейде бұзылады да, канал қалпына келеді.

Оглавление

Аталық безінің шемені (сулануы), этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
Гидроцеле мен фуникулоцеле, этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
Крипторхизм этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Крипторхизм..pptx

— 373.21 Кб (Скачать)

 

Семей мемлекеттік  медицина университеті.

 

СӨЖ

  Тақырыбы:  Аталық без және ұрық безінің  су шемені.Крипторхизм.

 

Орындаған: Байғалиев Бекарыс 432

 

 

 

 

Семей 2013 жыл.

 

Жоспар.

 

    •  Аталық безінің шемені (сулануы), этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
    • Гидроцеле мен фуникулоцеле, этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
    • Крипторхизм этиологиясы, патогенезі, клиникасы емі.
    • Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 Аталық безінің  шемені (сулануы)

Аталық безінің  шемені-аталық безінің қынапты қабатының  меншікті жапырақша-ларының арасында сұйықтықтың жиналуы.

Аталық безінің  шемені туа пайда болған және жүре пайда болған болады. Аталық безі ішастар  арты кеңістігінде бүйрек бекіген аймақта  қалыптасады, кейін біртіндеп ұмаға  түседі. Ішастар өсіндісінің ұмаға  бұлтыюы аталық безінің қозғалысына  ықпал етеді. Аталық безі ұмаға түскеннен  кейін ішастар өсіндісінің саңылауы жабылады. Кейбір жағдайларда генезі белгісіз себептер әсерінен ұрықтың  дамуы кешігеді, өсінді саңылауы не өспейді, немесе босаң өседі. Саңылау  бойында сақталған сұйықтық құрсақ қуысынан ұмаға түседі. Егер канал  босаң жабылса, күшенгенде немесе айғайлағанда жабысқақтар кейде бұзылады да, канал  қалпына  келеді. Осылайша аталық безінің  туа біткен шемені қалыптасады. Жүре пайда болған шемен аталық безінің  қабыну  аурулары немесе жарақаты әсерінен аталық безінің қабығының қуысында қабыну эксудатының нәтижесінде  дамиды.

 

 

Туа пайда болған шемен жиі кішкентай балаларда, ал жүре пайда болған шемен жасөспірімдерде (жарақат әсерінен) жәене үлкендерде (қабыну нәтижесінде) болады. Нәрестелерде жүре пайда болған шеменнің сирек  себептерінің бірі-туу жарақаты болып  табылады.

 Клиникалық көрінісі.  Туа біткен шемен-нің клиникалық көрінісіне ұманың жарты-сынң ұлғаюы, ісінуі, флюктуация жатады. Аталық безі төмен және артқа ығысқан.

Жүре  пайда болған шемен қабыну және жарақат  нәтижесінде дамиды.

Жедел және созылмалы түрде өтеді. Шемен  құрамы-фибринмен эксудат, кейде  ірің немесе қан болып табылады. Сұйықтықтың жиналуыайқын ауырсыну синдромымен үйлеседі.

Шемен жабысқақтардың, камералардың түзілуімен, тас жиналуымен, сирек жағдайда аталық безінің атрофиясымен асқынады.

Диагноз. Аталық безінің шеменін шап-ұма  жарығынан, аталық безінің ісіктерінен  ажырату керек.

 

Емдеу.  Туа біткен шемен 1-3 жасқа дейінгі балаларда жиі өздігінен қайтады. Айқын ауырсынуы  бар, шемені ұлғайған балаларға хирургиялық ем көрсетілген. Туа біткен аталық без шеменінде Росс операциясы жасалады.

Жедел жүре пайда болған шемен консервативті  емделеді: тыныштық, суық, антибиотиктер  тағайындалады. Аталық безінің созылмалы  шемені хирургиялық жолмен емделеді. Осы мақсатпен 2 әдіс қолданылады-Винкельмен және Бергман операциялары.

 Гидроцеле мен  фуникулоцеле.

   Гидроцеле мен фуникулоцеле (жұмыртқа мен ұрық бауының қабығына жиналуы)-құрсақ қуысының астарының қынап тәрізді өсіндісінің қуысының бітелмей қалуына байланысты пайда болатын ауру. Қалыпты жағдайда нәресет өмірге келген соң бұл өскін бітеліп, жұмыртқаны орап жатқан бөлігі оның қабығына айналады, қынап тәрізді өскін ұзын бойына бітелмей қалса, онда сұйықтық құрсақ қуысынан ағып келіп жұмыртқа қабығының  ішіне жиналады. Бұл жұмыртқа мен ұрық бауы қабықтарының құрсақ қуысымен байцланысатын су ісігі дейді. Егер қынап тәрізді өскіннің төменгі бөлігі бітеліп, жоғарғы бөлігі құрсақ қуысымен байланысса, бұл ұрық бауының қабығымен байланысатын су ісігі. Қынап тәрізді өскіннің тек бітелмей сұйық жиналатын болса, бұл ұрық бауының қабығымен байланыспайтын су ісігі немесе ұрық бауының торсылдағы.

 

Гидроцеленің пайда  болуы қынап өскіннің қабырғаларының сіңіру қасиетінің төмендеуімен және аймағының лимфа тамырларынан толық  жетілмеуімен байланысты нәресте өсе  келе ол азайып, мүлде жоғалып кетуі  де мүмкін.

Ересектерде гидроцеленің пайда болуына жарақат пен  қабыну да әсер етеді.

 Клиникасы. Егер гидроцеле бір жұмыртқада болса, ұманың осы жақ бөлігі, ал екі жағында болса, ұманың екі жағы да үлкейеді. Жұмыртқаның байланысатын су ісігі шап өзегінің сыртқы шеңберінен бастап ұманың түбіне дейін созылатын сопақшалау жұмсақ серіппелі ісік.пальпация жасағанда ауырмайды. Диафоноскопия жасағанда су ісікке ғана тән жарқырап көрінетін белгілерді анықтуға болады. Құрсақ қуысы мен жұмыртқа қабығының арасынндағы құрсақ астары өскінінің қуысындағы қақпақша болатын болса, жұмыртқа қабығына жиналған сарысу тырсылдап кернеп кетеді де, бала тынышсыздану мүмкін.

  Ұрық бауының қабығында пайда болатын торсылдақтың сыртқы жұмыр, дөңгелек не сопақша болып, төменгі және жоғарғы полюстері анық білінеді.

Гидроцеле мен фуникулоцелені өте жиі шап жарығымен ажырату  диагнозын жүргізу керек. Шап  жарығында жарық дорбасындағы құрылымды  құрсақ қуысына енгізгенде жарыққа  тән шұрқ еткен дыбыс естіледі және аймағындағы ісік жоғалып кетеді. Жұмыртқа мен ұрық бауы  қабықтарының құрсақ қуысымен байланыспайтын су ісігі  болса, оның ішіндегі сұйық күш жұмсап итергенмен кірмейді. Баланы  шалқасынан жатқызып ісікті ақырындап басып, сұйықты  құрсақ қуысына итергенде, ісіктің  көлемі біртіндеп кішірейеді. Диафоноскопияда  шап жарығында күңгірттеніп көрінеді.

 Емдеу:  алғашқы 2-3 жылдың ішінде құрсақ қуысы астарының қынап тәрізді өсіндісінің өздігінен бітуі нәтижесінде гидроцеле мен фуникулоцеле өздігінен жоғалуы мүмкін. Сондықтан операцияны 3 жастан бастап жасаған дұрыс. Көбінесе Винкельман (су ісігінің қабығы тілініп, ол жұмыртқа мен оның  қосалқыларының сыртына қарай айналдырып тілінеді) және Росс (қынап тәрізді өскін шап өзегінің сыртқы шеңберінде тігіліп, екі жағына байланады, төменгі бөлігінің біразы кесіп алынады, жұмыртқа қабығына сұйық шығу үшін тесік жасалады) операциялары қолданылады.

Егер 2 жасқа дейінгі  балаларда жұмыртқа қабығының кернелген  су ісігі жедел пайда болып, тынышсыздандыра, онда инемен сарысуды сорып алуы керек. Содан  кейін ұмасының сыртынан қап  кигізіп көтеріңкіреп таңып қою  керек (суспензорий), бұл жұмыртқаға түсетін қысымды уақытша азайтып, операцияны бала өскенше шегеруге мүмкіндік  береді.

Ересек балаларда  жарақат әсерінен су ісігі пайда  болса, немесе Винкельман және Росс операцияларынан  кейін су ісігі пайда болса, онда Бергман операциясы жасалады: су ісігінің қабығын сарысудан босатып, қайталанбас  үшін түгел кесіп алып тастайды.

Крипторхизм-жұмыртқаның  ұмаға түсу процесінің бұзылуына  байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға  түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75%ді. жиілікте басқа органдардың диспластикалық процестерімен қабаттасып кезігеді. Крипторхизм анатомо-механикалық  себептпрдіңғ немесе жұмыртқаның біріншілік дамымауынан, гормональдық жетімсіздіктің салдарынан дамиды. Оның шаптық (ингвиналдық) және абдоминалдық түрлері бар. Крипторхизмде  жалған крипторхизммен, жұмыртқа эктопиясымен диференциальдық диагноз жүргізеді. Ал екі жақтылы абдоминальдық  крипторхизмде анорхизмнен ажыратуға  тура келеді. Бүл үшін хориогонинді организмге енгізіп, оның әсерін байқайды. Түбегейлі диагнозды операция жасау  арқылы қояды.

Винкельман әдісі  шемен асқынбаған науқастарға қолданылады. Тіндер аталық безіне дейін тілінеді, сұйықтық шығарылады, аталық безі жараға шығарылады, қынаптық қабықша аталық безіне айналдырып тігіледі. Аталық безі ұмаға түсіріледі, жара тігіледі. Бергман  әдісі ұзаққа созылған шеменнің нәтижесінде  қабаттар тығыздалған науқастарға  жасалады. Бұл әдіс кезінде қабаттар айналдырылмайды, керісінше кесіледі. Аталық безінің шемені кезінде қолданылатын пункциялық әдістер уақытша нәтиже  береді.

    • Крипторхизімі ауруы  бар науқасты қарап, пальпация жасап қана анықтауға болады. Орын ауыстырып орналасқан жұмыртқаларды пальпация жасау арқылы тері асты майына орналасқан ісік тәрізді сәл ғана ауырсынатын, консистенциясы серіппелі жұмсақ, аз қозғалатын құрылым анықталады. Ұманың осы  жақтағы бөлімі жиырылып дамымай қалады.
    • Жұмыртқалар құрсақ ішінде тоқтап қалса (абдоминальды ретенцияда) алақанға білінбейді, ал шап арасында тоқтап қалса, баланы жатқызып тексергенде алақанға білінеді. Шап арнасынада тоқтап қалған жұмыртқа қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түспейді. Жалған шап крипторхизімінде жұмыртқалар жоғары-төмен қозғалып тұрады. Шын шап крипторхизімін жалған шап крипторхизімінен ажырату үшін баланы жатқызып шап өзегінің үстінен қатты баса отырып, алақанға  білінген жұмыртқаны төмен сығымдап итеру керек.
    • Жұмыртқалардың сперматогендік функциясының бұзылуы құрсақ қуысында орналасқан жерінің температурасының ұмадағы температурасына қарағанда 1,5-6 градус жоғары болатындығына байланысты, температура әсерінен паренхимасы склерозданып семе бастайды. Бұл өзгерістер 10-11 жастан қайта қалпына келмейді. Крипторхизмнің негзгі асқынулары, оның ісікке айналып кетуі, бұралып қалуы және бедеулікке себепкер болуына әкеліп соғады.

 

 

 

     Шын  крипторхизм екі жағынан болғанда  инфантилизм және дисфункция  анықталады. Крипторхизм кезінде  құрсақ астарының қынап өсіндісінің  қуысы әлі жабылып үлгермегендіктен  кей ауруларда шап жарығы қоса  кездеседі.

    • Емі. Крипторхизімі бар нәрестелерде жыныс ағзасы жетілгенге дейін жұмыртқасының орнына түсу мүмкіндігі  бар екндігін  ескере отырып, тым ерте операция жасауға көрсеткіштер болғанда (орнына ауытқуына байланысты жұмыртқаның айналып кетіп өлі еттенуі, қысылуы, семуі сияқты асқынулар) ғана жасалады. Операция негізінен 1,5-2 жаста жасалады. Операцияның түрі крипторхизмнің түріне байланысты:
    • Абдоминалдық немесе инвагиналдық.
    • Операция бірнеше тәсілмен жасалады (Китли-Тороко-Герцен, Джавад-Заде, Петривальский, Шумахер т.б.).
    • Ғылымның соңғы жылдардағы жетістіктеріне қарағанда орнына түспеген жұмыртқаны орнына түсіру шараларын баланың 2 жасынан бастаған жөн.

  Операция жасауға байланысты көрсеикіштер:

    •    Баланың жасы 2 жасқа дейін болуы керек.
    •    Гормондық емнің нәтижесіздігі.
    •   Ауырсыну болса.
    •   Крипторхизм жарықпен қабаттасса.
    •   ЛГ (лютенизациялаушы гормон) мөлшері 124,8      СИ/л
    •    Жұмыртқаның эктопиясы.
    •   Асқынған түрі. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

    •  А.А.Дюсембаев. К.С.Ормантаев. М.Санбаев. М.Т.Аубакиров. Балалар хирургиясы. Алматы-2008жыл.
    • Ю.Ф. Исаков Детская хирургия. Москва “Медицина” 1983 жыл.
    • Интернет желісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аталық без және ұрық безінің су шемені.Крипторхизм