Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы,негізгі жүйке процестері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
•жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру;
•атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін түсіндіру;
•жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін және жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
I ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...........................
1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні........................................................
1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты....................................................
1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері...............
II ТАРАУ.ЖУЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ...............................................
2.1Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.......................................
2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі...............................................................
2.3 Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері......
Қорытынды......................................................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................
Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Ал жүйке жүйесінің шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Жүйкелер (лат. nervi) — адам мен жануарлар организмдерінде жұлын мен ми ж
Құрылысы жағынан жүйкелер — паренхималы мүшелерге жатады. Олардың паренхимасын — жүйке талшықтары, ал стромасын —жүйке талшықтарын байланыстырып тұратын борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы жүйкені қоректендіретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстырып, талшықтар шоғырларын түзетін жіңішке дәнекер ұлпалық аралықтарды — эндоневрий. Талшықтар шоғырларын сыртынан қаптап, оларды бір-бірімен біріктіріп, жүйкені құрайтын ені жалпақтау келген дәнекер ұлпалық аралықтарды — периневрий, ал жүйкені сыртынан қаптап тұратын дәнекер ұлпалық қабықты — эпиневрий деп атайды.
Жүйке тораптары(гр. plexus nervorum plexus — торап, өрім; neuron — жүйке) — шеткі жүйке жүйесіңдегі жүйкелердің тармақтарынан
немесе нейроцитгерден түзілген құрылымдар.
Жануарларда жұлын жүйкелерінің төменгі (адамда
алдыңғы) тармақтары мойын, иық, бел, құ
Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім мүшелеріненжүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын — афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды.
2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі
Соматикалық жүйке жүйесінің орталық бөлігіне: ми қыртысындағы сезімтал және қозғалтқыш орт-тар; ортаңғы мида, ми көпірінде, сопақша мида орналасқан бассүйек (ми) жүйкелерінің сезімтал, қозғалтқыш ядролары; жұлынның 31 сегментіндегі сезімтал және қозғалтқыш ядролар жатады. Соматикалық жүйке жүйесінің шеткі бөлігін (31 жұп) жұлын және бассүйек жүйкелері құрайды. Организмнің өзінен және сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштер (жүйке импульстері) жұлын, бассүйек жүйкелері, өткізгіш жолдар арқылы ми қыртысындағы (сұр затындағы) сезім орталықтарына келеді. Мысалы, есту орталық – самайлық жоғар қатпарда; көру орталық – шүйделік бөлікте орналасқан. Бұл сезім орталықтарынан шығатын жүйке импульстері орталық алдындағы қатпарға беріледі. Бұл қатпарда қозғалтқыш жүйке клеткалары (алып пирамидалық – Бец клеткалары) орналасқан. Осы ми қыртысынан шығатын импульстер бассүйек және жұлын жүйкелерінің қозғалтқыш ядролары арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіріп, организмнің қимылын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің қозғыштығы мен импульсті өткізу жылдамдығы вегетативтік жүйкемен салыстырғанда жоғары болады. Соматикалық жүйке жүйесінің миелиндік қабығы қозғалтқыш ядроларының орталық жүйке жүйесінде орналасуына байланысты олардан шығатын шеткі жүйкелер органдарға еш жерде үзілмей жетеді.
2.3 Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері
Вегетативтік немесе автономдық
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік
жүйке жүйесі - организмдегі ор
Олар өз кезегінде
жүйке орталықтарынан және шеткі
бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің
жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртыса
Вегетативтік
жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары,экстрамуральды (
Вегетативтік жүйке
жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық
бөлімінен морфологиялық ерекше
Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді.
Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түйіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйкелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.
Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.
Адам мен жануарлар жүйке жүйесінің бүл бөлігін вегетативтік (лат. vegeto — коздырамын, тірілтемін, жандандырамын) жүйке (нерв) жүйесі деп те атайды. Өсімдіктер түқымының тыныштық жағдайы- нан жанданып өсіп шығу қүбылысы, яғни адам мен жануарлар организмдеріндегі өсімдіктер организмдеріне тән: зат алмасу, көбею, өсу сияқты қызметтерді реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Вегетативтік жүйке жүйесі өз кезегінде бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық екі бөлікген түрады.
Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануралардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ