Жүйке жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы,негізгі жүйке процестері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
•жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру;
•атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін түсіндіру;
•жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін және жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.

Оглавление

КІРІСПЕ...........................................................................................................
I ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...........................
1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні........................................................
1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты....................................................
1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері...............
II ТАРАУ.ЖУЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ...............................................
2.1Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.......................................
2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі...............................................................
2.3 Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері......
Қорытынды......................................................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................

Файлы: 1 файл

жүйке жүйесінің құрылысы.doc

— 675.00 Кб (Скачать)

Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. 
Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. 
Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қозу процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы, қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалы-химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. 
Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты клетка жарғақшасы арқылы электр зарядының өзгеруі қозу процесінің бір белгісі болып табылады.Қозудың өзіндік белгісі әрбір органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мысалы, қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады, без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. 
Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір клеткасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының клетка ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл    организмнің    қызмет    атқаратын    жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.

Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.

Адам денесіндегі  көпшілік тірі клеткалардың тітіркену  қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін  тітіркену деп айтады.

Ал олардың  әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.

Физикалық тітіркендіргіштер  деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді  айтады.

Химиялық тітіркендіргіштерге  тамақтың құрамындағы органикалық  және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.

Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.

Биологиялық тітіркендіргіштерге  түрлі макро және микроорганизмдердің  әсерін жатқызуға болады.

Тітіркендіргіштердің  әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді.

Сыртқы ортаның  кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде  қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.

Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.

Электр күшін  тудыратын энергия клетка мембранасының  ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш - аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды.

Тыныштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.

Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал  айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық потенциалы 50-90 мВ-қа дейін  болады. 
Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. қозуға кері физиологиялық процесс тежелу деп аталады. И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз және ішкі – шартты деп екі үлкен топқа бөлді.

Сыртқы тежелудің өзі  бірнешеге бөлінеді. Соның бірі –  жай тежелу. Егер шартты рефлекс  жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса, ит сілекей бөлуді тоқтады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.

Тежелудің бұл түрі организмнің  өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркенгіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.

Сыртқы тежелудің екінші түрі – шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркенгіштер әсер ете беретін болса, жүйке клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.

Ішкі тежелудің бірнеше түрі бар. Солардың бірі – сөне тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.

Ішкі тежелудің бір  түрі - ажырату тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркенгіштерді де тез ажырата алады.

Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құбылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі – адам миы қалай құрылғаны және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.

Органикалық әлемнің – қарапайым біржасушалы жануарлардан адамға дейінгі эволюциясының барысында мінез-құлықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз күрделенуде. Біржасушалы ағзаның жалғыз жасушасы тіршіліктің барлық функцияларын атқарады. Бұл мүше сезеді, қозғалысқа келтіреді, тамақ қорытады. Алайда, оның мүмкіншіліктері шектеулі. Жоғары қалыптасқан жануралардың мүшелері арнайы әрекеттерге сәйкес болады. Ол сигналдарды қабылдау функциясын атқаратын жасушалардың пайда болуынан көрінеді. Басқа жасушалар бұлшық еттер жұмысын жүзеге асырады. Алайда, мамандандыру мүшелер мен функцияларды бөледі, ал ағзаның біртұтас тіршілігі олардың арасындағы үздіксіз байланысты талап етеді. Бұл біртұтас жұмыс істейтін орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Орталық жүйке жүйесінің  жоғарырақ бөлімдері бас миының үлкен жарты шарлары түрінде болады. Үлкен жарты шарлар құрамына жүйке жасушаларының жиынтығының түбінде жатқан -  қабықасты түйіндері енеді. Жарты шарлардың бетінде жүйке жасушаларының қабаты – бас миының қабығы орналасқан. Оның беті қатпарлар қатары және иірімдер түрінде болады. Қабықасты түйіндері мен оларға жақын орналасқан көру дөңбешіктерін қосып, қабық астары деп атайды. Қабық қабықтың астарымен бірге рефлекторлық әрекеттің ең күрделі түрлерін жүзеге асырады.

Жүйке жүйесінің барлық бөлімдері өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, бірақ әрбіреуінің ағзаның әр түрлі реакцияларындағы рөлі бірдей емес. Арқа миы – бас миының өзекті бөлігі, созыңқы және ортаңғы ми – туа біткен шартсыз рефлекстердің рефлекторлық орталықтарының жиынтығы болып табылады. Арқа миында аса қарапайым рефлекстер орталықтары бар.Дене мен аяқтарының қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттеуші рефлекторлық орталықтармен бірге арқа миында ішкі мүшелер жұмысын реттеуші орталықтар да орналасқан.

Бас миының өзекті бөлігі бірқатар күрделі және өмірге маңызды шартсыз-рефлекторлық актілерді жүзеге асыратын орталық аппарат болып саналады. Олардың қатарына ему рефлексі, шайнау және жұту жатады. Бұл рефлекстердің барлығын реттеуші рефлекторлық орталықтар созыңқы мида орналасқан. Кейбір қорғаныс рефлекстерін түшкіруді, жөтелуді, жас бөлінуді реттеуші жүйке орталықтары да сонда орналасқан.

Ортаңғы мида көз  бен құлақтан қозғаушы салаға беретін  орталықтармен бірге, қарашықты  кішірейтетін орталық та орналасқан. Созыңқы мида орналасқан дем алу мүшелерінің, жүрек тамыр жүйесінің, сондай-ақ ағзаның ішкі ортасының қалыптылығын сақтайтын басқа жүйелердің жұмысын реттеуші жүйке орталықтары орналасқан. Мишық қызметі: жүргенде, жүгіргенде, секіргенде және тағы басқа ағзаның тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін дененің барлық бұлшық еттерінің күйлерін реттеп отырады.

Қабық астары күрделі  шартсыз рефлекторлық әрекетті қамтамасыз етеді. Көру дөңбешіктері – қабық астарының түйсік орталығы, ал қабықасты түйіндері – қабық астарының қозғаушы аппараты болып табылады.

Адамның саналы әрекетінің мүшесі болып үлкен жарты шарлар қабығы саналады. Сондықтан адам психикасы  мен үлкен жарты шарлары қабығының  өзара қатынасы басты мәселе болып  табылады. Ғылымда бұл мәселе функционалдық  таралу немесе қабықтағы психикалық функцияларды тарату мәселесі ретінде белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ.

2.1Жүйке жүйесінің  орталық және шеткі бөлімдері

 

 

 

           Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

           Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы  – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік,  І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.

Информация о работе Жүйке жүйесі