Жеке тұлға. Жек адам қасиетінің даму деңгейін және қабілеттілігін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:03, научная работа

Краткое описание

• Жоба міндеттері:
1. Негізгі ұғымдарды білу;
2.Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.;
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі..
• Жобаны орындау барысындағы орындалған шаралар:
Жеке тұлға туралы негізгі ұғымдарды толығымен түсуну;
• Жобалық жұмыстың қорытынды өнімі (нәтижесі):
- Халықаралық студенттер конференциясында баяндау;
- Ғылыми журналдарда тармақты жариялау.

Файлы: 1 файл

Психология.docx

— 64.88 Кб (Скачать)

4. Бала туралы синтездік.

          Бала туралы синтездік комплекстік ғылым болып табылатын педогогия ғылымының басты "айыбы"- балалар мәселелері мен әр типті мектептердегі шәкірттердің жан жүйесін реттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады," - деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі. 
          Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән айтуы себеп болған. 
Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл бойы қасында жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді. 
          Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған.

 

 

3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.

          Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. 
          Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. 
          Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды. 
          Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. 
          Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды: 
          1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін); 
          2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін); 
          3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін). 
          Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары: 
          1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін); 
          2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);  
          3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін); 
          4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);  
          5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін); 
          6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін); 
          7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін). 
          Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары. 
          Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт. 
          Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады. 
          4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі. 
          Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі 
бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды. 
          Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға  , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады.

          Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.

          Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды.

          Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. 
          Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді. 
          Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек. 
          Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді. 
          Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады. 
          Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді. 
          Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет. 
          Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады.   Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы. 
          Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды. 
          Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. 
          Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі. 
          Жыныстық толысу тез жүреді: 
          - қыздарда - 11-13 жас; 
          - ер балаларда - 13-15 жас. 
          Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. 
          Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас.   Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. 
          Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді. 
          Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады. 
          Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет. 
          Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады. 
          Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі.   Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал - баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. 
          Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және соқындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді. 
          Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді. 
          Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырытындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету. 
          Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату. 
          Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады. 
          Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады. 
          Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар "қиын" балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру. 
          Жасөспірім шақ (15-17 жас). Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді. 
          Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. 
          Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. 
          Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек. 
          Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу. 
          Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. 
          Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері. Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері - адамның мінез-құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі. 
          Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты. Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алып отыру керек. 
          Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену. 
          Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.) балалардың мінез-құлықтарын ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн.

          Тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет: 
          - баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау; 
          - өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге үйрету; 
          - баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; 
          - баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.

          Социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді – деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ. (5-7 сыныптарда).

     Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде  қамтылған адамдардың өзара қатынасын  зерттеу;

2) мақсатқа сәйкес анкета жасап,  оларды сыналушыларға тарату;

3) зерттеуге катысушылардың шынын  айттыру үшін олардың жауабын  өзгелерге жария етпеуді ескерту;

4) тапсырма орындалғаннан кейін  әркімнің қалағандары мен қалаудан  тыс қалғандарды анық көрсететін  кестемен диаграмма жасау;

5) диаграммада көрсетілген мәліметтер  бойынша тәжірибеге қатысушылардың  өзгелерді қалауы мен қаламауы  туралы тиісті дәлелдер мен  себептерін білу.

     Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:

1 . Сыналушының аты

2. Құрбыларыңның қайсысын туған  күніне шақырар едің?

3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен  бірге барғын келеді?

     Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.

     Социометрия арқылы жинақталған мағлұматтарды қорытып диаграма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген.

 

 

Қорытынды

          Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе мен осы тақырыпқа байланысты студенттер арасында бірнеше сауалнама жүргіздім.

          Менің сауалнамамның біріншісі «Уровень мотивации достижений»- деп аталады.

         Бұл сауалнама 20 адамға жүргізілді. Қорытындысы:

1) 20 адамның 12 – нің, яғни 60 – ның мотивациясы төмен деңгейлі;

2) 20 адамның 6 – ның, яғни 30 – ның мотивациясы оташа деңгейлі;

3) 20 адамның 2 – нің, яғни 10 – ның мотивациясы жоғары деңгейлі.

          Екіншісі «Можете ли вы руководить?» - деп аталады.

          Бұл сауалнамам да 20 адамға жүргізілді. Қорытындысы:

1) 20 адамның 14 – нің, яғни 70 – ның қорытындысы:

«Вы относитесь к типу "руководителя-организатора", умеете сконцентрировать свои силы на наиболее важных проблемах»;

    2) 20 адамның 5 – нің, яғни 25 – ның қорытындысы:

«Нельзя сказать, что Вы сильный  руководитель, но если в возглавляемом  Вами коллективе дела идут неплохо, то лучше не предпринимать коренных реорганизаций. Не нужно также соглашаться  перейти в другой коллектив»

    3) 20 адамның 1 –нің, яғни 5 – ның қорытындысы:

«Вы можете вывести из прорыва  отстающее подразделение, но Вам  трудно работать в "текучке". Вы стремитесь к преобразованиям, ориентированы  на деловую карьеру, однако не всегда успешно адаптируетесь, так как  Вам мешает излишняя категоричность в оценках и суждениях»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Можете ли Вы руководить?

1.

Охотно ли Вы беретесь за управленческие задачи, не имеющие  типовых схем решения?

2.

Трудно ли Вам  отказаться от тех приемов управления, которыми Вы пользовались на более  низкой должности?

3.

Долго ли Вы оказывали  предпочтение ранее возглавлявшемуся Вами подразделению, уйдя на повышение?

4.

Стремились ли Вы к тому, чтобы вырабатывать универсальный  стиль управления, подходящий для  большинства ситуаций?

5.

Умеете ли Вы дать целостную оценку своим подчиненным, квалифицировав их как сильных, средних  или слабых руководителей?

6.

Легко ли Вам выйти  за рамки личных симпатий или антипатий  в кадровых назначениях?

7.

Считаете ли Вы, что универсального стиля управления нет и нужно уметь сочетать различные стили в зависимости  от специфики управленческих ситуаций?

8.

Считаете ли Вы, что Вам легче избежать конфликта  с вышестоящим руководством, чем  с подчиненными?

9.

Хочется ли Вам  сломать стереотипы управления, сложившиеся  в возглавляемом Вами подразделении?

10.

Часто ли оказывается  верным Ваше первое интуитивное впечатление  о качествах человека как руководителя?

11.

Часто ли Вам приходится объяснять неудачи в управлении объективными неблагоприятными факторами?

12.

Часто ли Вы ощущаете, что для эффективной работы Вам  не хватает времени?

13.

Считаете ли Вы, что, если бы имели возможность чаще бывать на объектах, то эффективность  Вашего руководства значительно  бы повысилась?

14.

Предоставляете  ли Вы подчиненным Вам сильным  руководителям больше полномочий и  самостоятельности в решении  вопросов, чем слабым, хотя те и другие имеют один и тот же должностной  стататус?


 

 

 

 

 

Уровень мотивации  достижений

1.

Думаю, что успех  в жизни, скорее, зависит от случая, чем от расчета.

2.

Если я лишусь любимого занятия, жизнь для меня потеряет всякий смысл.

3.

Для меня в любом  деле важнее не его исполнение, а  конечный результат.

4.

Считаю, что люди больше страдают от неудач на работе, чем  от плохих взаимоотношений с близкими.

5.

По моему мнению, большинство людей живут далекими целями, а не близкими.

6.

В жизни у меня было больше успехов, чем неудач.

7.

Эмоциональные люди мне нравятся больше, чем деятельные.

8.

Даже в обычной  работе я стараюсь усовершенствовать  некоторые ее элементы.

9.

Поглощенный мыслями  об успехе, я могу забыть о мерах  предосторожности.

10.

Мои близкие считают  меня ленивым.

11.

Думаю, что в  моих неудачах повинны, скорее, обстоятельства, чем я сам.

12.

Терпения во мне  больше, чем способностей.

13.

Мои родители слишком  строго контролировали меня.

14.

Лень, а не сомнение в успехе вынуждает меня часто  отказываться от своих намерений.

15.

Думаю, что я  уверенный в себе человек.

16.

Ради успеха я  могу рискнуть, даже если шансы невелики.

17.

Я усердный человек.

18.

Когда все идет гладко, моя энергия усиливается.

19.

Если бы я был  журналистом, я писал бы, скорее, об оригинальных изобретениях людей, чем  о происшествиях.

20.

Мои близкие обычно не разделяют моих планов.

21.

Уровень моих требований к жизни ниже, чем у моих товарищей.

22.

Мне кажется, что  настойчивости во мне больше, чем  способностей.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

          1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968. 
          2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 
          3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970. 
          4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968. 
          5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988. 
          6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988. 
          7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988. 
          8.  Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985. 
          9.  Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977. 
          10.  Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979. 
          11.  Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988. 
          12. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988. 
          13.  Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2. 
          14. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990. 
          15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991. 
          16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998. 
          17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

Информация о работе Жеке тұлға. Жек адам қасиетінің даму деңгейін және қабілеттілігін анықтау