Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

     Осынау, сан  ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Арестотель өзінің “Жан туралы трактатында “жан тәнінің өмір сүруінiң формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процесстерге бөлінетіндігін  айтса,  келесі бір грек ғылымы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет де  п түсіндіреді.

      Сонымен  қатар, ежелгі Грецияның философтары  психиканы түсіндіру амалын отпен  немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі бойынша  барлық әлем оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына сұйыққа айналдырады- деп есептеді.

      Ал француз  ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар  сыртқы  ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

      Шығыс  әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950)  мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

    Екіншіден, психологияның өз алдына дербес  ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

    XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты  психолог  Г.Эббингауз психология тарихына  қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың  тарихи даму процестерін  қарастырды.  Осы көзқарас бойынша  психология тарихын    шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:  Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

 

 

Психология  ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

 

         4-кезең 


 


 

3-кезең                                                                          



 

 

 

2-кезең




 

 

 

1-кезең


 


 

 

    

       Мұнда бірінші кезеңде психология  “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты  мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

       Екінші кезеңде    психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып  мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі  бағытпен тұжырымдалады; біріншіден,  сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден  сана процесі  субъектінің өзінде ашылады. Бұл  тұжырымдардан  сана  процесі басқаға түсініксіз  нақты адамның өзінде  ғана  оқылады. Осы интроспекция әдісінің  негізін қалаған Дж. Локк.  Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология  айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

  • В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
  • Ф.Брентано  атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
  • У.Джемсом  құрған  сана қарқыны теорясы;
  • В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция  ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі

ретінде қолданылып жүр.

      Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер  психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің  сыртқы әсерге (ұ) стимул қайраттан жауап (R) реакцияларының  жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

      Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың  механизмдері мен заңдылықтарын  зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар  С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия  зерттеулері айрықша айтылса және  XX ғ-дың 30-60-шы  жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

 

Психология ғылымының  негізгі салалары

      Ќазіргі кезде психология ғылымы  – көптеген салалар мен тармаќтарға  бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.

      Адамның  наќты іс – әрекеттеріне сүйене  отырып, оның психикасының дамуын  төмендегіше жіктейміз.

Тәлім – тәєрбие психологиясы.

     Бұл  пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

     Тәлім –  тәрбие психологиясының мынандай  тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы  – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады.  Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.

     Жас  ерекшелiк  психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

       Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.

       Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

       Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.

      Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына ќатысты мәселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп ќояды.

      Авиациялыќ психология - ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді.

     Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

     Еңбек психологиясында  арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармаќтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына ќатысты болып келеді.

      Медициналыќ психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.

     Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.

Әлеуметтік  психология - адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:

    А) Үлкен,  ірі топтардағы психологиялыќ  – әлеуметтік жағдайлар. Бұл  проблеманың ќұрамына жалпы бұќаралыќ байланыстыр: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топќа жататын адамдарға осы ќұралдар арќылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, ќоғамдыќ көңіл – күйлер жайлы әсер етудің психологиялыќ астарлары жеткізіледі. Бұған таптыќ психологияға ќатысты мәселелер, этностыќ жєне ұлттыќ психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.

   Є) Кіші топтардағы  психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Оңашаланып тұйыќталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара ќарым – ќатынастарының сыры мен хал – жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтыќ типтері болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы ќатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен маќсат – мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата – ана мен баланың өзара ќарым – ќатынасы, үлкендерді сыйлау сияќты да мәселелер енеді.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп