Статистика туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 10:40, реферат

Краткое описание

Мысалы, қанша хаықтың тұратындығы, оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлетіндерін біз біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алауға болады. Сонда «статистика» деген терминді қалай түсінеміз?

Оглавление

Кіріспе 3

Негізгі бөлім 3

Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері 3

Статистика пәні және оны зерттеу объектісі 4

Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері 7

Қорытынды 11

Қолданылған әдебиеттер: 13

Файлы: 1 файл

Статистика туралы.doc

— 93.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМІ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Статистика  пәні бойынша реферат 

Тақырыбы:

    Статистика  туралы жалпы түсінік 
     

Орындаған: 1 курс қаржы мамандығының студенті Омурзакова Саида

Тексерген: Асаинов Архат Жоламанович 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана  қаласы

2011-2012 жж. 

      

МАЗМҰНЫ

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

     Қазіргі кезде  «статистика» деген сөзді  естімедім, білмедім дейтін адам сирек болар. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер «статистиканы» ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбесі деп түсінеді.  Мұндай ұғымды ұстанушылар-көрсетілген сандық көрсеткіштердің неге керек екенін білмейтіндер, оның мағынасын жетік түсінбейтіндер және өзі өмір сүріп жатқан елінің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай алмайтындар. Шын мәнінде статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиыны. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімдар адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білуі керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, қанша хаықтың тұратындығы, оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері; халықты күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлетіндерін біз біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алауға болады. Сонда «статистика» деген терминді қалай түсінеміз?

Негізгі бөлім

  Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері

 

     «Статистика»  латынның  «status» - «жағдай»  деген сөзінен шыққан. 18 ғасырдан бастап «статистика» сөзі мемлекет басқару мағынасында қолданыла бастады. Қазіргі кезде статистика сөзі төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр:

  • статистикалық органдар арылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;
  • статистика – статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;

Статистика  пәні және оны зерттеу  объектісі

     Статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

      Статистика  қоғамдық ғылым ретінде біртіндеп  пайда болды. Статистика ғылымының даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінен Англиядан басталды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу,талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

      Статистика  тарихының  екінші бір бастауы  «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан. Неміс ғалымы  Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика, география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

      Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын айтпай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Петле(1796-1874),англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және т.б. Мысалы, А. Петле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдейді. А.Петле Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол  бірінші халықаралық статистикалық конгрестердің ұйымдастырушысы болып саналады.

      19- ғасырдың  екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәләл бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П.Л. Чебышев,А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н.Бернштейн  сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

      Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық  теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынады. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика тураы 1996-жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

      Қандайда  да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттейді?

      Статистика  – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне  табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.

      Жоғарыда  келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі ерекшеліктеріне  толық тоқталайық.

      Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.

      Сандық  жағын оқып-үйрену жолдары төмедегідей:

      Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.

      Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

      Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым – қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

      Жоғарыда  көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының  негізгі бөліктері болып саналады.

      Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысын қарастыра отырып,оның сапалық мәнін жасау үшін көрсеткіштер бірімен – бірі өзара байланысады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштердің өзіне қорытынды беруін  айтады.

      Статистика  қоғамдық құбылыстар барысында біртектес элементтерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтығын және олардың әрқайсысын сипаттайтын статистика тілінде белгі деп атайды.

      Бегілер сандық және сапалық болып екіге  бөлінеді. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы ,өндірілген өнімнің түрлері немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды. Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.

      Статистика еліміздің  әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді  жан – жақты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

Статистикалық әдістер және оны  зерттеу кезеңдері

      Статистика  әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның  негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қоданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді.  Олар мыналар:

  1. статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
  2. жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және  жинақтау;
  3. жиналған,өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.

Осы көрсетілген  әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

      Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік – экономикалық құбылыстармен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын–ала жасалған бағдарлама бойынша жиналды. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсатты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықты толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

      Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл – статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Мысалы, Алматы қаласында туған балардың арасында ұлдарға қарағанда қыздардың саны көп болды делік, ал бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіштерді өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұл баладан келеді. Алматы қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақталған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы  бойынша анықталады.

      Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті  топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық еөрсеткіштері ірілендіріледі, жекеленген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

      Қазақ елінде статистикалық істің және мекеменің қалай дамығаны жөнінде  дәл тарихи мәлімет аз. Мұның негізінде  қазақ елінің жалпы тарихындағы  ақтандық жатыр деп болжамдауға  болады. Орысқа боданды болғаннан бастап орыс чиновниктері жердің көлемі, сапасы, адамның және малдың саны жайында мәліметтер жинап, қазақ жерін иемденудің қамына кіріскен. Мысалы, 1893 жылы Батыс Сібірдің жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасы халықтың санын анықтауға әр түрлі шаралар қолдана бастаған.

      1895 жылы Ф.А. Щербина басқарған топ Ақмола облысында Ресейден қоныс аударушыларға 13 млн. десе немесе тексерілген аймақ көлемінің 52.7%-ті бос деп түйінге келген.

Информация о работе Статистика туралы жалпы түсінік