Демократия. Демократия туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:52, реферат

Краткое описание

“Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.Мемлекет түрі.
2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3.Қоғамдық құрылымның мұраты.

Файлы: 1 файл

Демократия.docx

— 30.98 Кб (Скачать)

                                                                Демократия. Демократия туралы жалпы түсінік

     “Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1.Мемлекет түрі.

2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3.Қоғамдық  құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.

     Халықтың  заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

     Демократия  теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.

     Демократияда  әділеттілік болуы керек. Мұнда  да қоғамның барлық саласында әділеттілік  болуы тиіс.

     Демократияда  сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.

     Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

2. Демократияның  антикалық, классикалық теориялары

     Тұңғыш  демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда  Афиныда дүниеге келген. Мұнда  “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату  шешімдерін қабылдады, т.с.с.

     Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

     Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан  тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны  “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

     Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды.  Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.

     Демократия  Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық  мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

     Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

     Антикалық демократиядан бастау алған классикалық  демократияның өзгешелігі болды. Мұнда  саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

     Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік”  теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс  істеуі үшін төрт жағдай қажет:

1.Маңызды  мемлекттік қызметтерге сайлауға  болатын айтарлықтай билікті,  маман өкілдері тобы болу тиіс.

2.Саяси  органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.

3. Жауапкершілікті  толық сезінетін, қызмет орнының  абыройын жоғары бағалайтын дайындығы  бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.

4. Демократиялық  өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда  топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.

3. Қоғамдағы  саяси қатынастардың демократиялық  негізі

Принциптері:

1. Билік  органдарын сайлау.                     

2. Биліктің бөлінуі. 

3. Саяси  пікірдің әртектілігі.

4. Бостандық,  жауапкершілік бірлігі.

5. Заң.

6. Қоғамдық  пікірді ескеру.

7. Азшылықтың  өзіндік көзқарасқа хұқы.

8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары:

Сайлау  өткізу, есеп беру.

Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.

Референдум  өткізу.

Митинг, жиналыс.

Съезд, конференция, пленум.

Шеру, бойкөрсетулер.

Сессия.

Шетелге сапарлар.

Ереуілдер.

4.Демократиялық  қоғам белгілері

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай  бөлуге болады.

Экономика саласында:

1.Еңбек  адамдарының меншік қатынастарына  тікелей тартылуы;

2.Меншік  түрлерінің әркелкілігі;

3.Ауқымды  өндіріс демократиясы қажет;

4.Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;

5.Еңбекке  қарай бөлу принципінің болуы;

6.Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада:

1. Саяси  пікірдің әралуандығы;

2. Көппартиялылықтың  болуы;

3. Демократиялық  сайлау жүйесінің болуы;

4. Құқықтар  мен бостандықтар туралы заңдардың  болуы;

5. Оларды  іс жүзінде қолдану;

6. Қоғамдық  ұйымдар жүйесінің болуы;

7. Саяси  өмірге қатынасу мүмкіндігінің  болуы;

8. Оппозицияның  болуы;

Рухани  салада:

1.Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;

2.Өнердің,  мәдениеттің барлық түрлерінің  дамуы;

3.Ғылыми-техникалық  прогрестің дамуы;

4.Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

5.Мәдениет  пен шығармашылықтың барлық саласының  дамуы, оған еркін қол жеткізу;

6.Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;

Әлеуметтік  салада:

1.Әлеуметтік  қауымдасулардың арасындағы тең  құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

2.Жеке  адамның әлеуметтік қорғалуы;

3.Азаматтардың  әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен  қорғалуы;

4.Жеке  адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

5.Материалдық  және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

6.Білім,  дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

5.Демократияның  алуан түрлі элитарлық теориясы

     Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша  халық саясаттан шеттетіледі.Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.

  Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.

     “Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция  саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары  және сайлаушылар арасындағы өзара  байланыс негізінде құралады. Халық  өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.

     Демократияның экономикалық теориясында саясат билік  қатынастарын нарықтық қатынастармен  байланыстырады.

     Тура  демократияда халық маңызды саяси  шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.

     Плебисцитарлық  демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.

     Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына  беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының  ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.

     Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық  белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

6.Қазіргі  кезеңдегі демократиялық қозғалыстар

Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:

1.Халық  бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.

2.Жаңа  экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.

3.Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.

4.Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.

5.Ғалымдар  мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.

6.Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.

7.Жер  мәселесі жене әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.

8.Қоршаған  ортаны сақтау жолындағы түрлі  бұқаралық қозғалыстар.

7. Қоғамның  саяси жүйесін демократияландыру

     Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар:

     Басқарудың  саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.

     Барлық  әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру.

     Жеке  адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.

     Заңдылық  пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау.

     Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау.

     Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

8. Қазақстан  Республикасындағы демократия

     Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік.

     Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.

     Республика  қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).

Информация о работе Демократия. Демократия туралы жалпы түсінік