Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа
Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Ойын құрбылар арасында қарым-қатынастың қалыптасуына ғана емес,сонымен қатар баланың еркін мінез-құлқының да қалыптасуына ықпалын тигізеді. Өз мінез-қлқын басқара алу механизімі,
Ережелерге бағыну дәл
сол ойын үстінде қалыптасады,кейінірек
бұл басқа да іс-әрекет түрлерінде
байқалады. Ойын кезінде моральдік
нормалар немесе үлкендердің басқа
талаптары үлгілі болмайды,басқа
адамның обырызы ,бала еліктейтін басқа
біреудің мінез-құлқы үлгі болады. Өзін-өзі
бақылау мектепке дейінгі кезеңнің
соңында пайда бола бастайды,сондықтан
да балаға алдымен сыртқы бақылау,яғни
бірге ойнайтын достары тарапынан
болады. Балалар алдымен бірін-бірі
қадағалап кейінірек кеиінірек
әркім өз өзін қадағалайды. Сыртқы қадағалау
біртіндеп мінез-құлықты
Ойын кезінде баланың мотивациялық қажеттіліктер аймағы дамиды. Жаңа іс-әрекет мотивтері және олармен байланысты мақсаттар пайда болады. Бірақ мотив шеңберінің кеңеиуімен ғана шектеледі.
5.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным
процестерінің дамуы
Мектепке дейінгі кезеңдегі сөйлеу қабілеті. Ұзақ және күрделі үрдіс - сөйлеуді меңгеру мектепке дейінгі кезеңде аяқталады. 7 жаста тіл баланың қарым-қатынас және ойлау, сонымен қатар саналы үйренудің құралына айналады, себебі, мектепке дайындық кезеңінде бала оқуға және жазуға үйрене бастайды. Психологтардың айтуы бойынша, тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Кіші метепке дейінгілер өз айтқандарының мәнін түсіне бастайды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында фонетикалық даму үрдісі аяқталады. Сөздік қор қарқынды дамиды. Алдындағы жас кезендеріндегідей, бұл кезеңде де жеке ерекшеліктер айқын байқалады: кейбір балалардың сөздік қоры мол, ал басқаларында аз болады, бұл олардың өмір сүру жағдайларына, олармен жақын адамдарының қаншалықты және қалай қарым-қатынаста болатындығына байланысты. В.Штерн бойынша орташа көрсеткіштерді алайық. 1,5 жаста бала шамамен 100 сөзді, 3 жаста 1000- 1100, 6 жаста 2500-3000 сөзді белсенді қолданады. Сөздің грамматикалық жағы дамиды. Балалар сөздердің морфологиялық (сөздің құрылуы) және синтаксистік (сөз тіркестерінің құрылуы) заңдылықтарын игере бастайды. Бала 3-5 жаста белсенді сөй- леуді меңгеріп қана қоймай, тілдік әрекетті шығармашылық тұрғыдан меңгереді. Ол үлкендердің айтқан сөздерін дұрыс ұғынады, бірақ кейде оларды өз қалауы бойынша қолданады, сөздер арасьшдағы байланысты, жеке бөліктерінің, мәндерінің өзгергенін сезеді. Баланың өз айтуы бойынша туындайтын сөздер ана тілінің грамматикалық заңдылықтары бойынша, әрдайым танымалы, кейде тіпті сәтті жэне түпнұсқалы болады. Мұндай өзіндік сөздіктің пайда болуын баланың сөздік шығармашылық қабілеті деп атайды. К.И.Чуковский өзінің «Екіден беске дейін» деген керемет кітабында балалар сөздік шығармашылығының көптеген сөздерін жинаған; олардың кейбіреулерін айта кетейік: «Тақыр бастың басы жалаңаяқ», «Буфетте нан жоқ па?», «Бар, ол бірақ қартайған».
Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорды игереді. Бұл оған мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуіне мүмкіндік береді. Ол оған оқып берген әңгімені немесе ертегіні айтып бере алады, суретті баяндап, айналасындағыларға көргені жөнінде алған әсерлерін ұғынықты тілмен түсіндіреді. Бұл оның жағдайлық сөйлеуінің мүлдем жойылып кеткендігін білдірмейді. Ол сақталады, бірақ көбінесе тұрмыстық тақырыптық әңгімелерде және баланың эмоциясын оятатын жағдайларда қолданылады. Жағдайлы сөйлеу негізі жөнінде елестету үшін, балалардың бір-біріне мультфилимдерді немесе кино мазмұнына айтып жатқандарынан тыңдау жеткілікті, ол кейде сөздерді тастап кетіп, қимыл-әрекет арқылы түсіндіреді.
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Балада монологгық сөйлеу, әңгімелер пайда болады. Ол басқаларға жаңа білген нәрсесін жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар осы нәрсеге байланысты өз ойын, алған әсерін жеткізеді. Құрбыларымен қарым- қатынас кезінде диалогты сөйлеу дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға оның әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Өз-өзіне айтатын монологында ол қиындыққа ұшыраған сәттерін баяндайды..і Келесі әрекеттерінің жоспарларын құрады, міндетгердің орындалу тәсілдерін талқылайды. Сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы жас кезеңде бала алдында тұрған қарым-қатынастың жаңа міндеттерімен байланысты. Басқа балалармен толыққанды қарым-қатынас орнату дәл осы уақыттың маңызды факторларына айналады. Үлкендермен қарым-қатынас орнату дамуын жалғастырады, балалар оларға бәрін түсіндіріп, көргендері туралы айтып бере алады.
М.И. Лисина танымдық қарым-қатынасқа байланысты, сөздік қор кеңейеді, дұрыс грамматикалық құрылымдар меңгеріледі дейді. Бірақ, мәселе тек бұл нәрседе емес. Диалогтар күрделеніп, мазмұнды бола бастайды; тақырыптарға сұрақ қоюды үйренеді. Міне, мектепке дейінгілердің ата-анасына қоятын сұрақтары: «Түтін қайда ұшып барады?», «Талды кім қимылдатып жатыр?», «Мама мен туылғанда менің Димаш екенімді қайдан білдің?», «Мама мені кім туды?, Сен бе? Мен дәл солай ойладым. Егерде папам болса, менің мұртым болар еді».
Мектепке дейінгілердің қабылдауы және ойлауы. Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффек-тивті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқаларынан қандай айырмашыльғы бар екендігін бөліп, ажырата алады.
Арнайы ұйымдастырылған қабылдау құбылыстарды түсінуге көмектеседі. Мысалы, егер үлкендер баланың сурет мазмұнының бөліктерін дұрыс аңғарып көруіне көмектесіп, қажетті түсінік берсе, ол адекватты түсінеді. Жалпы, мектепке дейінгілердің қабылдауы мен ойлауы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл жасқа көрнекі образдық ойлау тән.
Ойлаудың негізгі даму жолы көрнекі-әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлауды негізгі түрі көрнекі - образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады.
Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.
А.О. (6 жас 9 ай): «Неге жұлдыздар құламайды?» «Олар кішкентай, өте жеңіл, олар аспанда қимылдайды; бұл бізге көрінбейді, тек қана телескоппен ғана көруге болады.», «Неліктен жел тұрады?» «Себебі, желкен қайық спортына көмектесуі керек. Жел тұрады да адамдарға көмек береді».
С.Г.(5 жас 5 ай): «Аспандағы ай қайдан пайда болды?», «Оны кім салды?», «Біреулер оны салды ма, жоқ әлде өзі өсіп шықты ма?», «Ал жұлдыздар қайдан пайда болды?», «Өздері өсіп шықты ма?», «Неліктен ай құламайды?».
И.К.(5 жас 5 ай): «Түс қайдан келеді?», «Бір нәрсеге қараған кезде ол сенің миыңа кіреді, ал ұйықтаған кезде ол басың арқылы тіке көзіңе шығады да, кетіп қалады, жел оны ұшырып алып кетеді». «Мүмкін көре алатын шығар, менің көзім арқылы анама немесе әкеме өтетін шығар.»
Осындай әртүрлі балалық
логикаларына қарамастан, мектепке дейінгі
кезеңдегі балалар күрделі
Ол 4 машина бар бірақ ол жоғалып кетті деген тұжырым жасайды. Бала үшін үлкендердің барлық машиналар гаражда тұр деп мәселені бекітулері ешқандай мән бермейді.
Дұрыс жауапқа қол жеткізудің ең тиімді тәсілі өзінің тәжірибесінің негізінде сәйкес тұжырым жасайтындай етіп, бала әрекетін ұйымдастыру керек. А.В.Запорожец мектепке дейінгі кезеңдегі балалардан оларға аз таныс физикалық құбылыстар жайында сұрастырады: неге кейбір заттар жүзеді, ал кейбіреулері батады. Азды-көпті фантастикалық жауаптар алғаннан кейін, ол оларға суға әртүрлі заттарды (кішкентай шеге, жеңіл көрінетін үлкен ағаш қаңқасын және т.б.) лақтыруды ұсынады. Балалар заттың жүзіп немесе батып кететіндігін шамалап тауып тұрды. Біраз заттарды лақтырып болғаннан кейін, бастапқы сұрағын қайта қойды. Балалар логикаға сүйеніп жауап бере бастады. Оларда индукция және дедукцияның қарапайым түрлері байқалады. Осыған байланысты, жақсы жағдайларда мектепке дейінгі кезеңдегі бала түсінікті және оған қызықгы тапсырмаларды шешеді және оның түсінігіне лайық деректерді бақылап, логикалық тұрғыдан дұрыс пайымдай бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде сөйлеудің жедел дамуымен байланысты түсінік меңгеріледі. Л.С.Выготский «күнделікті түсінік» көрнекі әрекеттік байланыс жүйесін оятатын және «ғылыми түсінік» заттарды вербальді логикалық анықтау деп біледі. Күнделікті немесе эмпирикалық түсінік әр бір жеке заттардағы ұқсастықтарды салыстыру негізінде белгіленеді. Ал ғылыми немесе теориялық түсініктер жалпының және жекенің объективті байланысын шын мәнінде көрсетеді. Бірақ балалардың түсінігі күнделікті деңгейде қалады, түсініктерінің мазмұны, бұл түсінікке үлкендердің көпшілігінің қаншалықты күш салғандарына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңында байланысты орнату тенденциясы пайда болады. Ол интелектінің әрі қарай дамуы үшін қажет.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың есі.Мектепке дейінгі кезең - естің дамуы үшін өте қолайлы кезең. Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, ес жоғарғы функция болып табылады және өзінің қалыптасу үрдісінде үлкен жолдан өтеді. Осы кезеңге дейін немесе кейін бала әртүрлі материалдарды осындай жеңілдікпен есте сақтамайды. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар есі бірнеше ерекшеліктерден тұрады.
Кіші мектепке дейінгілердің зердесі еріксіз. Бала бір нәрсені есінде сактау үшін немесе есіне түсіру үшін алдына мақсат қоймайды, және есте сақтаудың арнайы тәсілдерін білмейді. Ол үшін жағдайлар, әрекетгер образдар оңай еске ендіріледі сөздік материал бала эмоциясын оятатын болса, онда ол еріксіз есінде қалады.
Бала тақпақты тез есінде сақтайды. Ертегілер, эңгімелер, кинолардағы диалогтар есінде қалады. Әсіресе бала кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасады. Мектепке дейінгі кезеңде еріксіз есте сақтау дамиды. Материал балаға түсінікті болса, ол тез есте сақтайды. Мағыналы ес механикалық есте сақтаумен қатар дамиды, сондықтан мектепке дейінгілер өзіне таныс емес мәтінді дәл кайталауын механикалық ес арқылы меңгеруге қабілетті деуге болмайды. Орта мектепке дейінгі кезеңге (4-5жас аралығы) еріксіз есте сақтау қалыптаса бастайды. Саналы, мақсат бағытталған есте сақтау, еске түсіру айқын байқалады. Негізінен, олар басқа әрекет түрлеріне қосылуы, ойын кезінде, үлкендердің тапсырмасын орындау және мектепке дайындық кезеңінде керек. Есте сақтау үшін аса күрделі материалды бала ойнап жүріп, қайта жаңғырта алады. Бала өзіне сатушының рөлін алды делік ол керекті кезде тағамдар және басқада заттардың тізімін есінде сақтап және есіне түсіре алады. Егер де, оған ойын кезінде осы сөздердің тізімін берсе, ол бұл тапсырманы орындай алмайды. Жалпы есте сақтаудың негізгі жолы келесі жас кезеңінде қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде ес жеке тұлғаның қалыптасу үрдісіне қосылады. 3-4 жас бала өмірінде алғашқы балалық еске алу жылдары болып табылады.
5.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық ерік -жігері, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуы
Мектепке дейінгі кезең
- А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша,
«Жеке тұлғаның» алғашқы
Мектепке дейінгі кезеңге жалпы эмоциялық тепе-теңдік, күшті аффекті жағдайдың және болмашы нәрсеге дау-дамайдың болмауы тән қасиеттер. Осындай жаңа, біршама тұрақты эмоциялық фон бала динамикасын анықтайды. Образдық елестердің динамикасы - сәбилік кезеңдегі аффективті қабылдау үрдісімен салыстырғанда бос және жұмсағырақ болады. Бұрын баланың эмоциялық өмірі ол қосылған жағдай ерекшеліктері меңгерілген: ол қызықтыратын заттарды игеріп немесе оны ала алмайды, ойыншықтармен жақсы әрекет етеді немесе еш нәрсе болмайды, үлкендер көмек береді ме, әлде жоқ па? және т.с.с. Енді елестердің пайда болуы балаға қажеті жоқ алдануына мүмкіндік береді, балада уайымдау пайда болады.
Сонымен, эмоциялық үрдіс тепе-тең бола бастайды. Мектепке дейінгі кезендегі бала күні эмоцияларға, толы болғадықтан, кешке оның шаршап шалдығуы мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілегі талаптануы оның елестерімен беріледі. Талаптарына ыңғайлана бастайды. Бала әрекеті енді тартымды заттармен тікелей байланысты емес, заттарды елестету, керекті нәтижелер, келешекте оған қол жеткізу негізінде болады.
Эмоциялық алдын-ала білу
механизмі А.В.Запарожец
Бала өз мінез-құлқының әрекеттерін жақсы, әлде жаман екендігін алдын-ала біледі. Егер, ол тиісті мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейтін, нәтижелерді алдын-ала болжаса, мүмкіндігінше жазалау немесе мадақтау, балада эмоциялық жағдай - аландаушылық пайда болады және керек емес әрекеттерді тоқтатуға қабілетті болады. әрекеттің тиімді нәтижелері алдын- ала білу және үлкендер тарапынан ынталандыру эмоцияларымен байланысты. Үлкен балаға керекті эмоциялық образды жасауға көмек бере алады. Мысалы, бала-бақшада тәрбиеші балалардан қызу ойыннан кейінгі бөлмені тез арада ретке келтіруді талап етудің орнына, олардан кейін, таза әдемі ойын бөлмесіне келген кіші топ үшін, олардың жинағандары қандай қуаныш әкелетіндігі жөнінде айта алады. Балалардың саналылығынан гөрі, олардың эмоциялық қиялына бағытталған тілектер тиімді болады. Осының негізінде, мектепке дейінгі кезеңде іс- әрекеттің басынан аяғына дейін аффект байқалады. Аффект (эмоциялық образ) мінез-құлық құрылымында алғашқы блімі болады. Іс-әрекет салдарынан болатын эмоциялық механизмнің алдын-ала білу, бала әрекстінің эмоциялық регуляциясының негізінде болады.