Психология китап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать)

А.Валлон концепциясында түлға  дамуының келесі сатылары көрсетіледі:

1. Ана құрсағындағы өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді.

2. Моторлық импульсивтілік  сатысы (туғаннан 6 айға дейін), баланың  қоректену мен қозғалыс белсенділігіне  деген қажеттілігмен сипатталады,  оның негізінде қарапйым шартты  рефлекстер қалыптасады.

3. Эмоционалдық сатысы (6 айдан 1 жасқа дейін), қоршаған  адамдармен, ең алдымен анасымен  қатынас қалыптастырумен сипатталады,  бұл – дамудың негізгі стимулы.

4. Сенсомоторлық саты (1-3 жас), сыртқы ортаға қызығушылықпен  сипатталады.Жүру және сөйлеу  арқылы баланың қарым-қатынас  аясы кеңейеді.

5. Персонализм сатысы (3-5жас), үш жас дағдарысы орын алады,  «Мен» сезімінің пайда болуы,  әрекеттеріндегі дербестік, көпшілік  назарында болуға деген ұмтылыс.

6. Айырмалау сатысы (6-11жас), өзара қатынастар шеңберінің  кеңеюі, өзінің статусын саналау,  өзін мойындатуға ұмтылыс, ақыл- ой қабілеттерінің дамуымен сипатталады.

7. Жыныстық жетілу және  жасөспірімдік сатысы ішкі қайшылықтар,  қоршаған адамдарға деген қарама-қайшы  сезімдердің пайда болуы, өзіндік  бағалаудың дамуымен сипатталады.

 

Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихы концепциясы. Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасында негізгі орын алатын ұғымдардың бірі-баланың психикалық дамуының мақсатын сипаттайтын әлеуметтану. Мәдени-тарихи теория адам «қоғамдық қатынастардың ансамблі» ретінде көрінетін маркстік философияға сүйенеді. Автор баланың психикалық дамуы әлеуметтік факторға бағынышты, мәдени тарихи жағдайларға негізделу ретінде қарастырылады. Л.С.Выготский адамның мәдени даму мәселесін талдады, дамудың мәні баланың өзіндік жүріс-тұрыс процестерімен сипатталады. Жеке тұлғаның толық дамуы барысында келесі функциялар дамиды: ақыл-ес, ойлау, көңіл күй, сөздік қор, елес, қабылдау.

Даму баланың басқа  адаммен ынтымақтастықта меңгеретін және нәтижесінде интериоизациялайтын  жоғары психикалық функциялардың қалыптасу  процесі ретінде түсіндіріледі.

Л.С.Выготский баланың  психикалық дамуын кезеңдерге  бөлудің  төмендегідей принциптерін бөліп көрсетті. Кезеңдерге бөлуге негіз болып даму процесінің өзіндегі ішкі өзгерістер, яғни әрбір жаста сапалық өзгерістер болуы тиіс. Осы тұжырымдамаға  қарама- қарсы ұстаным, даму дегеніміз  нышандарды іске асыру және қиыстыру, бастапқыда берілгеннің дами түсуі («өздігінен дамушы тұлға») деп көрсетеді, шын мәнісінде дамуды түсіндіру  әлеуметтік немес биологиялық белгілерден  емес, ішкі психикалық факторлардан тұруы  тиіс.

Баланың жас кезеңдерін анықтауға  критерий болып аталмыш жастың, дәуірдің мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар жатады.

«Жас кезеңдеріне сай  жаңа құрылымдар деп аталмыш жас  сатысында алғаш рет пайда  болатын және негізінен баланың  санасын, оның қоршаған ортаға қатынасын, оның ішкі және сыртқы өмірін, аталған  кезеңдегі оның бүкіл даму деңгейін анықтайтын тұлға және оның іс-әрекеті  құрылымының жаңа түрін, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді түсіну крек».

Жаңа құрылымдарға мыналар  мысал бола алады: баланың сөз  қорында жекелеген сөздердің  пайда болуы; өзіндік «Меннің» бөлінуі; іштей сөйлеу: «обьектілердің тұрақтылығын»  қабылдау, зейін мен басқа да психткалық функциялардың ырықтылығы.

Бала дамуын кезеңдерге бөлу кезінде оның динамикасын ескеру қажет. П.П.Блонский бойынша, өзгерістер шұғыл, дағдарысты түрде және бірте  бірте, литикалық түрде өтуі мүмкін. Бқл даму өткелдері мен сатыларын  бөлуге негіз береді. Өткелдер мен сатылар бір-бірінен қатаң дағдарыстарға сәйкес ажыратылады. Мысалы, дәуір-ерте балалық шақ; сатылар- нәрестелік және орта балалық шақ; әр кезеңде екі фаза бар: 1 және 2.  Дәуірлік  дағдарыс (айқын көрінетін) балалыққа (3жас) өту кезінде пайда болады, нәрестеліктен мектеп алды балалыққа өту кезеңіндегі дағдарыс онша байқалмайды.

Белгілі бір жас кезеңдерінде өзгерістер болу, бірте бірте жүреді, маңызды қатаң өзгерістер жоқ. Өзгерістердің  бірте бірте жинаөталуы нәтижесінде  жастың жаңа құрылымдары пайда болады. Оларды мыналар сипаттайды: 1) қысқалық (маман 0.5-1жас); 2) тәрбиелеудің қиындығы, үлгерімнің, жұмысқа қабілеттіліктің, оқуға деген қызығушылықтың жіне т.с.с. төмендеуі, бұл осы кезеңдердегі дамудың жағымсыз сипатын анықтайды. Әр түрлі балаларда дағдарыстардың өтуінде айтарлықтай индивидуалдық  түрленулер бар. Осының салдарынан дағдарыстар  таза сыртқа жағымсыз ықпалдардың   өнімі емес пе екен деген сұрақ  туындайды. Мысалы, М.Мид жабайы халықтарда жеткіншектік дағдарысы болмайтындығын анықтады. Л.С.Выготский бойынша, дағдарыс кезеңінде барлық бала «аралас тұрақты  жас кезеңіндегімен салыстырғанда  біршама тәрбиеленуі қиын болады». Барлық бала даму қарқынын тұрақты  кезеңдегі қарқынмен салыстырғанда  төмендетеді.Дағдарыс кезеңінде даму жағымсыз сипат алады. Мысалы, баланың  іс әрекетін бағыттайтын қызығушылықтар, бұрын қалыптасқан қатынас формалары  жойылады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, дағдарыс баланың өзінде емес, олармен  қатынасымызда пайда болатын  құбылыс. Бұл әлеуметтік қатынастар дағдарысы, ал бұл оқыту мен тәрбмелеу  әдістерінің баланың жас ерекшеліктеріне  барабар болуы проблемасын туғызады. Дағдарыс кезеңдерде тәрбиелеудің қиындығы педагогикалық жүйе өзгерістерінің бала тұлғасының шұғыл өзгерістеріне  сәйкестелмеуінің салдарынан пайда  болады.

Нәресте 1,3,7,13 жас дағдарыстары бөліп көрсетіледі. Дағдарыстық  кезеңдер тұрақты кезеңдермен кезектесе  алады.

Дағдарыс кезеңдеріндегі жағымсыз даму қалыпты мөлшер болып  табылады, өйткені ол дамудың жалпы  процесі. Сондай –ақ даму дағдарыстарының  жағымды сәттерін де бөліп көрсетуге  болады.

Дағдарыстық кезеңдердің  жаңа құрылымдары өтпелі сипат алады, яғни олар дамудың жалпы құрылымына кірмейді, тұрақты кезеңге өтуде  жоғалып кетеді немесе өзгеріске  ұшырайды.

Л.С.Выготский бойынша  кезеңдерге бөлудің айрықша ерекшеліктері:

1) кезеңдерге бөлуге дамудың  дағдарысты кезеңдерін енгізу

2) дамудың эмбрионалдық  кезеңін алып тастау (өйткені  баланың дамуы әлеуметтік тіршілік  иесінің дамуы ретінде қарастырылады)

3) жасөспірімдік кезеңді  алып тастау (өйткені, ересектік  кезде дамудың басқа заңдылықтары  жүреді)

4) жыныстық жетілу жасын  дағдарысты емес, тұрақтылар қатарына  енгзіу (өйткені бұл кезеңде психикалық  функциялардың  синтездері, үлкен  өрлеу жүреді)

Л.С.Выготский баланың  психикалық дамуының келесі кезеңдерін бөліп көрсетті:

- нәрестелік дағдарыс;

- кіші  жас;

- ерте балалық (1-3жас);

- үш жас дағдарысы;

- мектепке дейінгі шақ  (3-7жас);

- жеті жас дағдарысы;

- мектеп жасы (8-12жас)

- он үш жас дағдарысы;

-пубертатты жас (14-18 жас);

-он жеті жас дағдарысы;

Өз еңбектерінде Л.С.Выготский  жастық диагностиканы құруға негіз  болатын жастың құрылымы мен динамикасы жайлы түсінік де енгізді. Жас  кезеңдері психологиясының міндетті  даму процесінің ішкі құрылымын, балалықтың әр дәуіріндегі жас құрылымын  сипаттамудан тұрады.

«Осы тұтастықтың қалыптасу  заңдылықтары немесе жастық құрылымдық заңдары арқылы тұтастың құрылымына кіретін дамудың әрбір жекелеген  процесінің қалыптасуы мен ағымы  анықталады». «Құрылым деп жекелеген  бөліктердің қосындысынан қалыптаспайтын, бірақ өздері олардың құрамына кіретін  әрбір бөліктің тағдыры мен маңызын  анықтайтын тұтас құрылымдарды атау өабылданған».

Дамуда бала тұлғасының жекелеген  жақтарының өзгермеуі оның бүкіл  түлғасының қайта құрылыуына әкеледі, керісінше тұлға тұтас өзгерсе, оның құрылымы өзгереді, бұл оның әр бөлігінің қозғалысын анықтайды.

!рбір жас кезеңінде  дамудың бүкіл процесі үшін  жетекші болып табылатын, түлғаның  қайта құрылуын сипаттайтын негізгі  жаңа құрылымдар болады. Оның  айналасынан жекелеген психикалық  процестерге, тұлғаның ерекшеліктеріне  қатысты барлық жекелеген жаңа  ұүрылымдар бөлінеді. Бір жас  кезеңінде дамудың басты кескіні  болып табылғандар екінші жас  кезеңінде жанама сипатқа ие  болатыны маңызды, бұл даму  юолған сайын жастың барлық  құрылымы даөзгеретіндігімен байланысты. Мысалы,терте балалық шақта сөйлеудің  дамуы дамудың басты, негізгі  жолы болып табылады. Мектеп жасында  ол енді қосымша жол болады. Жетекші жол қандайда бір функциялардың  қалыптасуына сензитивтілікпен  юайланысты.

Сонымен, жас құрылымы өзгереді. Бұл жас динамикасы проблемасын  және өзгерістердің пайда болу кезеңдері  мен жастық жаңа құрылымдардың тұтасуын анықтайтын заңдарды бөліп көрсетуге  әкеледі. Бұл жердегі ең маңызды  сәт бала тұлғасы мен қоршааған  әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды түсіну. Орта және оның дамудағы рөлі проблемасын  балаға тәуелсіз обьективті факкторлардың  ықпалы (эволюциялық теориядағы сияқты) ретінде түсінуге болады. Әрбір жас  кезеңінде  бала мен оны қоршаған әлеуметтік шындық арасында өзіндік  қайталанбас қатынас туындайды. Аталмыш жастағы бала мен оны  қоршаған әлеуметтік шындық арасындағы қатынастар жүйесі осы жастағы дамудың  әлеуметтік ситуациясы болып табылады. Дамудың әлеуметтік ситуациясы – белгілі бір кезең ағымында дамудағы барлық динамикалық өзгерімстер үшін бастапқы сәт. Ол баланың «әлеуметтік индивидуалдыққа айналуына» себепкер болатын жаңа тұлғалық қасиетті иеленуіне көмектесетін формалармен анықталады. Психикалық белгі бастапқыда әлеуметтік формаларда көрінеді және онтогенетикалық даму поцесінде индивидуалдық болады.

Жас динамикасын зерттеу  бізді келесі мәселелерге алып келеді:

    1. әр жас кезеңі үшін дамудың әлеуметтік ситуациясын анықтау;
    2. генетиз, жастық жаға құрылымдардың өту мәселесі (дамудың белгілі бір әлеуметтік ситуацияда қандай да бір жаңа құрылымдар пайда болады)
    3. жаңа құрылымдардың пайда болу салдары жайлы мәселе (дамудың бұрынға әлеуметтік ситуациясы бұзылады да жанасы пайда болады, өйткені бала бұрынғығы қарағанда енді басқа қатынастары болады).

Дамудың әлеуметтік ситуациясының  қайта ұүрылуы дағдарысты жас  кезеңдерінің басты мазмұнын құрайды. Дағдарыстардың заңдылығы осымен түсіндіріледі.

Жас және даму динамикасы мәселесі жастық дамуды диагностикалау мәселесіне ұласады.

Психологиялық жас үнемі  биологиялық жасқа сәйкес келе бермейді, сондықтан жасты, даму сатыларын, фазаларын  анықтауға бағытталған арнайы зерттеу  қажеттілігі туындайды. Диагностиканың нәтижесі даму диагнозы болып табылады. Диагностика оқыту мен тәрбиелеудің практикалық мәселелерін шешу, дамудың  қалыпты жүру барысын қадағалау, дамудағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтау үшін қажет. Диагностиккалау  мақсатында симптомология, жекелеген  жас белгілірімен бөліп көрсету  оларды сандық өлшшеумен анықталады. Алайда симптомдар диагнозды құрмайды. Диагноз табылған симптомдардың  мәні мен мағынасын ашуда ұйғарылады. Ол үшін оларды құрылымдап сипаттау қажет, бұл даму териясына, дамудың тұтас  картинасына сүйенуіңізді талап  етеді. Диагноз қою үшін баланың  әр түрлі кезеңдердегі бүкіл даму барысын, әр жастың ерекшеліктерін, сондай ақ дамудағы ауытқуларды, олардың құрылымын  білу қажет. Қалыпты және аномальды  дамудың барлық түрлерін білу керек.

Жас ерекшеліктерін диагностикалау екі міндетті шешеді: дамудың белсенді деңгейі мен жақын аймақтық даму (даму болжамы). Жаөын аймақтық даму ұғымының негізінде басқа субъектімен  саналы түрде өзара әрекеттесу ретіндегі, ынтымақтасу формасы іспетті  еліктеу жатыр. Басқа адамдармен ынтымақтасу дамудың басты көзін  құрайды. Жақын даму аймағы ұғымы  дамудың себептерін анықтауға мүмкіндік  береді. «Оқыту баланың жетіліп қойған функциялары мен қасиеттеріне ғана емес, жетіліп келе жатқандарына да сүйенеді». Тиісті функцияларың жетілу кезеңі оқытудың тиісті түрі үшін ең жағымды  немесе қолайлы кезең болып табылады. Бала дамудың белгілі циклін аяқтамайды оқу пройесінің озінде дамиды. Мұғалім баланың өз бетімен істей алмайтындарын үйретеді. Оқыту процесі үнемі ынтымақтасу формасына ие болады.

Дамудың белгілерін анықтаудан оның ішкі барысын анықтауға көшу (симтоматикалықтан клиникалық диагностикаға) қажет. Оны тек қана тәжірибеде пайдалануға  болады өйткені ол болжам жасауға  мүмкіндік береді. Психологиялық  диагноз түсінік беруге және алдын-ала  болжам айтуға тиіс.

 

2.8. Кеңес психологиясындағы психикалық даму теориялары:

 Д.Б. Элькониннің  психикалық дамуды кезеңдерге  бөлуі

Д.Б.Эльконин іс әрекет теориясы (А.Н.Леонтьев және т.б.) шеңберінде атқарылған жұмыстарға сүйене отырып, баланың  дамуын түсіндірудегі Л.С.Выготскийдің логикасын жалғастырады. Олар балалықты  мәдени тарихи құбылыс ретінде түсінеді. Адам даму барысында инстинктер жоғалады, мінез құлықтың меңгерілген формалары  пайда болады.

«Адамзат нәрестесі дәрменсіз  тірішілік иесі болып туады және бұл дәрменсіздік дәрменсіз тіршілік ішінінің адамзаттың көп түрлі іс әрекет субьектісіне айналады, міне, осы  балалар психологиясының пәні болып  табылады». Дамуды кезеңдерге бөлу үшін психикалық даму ұғымын анықтау қажет. Даму бұл қандайда бір психикалық функциялардың сапалық өзгерістері, онда жаңа құрылымдардың пайда болуы. Даму процесінде психиканың құрылымдық ұйымдасуы өзгереді. Балалықтың өзіндік  тарихы бар. Қоғамның дамуына қарай  баллалықтың психологиялық құрылымы да өзгереді. Психикалық дамудың мәдени тарихи сипаты оқыту мен психикалық дамудың арақатынасы проблемасын  алға қояды. Д.Б.Эльконин  Л.С.Выготский  мен П.П.Блонскийдің кезеңдерге бөлу принциптеріне сүйенеді. Алайда Д.Б.Эльконин  психикалық дамудың қозғаушы күштері  жайлы мәселені шеше алмады. Психикалық дамуда орта мен тұқымқуалаушылықтың  рөлі арөылы дәстүрлі түрде түсіндіру  бар. Тұқымқуалаушылықпен түсіндіру  ортаның жоғары психикалық функциялардың  дамуындағы рөлін дәлелдей алмады. Ортаның рөлі физикалық заттардың  психикалық дамуға әсері ретінде  түсіндірілді, ал бұл даму психологиясын  өзінің зерттеу пәнінен айырды. Осы  мәселені шешу іс әрекет категорясын  енгізу үлкен мәнге ие болды.

Информация о работе Психология китап