Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа
Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
3.2.Нәрестелік
кезеңде баланың психикалық
Нәрестелік кезең қарқынды даму кезеңі болғандықтан жаңа туған баланың дағдарыс кезеңі осы кезеңде басталып, аяқталады. Жаңа туылған кезеңдегі көру әбден жетіледі. Екі айдан кейін көңіл бөлу ұзақ болады, 3 айда оның ұзақтығы 7-8 минутқа жетеді. Қозғалған затқа қарау қалыптасады. 4 айда бала көріп қана қоймай қарай бастайды: көргеніне белсенді ықпал ете бастайды қозғалады және уілдейді.
Бала көру арқылы заттардың көлемін, күрделілігін және түсін қабылдап, ажырата алады. Заттың түсін ол 3-4 айда ажырата бастайды: егер оны қызыл ыдыспен тамақтандырса, ло басқада көптеген құтылардың арасынан өзінікін қатесіз табады. Бұл әрекет шартты рефлекспен байланысты. Түске деген белсенді қызығушылық кешірек, 6 айынан бастап пайда болады.
Сонымен қатар кеңістікті қабылдау, әсіресе тереңдікті қабылдау дамиды. Баланың қабылдаған заттарынан алған әсерлерінің нәтижесінде танымдық қабілеттер дамиды. Балаға қарайтын үлкендер баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, яғни баланы қоршаған ортаның бірқалыпты, қызықсыз болмауын қадағалаулапы қажет. Бір қалыпты ортада өскен нәрестелердің танымдық дамуы ( бірінші кезекте қабылдауының дамуы) әртүрлі және көптеген әсерлер алатын ортада өскен балаларға қарағанда баяулау болады.
Нәресте қимылдары және әрекеттері.
Бала қимылы күрделі және әртүрлі
түйсік моральдық біріктіруші
Сөздік дыбыстарды естігенде немесе бірге сурет қарағанда, анасы да, баласы да синхронды қимылдайды, ол өздеріне білінбейді. Мұндай аса байқалмайтын қозғалысты, оларда бақылаушы психолог вальспен байланыстырады.
Осы кезеңде қол қимылдарының
дамуы аса маңызды. Белгілі бір
затқа бағытталған нәресте
Екінші жарты жылдықта
қол қимылдарына байланысты әрекеттер
қарқынды түрде дамиды. Бала ұстап
алған затын сілкілейді, тарсылдатады,
лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан
қолға ауыстырады және т.б. Жан Пиаже
айналма реакция деп атаған біріңғай
қайталанушы әрекеттер тізбегі
дамиды. 7айдан кейін «өзара сәйкес»
әрекеттер кездеседі: бала үлкен
заттарға кішкендай заттарды салады,
қораптарды ашып, жабатын болады. 10
айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер,
яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей
отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты
дұрыс қолдану қалыптаса
Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әлі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы қуыршақты қалай тербету керектігі және т.с.с. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.
Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ол оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әрекеттердің әртүрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде « мынау не?» деп қана қоймай, « мұнымен не істеуге болады? » деген қызығушылықтар таныта бастайды.
Қабылдау және әрекет - нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1жылдың ішінді бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау, содан соң ббелсенді әрекет күрделене түседі.(1 кесте)
Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудара бастайды.
Қарапайым танымдық міндеттерді нәрестелік кезеңде шешу
3 – кесте
Айшылық жас көрсеткіші |
Жетістіктер |
Сәтсіздіктер |
0-12 |
Баланың көзінше тығылған зат бақыланбайды және белгілі әрекет болмайды | |
2-4 |
Бала қозғалған заттарды көз қарасымен бақылайды, заттың бір орыннан екінші орынға ауысуын қадағалайды. |
Бала қозғалушы затты тоқтаған кезінде де бақылай береді. Оның жаңа орынға ауысқанын көре отырып, бастапқы орнынан іздейді. |
4-6 |
Бала 2-4 айында жасаған қателіктерін енді жасамайды, орамалмен жартылай жасырылған затты таба алады. |
Бала орамалмен толық жабылған затты таба алмайды |
6-12 |
Бала орамалмен толық жабылған затты таба алады. |
Бала көзінше жасырған затты, бастапқы көрген орнынан іздейді. |
Бірінші жылының соңында
бала күрделі ойын әрекетіне ене
бастайды. Бұл кейбір психологтарға
Т. Брауэрдің бақылауын келтіруге
болады: « Менің қыздарымның бірі
түннің бір бөлігін кішкентай
заттарды менің алақаныма салып,
оны көрінбейтіндей жауып, менің
қолымды жаңаң қалыпқ келтіріп, өзінің
менің алақаныма салған затының
бар немесе жоқ екендігін тексеру
үшін алақанымды қайта ашумен өткізді.
Ол шамамен таңғы төртке дейін
мұнымен қызыға айналысты. » тағыда
ескерте кетеміз, баланың осы
жас кезеңінде дүниетанымы
Нәресие есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикасында ес - зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде – ақ жаңа әсерлермен бұрынғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ал келесі күні сол қуыршақты тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіңе таныс затты таныс емес заттан ажырата алады.
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундта кейін оның қайда жатқанын есіне түсіре алады.
1 жаста барлық балалар,
тығып қойған ойыншықты 1-3 секундтан
кейін таба алады. Олардың
Нәрестелік кезеңде танымдық үрдістермен қатар эмоциалдық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым – қатынас жасауымен байланысты дамиды.
Алғашқы 3-4 айда балаларда әртүрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады : таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезген алаңдаушылық
( қимылдың көбеюі, жүрек
соғысының жиілеуі, көзінің
Қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсіну.
Бала анасын көрген кезде танып, қуана бастаған кезде (нәрестелік шақ жас кезеңі ретінде осы кезеңнен басталады), ол басқа да жаұын адамдарын тани бастайды, 3-4 айдан кейін ол жақын адамдарын көрген кезде күліп, танымайтын үлкен адамды көргенде жылайды. Егерде танысемесадам өзінің жылы қатынасын білдіріп, баламен сөйлесіп, оған қарап күлсе, балада оған күліп, қуанады, 7-8 айда таныс емес адамды көрген кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. Әсіресе балалар таныс емес адаммен жеке қалып коюдан қорқады. Мұндай жағдайда, теріс қарап, еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл бөлмеуге тырысады, ал кейбіреулері қатты жылайды.
Шамамен 7 және 11 ай аралығында анасы көрінбей қалған кезде үрей немесе мұңаю ( ол ұзақ уақытқа немесе бір жаққа белгілі бір уақытқа кеткенде),
« қалып қою »
қорқынышы пайда болады. Қалып
қою қорқынышы өмірінің екінші
жылында 15 немесе 18 ай аралығында
асқынады, кейінірек біртіндеп әлсірейді.
Анасымен жәнеде басқа
адамдармен қарым – қатынас жасай
отырып, нәресте бірінші жылының
соңында тек қана эмоциалық қатынасқа
түсіп қана қоймай, сонымен қатар
әрекетке де ұмтыла бастайды. Ол анасының
көмегімен оны қызықтырған
Бала белсенді пайдаланатын ым қимылдары қарым – қатынаты жеңілдетеді, алғысы келген затты, барғысы келген жерін көрсетеді және т.с.с.
Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілетінің дамуы да басталады. Алғашқы жарты жылдықта сөздік есту қалыптасады. Ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны « уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе бала әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар ппйда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды. Алғашқы сөздердің пайда болуынан бастап, баланың психикалық дамуының жаңа кезеңі басталады.
3.3 Бір жастағы дағдарыс
Нәрестелік кезеңнен сәбилік
кезеңге өту кезеңі бір жастаға
дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс
белгілері басқа әлеуметтік ортада
емес ең бірінші отбасында байқалады.
Л.С. Выготский бір жас дағдарысты
баланың алғашқы автаномды
« Болмайды » немесе « жоқ» деген кезде күйіп – пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен юайланысты. Бұл дербестілік өзімшілдікке шектен тыс тыйым салу немесе үлкендер тарапынан тәрбиенің бірізді болуына немесе апасының көзінше орындап, әкесінің көзінше орындауға болмайды деген сияқты пікір қалыптастыратын тәрбие стиліне байланысты.
Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапынан шыдамдылық пен сабырлылық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.
Өтпелі кезең беретін басты « Олжа » - Л.С. Выготский « автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар бала тілі. Ол дыбыстылуы (фонетикалық құрылымы) және мән мағынасы жағынан (семантикалық) үлкендердің сөздік қорынан ерекшеленіп. Бал сөзі кейде үлкендердің сөзіне өздігінен ұқсап тұрады ал кейде мүлдем басқаша болады. Үлкендердің сөзіне мүлдем сәйкес келмейтін сөздерде кездеседі (мысалы, «ике» шкаф; «импели» қалам; ), үлкендер сөзінің кейбір буындарын сақтау («са» - сабын, «бас» бас киім ), үлкендер сөзін фонетикалық және ырғақтыұ жағын сақтап айту ( « тити» -сағат «бах» - құлады ), дыбыстарына қарай атылатын сөздер ( «аф -аф» ит, « му-у» сиыр ). Бәрінен қызығы семантикалық айырмашылық. Кішкентай бала сөзге мүлдем басқа мағына береді, себебі, ол әлі үлкен адамдардың түсінігін меңгерген жоқ. Біз үшін заттар көбінесе топтық заттармен, олардың жүйелі белгілерімен байланысты қолданылады. Мысалы, «сағат »- зат, бұл заттың көмегімен біз уақытты атаймыз. Бұл заттық атауға барлық сағаттар ие, үлкені де, кішкентайы да, үшбұрыштысы да, дөңгелегі де. Бала затта бір жүйеге келтіріп айта алмайды. Оның өзіндік логикасы бар, және оның сөздері көп мағыналы болып келеді. Автономды сойлеу мағынасын түсіну үшін Ч.Дарвиннің өз немересіне жүргізген классикалық мысалын келтірейік. Саябақта ол немересін қыдыртып жүріп, оның айтқан жаңа сөздерін бақылап жүреді. Бала суда жүзіп жүрген үйекті көріп «уа» деген сөзді айтты. Бұл сөзді ол стол үстінде төгілген сүтті көріп қайталады және де сұйық заттардың барлығын солай айтатын болды. Бір күні ол құстың бейнесі бейнеленген ескі тиындармен мойнап отырып, олардыда « уа » деп атады. Сонымен кішкентай жылтыр домалақ заттың барлығы (түйме, медаль, т.б.) осы атауға ие болды. Объектінің барлық тізбегін қадағалаудың нәтижесінде ғана бала сөзінің мәнін түсіне аламыз.
Сөйтіп, бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағынан дами түседі.
2.7.Жас ерекшелік психологиясында мәдени-тарихы бағыт
Жас ерекшелік психологиясындағы мәдени тарихы бағыт субъект – орта жүйесіндегі қатынасты баланың дамуы жүретін әлеуметтік контекст тұрғысынан анықтауға ұмтылыс негізінде пайда болады. Бұл бағыт теоряларының қатарына А.Валлонның психика дамуы теориясын да жатқызуға болады.
А.Валлонның психика дамуы туралы теориясы. А.Валлон анобализм және катаболизм ұғымдарын организмге ғана емес бүкіл тұлғаға қолданды. Анаболанизм-индивидтің өзінің ішкі күйін өзгертуге бағытталған реакциясы. Катаболизм – қоршаған ортаны өзгерту мақсатында сыртқа бағытталған реакция. Валлон дамуды дамуджың әрбір сатысында қайталанатын анаболизм мен катаболизмнің кезектесуі ретінде қарастырады. А.Валлонның метадалогиялық ұстанымы – бала дамуындағы конфликтілер мен қарама-қайшылықтарды зерттеу.Бұл арқылы бір сатыдан келесісіне өтуі мен сатылардың өзара байланыстарының себептері мен шарттарын жетік түсінуге болады.
Психикалық дамудың кілттік қарама – қайшылықтарының бірі – жан мен тәннің, биологиялық және психикалық даму қатынасы мәселесі. А.Валлон пікірінше, психиканы органикамен түсіндіру жеткіліксіз, сонымен қатар ол онсыз түсіндірілмейді де. Органикалықтан психикалыққа өтуді түсіндіру үшін Валлон эмоция, моторика, еліктеу және қоғам ұғымдарының байланысын қарастырады.
Психикалық өмір генезисінде эмоция ең бірінші байқалады. Бала психикалық өмірге эмоциялар арқылы ғана қабілетті болады, өйткені олар баланы қоршаған ортасымен байланыстырады. Бала эмоциялары көмегімен өзінің биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып, эмоциялар арқылы органикалық және психикалықтың симбиозы жүреди. Мысалы, нәрестенің жылауы – бастапқыда физиологиялық реакция әлеуметтік реакцияға алмасады. Енді бала өзінің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, бөлмеден шығып кеткен анасын шақыру үшін жылайды.
А.Валлон концепциясында эмоция ұғымы «қозғалыс» ұғымымен тығыз байланысты. Әлі тілі шықпаған баланың дене қозғалыстары оның психикалық өмірі туралы мәлімет береді. Оның пікірінше, қозғалыстың түрлі формаларының ішінде біреуі эмоциялардың көрінуіне, келесілері сыртқы ортаға бағытталған. Оның көмегімен локоминациялар, ұстау және манипулация жүзеге асырылады.
Психика онтогенездідегі келесі бір ірі кезең - әреккеттен ойлауға ауысу кезеңі. А.Валлон пікірінше, ол еліктеу арқылы ғана мүмкін болады. Еліктеу арқылы қоғам мен бала психикасының байланысын көруге болады. Бала рекцияларын ересек ересек түсініп, толықтырып, түсіндіре алуы қажет. Сондықтан да, А.Валлон адам генетикалық, биологиялық тұрғыдан әлеуметтік тіршілік иесі деп түсіндіреді.