Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:41, доклад
Қорқынышты сезу - бұл әр адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз қажет.
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.