Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:12, реферат
Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз.«Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен сезімді өзара шатастыруға болмайды.Сондай- ақ , қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау- қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты.Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психология ғылымында эмоция мен сезімдердің
теориялық негіздері
2. Эмоция және сезімдер ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан
№2 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы
Тақырып:Эмоциялар мен
Тобы:209 б ҚДС
Қабылдаған:Байдәулетова.А
Шымкент 2013ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Психология ғылымында эмоция
мен сезімдердің
теориялық негіздері
2. Эмоция және сезімдер ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біз күнделікті өмірімізде
Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер
мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім
мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып
жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді
қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім
адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің
қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы
салдарынан туындап отырады. Егер бұл
ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін
болсақ, онда екеуінін арасында елеулі
айырмашылығы бар екенін аңғарамыз.
Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның
өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар
мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын
білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық
процесс.
Сезімнің психикалық процес екендігін
тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне
байланысты әрбір процеске белгілі бір
түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір
құбылыстар адамға түрліше әсер етіп,
қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір
ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін.
Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы,
таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену,
қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б.
көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін
сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер
мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық
жағдайларға, әсіресе, материалдық рухани-мәдени
қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне
байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада
қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция
сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға
қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді
уақытша көрініс.
«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген
латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз
сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену,
толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және
ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану,
қорқу және шаттану сияқты жағдайларының
көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар
дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық
күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып,
тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін
жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке
ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті
мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық
– күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс
әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз
сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке
жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық
сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның
әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп,
адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді
айқын көрінісі –эмоция –жан дүниесінін
жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай
маңызы бар психикалық процесс. Сонымен,
эмоция дегеніміз –адамның органикалық
мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау
байланысты туандайтын психикалық күйлер.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра
білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей
деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады.
Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар
мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды
бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей
биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың
сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр
түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен
немесе инстинктерінен байқалады.
Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен
сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту
және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы
оқушылардың эмоциялық және сезімдік
деңгейле қабылдауына тікелей байланысты.
Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы
танымдық процесстері барысында алатын
орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең
теориялық және тәжірибелік өзектілігін
сипаттайды.
Зерттеу мақсаты: жеке тұлғаның сезім
мен эмоцияларының дамуы
Зерттеу міндеттері:
- Психология ғылымында эмоция мен сезімдердің
теориялық негіздерін ашу;
- Эмоция және сезімдер ұғымына сипаттама
беру;
- Эмоция және сезімдер физиологиялық
астарына талдау жасау;
- Эмоция және сезімдер жеке тұлғаның психологиялық
қасиеттері ретінде зерттеу;
- Сезімдерді және эмоцияларды жеке тұлғада
қалыптастыру ерекшеліктерін көрсету;
- Оқушылар дамуында сезім және эмоциялардың
алатын орнын анықтау;
- Тәжірибелік бөлімде сезімдер және эмоцияларды
дамыту және тәрбиелеуге арналған әдістемені
жасау.
Зерттеу объектісі: жеке тұлға
Зерттеу пәні: жеке тұлғаның сезім мен
эмоцияларына қатысты психикалық процесстер
Зерттеу болжамы: жеке тұлғаның эмоциялары
мен сезімдерін дамыту және тәрбиелеу
арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру процессі
табысты болады.
Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері — имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді ..." т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың сезімдерінде әр түрлі көріністерді байқаймыз. Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезімінің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ, қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.С. Жұманова. Салауатты өмір салты . — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
2.Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
3.Б. Төтенаев.СӨС қалыптастыру . — Алматы: Мектеп, 1988.
4.Төтенайдың Базарбегі. Валеология. Астана 2009ж
5.Интернет желісі:Google.ru Yandex.com