Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:41, доклад
Қорқынышты сезу - бұл әр адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз қажет.
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.
Қорқынышты сезу - бұл әр адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз қажет.
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.
Ең таралған фобиялардың бірі тұйықталған кеңістіктерден қорқу - клаустрафобия.
Қорықсаң – істеме
Клаустрафобия - бұл үрейлi бұзылыс, бұл кезде адам тұйықталған және тар бөлмеде болғанда, қатты, себепсіз қорқыныш сезімін сезеді. Клаустрафобиясы бар адам лифтта, автобуста, ұшақта, кісілермен толған бөлмелерде үрей тату мүмкін.
Клаустрафобия симптомдары:
• Тердің ағуы
• Жүрек қағысының жиілеуі
• Ентігу
• Діріл
• Бас айналу
• Талу алдындағы жағдай сезімі
• Қауіп сезімі
Адамда клаустрафобияның бар-жоқтығын келесі көріністер бойынша анықтауға болады:
• Бөлмеге кіргенде, бірден шығу жерін тексеріп, одан алыс кетпеуге тырысады;
• Жолдарда «тығындар» болса, көлік жүргізбеуге тырысады.
• Лифтті қолданбау үшін, баспалдақпен жаяу көтеріледі.
Фобия – бұл жүре пайда болатын құбылыс. Осылайша, клаустрофобия бастан өткізген қатты стресстен кейін, ағзаның қорғаныс реакция ретінде пайда болуы мүмкін. Мысалы,
адам бірнеше сағат лифтте өткізді, түтіндікте тұрып қалды және басқа да адам өмірі немесе денсаулығына қауіпті қандай болса да, қысаң жағдайға түсу мүмкіндігін ми қоршауға алады.
Істесең қорықпа
Қорқыныш психологиялық түзетуді үнемі қажет етпейді, ал тек адамның бақылауынан шыққан және қалыпты өмір сүруге кедергі жасаған уақытта ғана қажет етеді. Сол кезде «үрейлі бұзылулар» қатарынан диагноз қойылу мүмкін.
Фобияларды емдеу әдістерінің ең таралған түрі - науқасты қорқу объектісіне бірте-бірте, баяу дағдыландыру. Релаксация және конгнитивті- жүрiс-тұрыс емінің әртүрлі әдістері қажет. Ал клаустрофобия көріністерін медикаментозды жою үшін, әдетте антидепрессанттар қолданылады.
Топтық психикалық терапия да жоғары нәтижелі болып келеді. Нәтиже бірден байқалмайды, бірақ тұрақты, сондықтан шыдамдылық сақтау қажет. Асқынып кеткен клаустрофобия орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарына әкелуі мүмкін.
Қуанышқа орай, қазіргі уақытта клаустрофобияны емдеу медицинаға үлкен қиыншылық тудырмайды, тіпті көп ақша да қажет емес. Ең қауіптісі - қорқыныштан шыға алмау, оған сіздің ойларыңызбен әрекетіңізді жаулап алуға мүмкіндік беру. Осыны болдырмау қажет.
Жапон әйелдері құрсақтағы нәрестелеріне елінің тарихы, ұлағатты дәстүрі, әңгімелер, ертегілер, ұлттық әндерін айтады екен. Себебі, медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыс, ананың көңіл-күйі айырықша әсер ететінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Қысқасы, құрсақта жаңа қалыптасып келе жатқан шаранаға сыртқы орта айтарлықтай ықпал етеді екен.
Жапонда ғана емес, қазақта да екіқабат әйелді ренжітпеу туралы түсінік бар. Алайда, қазіргі таңда екіқабат екі әйелдің біреуін дәрігерлер үрейлендіретінді шығарды. «Нәрестенің бүйрегі суға толыпты», «Бір аяғы қысқа екен», «Басы шектен асқан үлкен екен»… неше түрлі сорақылықтарды естисің. Жас аналар «Апырмай, қалай босанам, жағдай қалай болады? Енді ол бала кем болып қала ма?» деп уайымға салынумен болады. Сөйткен бала аман-сау, қол-аяғы түгел туылып жатады. Мұндай мысалдың жүзін келтіруге болады. Бұл – бір.
Екінші айтпағымыз, жас аналардың өзіне байланысты. Қазіргі жас ананың тыңдайтыны жарықшақ қатқыл музыка, жұлқынған ырғақ, тұрмыстағы ұрыс-керіс пен тыстағы тарсыл іштегі нәрестеге де сол күйінде әсер етіп жатыр. Сыңсып та, сыңғырлатып та, сазды етіп те, назды етіп те салынатын қазақтың қоңыр дауысты әні бүгінде қоңыр даласының өзіне қайтып кеткен. Сонан да болар қазіргі туған балалар психикалық дағдарыспен дүниеге келеді. Қазақы болмысымыздың қалыптасуымыздың бастау көзі де «құлақтан кіріп, бойды алған» әсем әніміз, әуенді әлдиімізде жатқан жоқ па?!
Бала бойына біткен ана – жүріс-тұрысын түзеп, мінезін қалыптастырып, жаман қылықтардан арылып, денсаулығын қадағалауы, сұлу табиғат көріністерін тамашалап, әсем ән-күй тыңдап алған әсерін жан тебіренісі арқылы іштегі нәрестеге жеткізе білуі тиіс. Өйткені ана қуанса іштегі бала да қуанады, қайғырса қайғырады. Ананың бойындағы мінез-құлқы, денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға беріледі.
Жас аналардың көңілін жайландыратын жақсы кеңес айтудың орнына осыншама үрей салу жаппай етек алып кеткені несі? Бұл – ана көңіліне үрей салу. Оның нәрестеге аса зиянды екенін дәрігерлердің бәрі біледі. Біле тұра солай істейді. Енді мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылуы тиіс. Құзырлы органдарга бұл мәселені дұрыс шешуді талап етуіміз керек. Құрсақтағы қуанышты қорқынышқа айналдыру әрекеті тым көбейіп барады.
Фобиялар (гр. phobos — қорқыныш) — субъектіні белгілі бір (фобиялық) жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар, әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды. Фобиялардың: мозофобиялар (аурудан қорқу — канцерофобиялар, кардиофобия және т.б), сотцо-фобиялар (жұрт алдында сөйлеуден қорқу, қызарып кетуден қорқу және т.б), кеңістіктен қорқу (клаустрофобия — жабық үй-жайда болудан қорқу, агарофобия — ашық кеңістіктен қорқу) және т.б. түрлері бар. Егер емделуші өз қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тұрғыдан анық ұғынбайтын болса, онда мұның өзі көбіне фобиялар емес, патологиялық күмәндар (қауіптенулер), сандырақ болып шығады. Фобиялардың жүріс-тұрыста белгілі бір көріністерінен болады, олардың мақсаты — фобия затына жоламау не ырымдар жасап қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім, жан-дүниесі енжар, вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда көбірек байқалады. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан көбіне арылтуға болады
ҰБТ алдындағы қорқыныш
ҰБТ алдында балалардан бұрын олардың әке-шешелері қатты абыржиды. Себебі әрбір ата-ана өз баласына қорқынышты қалай жеңіп шығудың жолдарын іздестірумен мазасызданады. Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейі неден байқалады?
Кез келген емтихан алдында болатын көпке танымал қорқыныш көрсеткіштері - оқушылар ұйықтамайды, уайымдайды, олардың тәбеті болмайды, тізелері қалтырайды, бастары ауырады, тамыр соғуы жиілейді, жүйке жүйесі бұзылады, артерия қысымы көтеріледі.
Мұндай қорқыныштың себебін қарастырайық.
1. Шамадан тыс жүктеменің болуы.
2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді.
3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы.
4. Ауру салдарынан болған әлсіздік.
5. Дәрменсіздік сезімі.
6. Өз біліміне күмәндану.
7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі)
8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы.
Емтиханға қалай дұрыс дайындалуға болады?
- Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал.
- Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс.
- Конспект дайындау керек.
- ҰБТ тапсырған аға-
- Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз.
- Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн.
- Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз.
- Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз.
- Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз
- ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз.
ҰБТ алдындағы қорқынышты әлі күнге дейін үлкен проблема десе де, болады. Балалардың психологиялық жағынан дұрыс дайындық алмағандарының әсерінен небір апаттар болып жатады. ҰБТ-дан оң нәтиже алу бірінші кезекте баланың моральдық дайындығына байланысты.
Айналайын!
Көп нәрседен қорқамын:
Көң боп жатқан,
Тоң боп жатқан сор қалың.
Есек шықпай кім шығады қодықтан?!
Өгіз болмай не болады торпағың?!
Сонда, досым, кім ойлайды ел қамын?!
Сонда, досым, кім ойлайды жер қамын?!
Бірер сомға кітап алмай,
Жас ұрпақ
Шарап алып қайта ма деп қорқамын!
Әсері көп айналаның,
Ортаның.
Сары майдан артық несі тортаның!
Домбыраға қимағанын
Дәлдүріш
Дабыраға шаша ма деп қорқамын!
Жарыта ма ойлап тегі шорқағың?
Заманы өткен барқыт пенен торқаның.
Бабалары жатқан жерді тегістеп,
Би алаңы жасай ма деп қорқамын!
Толық емес,
Мұның өзі орта мұң.
Шындық керек,
Керегі жоқ жортаның!
Ақиқатты алдап-сулап,
Өтірік
Тағы қайтып келе ме деп қорқамын!
Бір ойласам,
Ойлайтыным сен,
Елім!
Орны бөлек арманыңдай көнемін.
Бабалардың даналығы
Ұрпаққа
Бір айналып соғады-ау деп сенемін!
Қорқыныш, үрей барлық адамдардың өмірінде болатын құбылыс. Психолог дәрігерлер мен мамандар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақытылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі,
сезімдік бейнелі болып келетінін, соған ұқсайтынын айтады. Яғни, үрей, қорқыныш сана-сезіміңнен шықпай, сонда орнығып алатын мәңгілік құбылыс емес. Ол біртіндеп жоғалып отырады. Адамның денесіндегі құбылыстардың механикалық және динамикалық беріктілігі бар. Осы екі бірлік дененің тұрақтылығы мен сымбаттылығын құрайды. Мұндай күшке жаны, тәні адал жандар, тақуа діндар адамдар ие болады. Оларды табиғаттың қорқыныш, үрей тәрізді тылсым күштері көбінесе жеңе алмайды.
рей, қорқыныш жүйкесі жұқа адам-дарға үйір. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, түрлі жүйке ауруларына, психикалық сырқатқа көбінесе жоғары қызметте, кеңседе қағаздармен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы көп қиыншылықтар, жоқшылықтар көріп келе жатқан адамдар ұшырайды. Солардың ішінде еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі бірқатар психологтардың айтуынша, адамдар мұндай жағдайда өзіне-өзі көмектесуі қажет.
Ең бірінші, қай адамға да рухани демалыс ауадай қажет. Әсіресе, әйелдер жалғыз отырғанында қағазға үңіле бермей, өзіне-өзі «мен кіммін?», - деп сұрақ қойып, оған іштей жауап іздегені дұрыс. Ұлы Абайдың өзі айтқан ғой, «Өзіңнен күніне, ең болмаса аптасына бір рет есеп алып отыр» деп. Иә, өз ісіне іштей есеп беріп отыруды дағдыға айналдырған адамның өмірі де, жүйке жүйесінің жұмысы да бір қалыпқа түседі. Және де канадалық дәрігерлердің айтуынша аурудың 60 пайызы бөлмедегі ауаның таза болмауынан екенін әрдәйім жадымызда сақтап, үйдің, кеңсенің ауасын жаңартып тұруды әдетке айналдырып, деніміздің саулығына көңіл бөлуге тиістіміз. Жағымсыз жағдайларды, оқиғаларды көп ойлап, жүйкеге салмақ түсіруге болмайды. Жүйкесі мықты адамдар уайым-қайғыға, үрей, қорқынышқа көп бой алдыра бермейді.
Өмірде атақ-даңқ, қызмет, байлық үшін адамдарың бірін-бірі аяқтан шалуы, жағаларына жармасуы, қоқан-лоқы жасап қорқытып, үркітуі көзіміз көріп, етіміз үйренген жағдайға айналды. Ал адамды жазықсыздан-жазықсыз жылату, қорқыту – шариғатта ауыр күнәлардың бірі, адамгершілік тұрғысында да ол қоғамымызға жат қылық.
Ислам қорқытып, үркіту туралы
Нақақ біреуді өлтіру ғана емес, біреуге қоқан-лоқы жасап, қорқытып-үркітудің өзі барша адамзатқа жасалынған қиянат болып саналады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Қастандық істемеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең ( күнәһар) болады», - деп айтылған. Яғни, Ислам діні адамдарды түр-түсіне, нәсіліне, дініне бөлмей құрмет көрсетуге шақырады, ешкімді де қорқытып – үркіткенді, қинағанды қаламайды. Ал Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: «Зиян көрсеткен адамға Аллаһ та зиян көрсетеді», - деп.
Ислам дінінде үлкен күнәлардың бірі – Аллаһ Тағаланың азабынан қорықпау. Адамның біліп, білмей істеген күнәлары, кінәлары үшін Аллаһ Тағала алдындағы есептен, қиямет қайым күнінен қорқуы, сол қорқыныштан күнә, кінә істемеуге тырысуы – имандылыққа бет бұруы. Бұл қорқыныш – құрметке лайықты, әрі ол иесін сауапқа бөлейді. Әрбір мұсылманның жүрегінде мұндай қорқыныш болуға тиісті. Одан қашпау қажет. Ал табиғи әртүрлі қорқыныштан, адамдардың бопсалап үркітуінен, аурудан үрейге берілуден арылу – парызың.
Әртүрлі қорқыныш, үрейден сақтайтын дұға Бисмиллаһи рахмани рахим! Уә ас – алука би – асма – ика иә кәфи иә уәфи иә шафи иә муғафи иә һәди иә рағи иә қази иә рази иә ғали иә бақи.
Сүбханака иә лә илаһа иллә апта халлисна минал ғамми уәлһамми уән-нари иә рабби! Иә ман халақа фасаууа, иә ман қаддара фаһада. Иә ман һууа жунжи ул һалкә Иә ман һууа мунқизул ғарқа Иә ман һууа иәшфилмарза иә ман һууа азхака уә абкә. Иә ман һууа азалла уә аһда Иә ман һууа амата уә ахйа Сүбханака иә лә илаһа иллә анта халлисна минал ғамми уәлһамми уән – нари иә рабби! (Шипалы дұғалар, «Қайнар», - Алматы, 1999).
Қорқынышпен күресу тәсілдері Психолог – дәрігерлердің, мамандардың айтуынша, қорқынышты мынандай амалдармен сейілтуге болады: Сүйіктімнің көңілі басқа біреуге ауып жүр деген күдік көңіліңізге ұяласа да, айрылып қаламын деп қорықпай, бай-салдылық танытыңыз.
Оны таяуда қызметінен алып тастайтын шығар деген жаман ойлар мазаласа да салқынқандылық көрсетуге тырысыңыз. Әркім өз басындағы барлық қиындықты жеңе алады. Сол себепті барлық әре-кетіңізге баға беріп, өзіңізді-өзіңіз жөн-жосықсыз жазғыра бермеңіз.
Қай істе де шамаңызды байқап, қыз-балыққа салынбаңыз, мүмкін емес нәр-сені қолға алмаңыз. Сонда «уәде беріп қойып едім, енді ұятқа қаламын-ау» деп қысылмайсыз, «атақ-абыройым айрандай төгіледі», - деп қорықпайсыз. Кейде табиғи бір құбылыстардың әсерінен жан-дүниеңде алаңдаушылық бір сезімдер пайда болып, үрейге түсіреді, жаныңды қинайды. Мұндай жағдайда қорықпау қажет. «Мені мазалап жүрген түкке тұрғысыз жағдай емес пе екен?», - деп ойланыңыз, басыңыздағы жағдайдың сырын түсінуге талпыныңыз.