Қорқынышты сезу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:41, доклад

Краткое описание

Қорқынышты сезу - бұл әр адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз қажет.
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.

Файлы: 1 файл

Қорқынышты сезу.docx

— 27.58 Кб (Скачать)

Күдікті ойлар, үрей, қорқыныш қай істе де адамның жолын бөгесе, ешкім де мақсат – мүддесіне жете алмайды. Қорқыныштан, үрейден құтыламын  деп арақ-шарап ішу - әлсіздіктің белгісі. Оны жете түсінген жөн. Ауруын, түрлі уайым-қайғыны, түрлі қорқыныштарды айтып шағымданатын, сені қорқытқысы келетін адамдармен араласпаған абзал.

 

Біреумен бір мәселе жөнінде телефон арқылы сөйлескіңіз келсе, алдын-ала айтатын сөзіңізді, тосын сұрақтарға жауабыңызды дайындап алыңыз. Сонда қорықпай, абдырап саспай сөйлесетін боласыз.

 

Ешуақытта «мен жолы болмайтын  адаммын» деп қамықпаңыз, өзіңізді-өзіңіз оған сендірмеңіз. Сонда қай іске де қорықпай, батыл кірісесіз.

 

Мінез-құлқы нәшар, өсекші, өтірікші адам екенін байқасаңыз, жұртты таң қалдыру үшін айтып жатқан тосын әңгі-мелеріне онша мән бермегеніңіз дұрыс.

 

Кез-келген қиындықты, сәтсіздікті  жасымай қарсы алыңыз. Мұндай жағдайда көңіліңізді көтеру үшін жақсы ән тың-даңыз, әзіл-сықақ оқыңыз, күлкілі кинофильмдер көріңіз. Не болса содан сақтанып, кез-келген нәрсеге үрейлене, сенімсіздікпен қара-маңыз.

Кешкілік, түнде кейбір адамдардың бойын үрей билейтін кездер көп. Сол сәтте көңілді тыныштандыратын дәрілерді өз бетімізше ішеміз. Бұл қалжыраған ой-өрісіміздің, сырқатқа ұшыраған жүй-кеміздің сыр бергені болуы мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы дәрігер – мамандармен ақылдасқан жөн.

Телеарналардан қорқынышты жаңа-лықтарды, кинофильмдерді көп  көрсеңіз, ол да жүйкеңізге, жандүниеңізге  әсер етіп, жаныңызды тектен-текке  қорқы-ныш, үрейлердің билейтінін естен шыға-рмаңыз.

 

Қорқыныш пен үрей кейде  адамның назарын қалыптасып келе жатқан жағдайға аударып, бір ауыртпалықтың, қайғы-мұңның орын алуы мүмкін екендігін де ескертеді, қамқоршы міндетін атқарып бойыңыздағы күш-жігерді оны жеңуге бағыттайды, таным-дүниеңізді түрткілеп оятады. Осындай қорқыныш, үрей кезінде бойыңызды билеп, жағдайды саналы түрде ой таразысына салып, бағамдап байқасаңыз ол жаныңды сейілтеді, тығы-рықтан шығатын жол көрсетеді. Сенімсіздік жаныңды жаулап алса, онымен күреспесең, ол қорқыныш туғы-зады, теріс ойдан ада жан-дүниеңізді тас-талқан етеді, сезіміңді сергелдеңге түсіріп, жаныңды қинайды. Бернард Шоу: «Қорқыныштың құлы болу – құл-дықтың ең сорақы түрі» деген. Осындай сәттерде соны естен шығармаңыз. Қателіктеріңнен сабақ алыңыз, оны екінші рет қайталамауға тырысыңыз. Ең бастысы, қай істе де, қандай жағдайда да өзіңе-өзің сенімді болыңыз. Мамандардың пайымдауынша, адам баласының бұл өмірдегі қатты қорқатыны - өлім, жоқшылық, ауру, уайым-қайғы. Осы төрт қорқыныштан басқасын жеңуге кім-кімнің де ерік күші, төзімі, ақыл-парасаты жетеді. Тек кез-келген қорқыныш, үреймен батыл түрде күресе білу қажет.

 

Бойды билеген үрей мен  қорқынышты ақылға жеңдіру, сөйтіп батыл қимыл жасау, ойды ашық айту да қорқыныш пен үрейді басудың бір тәсілі.

 

Бастығыңыз ұнатпай, әр нәрседен сылтау іздеп, соңыңызға шырақ алып, түссе де қорықпаңыз, жұмыстан шығып қалсам қайда барамын, деп жабырқап, жасқанбаңыз. Өзіңіздің бағаңызды біліп, оны бастығыңа мойындатуға тырысыңыз, қарсы психологиялық іс-әрекетке көшіп, берілмеңіз.

 

Қорқыныш адам санасының  төрінен мықтап тұрып орын алатын болса, одан құтылу қиын. Бұл жасқаншақтықтан, жал-ғыз қаламын деп сескенгендіктен, шешім қабылдай алмаушылықтан да туындауы мүмкін. Қандай қорқыныш бойын билесе де әйелдер өздерінің жаны нәзік болғанымен, рухының мықты болатынын ұмытпағаны, соны еске алып күрескені дұрыс.

 

Кері әсер беретін биоқуаттар

Өтірік, өсек, қауесет әңгіме тарату арқылы да адамдардың жанында қорқыныш туғызуға болады. Зерттеу-шілердің, халық емшілерінің пайымдауынша мынандай жағдайлар адам жанына кері әсер беретін, қорқыныш, елеспен үрейді алатын биоқуаттарға толы:

 

Иесіз мекенде, қыстауда, жалғыз ағаш түбінде, бастаулар мен бұлақтардың, көлдердің басында, жаңғақ ағашы саясында, лас орындарда, қалдықтар мен күлдер төгілген жерде, жол бойында, ескі бұзылған үйде, қоралардың орнында, есік алдында ұйықтау. Бұл орындар адамдарға кері әсер беретін биоқуаттар бөліп, елестік үрейлі жағдайлар туғызатын көрінеді... Иә, табиғаттың тылсым жұмбақ сырлары көп.


Информация о работе Қорқынышты сезу