Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:07, реферат
Мінезді тәрбиелеу жолдары
Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт—бес жастағы балалардың мазмұнды, рөлді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады.Оларда мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өзгерісіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Содықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдырғандай үлгілі болып келуі тиіс.