Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:04, доклад
Күні бүгін мынадай жайт болды. Үйге көрші әжей келді: «Қызым, атаң ауырып қалды. Сен ауруханаға звондашы?!» деді. Көрші атамыз бронхит болып бұрыннан ауырып жүр еді. Мен үлкеннің сөзін екі етпей «103»- ті теріп бердім. Әже телефон тұтқасының келесі жағында отырған оператормен сөйлесті. Оператор қызымызқазақ тілін білмейді екен. Сонда әжеміз қиналып, екі түйір орысшасымен ештене түсіндіре алмады. Әжеміз содан телефон тұтқасын маған берді. Мен әжемнің бар айтқанын түсіндіріп бердім. Әйтеуір, Аллаға шүкір бәрі жақсы болды, дәрігерлер уақытында келді. Мен бұл жерде істеген ісімді ерлік қылып айтып тұрғаным жоқ
Тағы да тіл мәселесі
Күні бүгін мынадай жайт болды. Үйге көрші әжей келді: «Қызым, атаң ауырып қалды. Сен ауруханаға звондашы?!» деді. Көрші атамыз бронхит болып бұрыннан ауырып жүр еді. Мен үлкеннің сөзін екі етпей «103»- ті теріп бердім. Әже телефон тұтқасының келесі жағында отырған оператормен сөйлесті. Оператор қызымызқазақ тілін білмейді екен. Сонда әжеміз қиналып, екі түйір орысшасымен ештене түсіндіре алмады. Әжеміз содан телефон тұтқасын маған берді. Мен әжемнің бар айтқанын түсіндіріп бердім. Әйтеуір, Аллаға шүкір бәрі жақсы болды, дәрігерлер уақытында келді. Мен бұл жерде істеген ісімді ерлік қылып айтып тұрғаным жоқ. Неге телефон тұтқасына жауап беруге қазақ тілін білетін біреуді қоймасқа?! Себебі, орысшаны білмейтін ата-әжеміз аз емес, жаман айтпай жақсы жоқ, бірдеңе болып қалса, құтқарушыларды шақырғанда орысшаны білмейтін ата әжеміз көшенің санын қате айтуы мүмкін емес пе?! Сонда көмек дер кезінде келмей қалуы мүмкін. Неге көпті көрген қарттарымыз өз жұртымыздың мәңгүртігінен тілін сындырып қиналуы керек?
Ақын Қадыр Мырза әлі ағамыз өзінің тілге құрметін «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді -құрметте» деп білдірген,бұл әрбір көкірегі ояу қазақ азаматына ой салары анық, ал Шалқар Әбішұлы ағамыздың «Өз тіліңді өшірме-өшіргенді кешірме!» деп өте орынды айтылған сөзі бар. Бірақ қазіргі таңда осы үлкен адамдардың сөзіне құлақ асып, ақыл тоқтатып жүрген жан кемде кем. Керісінше, өзгенің тілін жоғарлата көтеріп, тілдің жанашырлары сөз сөйлеп жатса, «ой эти . . . опять о своем» дейтіндерде бар екнун өздерінізде мойындарсыздар.
«Балық басынан шіриді» демекші, жоғарыда отырған ағаларымыз туған тілде сөйлемесе, қарапайым жұрттан не сұраймыз? Мысалы, ауруханаға барып, дәрігерге келген кезекті көріп, өз қандас қазағымыз қазаққа тілін сындырып «кто последний?» дейді. Оған басқа қазағымыз соңғысы болса, орысша «я последний в очереди» деп жауап қайтаратыны бәрімізге мәлім. Ал біреу келіп «ширақтың соңы кім?» деп сұраса, біз оны кем көретініміз тағы бар. Бізде «құлдық рефлекс» қалыптасып кеткен. Біз егер өз тілімізде сөйлесек, біреуден төмен көреміз. Неге олай?! Сонда жат біреудің тілінде сөйлесек құл емес «көсем»болып жүрміз бе?! Тұңғыш призидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деп айтуында, келер жас ұрпақтың ана тілін еркін меңгеруіне өнеге болсын деген жанашырлықты сеземіз.
Егер адам келіп басқа тілде сөйлей бастаса, оны жоғары көреміз. Ешкім ол адамға «білме демейді, біле берсін өзге тілді!» бірақ өз тілін сыйлай білуді ұмытпау керек. Мысалы, Жапонияда ата-аналары балаларына 12 жасқа дейін туған тілінде білім-тәрбие береді. Сосын барып, басқа тілді үйрену өз еркінде. Шынымен де адам 12-13 жаста тұлға болып қалыптасады, ол аталған жасқа жеткенге дейін тұлға өз тілінің қадір қасиетін түсіне біледі. Неге осы елдің жақсы әдетін көшіріп алмасқа?! Қазіргі таңда ҚР-да қазақ тілімен қатар өзге тілдерді(мәселен, қазақ тілімен, ағылшын тілін)тіпті бала-бақшаларда үйрету үрдісі қолға алынды. Бұл балалар үшін психологиялық ауыртпалық деп ойлаймын. Біз баламызға туған тілде сөйле, демек түгіл, өзіміз үйдің ішінде дастархан басында орысшаны езіп отыратыны тағы бар. Үлгі болар үлкендеріміз қазақ тілін аяқ асты етсе, іні –бауырымыз не істемейді?!
Тіл жанашырларымыз жоқ емес. Дегенмен олар жартылай бос залда отырып жылда айтатын сөздерін қайталап айтады да қояды. Бірақ, оны естіп нәтиже көрсетіп жатқан ешкім жоқ. Өкініштісі, қалай шала сөйлесек, солай сөйлеп келеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, егер сіз бен біз болып, тіл мәселесін қолға алсақ, қазақ тілінің мәртебесі көтерілер еді.
Бибігүл Утарбаева