Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:04, доклад
Күні бүгін мынадай жайт болды. Үйге көрші әжей келді: «Қызым, атаң ауырып қалды. Сен ауруханаға звондашы?!» деді. Көрші атамыз бронхит болып бұрыннан ауырып жүр еді. Мен үлкеннің сөзін екі етпей «103»- ті теріп бердім. Әже телефон тұтқасының келесі жағында отырған оператормен сөйлесті. Оператор қызымызқазақ тілін білмейді екен. Сонда әжеміз қиналып, екі түйір орысшасымен ештене түсіндіре алмады. Әжеміз содан телефон тұтқасын маған берді. Мен әжемнің бар айтқанын түсіндіріп бердім. Әйтеуір, Аллаға шүкір бәрі жақсы болды, дәрігерлер уақытында келді. Мен бұл жерде істеген ісімді ерлік қылып айтып тұрғаным жоқ