Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:20, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

                                                    

КІРІСПЕ

Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

 

       курстық жұмыстың негізгі мақсаты – бұл белгілі бір тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде  бұл іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме  арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының  маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі.  Төлем  қабілеттілік  баланс жасау  мерзімімен  анықталады. Төлем  құралдарының ағымдағы  міндеттемелерінен  асуы  кәсіпорынның  төлемге қабілеті  екінші  білдіреді.  Банкте  есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке  қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп  кетуі,  қаржы  оргындарына  қарыз болу, еңбекке  төленетін  қаржылар  мерзімінің  сақталмауы  төлемге  қабілетсіздікті  көрсетеді.  Төлем қабілеттілігі оның  қысқа  мерзім  ішінде  (апта,  жарты ай)  талдау  кезінде  анығырақ  көрсетілген. 

Есепті  кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі  төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі  ағымдағы  жедел  төлем  қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық  және басқа да  органдармен  өз уақытында  есеп айырысуды  қамтамасыз  ететін  шаралар  жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бөлім. Міндеттемелердің экономикалық мәні мен мазмұны.

1.1 Міндеттеме  туралы түсінік,оларға мінездеме.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

     Кәсіпорындар өзінің қызметі барысында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталдыда қолданады .Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру,жұмысты орындау,ақша төлеу және басқалар.Ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

     Қазіргі  таңда қаржының жетіспеушілігінен банктерден,банктен тыс мекемелерден,шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатады, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптен кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін міндеттемелер есебі.

      Ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімдері қаржылық есептілік аудитінің ең қиын бөлімдері болып табылады.Олардың ішінде:

  1. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудиті.
  2. Бюджетпен есеп айырысу аудиті.

       Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есеп  айырысу аудиті кадрлар бөлімімен  сөйлесуден басталады. Еңбекақы  төлеудегі бақылау жүйесінің  тиімділігіне көп мән берілмейді, себебі кәсіпорынның еңбекақы  жөніндегі көптеген операциялары жеткілікті бақыланады және негізделген.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бөлім. Міндеттемелермен есеп айырысудың аудиті.

2.1. Ұзақ мерзімді  міндеттемелер аудиті.

 

   Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

1)Банктердің ұзақ мерзімді қарыздары;

2)Банктен тыс ұзақ  мерзімді қарыздар;

3)Мерзімі шегерілген  корпоративтік табыс салығы.

   Банктердің және  банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1 жылдан астам мерзімге,әдетте,жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға,қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

  Қарыздарды беру  мен өтеуге байланысты барлық  мәселелер банк ережелерімен  және қарыз алушы ұйым мен  банк арасындағы кредиттік шарттармен  реттеледі.Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді,онда кредиттеу объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі,тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі міндеттемелері,құқықтары мен жауапкершілігі,құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.

  Ұзақ мерзімді  міндеттемелерді тексергенде,аудитор  бәрінен бұрын баланста көрсетілген,  есепті кезеңнің басы соңындағы  қалдықтың Бас кітаптың журнал  ордерінің мәліметтеріне қарап  сәйкестігін анықтайды.

  Алайда мұны бірден  жасауға болмайды, өйткені баланста  синтетикалық шоттардың қалдықтары  емес, аналитикалық есептің мәліметтері  келтіріледі.Сондықтан аудитор синтетикалық  есептің аналитикалыққа сәйкес  болуына аса назар аударуы  тиіс.

  Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден,кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кеппілдікті, екіншіден,қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек.Үшіншіден,оларды ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет.Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұның себебін анықтау талап етіледі.

  Басқа кәсіпорындар  мен ұйымдардан алынған ұзақ  мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзімділігін тексеруі тиіс.

  Сонымен қатар  аудитор қарыз және алынған  несие үшін процент төлеудің  дұрыстығын тексеріп, сонымен қатар  кәсіпорынның  өтелмеген қарыз  қалдықтарымен бірге осы қарыз  үшін банкке тиесілі процентті  көрсету  жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс.Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетінін есте сақтау керек.

      

 2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиті.

 

           Ағымдағы міндеттемелерге банктың қысқа мерзімді несиелері қысқа мерзімді займдар және кәсіпорынның кредиторлық қарыздары жатады.

Банктың қысқа мерзімді несиесі бір жыл мерзімге беріледі. Қысқа мерзімді несиені алу мен қайтарумен баланысты есепті несиелік операциялар  "Банктердің қарыздары",  "Банктен тыс мекемелердің қарыздары" және   "Өзгелер" шотында жүргізіледі. Әрбір осы шоттарда субшот бар: "Қысқа мерзімді несиелер". Бұл шоттар пассивті, сальдо есепті кезеңнің басындағы қайтарылмаған қарыздар сомасын көрсетеді, Дт бойынша айналым - кредитті қайтаруға аударылмаған сома, Кт бойынша айналым - несиеге алған сома алынған несиелер сомасы болып табылады.

Қысқа мерзімді несиелердің  аналитикалық есебі несиенің банктің  түрлері бойынша және жеке кредиторлар түрі бойынша жүргізіледі.

Овердрафт дегеніміз  — субъектінің иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиторлық қалдық. Ол қысқа мерзімді несие түрі.

Қысқа мерзімді қарыздар көп жағдайда векселге берілген коммерциялық несие түрінде және қарыз міндеттемесі түрінде, партнерлік несие түрінде беріледі.

Аудитор баланста алынған  қысқа мерзімді несиелер мен займдардың дұрыс көрсетілуін тексере отырып мыналарды анықтау керек:

- несие қандай мақсатқа пайдаланды, осы мақсаттар несиені алу келісім-шартына сәйкес келеді ме;

-   несиені қайтару  толықтылығы және уақыттылығы;

-   келісім-шартқа  сәйкес несие үшін пайызды төлеу дұрыстығы;

-   басқа кәсіпорыннан  ссуда (займ) алу зандылығы, сонымен қатар оны қайтару толықтылығы және уақыттьілығы;

- синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізу дұрыстығы.

Бухгалтерлік баланстың "Ағымдағы міндеттемелер" бөлімінде "Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі" тарауында келтіріледі. Оны тексеру кезінде аудиторға ұзақ мерзімді несиенің аналитикалық есебі мәліметі бойынша қарызды қайтару мерзімін және осы тарау бойынша соманың негізділігін анықтау қажет. Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігіне құрайтын кредиторлық қарызды тексеруге үлкен көңіл бөлу керек.

Кредиторлық берешек — бұл кәсіпорынның басқа занды тұлғаларына немесе азаматтарына міндеттеме сомасы. Кредиторлық қарыз қалыптасу сипаты бойынша екіге бөлінеді: Қалыпты және ақталмаған.

Қалыпты кредиторлық  қарыз дегеніміз - кәсіпорынның бизнес-жоспарының орындау жолына, сонымен қатар есептіліктің қызмет ету формаларына да негізделген.

Оған мысалы: акцептелген есепті құжаттар бойынша (мердігерлерге,жабдықтаушыларға қарыз) әлі келмеген төлем мерзімі және бюджетке төлемдер бойынша қаржылық органдарға мерзімі өтпеген қарыздар жатады.

Ақталмаған кредиторлық қарыз деп - мыналар есептеледі: қаржылық органдарға бюджетпен есеп бойынша мерзімі өткен қарыз, кәсіпорынның персоналына — еңбек ақы төлеу бойынша, мердігерлерге мерзімінде төленбеген есепті құжаттар бойынша және тағы басқалар. Кредиторлық қарызды нақтылау дебитролық қарыз аудитінің методикасын пайдаланумен жүргізіледі мүмкін кредиторлық қарызды тексеру кезінде аудитордың алдында тұратын негізгі шешімі мынау болып табылады:

- төлеу   тәртібінің   дұрыстығын    бақылауы,    баға    есептілігін   және есептіліктегі қаражаттардың сақталуы кезінде қолданылатын дәлелділікті тексеру;

- кәсіпорын    балансындағы   кредиторлық    қарыз    сомасының    заңды негізділігін  жөне нақтылығын тексеру;

-  кредиторлық қарыздарды  азайту және олар бойынша есептеулерді  бір қалыпқа келтіру мінездемелерін  жасау.

Кредиторлармен есептесу жағдайын бақылаудың рационалды ұйымы келісімді және есепті тәртіптің нығаюына, берілген ассортиментте және сапада өнімді жеткізу бойынша міндеттеменің орындалуына, төлеу тәртібін бақылау үшін жауаптылықтың жоғарылауына, кредиторлық қарыздың қысқаруына мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорынның кредиторлық  қарызын тексеру кезінде аудитордың басты мақсаты оның балансында көрсетілген  кредиторлық қарыздың нақтылығын және дұрыстығын анықтау болып табылады. Ол үшін аудиторға баланстағы берілетін мәліметтерді: бас кітап, журнал-ордерлер, ведомостар және басқа да есеп регистрлері мәліметтерімен салыстыру керек. Кредиторлық қарыз жағдайын тексеруді аудиторға, кредиторлармен есептілік инвентаризациясынан бастау керек. Ол мынадан тұрады: шоттар бойынша тиісті құжаттарға сәйкес қалдықтардың табылғандығынан және шоттарда тұрған соманың дәлелділігін тексеруден.

Информация о работе Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме