Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:20, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 127.50 Кб (Скачать)

Аудитор және инвентаризация комиссиясының мүшелері кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін және оның нақтылығын белгілейді. 

 

2.3 Жабдықтаушылармен есеп айырысу аудиті.

 

        Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есесптесу тексеру барысында аудиторға екі жақты салыстыру керек. Екі жақты салыстыру қарыздардың түсірмесін көре отырып есеп туралы сауал негізінде жүргізіледі. 

        Сауал — дәлелдеу шотта ірі  сома болған кезде немесе мердігелермен  және жабдықтаушылармен көрсетілген  шоттар даулы болған кезеде пайдаланылады.

Сауалға шоттағы немесе шот-фактурадағы қалдықтар туралы мәліметтер кіруі мүмкін, егер ондағы қалдықтар едәуір болса сауал - дәлелдеу кәсіпорынның бланкасында торлытылуы мүмкін. Сауалды алған кәсіпорын дәлелдеген соманы кояды. Ондай сауал - дәлелдеу мердігерлерге екі данада жіберіледі. Оның біреу аудиторға қайтарылады.

Актіде расталмаған  кредиторлық қарыз сомасы және өткен  мерзімі бойынша оның мөлшері  көрсетіледі.

Қарыздардың осы түрі бойынша инвентаризация актісіне анықтама тіркелуі керек. Онда:кредиторлар аты, мекен-жайы және қарыздар сомасы, не үшін тіркеледі, қай уақытта және қандай құжат негізінде. Баланста есепті кезеңнің басында және аяғында кредиторлық қарыздың жағдайы келесі тарау бойынша қалдықтарымен сипатталады:

1) төлеуге ұсынылған шоттар және вексельдер;

2) алынған аванстар;

3) салықтар бойынша  қарыз;

4) төлеуге ұсынылған дивидендтер;

5) негізгі  шаруашылық  серіктестік және     еншілес   серіктерстердің арасындағы ішкі  топты операциялар бойынша қарыздар;

6) ақционерлік қоғамның жоғарғы тұлғаларға қарызы;

7)  басқа да кредиторлық  қарыздар.

а) алынған ТМҚ және айталымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар және пайдаланған қызметтер, ТМҚ-ды жөндеу немесе әкелу, апару бойынша шығындарды қоса;

б)  алынған  ТМҚ  және   айналымнан  тыс   активтер,   жұмыстар  және қызметтер, мердігерлерден және жабдықтаушылардан алған құжаттар;

в) қабылдау кезінде табылған артық ТМҚ және айналымнан тыс  активтер;

г)  тасымалдау бойынша  алынған қызметтер.

Осы шот бойынша есептеуді  тексеру 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

-  алынған   метариалдық   құндылықтар,   орындалған   жұмыстар   және көрсетілген қызметтер үшін төлем дұрыстығын талдау;

- жабдықтаушылардан алынған ТМҚ-ды кірістеудің толықтылығын талдау;

- жабдықтаушылар және мердігелермен есептесуді тексерудің бағдарламасын (жоспарын) құра отырып, аудитор мынаны анықтау керек: ішкі аудиттің осы бағыттағы жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйене алады, есептің және    ішкі бақылаудың жағдайын анықтау. Ол үшін есеп жағдайын және жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша операцияларға ішкі бақылауды ұйымдастыру қандай деңгейде екенін анықтауға болатын мәліметтер бойынша   кәсіпорындарға тест жүргізу қажет.Жабдықтаушылар және мердігілермен есеп айырысуды тексеру үшін қайта санау, сәйкестілікті, бақылауды, құжаттық тексеруді пайдалануға болады. 1-кестеде жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесу аудитінің бағдарламасы көрсетілген.

 

 

1-КЕСТЕ

Жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесудің аудиторлық

тексеру бағдарламасы

 

Мазмұны

Ақпарат көзі

Тексеру тәсілі

1

2

3

ТМҚ бар екендігін рас-тайтын құжаттардың бар болуы

Келісім шарттар, хаттар, шот-фактуралар   және кі-ріс құжаттары 

Бақылау растау

 

 

 

Тауардың сапасы және саны бойынша берілетін арыздың уақыттылығын тексеру

Алынған   ТМҚ   сапасы және санының айырмашылығы туралы акт

қайта санау

 

 

Жабдықтаушылармен ҚҚС жою дұрыстығын тексеру                                   

Шот-фактура, ҚҚС бойынша  нұсқау

 бақылау

 

  Жабдықтаушының мәлі-меттерін  есеп регистріне                                                                                                                                                                                                       сәйкестікті апару                                                                                                                                              

Шот-фактура, бухгалтер-лік  есептің регистрлері

Растау

Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру

Бухгалтерлік есеп   регистрі,  жаб-                                                                                                                                                                                                                        дықтаушының сауалына жауаптар

сұраптау, тексеріс, сәйкестілік

Материалды жауапты  тұлғамен       материалды құндылықтарды кіріс-тірудің толықтылығын тексеру

Шоттар, кіріс актілері, накладнойлар, қойма есебінің мәліметтері

тексеріс

 

 

Корреспонденттік шоттың дұрыс құры-луын тексеру

Бухгалтерлік есеп ре-гистрі, шоттар,төлем тапсырмасы

Тексеріс


 

Тауарды,шикізаттар мен материалдарды сатып алу, электроэнергияны, жылуды алу, жабдықтаудан жұмыс және қызмет келісім-шарттар, заказдар, заявкалар негізінде жүзеге асырылады.ТМҚ- ды кірістеу кезінде жабдықтаушы құжатында қорлардың саны жөне сапасы бойынша айырмашылықтар табылуы мүмкін. Ондай жағдайда табылған жетіспеушілік туралы акт құрылады.

Жетіспеген ТМҚ сомасына кәсіпорын жабдықтаушыға арыз береді оған мыналар тіркелуі керек:

- жабдықтаушының құжатында көрсетілген мәліметтермен ТМҚ-ң жолдама құжаттары және салыстыру ведомосінің көшірмесі:

-   жүк салмағын тексеру  бағыты туралы станцияның түбіртегі;

-   табылған ТМҚ-ң  жетіспеушілігі туралы акт;

-  жетіспеушілікті  туғызған себептерді растайтын басқа да құжаттар;  Қанағаттанбаған арызға жабдықтаушыдан немесе параход шаруашылығынан талап ету керек.

Аудитор мерзімінен өткен  арызды көресту жағдайлары жоқ па соны анықтау керек.

Талапты анықтамаға тіркелген  құжаттар көшірмесінің негізінде, аудитор жабдықтаушыға   көрсетілген   арыздарды      дәлелді   ма,   соны   анықтайды.Жабдықтаушы  және  мердігелермен  есептесу қолма-қолсыз  жолмен жүзеге асырылады. Есеп нысаны анықталады.

Ақшасыз есептесудің  негізгі формалары: акцепті; аккредитивті; төлем-талап бойынша, чектермен; жоспарлы төлем тәртіпте төлем-талаптарымен; сонымен қатар вексельдермен.

Жабдықтаушы және мердігелермен  есептесуді тексере отырып аудитор жүргізілген операциялардың құжатты негізділігін анықтау керек және олардың толтыру дұрыстығын, барлық ақтайтын құжаттардың бар болуына көңіл аудару керек, ал жеке жағдайда - ұйымда қарама - қарсы тексеріс жүргізу керек, керек жағдайда бенктерден құжаттардың көшірмесін сұрау.

Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру аудит процедурасының маңыздылығының бірі болып табылады.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есептесу бойынша операцияларды тексере отырып аудитор бухгалтерлік бухгалтерлік өткізбенің дұрыс құрылуын тексеру қажет. Өндірістік кәсіпорыннан басқа көптеген ұйымдар коммерциялық қызметпен де айналысады.

Аудитор жабдықтаушылар және мердрдігерлермен есептесуді тексеріп, оларға тиісті қорытынды жасау керек. Ол негізделген және мынадай құжаттармен дәлелденуі керек: шот-фактуралар, накладнойлар, чектер, төлеу құжаттары, инвентаризациялық басылымдар.Қорытындысында аудитор корреспонденттік шоттың дұрыс құрылуын тексереді.

Кредиторлық қарыз аудитінің маңызды элементінің бірі бюджетпен есеп айырысуды тексеру болып табылады.

          Мекеме өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Мекемені жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Мекеме өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы мекемелерімен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.

Демек, мекеме қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу үшін   3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, қосалқы қорлар, атқарылған жұмыстары мен қызметтері үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 шоттың кредиті бойынша - жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитіне олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін қоюшы және мердігерлердің есеп айырысу жөніндегі  есебі журналға жазылады, ол үш кезең бойынша жүргізіледі:

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісімшартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құдылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері бойынша расталады. Бұл орайда, шоттың қай күні төленгені және төлемнің қай шоттан жасалғаны  көрсетіледі.

Айдың аяғында журналдың  жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Журналдың қорытындысы  төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы  жол үстіндегі материалдар шегеріліп  тасталынады; айдың аяғындағы жол  үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы  рет-ретімен  көрініс табады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 3310 шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалы есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары.

2.4.Жарғылық капиталдың аудиті.

                                                           

           Жарғылық капитал дегеніміз - бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшьшың (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері  Қазақстан Республикасының "Республикалық  бюджет туралы" заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жарғылық капиталдың құралуының жинақтаушы (синтетикалық) есебіне тексеру жүргізу кезінде  аудитор төмендегі аудиторлық дәлелдеу жинау әдістерін пайдалануына болады: құрылтайшылардың жарғылық капиталға қаржы салу тәртібі туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ауызша және жазбаша сұрау беру.

Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу  дегеніміз кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша аудит өткізу больш табылады. Аудитор жарғылық капиталға қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеруге міндетті.

Информация о работе Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме