Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:20, курсовая работа
Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.
Жарғылық капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және "Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы" қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. "Жарғылық капитал" шоттары бойынша сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға тиісті.
Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың шамасының сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың "Карапайым акциялар", "Артықшылығы бар акциялар" және "Салымдар мен пайлар" шоттарының мәліметтерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
Резервтік капитал өндірісті
дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқтаған
жағдайда еңбек ақы және бюджетке
салық төлеуге инфляциялық
Аудитор резервтік капиталдың қаржылары материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп калуы мүмкін. Сондықтан аудитор резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей-тегжейлі тексеруге тиісті.
Резервтік капиталдың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншіде - кәсіпорынның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп саясатына сәйкес құрылады.
ҚР Қаржы Министрлігінің "Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізін бекіту туралы" бұйрығында "Резервтік капиталдың құралуы кәсіпорын (ұйым) мен оның кредиторларын зиянның зардаптарынан қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында қарастырылады" делінген. Егер кәсіпорынның құрылтай құжаттарында резервтік капиталды құру қарастырылмаған болса, онда кәсіпорынның оны құруға құқығы жоқ.
Резервтік капитал бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарындағы "Резервтік капитал" бөлімшесінің "Заңмен белгіленген резервтік капитал" және "Басқа да резервтік капитал" шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшенің шоттары заңға және құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған резервтік капиталдың жағдайы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған. Резервтік капиталға аударым жасау "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқа да резервтік капитал" шоттарының кредитінде және "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шотының дебетінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңында қоғамның резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау Директорлар кеңесінің ерекше міндетіне жатқызылған. Сондықтан аудитор резервтік капиталға бөлінбеген табыстан аударым жасау және оның мөлшері туралы Директорлар кеңесі шешімінің бар екендігін, сонымен бірге осы резервтің есебінен заңды есептен шығарудың негізділігін анықтауға тиісті.
Резервтік капиталдың пайдаланылуы "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқа да резервтік капитал" шоттарының дебеті және "Дивиденд және қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу" бөлімшесі шоттарының, "Басқа да кредиторлық борыштар" бөлімшесінің "Басқалары" шотының кредиті бойынша көрсетіледі - есепті жылдың табысы болмаған жағдайда резервтік капиталдың есебінен дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептелгенде; "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі — есепті жылда немесе өткен жылдарда кәсіпорынның шеккен зияны резервтік капиталдың есебінен жабылғанда. Осы жазулардың негізінде резервтік капиталдың пайдаланылуына бақылау жасалынады.
Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал меншікті акцияларды қайтарып сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның акцияларды қайтарып сатып алуы оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір шығып кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.
Меншікті капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал болып табылады. Ол меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін "Қосымша төленген капитал" шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сыйақы, яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті және ақша қаражаттары шоттарының немесе "Басқа да дебиторлық борыш" бөлімшесінің "Басқалары" шотының дебетінде көрсетіледі. Аудиторға қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру, баланстағы осы бап бойынша қалдық сомасын "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру кажет.
Қосымша төленбеген капитал — негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалау нәтижесінде олардың бастапқы құндарының өсу сомасы. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомаларының нақты бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", "Инвестицияларды кайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", "Басқа да активтерді қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал" шоттары пайдаланылады.
Аудиторға осы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау операцияларының жоғарыда аталған шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек.
2.5. Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) аудиті.
Меншікті капиталдың бұл элементіне тексеру жүргізу кезінде аудиторға жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарды Бас кітаптың "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)", "Өткен жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоттарының мәліметтерімен және бухгалтерлік есептің осы шоттардың кредиттік айналымы көрсетілетін регистрлерімен салыстыру қажет. Содан кейін шаруашылық операцияларының осы шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек. Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес есепті кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы "Жиынтық табыс (зиян)" шотында анықталады. Бұл шоттың кредиті бойынша "Табыстар" бөлімі шоттарымен корреспонденциялана отырып, алынған табыстың жиынтық сомасы, ал дебеті бойынша "Шығыстар" бөлімінің шоттарымен корреспонденциялана отырып, шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі. "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебеттік және кредиттік айналым сомаларын салыстыру нәтижесінде "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшірілетін таза табыстың (зиянның) сомасын анықтайды. Егер есепті кезеңде табыс алынған болса, онда "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліл, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі, ал егер де зиян болса, онда керісінше бухгалтерлік жазу орындалады, яғни, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты дебеттеліп, "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.
Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жасалынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына "Резервтік капитал" белімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотынан "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшіріледі.
Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тек есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезеңдердің де мәліметтері алынады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 2012 ж.,
2. Дүйсенбек О.Д. Аудит негіздері
3. Әбленов .
4. Әжібаева
5. Шарипов А.Қ. Аудит
Информация о работе Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме