Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2014 в 19:15, курсовая работа

Краткое описание

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Оглавление

Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту.doc

— 318.00 Кб (Скачать)

е) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқитын мәтіндерінде тұрақты сөз оралымдары көп кездеседі. Қанатты сөздер – метафоралық түрде, жанама мағынада айтылады. Мысалы, «Оқуына тастай» дегенді тапсырмасын бұлжытпай орындап, жақсы оқитындарға айтады. Қанатты сөздер 1-сынып- тағы «Тарыдай болып кіремін, таудай болып шығамын», - деген сөзден басталады. Міне осыкезден-ақ балаларға қанатты сөздерді танытып, үйрету басталады.  Мәтінде кездескен қанатты сөзді оқушылардан қалай түсінетіндерін сұрап, қандай басқа қанатты сөздерді білесіңдер? Балалар әртүрлі жауап береді. Сабақ барысында түсіндірілген қанатты сөздерді және өздері айтқан қанатты сөзді «Қанатты сөздерге» арналған дәптерлеріне жаздыру.

ж) мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;

Балалардың тілін, ойын дамытуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызы жөніндегі мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді. Оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөз мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың орны орасан зор. «Атамұра» баспасының  2-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында 29-мақал-мәтел, 23-жұмбақ, 22-жаңылтпаш берілген.

Орналасу жүйесі жағынан ана тілі оқулықтарындағы мәтіндердің соңынан беріліп, әрбір тарау  мақал мәтелмен ашылады.

Мақал-мәтелдердегі терең мағыналы оц-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, (2-сынып, ана тілі, 121-б) «Еңбекпен ел көгерер» ертегісін оқығаннан кейін, «Кім еңбек етсе, сол – тоқ», «Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті»

мақал-мәтелдер беріліп, талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда еңбек сөзін, тек бейнетпен, маңдай термен келетін жақсылық екенін, арманыңа, мақсатыңа жетудегі адал іс-әрекет екені ұғындырылады. Балаларды еңбек етуге тәрбиелесек, осы арқылы сөздік қорына сөз қосылады. Мақал-мәтелдің мән-мағынасын ұғыну үшін, оқушылар біраз ойланады, мидың үлкен жарты шарының аналитикалық-синтетикалық қызметі іске асады және жаңадан сөздер үйренеді, бірқатар сөздердің мағыналарын түсінуге мүмкіндік жасалады.

Мақал-мәтелдерде поэзияға тән ырғақ, саз, интонация, дыбыс үндестігінің үйлесімі де бар. Мысалы, «Еңбек еткен - емеді», «Ер дәулеті – еңбек» сияқты бірыңғай жіңішке, езулік дыбыстар үйлесімдігі немесе «Ақыл – жастан, асыл – тастан» сияқты бірыңғай жуан дыбысты дыбынстардың үйлесімділігі жеке сөздерді, сөз бен сөздің байланысын дұрыс оқуға көмегін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларына мақал-мәтелдерді үйрету арқылы олардың сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз, кездейсоқ іске асырылмайды.Бастауыш сынып кезеңі – баланың сөдік қоры байитын, мәдениетті де, шебер сөйлеуге қалыптасатын кезең. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілерінің бірі.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан сөздік қорын байытады.

К.Д.Ушинский бастауыш сынып балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқада болсын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол.

Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға  жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, «Іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.

Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен, қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.

Жұмбақтыңшешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады.Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі), т.с.с. Немесе, «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол – жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады.

Бастауыш сыныпта мақал-мәтел, жұмбақтармен қоса жаңылтпаштарда үйретіледі. Әсіресе, бала тілін түзетудегі рөлі зор. Мұнда: 1) тіл мүкістігін жоюға; 2) сөздерді анық айтуға жаттықтырады.

Оқушы меңгерген жаңылтпаш қорын әрбір сыныпта оқу жылы аяғында жарыстар өткізу арқылы айқындауға болады. «Кім жаңылмайды?», «Жаңылтпаш жаңылдырады», т.с.с. атпен жарыстар өткізу оқушылардың жаңылтпаш жаттауына септігін тигізеді.

А.Байтұрсынов «Төмендегі сөйлемдерді үш қайтара айтқызу арқылы жаңылтпаш жасауға болады» деп, мына сөйлемдерді берген:

    1. Назар нараз.
    2. Нан арзан, нар арзан.
    3. Назар, нараз, нар арзан.
    4. Назар,нараз, нан арзан.
    5. Он нан онанарзан.
    6. Назар, нанар.
    7. Назар, азар, нар азар.

Жалпы оқушылардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың қандай түрлері қандай жүйемен, қалайша берілу керектігі анықталуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ертегілерді оқыту

өте маңызды. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. жұмыстарды 2-3 – сыныптар орындай алады. Ертегіні балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда, жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.

Оқушының қиялын жетілдіре отырып, тілін дамытуда мысалдардың алатын орны өзгеше.

Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешіліктері бар:

    • аллегориямен айтылатыны:
    • мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны:
    • оның оқылу ерекшелігі.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда, суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары  кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? Дегендей сұрақ қою қателік болар. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру қажет. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды.

Мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай – оқушыларға олардың мазмұнын қабылдащту және олардағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.

Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:

      1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.
      2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
      3. Мысалдың мазмұны талданылады.
      4. Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіріле отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.
      5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
      6. Рөлге бөліп оқытылады.

Ертегі, мысалдар арқылы баланың қиялына шығармашылық бағыт бере отырып, тілін ұстартуға зор септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының  балалардың сөздік қорын байытудағы  орны.

Ұлттық оқулықтарымыздың іргесін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, пен М.Дулатовтардың жазған оқулықтарынан бергі кезеңде қалыптасып келе жатқан үрдісті 1918 жылғы «Шағын ұлттардың мектептері туралы» қаулы бұзып жіберді. Таптық көзқарасты басшылыққа алған ұлтсыздық бағытындағы бір үлгідегі мектептерде орталықтан жіберген оқулықтар мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды.Әсіресе «халық жауларын» талқандау секілді әйгілі нәубет жылдары ұлтымыздың зиялылары жаппай қудалайға ұшырап, оқулық жазу ісі іркіліске ұшырады.

Жас ұрпақты тәрбилеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. 50-60-шы жылдарда алдыңғы орынға ана тілін оқыту әдістері мен оқу үрдісіне жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, жетілдіру міндеттері алға қойылды.

Бастауыш сыныпта әліппе, ана тілі оқулықтарына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту, байыту мақсатында пайдаланылған жоқ.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы ана тілінің бұрынғы оқулықтарында саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды.

Ал, бүгін жаңа бағдарламабойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптар мен зерттеу жұмыстары басталды. Мұндай оқытудың тиімді тұсы білім мен дағдыны жетілдіру үрдісімен байланысты сыныптағы орындалатын жұмыстарды жылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды.

Сонымен бірге төменгі сыныптарда қазақ тілі мен ана тілі, әліппе пәндерін оқытуда мәтін түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап, өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша белгілі тақырыпқа сай ауызша-жазбаша сөйлеу икемділіктерін арттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болмақ.

Қазіргі мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібінде өткір қойылуда. Ал сөйлеу – ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының сөйлеу икемділіктерін дамытуда әліппені, қазақ тілі мен ана тілі пәнін оқытудың маңызы ерекше. Мәселенің өзектілігі соңғы онжылдықта көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнына жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы олар таным қызметін кеңейту, ойын жетілдіру олардың сөйлеу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Қазақ тілінің жұмсалу аясына, тіл тазалығына қатысты қазақ тілі фонологиялық жүйесінің ерекшеліктерін сақтау, үндестік заңын бұзбау мақсатында оқушыларға өзге тілдерден енген сөздерді жаздырып, оқытуда белгілі бір жүйенің болиауына байланысты орфографиямыздағы келеңсіздіктерге статистикалық талдау жасалынып, мектеп оқулықтарындағы олардың үлесі анықталып, сөздердің дұрыс жазылуын реттеуді бастауыш сынып оқулықтарынан бастау туралы ұсыныс, пікірлер айтылған.

Мектеп оқушыларына ана тіліміздің лексика-грамматикалық жүйесін меңгерту үшін оқулықтардағы сһөздік қор мен оның құрамын анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру, сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, мектеп оқулықтарының тілдік ерекшеліктерін анықтау секілді теориялық мәселелер де қамтылды.

Бұл жұмыстың басты мақсатының бірі – бастауыш сынып оқушыларының тілін байыту, оны дамытудың жолдарын қарастыру. Ол үшін мектеп оқулықтарының мәтіндеріне тілімізде жиі кездесетін және сирек қолданылатын танымдық маңызы бар, жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу қажет. Бұл мақсаттарды шешу үшін бастауыш сынып оқулықтарына лингвистикалық әдіспен зерттеу жүргізіп, ондағы сөздік қорды анықтап алу керек.

Сирек қолданыстағы сөздероқулық тілінің байлығын, болашақтағы бастауыш мектеп оқулықтарының сапасын жақсартуда лингвистикалық зерттеу нәтижелерін ескеріп, сирек қолданылатын жаңа мәнге ие, танымдық, мағыналық құндылығы жоғары сөздердің қамтылуы болашақта оқулық құрастыру барысында ескерілуі тиіс. Ал, бастауыш сынып оқулықтарының жиілік сөздігін алу нәтижесінде кейінгі жылдар оқулықтарында кездеспейтін сирек қолданыстағы , сөзжасамдық қабілеті өнімді, мағыналық құндылығы жоғары сөздерджің лексикалық минимумы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқулықтарын құрастыруда құнды материал бола алады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеу бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады да, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал, сөздік қоры мен ойлапу жүйесі нашар дамыған балалардың сөз байланыстары тек белгілі бір бағытта болады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Сондықтан да, мектепте лексика мен морфологияны үйретудің жүйелі тәсілхдеріне көшу, яғни баланың ақыл-ой қызметін активтендіру үшін  мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше жоғары сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар. Мұнда әрбір сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескеруі қажет. Ол үшін әрбір сыныптағы сөздердің санын анықтап, тілдік материалдарды іріктеу, оқушылар тілінде жиі қолданылмайтын сөздердің минимумдарын әзірлеу керек. Бұл мақсаттардан бастауыш сынып оқулықтарын лингвистикалық әдіспен зерттеу міндеті туындайды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары