Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің нысаны:оқушылардының ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;

Оглавление

Кіріспе
I-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиедегі рөлі
1.1.Салауатты өмір салты туралы түсінік..................................................3б
1.2.Салауатты өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б
1.3.Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б
II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б
2.3.Тәжірибелік-эксперимент жұмысына сипаттама................................27б
Қорытынды..........................................................................................................29б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қымбат.doc

— 258.00 Кб (Скачать)

      М.Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам – адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» – деген.

      Әрине тек жаппай тыйым салумен табысқа жету мүмкі емес. Осыны есте сақтаған жөн. Салынған таптаурын осы деп үгіт насихат жұмысын «никотиннің бір тамшысы атты серейтеді» деген әпербақандықпен шектей қойсақ, темекі қораптары тысындағы көпшілік көзі түсетін  жазумен бітірсек, мақсатқа жетпеспіз. Темекі шегуді тастаңдар, арақ ішуді қойыңдар – деген салауатты ұрандар кері нәтижелерін алға тартатынын ұмытпаған дұрыс болар тегі!

 

 

 

 

   2.3.Тәжірибелік-эксперимент  жұмысына сипаттама.

 

 Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қостанай облысы Әуликекөл селосының №2 Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ мектебі мен А.Байтұрсынов атындағы гиназия мектебінде іске асырылды. Зерттеудің эксперименталды жұмысына Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ мектебі мен А.Байтұрсынов атындағы гиназия мектептің оқушылары жұмылдырылды. Әртүрлі ағыммен және сынып жетекшілерімен 22 мұғалім қатыстырылды. 45 оқушы эксперименттік, ал 80-і бақылау  топтарында болды.

Тәжірибелік-экспериментті жұмыстарының алғашқы анықтау кезеңінде ауылдық мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру арқылы қамтамасыз ету жағдайы мен бастапқы деңгейі анықталды.

Екінші қалыптастыру кезеңінде енгізілген инновациялық технологиялар, қолданылған әдіс-тәсілдер, ұсыныстар негізіндегі іс-шаралар нәтижесі алынды.

Соңғы бақылау кезеңінде  эксперимент мәліметтері талданып, нәтижелері статистикалық өңдеуден өтті.  

Ең басты байқалғаны сыныптан тыс жұмыстарды дәстүрлі әдістермен жүргізген кезде − 46,2 болса, инновациялық технологиялар негізінде қалыптастырғанда салауатты өмір сүру дағдысы оқушылардың − 61,8 пайыз болды. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының соңында жүргізілген әдіс- тәсілдері, ұсыныстар негізінде оқушылардан қалыптасқан салауатты өмір сүру дағдыларының деңгейлері анықталды. Зерттеу қортындысы теориялық жобаның компоненттері тұрғысында жүргізіліп, әрбір көрсеткіштердің деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік берді (кесте − 3).

 

Кесте 3 − Ауыл мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық технологиялар арқылы  қалыптастыру деңгейінің көрсеткіштері

 

Компоненттер

Жұмыс көздері

жоғары

жеткілікті

орта

төмен

Мотивациялық

басы

4,2

15,40

41,26

39,32

соңы

12,02

42,11

30,22

15,65

Мазмұндық

басы

4,03

15,41

33,84

48,72

 

соңы

12,02

38,90

38,99

10,09

Іс-әрекеттік

басы

2,32

26,55

34,62

36,51

 

соңы

11,14

41,85

36,54

10,47


 

Нәтижеде ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысы  бойынша көрсеткіштердің артқаны  байқалады. Егер эксперимент басындағы  төменгі көрсеткіш − 34,62 % болса, соңында ол көрсеткіш − 10,48 % болады. Ал, жоғары көрсеткіш − 2,32 % болса, эксперимент соңында − 11,14% болады.

Қорыта келе, тәжірибелік  эксперимент жұмыстарының қорытындысы  ұсынылған болжамның дұрыстығын, тиімділігі дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Ауыл мектептері оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда технологиялар арқылы қалыптастыруға байланысты ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу теориялық талдаудан соң, арнайы ауыл мектептеріне тән бұл мәселеге байланысты ерекешеліктерді айқындап, инновациялық технологияларды қолдануға байланысты нобай жасалып, сол ұсынылған инновациялық технологияларды жүзеге асыру әдістерді эксперименттік жолмен тексеру нәтижелері мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды:

  1. Ауыл мектебі жағдайында сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру ерекшеліктері айқындалып, теориялық тұрғыда негізделді, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, медициналық әдебиеттерді, тақырып бойынша іргелі зерттеу жұмыстарын талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
  2. Ауыл мектептеріндегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын көрсеткіштері мен деңгейлерін нақтылауды ізденіс жұмысында оң нәтижелерге жетуге алып келді.
  3. Ұсынған технологиялар сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өміс сүру дағдысын қалыптастыруға септігін тигізді және ауыл мектебі жағдайындағы ерекшеліктер ескеріліп отырды.
  4. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын технологиялар арқылы қалыптастырудың әдістері педагогика іліміне қосқан үлес есебінде болып, әдістемелік ұсыныстар жасауға мүмкіншілік берді.
  5. Ауыл мектептері жағдайында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастырудағы қолданылған технологиялар, әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша жүргізілген эксперименттер оң нәтижелер көрсетті.

 

 

Зерттеудің нәтижесінде  мынадай ұсыныстар беруге болады:

  • Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру үдерісі олардың жергілікті жерін, әсіресе ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
  • Ауыл мектептеріндегі оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар дәстүрлі емес инновациялық технологиялар арқылы жетілдірілуі қажет.
  • Ұсынылып отырған әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің білімін көтеру институтында, әр түрлі курстарда пайдалануға болады.
  • Өсіп келе жатқан мектеп қабырғасындағы оқушыларда «салауатты өмір салтын» емес «салауатты өмір сүру дағдысын» қалыптастыру, жетілдіру т.б. деп атауға ұсынылады.

Қарастырлып отырған  мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын түбегейлі талдап, қарастырыпшаықтым  деп айтуға болмайды. Келешекте оқушылардың салауатты  өмір сүру дағдысын жергілікті жер  ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысына басқа да формалары негізінде, оқушылардың түрлі жас ерекшеліктерін ескеру тұрғысында, жанұя, қоғамдық бірлестік, мектеп ара-қатынасы мәселесінде өз алдына жеке зерттелуі қажет етіледі деп есептеймін. Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақ

«Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру» ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев  Р.М. Педагогика. Алматы, 1998 ж. 

378 бет.

2. Бегалиев Т.Педагогика. Қысқаша лексиялар курсы. Оқуқұралы.  Тараз, 2002 ж. -256 бет.

3. Әбиев Ж., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М,  Педагогика. Оқу  құралы. Алматы, Дарын 2004ж.-448 бет.

4.Бейсенбаева А.А Педагогикалық  лекциялар цикілі. Ред. Басыл.  Алматы. 1990ж 125-130б

5.Бержанов Қ., Муссин  С. Педагогика тарихы. Алматы. 1984 ж. 115-126

6.Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров  А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме  сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4

7.Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік:  Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО"  ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6

8. Е. Сағындықов. Қазақтың  ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991.

9. Г. Иванов, А. Қарақов.  Дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991.

10.Е. Уақбаев. Қазақстанда  дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000  
       11.Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. - Москва: Военное издательство, 1987.  
Решетников Н.В., Кислицын Ю.А

12.Г.Икіманова.Саулық  пен сымбат.  - Алматы:Қайнар,1991.

13.  Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992. 
       14.К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.

15. Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6

16. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

17. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.

18.Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д.  М. и др. Основы валеологии и  школьной гигиены: Учебное пособие  для вузов. 2003, 238 с.

19.Дыхан Л. Б., Кукушин  В. С., Трушкин А. Г. Педагогическая валеология. Март, 2005, 527 с.

20.Мохнач Н. Н. Валеология. Конспект лекций: Учебное пособие для вузов. 2004.

21.Ордабеков С. Медициналық  валеология. Тараз, 2005.

 

 

 

 

 

Web-сайттар  тізімі.

WWW.rambler.ru

WWW.Yandex.ru

WWW.bankvreferatof.ru.

WWW.geogle.kz.

WWW.geogle.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары