Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің нысаны:оқушылардының ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;

Оглавление

Кіріспе
I-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиедегі рөлі
1.1.Салауатты өмір салты туралы түсінік..................................................3б
1.2.Салауатты өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б
1.3.Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б
II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б
2.3.Тәжірибелік-эксперимент жұмысына сипаттама................................27б
Қорытынды..........................................................................................................29б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қымбат.doc

— 258.00 Кб (Скачать)

Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық-індет  жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі».  Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп − олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі. Мұндай жағдайлар ерекше түрде ауылдық жерлер мен тозығы жеткен, болашағы жоқ қалаларда орын тепкен.

Сондықтан қазіргі еліміздегі әлемдік жаһандану жағдайында, жалпы  білім беретін мектептердің алдында  оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын бейімдеу шараларын көбейту талабы тұр. Бұл көкейтесті мәселені жариялылық және әдістемелік тұрғыда шешу ең алдымен тарихи тұрғыда талдауды қажет етеді.

Денсаулыққа зиянын тигізетін  жат әдеттерден арылу туралы түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тайпаларына да тән еді. Мұндай түсініктер олардың әдет-ғұрыптарында көрінісін тауып, тиімді түрде күш-қуатын қалпына келтіретін, жұқпалы аурулардан қорғайтын дәстүрлер пайда болды. Соған сәйкес баспана орнатып, жеке бастың гигиенасын сақтайтын, жерлеу тәсілдері, қоқыстардың көзін жою ережелері дүниеге келді. Әрине, аурудың пайда болу себептері мен оның мәні туралы оларда ешқандай мәлімет жоқ еді. Содан барып мыңдаған жылдарға созылған мистикаға, табынуға, соның салдарынан діни наным-сенімдер мен дәстүрлерге негізделген көзқарастар пайда болған.

Ертедегі Гиппократтың трактаттарында «Салауатты өмір салты» бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымның жалғасы түрінде мазмұндалады. Бұл трактат − денсаулық және денсаулықты күту, салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды.

Грекия философы Сократ табиғи жаратылыстағы ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның  өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді.

Аристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде  адамның жекелей көрегендігі  мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені «денеге қамқорлықтан»  бастап, сонан соң, рухани тәрбиеге ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс.

Ертедегі Грециядағы шынықтыру тәсілдері, дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған гимназиялар, сумен жуынуға арналған термалар көпшілікке жақсы танымал еді. Антика дәуірінде саулығы мықты және әдемі дене тұлғасына табыну барлық жерде өз үстемдігін құрғаны мәлім. Алдын-алу сипатындағы көптеген шараларды ертедегі британдықтардан, көне герман тайпаларынан, скандинавтардан, скифтерден табуға болады. Ертедегі Русьта шынығу процедуралары бұқаралық сипатқа ие болды, атап айтқанда, бу моншасынан шыққан соң, қармен ысқылау немесе жылдың қай мезгілінде болсын мұз қатқан суға шомылуға үлкен мән берілетін.

Адамзат денсаулықты  сақтау мен нығайту проблемасын  тануға әрқашан да ұмтылып келді, себебі денсаулықсыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес. Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі белгі беріп отырады.

Француз философы мен ағартушысы М.Монтень денсаулықтың құндылығын нақты анықтап берді: «Денсаулық дегеніміз − бағалы да құнды зат, ол жалғыз ғана болғандықтан, ол үшін уақытты да, күшті де, еңбек пен барлық жақсылық атаулыны аямау қажет, тіпті ол үшін өз өміріңнің бір бөлшегін де құрбан етуге болады, себебі онсыз өмір төзімсіздік пен қорлыққа толы».

Ертеден денсаулық пен  салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болу тарихы адамзат  тарихының тереңіне бойлап келеді. Гиппократ өзінің «Ауа, су, жергілікті жерлер туралы» шығармасында көптеген адамның іс-әрекетіне, ойларына, оның өмірлік жағдайлары мен факторларына байланысты болатындығы туралы айтады. Нақты қоршаған орта, еңбек, күн көріс тұлғаның жеке жағдайы ауруды анықтай түседі. Денсаулықты сақтау туралы  ертедегі Рим философтары мен дәрігерлері, Византия империясы мен Шығыс елдерінде өз жалғасын тапқан. 

Әл-Фараби дене және ой-сананы тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында «адам өз денесінің  жетілуіне қол жеткізуі қажет, − деп атап көрсетті, − себебі адамның денесі сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтану мен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекет пен ой-сана пайда болады». Сонымен қатар Әл-Фараби «ауруды емдеуді ғана  емес, адам денсаулығын алдын-ала сақтау мен нығайтуды ауруды емдеуден де ең бастысы» деп көңіл бөлген.

Орта ғасырда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғы, Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлының қазақша жазба мұраларында жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттары бар.

Демек, денсаулықты мұқият зерттеу қажеттілігі, бұл күйдің бұзылмауы туралы әрқашан да айтылып келген. Ал, денсаулық күйі бұзылған жағдайда ағзаның өзіндік қорғаныс күштерін іздеп тауып, оның бұзылған күйін қалпына келтіретіндей жағдай іздестірілуі әрқашан керек болған. 

Жапония мен Қытайдағы  салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесіндегі шешуші рольді балаларды  тәрбиелеудің діни-философиялық негізі, соның ішінде құрама бөліктерінің бірі − конфуциялық жүйе атқарған. Осы ілімдер бойынша Шығыс елдерінде үлгілі адамды тәрбиелеу үшін адамды рухани жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге, дене бітімін де жетілдіру дұрыс көзқарас деп есептелінгендігі туралы деректер үлкен маңызға ие. Наным-сенімдерге сәйкес тұлғаны құдай жаратқан, ол мықты «қабықшаның» ішінде қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, адамдар өз денесін күтіп ұстауы қажет, себебі, жапондықтар «саулығы мықты дене бітімі рух пен күш-қуаттың қайнар көзі, ата-ананың акыл-ойынан ажырамас көз қуанышы» деп білген.

Жалпы Шығыс, Орта Азия, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мұраларында денсаулығы мықты, өмірлік құндылықтар жүйесіне арқа сүйейтін, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тани білуге және өзін-өзі жетілдіру біліктілігін пайдалануда жеке тұлғалық қасиетін іске асыра білетін дені сау толыққанды адам  қалыптастыру туралы терең де, жаңа ойлар жарқын көрініп отырған.

Қазіргі жағдайларда  адам баласы бұрынғыға қарағанда  түрлі қиын  проблемаларға тап  болуда. Ой еңбегімен жұмыс істейтін қызметкерлерге жоғары ғылыми дайындық, жан-жақты білім қажет болса, ал кейбіреулерге жоғары дәрежелі белсенділік таныта білу керек, соның өзі ағзаның қызметтік жүйесіне салмақ түсіріп, шаршау шақырады. Егер адам өз басына түскен проблемаларды шеше алмайтын болса, ол өзін қажетсіз «артық» адам деп біледі де, сол себепті  ішімдікпен немесе нашақорлықпен айналысуы мүмкін.

Жүйке ширығуы мен  стресті жағдайларға толы қарқынды түрде өтіп  жатқан өмірде адамның  өзіне, өзгелерге және қоршаған ортаға деген қатынасын  түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындайды. Әрбір адам осындай жағдайларда өз жағдайы мен денсаулығы үшін өзінің жеке жауапкершілігін арттыруы қажет болады.

Салауатты өмір салты  проблемасы бүгінгі таңдаған ерекше бір көңіл бөлуді қажет ететін мәселе болып келеді. Ертеректе жарық көрген материалдар мен ғылыми-әдістемелік жарияланымдары проблеманың негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. «Салауатты өмір салты» категориясының анықтамасы ең көп зерттелгенімен, оның маңыздылығының сипаты, салауатты өмір салтын қалыптастыру факторлары, тұлғаны салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздерін үйрету  − бұрынғы күйінде қалып отыр.

Кейбір оқымыстылар  өмір салтын диалектикалық тұрғыдан жалпы, ерекше және жеке деп қарастырады. Олар кез-келген өмір салты жағдайлар жиынтығымен анықталады, себебі оның зерттелуі жеке дара тұлғалардың объективті жағдайларын жан-жақты есептеу мен талдаусыз мүмкін емес деп санайды. Сонымен қатар ол кез-келген өмір салтының мәнін анықтайтын жағдайлар мен факторларды белгілей отырып, олардың адам өмір салтындағы арнайы кесіндісі мен көрінісін мүмкіндігі барынша толығырақ көрсете алуы қажет деп біледі, нақты-жалпы байланысты жалпы объективті жағдайлардан айыра білу керек деп санайды.

Өмір қызметінің тәсілдері  мен денсаулықтың обьективті өзара  байланысы «салауатты өмір салты» түсінігі арқылы жүзеге асырылады.

Егер жеке тұлғалық және қоғамдық белсенділіктің әртүрлі түрлері  мен олардың пайда болуы өмір салтының кешенді түсінігін құраса, «салауатты өмір салты» түсінігі өмірдегі жағдайды − еңбекті, демалысты, тұрмысты сауықтыру қызметтерін жеке тұлғаның толық орындап шығуын білдіреді. Салауатты өмір салты, бір жағынан:  бұл өмір салтының бір түрі болса, екінші жағынан, өмір салтының басқа да түрлерін жүзеге асыруға, дамытуға ықпал ететін жағдай.

Міне, сондықтан да салауатты өмір салтын медициналық-әлеуметтік белсенділіктің жекелеген түрлері − зиянды әрекеттерге бой алдырмау, гигиеналық мөлшерлер мен ережелерді орындау, еңбек тәртібін, демалыс, тамақтану ережелерін сақтаумен ғана шектеп қоюға болмайды.

Берілген түсінікті медициналық-әлеуметтік белсенділіктің аталған түрлері негізінде ғана қорыту жеткіліксіз, негізгі екпін гигиеналық тәрбиеге немесе зиянды әрекеттермен күресуге арналғанда сыртқы орта немесе өз денсаулығына сауатты қатынас жасағанда ол өз мән-мағынасын жоғалтпайды.

Оқушы тәрбие субьектісі ретінде қоғамдық сананы реттеуші, өз мінез-құлқының сарыны мен стимулын қалыптастырушы, мінез-құлқы  мен қылықтарын саналы жасайтын жеке тұлғаны білдіреді. Бірте-бірте жеке тұлғалық қасиеттер, қажеттіліктер  мен өз бетінше әсерлерге, қарым-қатынасқа, өзара әрекетке талдау жасайтын белсенді өмір ұстанымы қалыптасады. Өзінің алдына саналы түрде өзін-өзі жетілдіру үшін, өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мақсат қоя білудің мүмкіндігі туады. Мектеп жасында баланың өзін-өзі тиянақтауы, сондай-ақ, бірте-бірте қоғамдық қатынастарға саналы түрде еніп, шығармашылықтық, әлеуметтік, интеллектуалдық және эмоциональдық белсенділігін арттыру жолымен жүзеге асады. Тап осы кезеңде, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы мен дамуы кезеңінде денсаулықты сақтау мен нығайтудың, салауатты өмір сүру дағдысының өмір бойы сақталатын мөлшерлері мен қағидаларын ұстанудың қажеттіліктері қалыптасады.

Ұлттық ойындарда, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, халық ауыз шығармашылығында сау дененің сұлулығы туралы, мінез-құлық мөлшерлері мазмұндалады және салауатты өмір салтының барлық факторларының мәні толық көрсетіледі, оның өскелең ұрпақ бойында қалыптасу мәселелері ашыла түседі. Біздің пікірімізше, жинақталған халық тәжірибесі қазіргі таңда өзінің көкейтестілігін жоғалтпақ түгілі, мәселені шешудің басты құралы болып табылады және тәрбие жұмыстарында қеңінен қолданылады.

Жалпы оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру проблемасына педагогикалық, әдістемелік, медициналық, биологиялық және психологиялық әдебиеттерде көп мәселелер арналғанын атап өткен жөн. Бірақ нәтижесінде салауатты өмір салты факторлары бір-бірінен аластатылып, олардың өзара шарттасуы мен байланысын есепке алмастан қарастырылған, сонымен қатар, салауатты өмір салтын құрайтын дүние әлеуметтік ортадан біршама бөлініп, әлеуметтік шарттар есепке алынбастан,  ауылды жерлердің ерекшеліктері ескерілместен қарастырылғандары анықталды.

Оқушылардың  «Салауатты өмір сүру дағдысы»  түсінігінің мәнін анықтайтын әр түрлі келістерді талдау барысында,мынадай қорытындыға келдім: салауатты өмір сүру дағдысы – бұл оқушылардың күнделікті өмірдегі әрекетінің саналы түрде жүзеге асырылуы, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігінде, денсаулығының шыңдалуында, күн ережесін сақтауда, дұрыс тамақтануда, денсаулықты бұзатын жат әдеттерден бас тартушылықта, мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениетінде көрінеді.

Оқушылардың жеке тұлғасын тәрбиелеудің мазмұнды сипаттамасын жасау және олардың  салауатты өмір салтына араласу  мүмкіндігіне ие болуы үшін көптеген жалпы құрылымдық элементтерді, яғни функциональдық жүйелерді − әсер ету механизмінің көптеген және негізгі элементтерін, баланың жеке тұлғалық өзара әрекеті мен қалыптасуының элементтерін айқын көрсету қажет. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ең алдымен алуан түрлі қоғамдық орта мен іс-әрекет түрлерін ескеруді қажет етеді.

 

 

1.2.Салауатты өмір салты:дене  тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық  тәрбие-салауатты өмір салтын  қалыптастыру негізі.

 

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім  мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.

Дене тәрбиесі - дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін-өзі, оның ішінде сыртқы, дене пішінін, жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған адамды жетілдіру жүйесі.Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет.

 Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена  және күн мен түннің пайдалы  сәттерін маңызды,мазмұнды қолдану  керек.Мектепте дене тәрбиесін  мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші  басқарады. Олардың жұмысының  мазмұны: 
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. 
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу. 
       Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн: 
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. 
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. 
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту. 
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Информация о работе Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары