Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің нысаны:оқушылардының ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;

Оглавление

Кіріспе
I-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиедегі рөлі
1.1.Салауатты өмір салты туралы түсінік..................................................3б
1.2.Салауатты өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б
1.3.Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б
II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б
2.3.Тәжірибелік-эксперимент жұмысына сипаттама................................27б
Қорытынды..........................................................................................................29б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қымбат.doc

— 258.00 Кб (Скачать)

 

Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Жоспары:

Кіріспе

I-тарау.Салауатты  өмір салтын қалыптастырудың  тәрбиедегі рөлі

   1.1.Салауатты  өмір салты туралы түсінік..................................................3б

   1.2.Салауатты  өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б

   1.3.Мектеп  оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б

II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.

   2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б                   

   2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б

   2.3.Тәжірибелік-эксперимент  жұмысына сипаттама................................27б

Қорытынды..........................................................................................................29б

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................31б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан- 2030»  бағдарламасында біздің еліміздің азаматтарының дендері сау болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, сонда ғана дұрыс қоғам құрамыз»  деп айтқанындай қазіргі мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі − оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту, әсіресе олардың денсаулығын нығайту.

Мектеп барлық кезде  де оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысының негіздерін, оның мөлшері  мен заңдылықтарын сақтау туралы сезімдерін дарытып және дамытып  келеді. Себебі оқушылардың әр түрлі  аурулармен ауырмауын қадағалауда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда мектептің орны ерекше.

Елімізде адамдардың орташа өмір сүру жасы әлемдегі көптеген елдерден артта екенін, халық санының  қырық пайыздайы ауылды жерлерде тұратынын ескерсек бұл мәселені дер кезінде шешу ауылдық мектептерден бастау алуы керек екендігін атап өтуге болады.Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру, бұл оқушылардың денсаулығын қорғау мен нығайту, организмді шыңдау, оқушылардың өздерінің денсаулығын жақсарту мен нығайтуға деген жауапкершілігін арттыру сияқты міндеттерін ұғындыру мәселелерінің шешуін табуды қажет етеді. 

Зерттеу жұмыстарының мәліметтері балалардың және жастардың науқастануының көрсеткіштері жоғары екенін көрсетіп отыр. Оқушылар арасында жүйке жүйесі, өкпе, қан тамырлары, жүрек, тыныс органдарының аурулары кең тараған. Демек, осы туындаған мәселені шешуге бағытталған жұмыс формаларының, әдіс-  тәсілдерінің, инновациялық технологияларының қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты зерттеу  жұмысымда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыруда мектептің оқу- тәрбие үдерісінің, әсіресе оның ішінде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін инновациялық технологиялар тұрғысында шешу көзделді. Ғылыми нұсқаулар мен нақты тәжірибелер бұл мәселені теориялық және әдістемелік тұрғыда жетілдіру керектігінің өзекті проблема екендігін нақтылай түсті.

Салауатты өмір салты, сауықтыру  аспектілері жайлы Қазақстанның бірқатар жетекші ғалымдарының Т.К.Бөлеев, Д.Ф.Ақбердиева, Ж.З.Торыбаева, Ж. Ембергенова, А.Қ. Қаплиева, Г.Д. Алимжанова, Ж.О. Жилбаев, Ж.Ж. Нұржанова, А.С. Иманғалиев, А. Жамбылқызы, Б.Ә.Жолдасбекова, Ж. Бозтаев, Ш.Ж.Арзымбетова т.б. жүргізген зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы кейбір мәселелер Г.А. Нуридинова, М. Абдурахманов, Г.Б. Мәуленбердиевалардың ізденіс жұмыстарында айқындала түскен.

Қазіргі кездегі ауыл мектептеріндегі оқушыларды түрлі  бағыттағы тәрбиелеу аспектілеріне  арналған Г.З.Адильгазинов, Е.Ж.Рысбаев, З.Ш. Бектибаева т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Әрине, бұл жұмыстарда салауатты өмір салты туралы айтылмасы да ауылдық мектептердегі оқушылардың шығармашылық, дарындылық, танымдық  қасиеттерін жергілікті жер ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптастыру туралы педагогикадағы түбегейлі мәселелер қарастырылады.

Жалпы, салауатты өмір салты мәселелерін педагогика заңдылықтарымен  ұштастыра отырып зерттеген О.С. Салимбаев, Ж. Оңалбек, Б.А. Тойлыбаев, Ж. Асанов, Л.Байсерке, Ш. Арзымбетова, Б. Мұхмеджанов т.б.  еңбектерін тұлғаны қалыптастырудағы оқу мен тәрбиенің сабақтастығы мәселесі тұрғысында атап өтуге болады.

Дегенмен де қазіргі  кезде ауылды жерлердегі мәдениетті өмір сүру деңгейін көтеру мәселесі тұрған кезде, сол ауыл мектептері оқушыларының салауаттылығы, салауатты өмір сүру дағдысын  қалыптастыру туралы ғылыми негізделген проблема кеңінен қарастырылмаған.

Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарына жасалған талдау авторлардың өздерінің зерттеу  объектілеріне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылып жүргенін, ал талдап отырған зерттеу жұмысының проблемасы бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдей түсті.

Демек, оқушылардың салауатты  өмір сүру дағдысын қалыптастыруға бұл  мәселені  мектептегі инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асыру қажеттілігі мен арнайы теориялық және әдістемелік зерттеулердің жеткіліксіздігі арасында қарама- қайшылықтардың шешімін іздестіру,зерттеу проблеманы айқындауға, тақырыпты «Баланың салауатты өмір сүру қалпын қарастыру жолдары» деп таңдадым.

Зерттеудің  мақсаты: оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыруда теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеуден және эксперименттік тексеруден тұрады.

Зерттеудің  нысаны:оқушылардының ұйымдастыру  үдерісі.

Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.

Зерттеудің  міндеттері:

  1. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;
  3. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын тиімді түрде қалыптастырудың инновациялық технологиялар жүйесін ұсыну;
  4.        Оқушылардының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудағы инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін экспериментті түрде тексеру.

Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негіздері: «өмір сүру дағдысы» түсінігінің мәнін ашып көрсететін философиялық тұжырымдамалар, сондай-ақ, денсаулық пен салауатты өмір сүру дағдысы мәселерін философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық аспектілерде қарастыратын ғалымдардың тұжырымдамалық ой-пікірлері, көзқарастары мен теорияларының топтамалары,  жеке тұлғаның жан-жақты  дамуы туралы ілім.

Зерттеудің  әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, социологиялық әдебиеттер мен ресми құжаттарды талдау және зерттеу, байқау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, мектептегі,құжаттардың зерттеу нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің  көздері: Салауатты өмір сүру дағдысы, денсаулық мәселелері бойынша философтардың, медиктердің, психологтардың, педагогтардың еңбектері, нормативтік құжаттар («Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан -2030 стратегиялық дамуының тұжырымдамасы», «Білім» мемлекеттік бағдарламасы) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құжаттары.

Зерттеудің  базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Қостанай облысы Әуликекөл селосының №2 Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ мектепте іске асырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейттестілігі, мақсаты, , пәні, , міндеттері, әдістемелік негіздері,қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымшада сыныптан тыс жұмыстардың үлгі жоспары, педагогикалық нұсқаулары жасалып, ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-тарау.Салауатты  өмір салтын қалыптастырудың  тәрбиедегі рөлі

   1.1.Салауатты  өмір салты туралы түсінік

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы, түрлі әлеуметтік ортадағы және қала мен ауылды жерлердегі адамдардың да өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Бұл мәселелер туралы түрлі баспа беттерінде, ғылыми жарияланымдар мен статистикалық мәліметтерде тіркелген көптеген фактілер белгілі.

Өскелең ұрпақтың бүгінгі  таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының  денсаулығы мен жарқын болашақтағы  олардың еңбек потенциалын дамытуда басты роль атқарады. Демек, балалардың және мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту  және денсаулығын нығайтуға байланысты біршама құжаттар қабылданды. Атап айтсақ, «Қазақстанның-2030 жылға дейінгі  даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданған.

           Салауатты өмір салты дегеніміз  — адам денсаулығы, дене тәрбиесі, спорт, таза ауада дұрыс дем  алу, яғни салиқалы өмір сүру. Елбасы биылғы халыққа арнаған  Жолдауында бұл мәселенің өмірлік  маңызын тағы да көрсетіп берді. Салауатты өмір салтын насихаттап, дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткіден, темекіден, алкогольды ішімдіктерден аулақ болуға тиіспіз.

Денсаулықты оп-оңай-ақ жоғалтуға  болады, ал оны қайта түзету өте  қиынға соғады. Аурудың алдын алмау — үлкен ағаттық, ал «ыңқыл-сыңқыл» деп, елемеу тіпті қауіпті. Сау болғанның өзінде, әр адам өзін-өзі шынықтырып отыруы қажет. Қарапайым ғана тіршілік қағидаларын сақтаса, ұзақ өмір сүруге болады. Мәселен, күнде ертеңгілік 30-40 минуттай ертерек тұрып, ең болмағанда 500-600 метр жер жүгіріп, жаттығу гимнастикаларын жасауға, суық сумен шайынуға болады ғой. Бірақ бұған көпшілігіміз мән бермейміз.

Денсаулықты сақтаудың  екінші бір кепілі — дұрыс тамақтану. «Ас — адамның арқауы» деп  халық тегін айтпаған. Барынша дұрыс тамақтанғанда ғана денсаулықты сақтауға болады. Тоя тамақтану мақсат емес, асты мөлшермен ішіп, көкөніс өнімдерін үнемі пайдаланып отырған дұрыс. Көкөніс өнімдері түрлі дәрумендерге бай. Тамақты қанағат қылып ішкен жөн. Әсіресе, кешкі тамақты. Шамадан артық ішілген тамақты ағза бойға сіңіре алмайды. Осыдан келіп зат алмасу процесі бұзылады. Қазіргі кездегі бас көтерген аурулардың бірі —семіздік. Семіз адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғанда 10-15 жылдай аз өмір сүретіні дәлелденген.

Өскелең жас ұрпақты  теріс әдеттерден сақтандыру бүгінде  өзекті мәселеге айналып отыр. Есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиянды әдеттерден тыйыла алмай жүрген жастарды мұндай жат қылықтардан арылтып, жаңа жолға  салу біздің борышымыз. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз.

Ұл-қыз тәрбиелеп отырған  ата-ана, әрине, ұрпағым жаман болсын демейді. Өсіреді, өндіреді, оқытады, жақсы  жолға салады. Дегенмен, соны түсінбей, өсе келе, өз қолы өз аузына жетті дегенде, арақ пен есірткінің құлы болып жүргендер де аз емес. Мұндай жастар ата-анасының тапқан-таянғанын шашып қана қоймайды, көп кешікпей өздері де айығуы қиын дертке ұшырайды.

Статистикалық материалдар  мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе, ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркениеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді. Экологиялық жағдайдың нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкоголь мен нашақорлыққа әуестенуі т.б.

Қазіргі кездегі  қауіп  тудырып  отырған  нәрсе   ертеректе  тек  егде  жастағы адамдарда  кездесетін аурулардың жастар, балалар арасында болуының жасаруы. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер тұлғаның денсаулық күйінде түрлі патологияның бар екенін көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда − жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда − тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйке аурулары байқалады. 

Информация о работе Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары