Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің нысаны:оқушылардының ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;

Оглавление

Кіріспе
I-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиедегі рөлі
1.1.Салауатты өмір салты туралы түсінік..................................................3б
1.2.Салауатты өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б
1.3.Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б
II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б
2.3.Тәжірибелік-эксперимент жұмысына сипаттама................................27б
Қорытынды..........................................................................................................29б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қымбат.doc

— 258.00 Кб (Скачать)

Дене тәрбиесі бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:

-дене тәрбиесі сабақтарына  міндетті түрде қатысу;

-өзінің денесінің  даярлығын арттыру және спорттық  шеберлігін жетілдіру;

-жыл ішінде бағдарламалық  материалдың негізгі бөлімдері  жөніндегі бақылау көрсеткіштерін  орындау;

- мектепте спорттық-бұқаралық  бағытта өткізілетін іс-шараларға  және 

денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;

-дене тәрбиесі пәнінің  мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана  отырып, дене жаттығуларын өз  бетінше жасау;

-дене тәрбиесі пәніне  қосымша бағдарламаның теориялық  бөлімінің талаптарын білу және  тәжірибе жүзінде қолдану;

- әрбір оқу жылында  бітіретін сыныптарда дене мәдениеті  бойынша білімін

анықтау үшін сынақ тапсыру;

- әрбір оқушының жеке  спорт киімінің болуы.

Дене тәрбиесі қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру, қажетті міндеттер үш тобын құрайды. Олар - сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.

Оқушылардың дене тәртібі бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене тәртібін қалыптастыруға біршама  ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері  оқушыларының дене тәртібін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене тәртібінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене тәртібін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  жүйесі мен дене тәртібі және спортты дамытуға орай  білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене тәртібін қалыптастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, отанды қорғауға дайындау болып табылады.

 

 

II-тарау.Оқушылар  арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.

   2.1.Психологиялық  саулық пен тән саулығы туралы  кейбір мәліметтер.                  

    Денсаулық-  физикалық, психологиялық  және  әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы  аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

    «Салауатты  өмір салты»деген ұғым тек  үстіртін көз қарасқа ғана  жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең,  барынша еңбектенсең, уақтында  дем алсаң болғаны дегендей  ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген  ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

    Ауруды  жұбату, оның жүрегінде сауығамын  деген сенім тудырады,  кейде  бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

    Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

      Жастық шақ - өзгерістер белеңі, қоғамдық өмірдің маңызды орындарына ие болу кезеңі. Дүниеге есігін ашқаннан ата – анасының жанында еркін өскен жас буын уақыт өте келе достарына тәуелді болып, олардың ыңғайына қарай бейімденеді. Бұл кезеңде жастардың тұлғалық ерекшеліктері дами бастайды. Осыған байланысты туындаған қиындықтар әлсіздік жаттану және қарсы келу секілді жағымсыз әрекеттерді тудырады.

      Ата – анасынан тәуелсіз жастардың  әрекеттері достарының арасында  қалыптасады. Достарынан арасынан  ажырау – жас буын үшін ең  қиын жағдайлардың бірі. Темекі, ішімдік, есірткі тәрізді зиянды заттарды қолдану әдеті осындай тәртіпсіз жекткіншектерден басталатыны баршамызға аян.

      Адамның тән дүниесімен қатар  жан дүниесі де мол, еш ақаусыз  болуы керек, өйткені, олар  қатар жүреді. «Тәні саудың - жаны  сау» деп халқымыз бекер айтпаған болар. Осыны ұмытпағанымыз жөн.

       Бүкіл бір халықтың ұстазы  Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде (45 сөзі) жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері «толық  адам», дені сау адамның іс-әрекет  нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне  айналады деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін дұрыстай отырып, баланың денсаулығы мәселесін «Дене тәрбиесі» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады.

      Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттер, әдепсіз қылықтан арылу, ауырып ем іздемей тұрып, салауатты ғұмыр кешуге жол табу туралы мәселе ерте кезден-ақ зерделенген. Адамның рухани ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің саулығы, тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихи тамырын тереңнен алады. Халқымыз жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлiп, кейiнгiге талай ұлағатты сөздерiн, iс-тәжiрибесiн қалдырған.                          Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және салауаттылық деңгейі жоғары  ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген.

      Қазақ халқы жастарды отбасында  кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа,  инабаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеудi бiрiншi мiндет етiп қойған. Ер балаларға  ауылдың үлкендерiне қос қолдап  сәлем берудi, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол берудi, олардың алдын кесiп өтпеудi уағыздаған. Жастардың жадына «сiз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгiсi – иiлiп сәлем бергенi», «Кiшiпейiлдiктен кiшiреймейсiң», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкiмдi» деген қағидаларды үнемi уағыздаған.

      Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында  екенiн жақсы түсiнген ата-бабамыз  жас жеткiншектердi өнерге, еңбекке  шақыра отырып, рухани-адамгершiлiк  iзгi қасиеттерге баулу мәселесiн  алғашқы орынға қойған.

       Әдептiлiк, сыпайылық, кiшiпейiлдiлiк, мейiрiмдiлiк, иманжүздiлiк қасиеттердiң бәрi ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу – ата-ананы, ұстазды, үлкендi сыйламауды халқымыз кешiрiлмес үш күнә деп санаған. Қазiргi мейiрiмсiздiк, қатыгездiк, дөрекiлiк етек алып отырған заманда жасанды ар-ождан тазалығын сақтауға, рухани-адамгершiлiкке, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлу қажет болып отыр.

      Рухани-адамгершілік пен салауаттылыққа  баулитын халқымыздың сан ғасырлық  тәлім-тәжірибесін, мұраларын болашақ жастар тәрбиесіне пайдаланудың берері мол екендігін халқымыздың зиялы азаматтары, ұлы ғұламалары да атап көрсеткен.

      Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік тәлім-тәрбие  туралы мәңгі өлмес құнды ұлттық  мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн Сина еңбектері, Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш «Орхон-Енисей жазуларынан» бастап, Ержүрек қолбасшы Күлтегін, Білге Қаған, мемлекет қайраткері Тоныкөк, Омар Хаям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки, Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғұлама-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек. Тауасарұлы Қазыбек бектің «Түп тұқианнан өзіме шейін» атты еңбегі қазақ тарихының асыл мұралары екені айқын.

     Адамның  қоғамдағы орны, маңызы, тәлім-тәрбиесі, жан мен тән, өмірдің қыр-сыры  туралы толғаныстар, ақыл-кеңес,  даналық өсиеттер жөнінде толғаған  ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз,  Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат, Махамбет.

     Қазақ  халқын әлемге танытқан, Шоқан,  Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ  тәрбиесінде алар орны ерекше.

     XX ғасыр басында қазақ халқының  бiлiм беру саласында үлкен  бетбұрыстар болды. Ұлттық негiздегi төлтума оқулықтар, рухани-адамгершiлiк  тәрбиесi мәселесiне арналған ғылыми еңбектер жарық көрдi. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгiнгi оқушылардың рухани-адамгершiлiк тәрбиесiне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, X.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ғ.Қараш және т.б. еңбектері – ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.

     «Ата  – балаға сыншы» дейді қазақ  мақалы. Әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, қандай іске, өнерге бейімделгенін, ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қабілеттерін дамытуға күш салған. Баласы ойлы, сезімтал болса, ел адамы, қадірлісі болуды көздеп және игі жақсыларға теңеген. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынастарын түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып, ұрпағының саулығы мен имандылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруды өзінің парызы санаған.

      Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтқанда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік және табиғаттың дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа, саулыққа, салауаттылыққа тәрбиелей  отырып,  жаны  мен  тәнінің  бірдей  жетілуін  дәстүрге айналдырған.

     Қазақ  ұлтының болашақ ұрпағының санасына  туған халқына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, тарихын сезіне білетін жылы жүрек, тоқтамды ақыл мен имандылық өте қажет. Бұл айтылып отырған құндылықтар тек қана дені сау жаны мен тәні таза, адал иманды, салауатты тұлға бойынан табылатын қасиеттер. Сондықтан, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жету жолындағы өмір тіршілік әрекеттеріне тоқталып көрелік.

      Дені сау салауатты, рухани  бай, ақылды ұрпақтың дүниеге  келуін армандаған қазақ ата-бабаларымыздың асыл мұраларына көңіл аударсақ, «тәрбие тал бесіктен басталады» – деп бекер айтпаған. «Қазақ!.. Балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе оған ауру үйір болмайды» – деген халық даналығы. Сол тазалық тал бесіктен басталмай ма?

    Қазақтың  әдет-ғұрыптарының бірі – тыйым  сөздер. Тыйым сөздердің әлеуметтік  қызметі адамның шаруаға ұқыптылығын,  мақсаттығын, барды қадірлей білу, өзін-өзі тәрбиелеуі, айналаға қырағы, қамқор бола білуін арттыруға бағытталған деуге болады. Қадым замандардан бастау алатын мұндай тыйым сөздердің исін қазақтың бар ұрпағы бесік жырымен естіп, зердесіне құйып отырған, талқылауға жатпайтын, сөзсіз орындалуы тиіс ақиқат ретінде қабылдаған. Үлкенді сыйлап айтқанын екі етпеген бала – бабаларымыз байыбына бара бермесе де, осы нақылдарды ылғи есіне алып, жаман әдеттерден бойын таза сақтаған.

     Қазақтың  ұлттық ойындары – адам ағзасы  үшін өте маңызды, теңдесі жоқ  сауықтыру, денсаулықты нығайту,  салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының бірі. Қазақтың ұлттық ойындары – ептілікті, өжеттілікті, ширақтылықты, шапшаңдылықты, тапқырлықты және т.б. қасиеттерді талап етеді.

   «Асау  үйрету», «Мойын арқан», «Алтыбақан»,  «Қазақша күрес» – қазақ халқының  ежелгі спорт ойындары адам денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке керек кезінде тез ойланып, ұтымды амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Информация о работе Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары