Шағын кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:05, курсовая работа

Краткое описание

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................3
I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі..................................5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы.......................6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері............................................8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ..................................................14
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы...................14
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты...........................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24

Файлы: 1 файл

шагын бизнес курсовой.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

          Курстық жұмысымды  қорыта келгенде, жұмыс барысында  кәсіпкерлікті аймақтық басқару  үшін аймақтық шағын кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, кәсіпкерлік-инкубаторларын құру, кәсіпкерлік-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.

    Жаңа  кәсіпорын құру процесі — бұл  кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп  жауапты және еңбек сіңіруді керек  қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын  таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.

    Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс  барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді.    Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол кәсіпкерліктің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.

    Қорыта  келгенде, шағын кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін кәсіпкерлікмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың  қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.  
 
 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Шеденов Ө.Қ., Жалпы экономикалық теория. - Алматы 2001.
  1. Бажиева, Манабаева. ҚР-да шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы: ҚазҰУ хабаршысы – 2006, №4, 58-63б. 
  1. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы: Заң – 2006. №5, 4-20б.
  2. Қазақстан Республикасы президентінің 1997 ж. 13-наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен белсендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығы: Казахстанская правда. – 1997ж., 13-наурыз, 2-3б.
  3. Журавлёва М.Р., Малое предпринимательство: Высшая школа Казахстана – 2004. №4, с.314-318.
  4. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері:  Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  5. Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – Алматы: «Білім», 2002. – 304б.
  6. Мейірбеков Б.Қ.  Шағын кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті қолдау жолдары мен дамыту әдістері (Қазақстан Республикасының мысалында)  Алматы – 2008ж.
  7. Манақбай Т.   Кәсіпкерлік қаржылық қолдаумен дамиды:  Егемен Қазақстан, – 2006-06-02.
  8. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесін құру туралы: Жарлық. Ресми газет, 2005. - 24 қыркүйек.   
  9. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына жолдауы.
 
 
 
 

     

Информация о работе Шағын кәсіпкерлік