Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:40, курсовая работа
Дүниежүзілік мәдениет пен өнер тарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең — "Қайта өркендеу дәуірі" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады.
Кіріспе
Дүниежүзілік мәдениет пен өнер
Енді Батыс
Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады.
Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым
Қайта өркендеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Мәдениетпен қатар XVI ғасырда адамзат баласының сауда - саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы ғылымды бар жағынан дамыта түсті.
Қайта өркендеу дәуірінің белгілі ғалымдары, ойшылдары – Николай Кузанский, Леонардо да Винчи, Николай Коперник, Джордана Бруно, Галилео Галилей және т.б. ғалымдар математика, астрономия, механика, география, жаратылыстану ғылымдарын жан-жақты дамытуға бар күшін салды.
Қайта Өркендеу дәуірі - XIV-ХVII ғасырлар аралығы, Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі болып табылады. Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда, кейіннен Еуропаның басқа да аймақтарына таралды. Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты.
Саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылымға барынша ден қоюға жол ашты.
XVI ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттілігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады.
Қайта өркендеу дәуіріндегі ғылымның бір тобы – университеттер мен мектептер, ал екіншісі – суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы болды.
Университеттер мен
Қайта өрлеу дәуіріңде математика, астрономия, механика, география, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.
Осы дәуірдің ойшылдары, ғалымдары ғылым мен өнердің бірнеше саласын бойына жинаған тұлғалар ретінде әлемге танымал болды. Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған тұлғаның бірі – Леонардо да Винчи болды.
Қайта өркендеу дәуірінде теңіз саласының дамуынан, астрономия жақсы дамыды. Ғылымда әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі тереңінен зерттелді. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылаған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Сонымен қатар табиғи заңдарды танып білуде көптеген теориялар тұжырымдалды.
Ғалымдар ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға деген талпыныс еді. Коперниктің революциялық жаңалықтарын Джордана Бруно жалғастырды. Астрономия саласында ғылыми ізденістерде жаңалықтар ашуда Галилео Галилейдің ролі ерекше.
Қайта өркендеу дәуіріндегі ғылымның дамуы ғылымның прогрессивті дамуында үлкен із қалдырды.
Қайта өркендеу дәуіріндегі ғылымның дамуының көрнекті өкілдерінің бірі - неміс ойшылы Николай Кузанский болды. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады деп математиканың маңыздылығын көрсетті.
«Ең басты ғылым математика» - деп айтқан тұлғалардың қатарында – Леонардо да Винчи болды. Леонардо да Винчи — италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам», италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі. Өзінің бойындағы өнертапқыш қасиетіне байланысты оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Оның тірі кезінде ел мойындаған туындысы — пистолетке арналған (кілтпен қосылатын) дөңгелек құлып болды. Ол ауаны сығып, құбырлырмен жүргізетін құрал жасаған. Бұны пештерді жағудан бастап бөлмелерді желдетуге дейін қолданады. Су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады. Леонардо да Винчидың қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім. Адамды жүзіп үйретуге керекті маңызды дүние — құтқару дөңгелегі. Леонардоның бұл тапқаны қазіргі кезге дейін еш өзгеріссіз қалды деуге болады. Жүзу қарқынын үдету үшін ғалым өзіндік қолғап ойластырады. Сену қиын, бірақ Леонардо қазу үшін емес, қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін экскаватор ойлап табады. Ғалымдардың пайымдауынша, экскаваторлар Арно өзенінің арнасын өзгерту жобасына керек болған. Міне қаншама жаңалықтар, осының бәрі Қайта өркендеу дәуіріндегі ғылымды ғана емес, сонымен қатар техниканы биік деңгейге көтерді.
Қайта өркендеу дәуірінде ғылымда математика мен қатар астрономия саласында жаңалықтар ашылды. Ғылымда әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі тереңінен зерттелді. Әлемнің геоцентрлік жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйкес өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегіндегі планеталардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін математикалық тұжырымдаған Коперник болды.
Николай Коперник – дүниенің гелиоцентрлік
жүйесін жасаушы поляк астрономы. Италия мемлекетінде астрономия
Коперниктің осындай ғылыми жаңалықтарын италиялық философ, ақын, астроном – Джордано Бруно жалғастырды. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрономиялық жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олардың қатарында - күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлерді айтты. Бруно Әлем туралы ол - Құдай, ол шексіз, дүниенің ортасы Күн емес, Күндер көп, олар планеталармен бірге өз орбиталарымен жүріп отырады деді.
Қайта өркендеу дәуірінің белгілі тұлғасы – Галилео Галилей болды. Галилео Галилей — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Галилей өзінің алғашқы телескопын 1609 жылы құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің өз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей өзінің ізденістерін өмір бойы жалғастырып, ғылымның жан-жақты дамуында үлкен із қалдырды.
Қорытынды
Қайта өркендеу дәуірі – мәдениет пен өнердің, ғылымның дамуында маңызды кезең болды.
Қайта өркендеу дәуірінің өкілдері білімді, шын мәнінде бойындағы ерекше қабілетерімен ерекшеленді. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Бұл кезеңде ғылымның дамуы, әсіресе астрономия, жаратылыстану бойынша ашылған жаңалықтар ғылымның прогрессивті дамуына негіз болды. Ұлы ғұламалардың дүниенің гелиоцентрлік жүйесі, ай жердің серігі, күннің бетіндегі дақтар, күннің өз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы, әлемдегі шексіз дүниенің растығы туралы пайымдаулар астрономия ғылымын байыта, таныта түсті. Галилейдің құрастырған телескобы, Леонардо да Винчидің сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап табуы ғылыми-техникалық революция болды.
Қайта
өркендеу дәуіріндегі ғылымның
дамуы ғылымның әрі-қарай
Пайдаланған әдебиеттер тізімі