Шағын кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 08:38, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды...........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44

Файлы: 1 файл

Kasipkerlik.doc

— 741.00 Кб (Скачать)

                  Жоспар 
 

Кіріспе....................................................................................................3

1.Кәсіпкерлікті  дамытудың теориялық негіздері.................................6

1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6

1.2. Шағын кәсіпкерліктің  нарықтық экономикадағы маңызы мен оның   ерекшеліктері.........................................................................................8

1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13

1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15

2.Қазақстан  Республикасында шағын бизнестің  дамуы..........................19

2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19

2.2. Қазақстан  Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25

2.3. Отандық шағын  кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз  ету көздері..................................................................................................27

3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.

Қорытынды...........................................................................................40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44 

                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

       Соңғы жылдары Қазақстанда өз  алдына жекелік, белсенділіктікті  білдіре отырып өз мүлкімен  жауапкершілікті артатын пайда  алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің  даму қарқыны күшеюде.

       Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын  тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың  басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше  сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.

        Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен  молығуына  және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды.  Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.     

      Қарқынды  даму үстіндегі ел экономикасы Батыс  пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде «Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін «Шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту» қажеттігін айтқан болатын.

      Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау. 

        Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
  • шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.  

       Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       

1-тарау. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпкерлік  түсінігі және  оның мәні.

 Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік – экономикалық ғылымның назарын аударуда. Негізінен,  кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық қызметті айыра білу керек. Біріншісі, адам әлеуметтік – экономикалық тұрпат ретінде сипатталады, ал өсімдік теру, аң аулау, мал шаруашылығы т.б. экономикалық қызмет түріне тиесілі.

Кәсіпкерліктің  қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:

- Азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы;

- Жеке тұлғалық  идеялардың қалыптасуы;

- Ерікті  түрде экономикалық таңдау мен  бостандықпен байланысты меншіктік  қызметпен шұғылдануға құқықтың  қалыптасуы;

- Меншіктің  мемлекеттік биліктен сәйкесінше  экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;

- Өмірдің  экономикалық, әлеуметтік және саяси  аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі;

- Нарықтық  экономиканың қалыптасуы және  т.б.

Кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуының ел экономикасына әсері төмендегі сызбадағыдай ықпал береді. 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпкерлік әр түрлі елдерде  әр түрлі адамдармен 800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік терминінің бірдей түсінігінің болмауынан экономистер, социологтар, философтар мен құқықтанушылар оған түрлі анықтама беруде.

Сол анықтамалардың бірі: Кәсіпкерлік  - азаматтардың, жеке табыс пен пайда игеру мақсатында өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі. Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған  кез келген шаруашылық қызметпен айналысады: саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Кәсіпорын – ол өзіндік өндіріске қабілеті бар және де шаруашылықтық-өндірістік міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік оқшауланған шаруашылықтық бірлік. 
 

1.2.Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.

      Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Шағын бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;
  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;
  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді. 

         Жаңа  жұмыс орындарын  құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –нда 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

         Жаңа  тауарлар мен қызметтерді  ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген,  барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.  

   Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс  орындары мен тауарларды даярлап  ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

      Кіші  бизнес дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім жарты жылдан бір жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы  кіші бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

     Сондықтан, Европалық Қауымдастықтың экономика  жеке секторының 15,7 миллион кәсіпорны- кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Шағын бизнес кәсіпорындары қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, жұмыс орнының 70%-ын қамтамасыз етті (62млн). Статистика бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады, 46 миллион адам жалдамалы жұмысқа тұрды.

     Көптеген  мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт  бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі  кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.                            Кесте-1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

       Критерилер    Ірі бизнес    Шағын бизнес
   1    Өндіріс және қызмет көрсету саласы    Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика    Өндіріс,  сауда, қызмет көрсету  саласын қамтамасыз етуші
   2    Шығарылатын өнім сипаты бойынша    Жалпылай  өндіріс    Ұсақ  немесе жекелеген  өндіріс
   3    Жаңа  енгізілімдерге ыңғайлылығы    Инновациялық  ашылуларға өте ыңғайлы емес    Іріге қарағанда 24 есеге  жаңа енгізілімдер көп
   4    Стратегияның  өзгеруі    6-10 жыл    0,5-1 жыл
   5    Қызмет  ету аясы    Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер    Ірі, сонымен қатар  шағын қалаларда
   6    Бәсекелік ортаны құруы    Нарықтың  ауқымды үлесін қамту есебіне  бәсекенің шектелуі    Бәсекелік ортаның күшейтеді
   7    К/о  тіркеу және қалыптастыру    Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы    Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік  талаптар
   8    Жаңа  жұмыс орындарын құру    Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде  төмен    Жұмыс орындар өте тез  қарқында құрылады
   9    Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі    Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды    Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде  іске асады
   10    Басқару құрылымы    Аумақты, айбынды басқару    Басқару аппаратындағы минималды  жұмыскерлер саны, икемділігі
   11    Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра  білу    Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды    Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді

Информация о работе Шағын кәсіпкерлік