Шағын кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:05, курсовая работа

Краткое описание

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................3
I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі..................................5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы.......................6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері............................................8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ..................................................14
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы...................14
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты...........................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24

Файлы: 1 файл

шагын бизнес курсовой.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

    Шағын кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26 пайыз. Шағын кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ құрылды.

    2000 жылдың басынан бері жұмыс  істейтін өңдірістерді дамыту  бойынша   1722 жобаны  қаржыландыру үшін жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден 5372 6 млн теңге сомасында несие қаражаты бөлінді, ол 103,5% құрайды, нәтижеде қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды.

    Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең белсенді түрде  берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды. Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.

    Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікгі деңгейде дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.

    Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден,                   бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.

    Шағын кәсіпкерлікті басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір  өкілеттерге ие, арнайы басқару органын  құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға Қазақстан Республикасының  шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде  шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады. 
 
 
 

    Республикалық мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының құрылымы 

          
      Қазақстан Республикасындағы мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы
 
 
         Шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық қосалқы бағдарламасы           
    Қамтамасыз етуші қосалқы бағдарламалар
 
         Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Солтүстік Қазақстандық бағдарламасы            Нормативті құқықты қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары
 
         Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Батыс Қазақстандық қосалқы бағдарламасы            Қаржымен қамтамасыз ететін қосалқы  бағдарламасы

        

         Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Шығыс Қазақстандық қосалқы бағдарламалары            Материялдық –техникалық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары
 
         Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Оңтүстік Қазақстандық қосалқы бағдарламалары            Кадрмен қамтамасыз ететін қосалқы  бағдарламалары
 
                     Ақпаратпен қамтамасыз ететін қосалқы  бағдарламалары
 

    Мақсатты  кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

    1.Бағдарламаның  концепциясын қалыптастыру және  проблеманы бағдарлама бойынша  шешуге негіздеу.

    2.Бағдарламаның  варианттарын жете зерттеу, оларды  бағалау және қолайлы вариантты таңдау.

    3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

    Бағдарламаны  қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын  кәсіпкерлік жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

    Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын кәсіпкерлікті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

    Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын кұру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту,  елді экономикалық   дағдарыстан   шығаратын   маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі — мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылайтындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты - аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудын орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру;  аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

    Тереңірек негіздеу үшін тек ресурстарға деген  қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды  іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне қажеттіліктерді белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік  қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес каражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің., шағын кәсіпкерлікке тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.

    Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың  қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:

    1.Кәсіпкерлердің  әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере отырып шағын  және орта кәсіпкерлікті сегменттеу  арқылы мемлекеттік қолдаудың  деңгейін бөлу, ол үшін алдымен  кәсіпорындарды микро, шағын және  орта топтарға заңды түрде бөліп алу.

    2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды  тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.

    3.Шағын  және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде қолдануды кеңейту болып табылады.

    4.Шағын  және орта кәсіпкерлікті қолдау  және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында  кәсіпкерліктің  даму  болашағын   анықтай   отырып  кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл бөлінеді.

    5.Шағын  және орта кәсіпкерліктің қабылдаған  шешімдеріне байланысты барлық  орталық және жергілікті атқарушы  органдардың ұсынуға міндетті  болжамдарында экономикалық реттеудің  әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады. Салалық, аймақтық және халықаралық саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың негізгі шарты шағын және орта кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып табылады.

    6.Экономикалық  реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасының Президентінің және  шағын  және орта кәсіпкерліктің  Комиссиясының, Қазақстан Республикасының өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы қажет[10].

    Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды.

    Қазақстан Республикасының 20-бабында шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:

    1.Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде  жүзеге асырылады және ол шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

    2.Шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік  салалық (секторальдық) және өңірлік басқарламалары  өндірісті бәсекеге қабілетті  өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ  инновациялық білім беру қызметі қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.

    3.Шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан  Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

    4.Қазақстан  Республикасының Үкіметі шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.

    5.Мемлекет  экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.

    6.Шағын  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:

  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,
  • шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жаніндегі шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;
  • жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;
  • ірі өнеркәсіп ұйымдарының кәсіпкерліктің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ыңталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді[11].

Информация о работе Шағын кәсіпкерлік