Фирманың кірісі мен шығыны

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсат - фирманың шығындары және олардың түрлерін, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынадай міндеттерді алға қоямыз:
- Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесін қарастыру;
- Фирма ішілік жоспарлауды талдау;
- Фирма табысына зерттеу жасау;
- Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы рөлін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 ФИРМАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі..........................................................................................................5
1.2 Фирма - кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі......................................10
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы................................................................................................................12
2 ФИРМАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ФИРМАНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН КІРІСТЕРІ
2.1 Фирма ішілік жоспарлау.................................................................................14
2.2 Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту....................................................................................................................20
2.3 Шаруашылық субъектісінің кірістері............................................................25
3 ФИРМАНЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................39

Файлы: 1 файл

Фирма шыгынымен кириси-курс.docx

— 90.89 Кб (Скачать)

      Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының  әр алуандылығы сауданың дамуы  патриархалдық-феодалдық шаруашылық  ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .

      Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының  алдында жоғарыда көрсетілген  тарихи әділетсіздіктерді жою  міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.

      Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес.

      Нарықтық экономиканың субъектілері  және инфрақұрылымы 

      Нарықтық экономиканың негізгі  шаруашылық субъектілеріне үй  шаруашылығын, фирма және үкіметті  жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен  ресурс нарығында, қаржы мен  тұтыну нарығында өзара іс-әрекет  жасап, шығыс пен кірісті айналым  жасайды. Мұның өзі кестелік  түрде көрсетілген. 

      Үй шаруашылығы материалдық (жер  мен капитал) және адами (еңбек  пен кәсіпшілік) ресурстарды өткере (өткізу)отырып, оларды фирмаларға  нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары  тауар өндірісіне қажетті сұраным  ресурстарын талап етеді.Сұраным  мен ұсыныстың өзара әрекеті  әрбір ресурс түріне нарықтық  бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы  тұтыным нарығында тауарға сұраным  жасай отырып, ресурстарды сатудан  алынған табысты қажетті өнім  мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере  отырып, ақшалай табыс алады. 

      Үй шаруашылығы тапқан табыстың  барлығын өнім сатып алуға  жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды(қор)  және ресурстар мен салықты  төлеуге жұмсайды.

      Фирмалар өндіріс ресурстарын  біріктіреді және қозғалысқа  келтіріп, өнім шығарады, қызмет  көрсетеді және осы тауарды  ұсынады. Оларды нарықта сату  фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар  да алынған табысты (өткруден  түскен табыс) ресурстарды төлеуге  толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.

      Табыс пен шығындардың айналуы  үкіметке кәдімгідей әсер етеді  және ол елді мемлекеттің басқару  қызметін жүзеге асырып, экономиканы  әр деңгейде – жалпы мемлекеттен  аймаққа дейін – реттеп отырады. 

      Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация,  субсидия береді және кәсіпкерлерден  қажетті ресурстарды сатып алады. 

      Үкімет жұмысымен қамтамасыз  ету саясатын жүргізді және  инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің  қозғалысы мен құрылымына әсер  етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан  түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып,  үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс  азарға көмек ақы, жұмыссыздарға  көмек ақы) төлейді. Құқықтық  негізде қамтамасыз етіп, экономиканы  тиімді дамыт үшін мемлекеттік  қызмет көрсетуді ұсынады. Демек,  табыс пен шығындардың шеңбер  айналымы үнемі қозғалыста болып  теңгеріледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығымен табысы  көрсетіледі. 

      Нарықтық инфрақұрылым

      Аукциондар Консультациялық –  делдалдық фирмалар 

      Биржа мен брокерлік конторлар  Бизнестің коммерциялық орталықтары 

      Банктер Сақтандыру және аудиторлық  компаниялар 

      Коммерциялық орталықтар және  компаниялар Жарнамалық – ақпараттық  қызметтер 

      Мемлекеттік резервтік және сақтандыру  қорлары Складтық, элеваторлық, тоңазтқыштық  және транспорттық шаруашылық 

      Баға мен стандартты бақылаушы  мемлекеттік инспекция Сауда  үйлері 

      Мемлекеттік салық инспекциясы  Маркетингтік зерттеу орталықтары 

      Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы  Көтерме сауда орталықтары 

      Құқық қорғау органдары Кадрларды  дайындау орталықтары 

      Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер 

      Кеден қызметтері Өндірушілердің  әртүрлі ассоциациясы 

      Тұтынушыны қорғайтын қоғам Және  басқалар 

      Нарықтық экономиканың қажетті  элементтерінің бңрң болып инфрақұрылым  жатады.

      Инфрақұрылым – бұл институттар(ұйымдар,  фирма, мекемелер) жиынтығынан  тұрады және оның мән-мағынасынарықтың  дамуы мен қызмет жасауы үшін  қалыпты жағдай қалыптастырып  өызмет көрсетеді. 

      Нарықтың инфрақұрылымының элементіне  – тауарлық, қор биржасы, еңбек  биржасы, делдалдық және маркетингтік  қызметтер, ақпараттық жүйелер,  коммерциялық банктер, көтерме  сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер  және т.б. жатады.

      Нарықтық экономиканың бой көтеруі  нарықтық инфрақұрылым негізгі  элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік  жасайды. Құрылған объектілер  қалыпты экономикалық рыноктық  қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:

     - топтасқан тауарларды көтерме  сауда жасау үшін сауда биржасы; 

     - Бағалы қағаздарды саудалау  үшін қор биржасы; 

     - өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну  заттарын сату үшін коммерциялық  көтерме сауда кәсіпорындары; 

     - акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер  №қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;

     - коммерциялық банктердің коммерциялық  несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын  пай жарнасынан немесе акцианерлік  негізде құрылуы керек; 

     - коммерциялық ақпараттық орталықтар  және кәсіпорындағы маркетингтік  бөлімдер. Нарық коньюктурасы мен  сұранымды зерттеу орталықтары; 

     - жарнамалық сипаттағы қызмет  үшін құрылтайшылар; 

     - сервистік, ремонттық, консультациялық,  банктік және құқықтық қызметтер  жүйесі жатады.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік  және саяси  жедел  жаңару жолында» Жолдауында: «Биыл  үш жылдық  аграрлық  азық – түлік  бағдарламасын  іске асыру  аяқталады. Біз  еліміздегі  аграрлық  бизнесті  мемлекеттік  реттеу мен қолдау жүйесін  негізінен  қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін  дамытуға  республикалық бюджеттен  57,9 млрд. теңгеден  аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сан».

    • Әрбір    кәсіпорынның    жиынтық    көрсеткіші,    пайда түсімі   болып   табылады,   яғни   өндірістің   және   айналымның   қаржы   қорытындысын   білдіретін   кәсіпорын    жұмысының   нәтижелі   көрсеткіші.    Сонымен пайда дегеніміз  —  өнім    сатудан    және    қызмет көрсетуден түскен ақшалай   кіріс    пен   оны    өндіруге     және     сатуға жұмсалынған  шығындардың  айырмасы.

    •  Пайда    өндіріс    және    таза    табысты    бөлу,    экономикалық   ынталандыру   қорын   жасау   және   пайдалану  үдерісі кезінде    кәсіпорын    ұжымдары    мен оның   жеке   мүшелерінің   арасында,   сонымен   бірге мемлекеттік  кәсіпорындар   мен   жеке   кәоіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын  білдіреді.

    • Өндірісті басқарудың жаңа   жағдайында   ішкі   шаруашылықтың   күрделі   қаржыны   қаржыландырыру негізгі   табыстарды   құру   және   өзіндік   айналмалы құралдарды толықтыру ісінде  бюджеттік    қаржы емес, кәсіпорынның   өз   табысы   негізгі   қаржылық көзге  айналады.

    • Жоспарлы   пайданың   жалпы   мөлшерін   кәсіпорындардың өздері белгілейді. Кәсіпорындар  пайдасына  жалпы мөлшеріне мыналар жатады: олардың өнімдерін сатудан түскен пайда, көмекші, қайта өңдейтін өндірістен және олардың салаларынан, қызмет көрсетуден алынатын кіріс, сатуға жатіайтын   кірістер.

    Шаруашылық  субъектісінің табыстары — деп  Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 "Табыс" - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі  активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының,  басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

    Мұндай  табыстарға: 

    -  дайын бұйымдар мен тауарларды  сатудан алынатын табыстар;

    - қызмет көрсетуден алынатын табыстар; 

    -  дивидендтер,   ролятилер   және   пайыз   (процент)   түрінде  алынатын және тағы да басқа  табыстар жатады. Бұл  жоғарыда  аталған табыстар қатарына шаруашылық  субъектісіне келіп түскен, кіріс  етілген және субъектінің төлеген  сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды: 

    - алдын ала аванс ретінде алынған  табыстар;

       -   алынған несиелердің және  қарыздардың қайтарылуы.

    Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі  мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша  дұрыс бағалау мүмкін болмаған  уақытта табыс жұмсалған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

    Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай  түрлерге бөлінеді: "   негізгі  қызметтен алынған табыстар; "   негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Дүйсенбаев  К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  талдау» Алматы – 2001
  2. Ілиясов Қ. Құлпыбаев С.«Қаржы»,  Алматы - 2003
  3. Қазақстан Республикасының  Заңы «2005 жылға арналған республикалық  бюджет туралы»
  4. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
  5. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
  6. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік  қаржы  жүйесіндегі  бюджеттік  процедурасын  орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
  7. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
  8. Мұханбетова Э.С. «Мемлекеттің  әлеуметтік  аяны  реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы» //Хабаршы № 4, 2003 ж.
  9. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж
  10. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Алматы/2002

Информация о работе Фирманың кірісі мен шығыны