Фирманың кірісі мен шығыны

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсат - фирманың шығындары және олардың түрлерін, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынадай міндеттерді алға қоямыз:
- Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесін қарастыру;
- Фирма ішілік жоспарлауды талдау;
- Фирма табысына зерттеу жасау;
- Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы рөлін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 ФИРМАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі..........................................................................................................5
1.2 Фирма - кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі......................................10
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы................................................................................................................12
2 ФИРМАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ФИРМАНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН КІРІСТЕРІ
2.1 Фирма ішілік жоспарлау.................................................................................14
2.2 Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту....................................................................................................................20
2.3 Шаруашылық субъектісінің кірістері............................................................25
3 ФИРМАНЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................39

Файлы: 1 файл

Фирма шыгынымен кириси-курс.docx

— 90.89 Кб (Скачать)

    Шаруашылық  субъектісінің табыстары мынадай  шарттар қанағаттандырылған кезде  танылады:

    -    табыс сомасы дұрыс бағаланған  жағдайда;

    -    субъектінің экономикалық пайдаларды  алу ықтималдығы болған жағдайда;

    -    субъекті сатып алушыға меншік  құқығын берген жағдайда;

    -    мәміле   бойынша   нақтылы   жұмсалған   немесе   күтіліп  отырған шығындар дұрыс бағаланған  жағдайда.

    Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс  танылмайды. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді  айырбастау кезінде табыс алынған  тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын  болса, табыс берілген тауарлардың  немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

    Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды  ашып көрсетулері тиіс:

    а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер  көрсету жөніндегі келісімдердің  аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.

    ә) есепті кезең үшін танылған табыстардың  әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:

    -    тауарлар өткізу;

    -    қызметтер көрсету;

    -    пайыздар (проценттер);

    -    роляти;

    -    дивидендтер нәтижесінде туындайтын  табыстарды, олардың ішінде тауарлар  немесе қызметтер алмасу нәтижесінде   туындайтын,   табыстардың   әрбір   маңызды  түріне енгізілген  табыстар сомасын.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдарда табыстардың есебі  субъектілердің бухгалтерлік есебі  мен қаржы шарушылық қызметі  есептерінің   бас   шоттар   жоспарындағы   жетінші   "табыс  деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің  шоттары    тауарларды   және    басқадай   активтерді    сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар  сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған, Жыл соңында (аяғында) бұл бөлімнің шоттары бесінші "меншікті капитал" бөліміндегі 571-"жиынтық табыс (зиян)" шотына апарылып жабылады.

    Шаруашылық  субъектісінің  негізгі қьмзметтен алатын табыстары - деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен  қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың  барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен  алынатын табыстарының есебі 70-"Негізгі  қызметтен түскен табыс" -деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында жүргізіледі.

    Жалпы бұл аталған шоттар субъектінің негізгі қызметінен алған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытындылауға арналған.

    701-шотта  өнім өндіруші өндірістік шаруашылық субъектісінің өздері өндірген өнімдерін сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтерінен алынатын табыстары есептелінеді.

    702-шотта  шаруашылық субъектісінің сатып  алған тауарларын сатудан алған  табыстары есептелінеді.

    703-шотта  субъектінің құрылыс-монтаж, жобалау-іздестіру,  геологиялық барлау, ғылыми-іздестіру  және тағы да басқа жұмыстарды  орындау барысында тапқан табыстары  есептелінеді.

    704-шотта субъектінің жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан алған табыстарының есебі жүргізіледі.

    705-шотта жалгерлік қызметпен айналысатын субъектінің өз меншігіндегі активтерін жалға беруден алған табыстары есептелінеді.

    706-шотта  субъектінің басқа жеке және  заңды тұлғаларға көрсеткен байланыс қызметтері барысында тапқан табыстары есептелінеді.

    707-шотта  шаруашылық субъектінің жеке және заңды тұлғаларды сақтандыруы барысында тапқан табыстары есептелінеді.

    708-шотта  шаруашылық субъектінің басқа  кәсіпорындар мен ұйымдарға салған  инвестицияларынан тапқан табыстары  есептелінеді.

    709-шотта  субъектінің жоғарыда аталған  қызметтерден басқа негізгі қызметінен  тапқан табыстары есептелінеді.

    Бұл пассивті шоттар, сондықтан шаруашылық субъектісінің жоғарыда аталған қызметтері барысында алатын табыстарына 30-"Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы", 32- "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы", 33-"Басқа да дебиторлық қарыздар", 43- "Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары", 44- "Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары", 45-"Кассадағы ақша қаражаттары" -деп аталатын бас шоттардың тиісті бө-лімше шоттары дебеттелініп, 701-709 аралығындағы шоттардың тиістісі кредиттелінеді. Субъектінің өткен кезеңде алған бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 611-"Алдағы кезеңдердің табысы" шоты дебеттелініп 701-709 аралығындағы шоттардың тиістісі кредиттелінеді.

    Шаруашылық  субъектінің  негізгі  емес қызметінен түскен табыстарының есебі.

      Кәсіпорындар мен ұйымдардың  негізгі емес қызметінен түскен  табыстары - деп субъектінің нақтылы  негізгі қыметтерінен   басқа   жұмыстарды   (қызметтерді)   орындауы (атқаруы) барысында тапқан  табыстарын айтады. Шаруашылық субъектісінің  бұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды  орындауы барысында алған табыстары  72-"Негізгі емес қызметінен  түскен табыс" -деп аталатын  бас шоттың бөлімше шоттарында  есептелінеді.   Субъектінің   өз   меншігіндегі   ма-териалдық   емес   активтерін   сатудан   түскен   табыстарының есебі  721-"Материалдық емес активтерін  сатудан түскен табыстар" -деп  аталатын шотта жүргізіледі. 722-"Негізгі  құралдарды сатудан алынған табыс" -деп аталатын шотта субъектінің   негізгі   құралдарды   сатуы,   өткізуі   есептен   шығаруы  барысында   алған   табыстары   есептелінеді.   Құнды   (бағалы) қағаздарды сатуы барысында шаруашылық  субъектісінің тапқан табыстарын  есептеу үшін бухгалтерлік есеп  бас шоттар кестесіндегі 723-"Құнды  қағаздарды сатудан түскен табыс"  деп аталатын шот қарастырылған.  Субъектінің пайыз (процент) және  дивиденд түрінде алатын табыстары  724-"Акциялар бойынша дивидендтер  және проценттер түріндегі табыс"  деп аталатын шотта есептелінеді. 725-"Бағамдық айырмашылықтан түскен  табыс" шотында валюталар бағамының  өзгеруі нәтижесінде оң бағамдық  айырмашылықтан алынған субъьектінің  табысы есептелінсе, 726-"Атқарушы  үкімет органдарының  субсидиялары"   -деп   аталатын   шотта   кәсіпорынға жоғарғы үкімет органдарынан  қайтарымсыз, тегін келіп түскен  заттардың, ақша қаражаттарының  және мүліктердің есебі жүргізіледі.   Ал   шаруашылық   субъектісінің   осы   жоғарыда аталғандардан  басқа негізгі емес қызметтері  болып саналатын көрсеткен қызметтері  мен атқарған жұмыстары нәтижесінде  алған табыстары 727-"Басқалары" -деп аталатын шотта есептелінеді.   Субъектінің   бұндай  табыстарына   басқа  заңды және жеке тұлғалардан  тегін келіп түскен материалдық  емес активтер,   негізгі   құралдар,   материалдар,   ақша  қаражаттары, айыппұлдар,  өсімақылар  және тағы да басқа төлемдер  жатады.

    Субъекті  материалдық емес активтерін, негізгі  құралдар мен құнды қағаздарын басқаларға сатқанда және негізгі емес қызметінен алатын басқадай табыстарына 30-"Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық қарызы, "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы 33-"Басқа да дебиторлық қарыздар", 43-«Валюталық шоттар» дағы ақша қаражаттары", 44-"Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары", 45-"Кассадағы ақша қаражаттары" -деп аталатын бас  шоттардың тиісті бөлімше шоттары  дебеттелініп, қандай мүліктердің сатылғандығына қарай 721, 722 және 723-шоттарының тиістісі кредиттелінеді. Сондай-ақ, 542- "Инвестицияларды  қайта бағалаудан болған төленбеген қосымша капитал" шотының дебеті мен 723-"Құнды қағаздарды сатудан  түскен табыс" -деп аталатын шоттың кредитінде шығып қалған қаржылық инвестицияларды  қайта баға-лаудан алынатын табыс  сомасы көрсетіледі.

    Шаруашылық  субъектісінің басқа заңды және жеке тұлғаларға берген қарыздары мен  несиелері үшін алатын пайыз (процент) түріндегі табыстарына, сондай-ақ дивиденд түрінде алатын табыстарына 332-"Есептелінген проценттер" шоты дебеттелініп, 724- "Акциялар бойынша дивидендтер және проценттер түріндегі табыс" шоты кредиттелінеді.

    725-"Бағамдық  айырмашылықтан түскен табыс"  шоты кредиті бойынша 30- "Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің  дебиторлық қарызы", 32-"Еншілес  (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық  қарызы", 35-Берілген аванстар, 43-"Валюталық  шоттардағы ақша қаражаттары", 44-"Есеп айырысу шотындағы ақша  қаражаттары", 45-"Кассадағы ақша  қаражаттары", 64"Еншілес (тәуелді)  серіктестіктердің кредиторлық  қарызы", 66-"Алынған аванстар" және 67-"Жабдықтаушы және жеткізіп  берушілермен есеп айырысу" -деп  аталатын шоттардың тиістісінің  дебетімен валюталар бағамының  өзгеруі нәтижесінде оң бағамдық  айырмашылыққа сәйкес табыстар  алынған уақытта корреспонденцияланады.

    «Ақжол» Алматы қаласы автокөлік-байланыс жүйесінің қаржылық жағдайы.

    Қазақстанның  әрбір облысы алуан түрлі табыс  климаттық зонада орналасқан, оралдың  даму тарихы, экологиясы мен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бір-бірінен ерекшеленеді.

    Аймақ тұрғындардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыруда табиғи және өндірістік ресурстарды толық пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік және әлеуметтік - тұрмыстык салалардың арасында белгілі бір үйлесімділікті қалыптастыратын саяси - әкімшілік бірліктің күрделі экономикалық кешені.

    Қазакстанның көптеген аймақтарында өндіргіш күштердің дамуы мынадай ерекшеліктермен сипаттадады: экономикалық базаның бір жақты дамуы, әлеумеггік-демографиялық құрылым деформациясы, инфрақұрылым денгейінің төмендігі.

    2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында әкімшілік - аумақтық бірлікке реепубликалық сипаттағы Алматы және Астана қалалары. 14 облыс орталықтары, облыстық және аудандық сипаттағы барлығы 1 1 1 қала, сондай-ақ 174 қала типтес кейіптер кіреді.

    Алматы қаласы автокөлік-байланыс жүйесі қазіргі заманғы көлік пен байланыс жүйесінің барлық түрлерімен қамтылған. Елімізде, сондай-ақ облыста экономикамы тұрақтандыру жағдайында көлік-байланыс кешені қызметіне қажеттіліктер өсіп отыр.

    Алматы қаласы автокөлік-байланыс жүйесі кәсіпорындарының жұмысынан да байқалады. 2009 жылы көліктің барлық түрлерімен 4.5 млн. жолаушы тасымалданған, бұл көрсеткіш 2008 жылға қарағанда 108.2 пайыз құрайды.

    Жолаушы автокөлігі аймақ тұрғындарының шамамен 70 пайыздай бөлігін тасымалдауды жүзеге асыратын және адамдардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік тұрақтылық деңгейіне әсер ететін Маңғыстау облысы көлік кешенінің маңызды құрамдас бөлігі. Облыс бойынша жолаушы автокөлік қызметін ұйымдастыру облыс әкімшілігі құзырегіндегі мемлекеттік басқарудың «Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» жүзеге асырады.

    Маңғыстау облысы бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі статистикалык мәліметтер жыл сайын оң санды көзгерісті көрсетеді. 

    1- кесте. Алматы қаласы автокөлік-байланыс жүйесі жолаушыларды тасымалдау көлемі, адам

      2008 2009 2010 2010 ж. /2009 ж шаққанда, %
Алматы  облысы 129991.0 13553.0 14368.9     110.6
Алмалы  қаласы 8521.0 8256,0 8915,2 104.6
Жаңаөзен  қаласы 3191,0 4247.0 4306,5 113.5
Бейнеу ауданы 301,0 264.0 193.6 64
Райымбек  ауданы 73,0     71,0 80.6 109.5
Алматы  ауданы 372,0     218,0 228.9     61.2
Ұзынағаш  ауданы 534,0 497.0 644.1 120.6

Информация о работе Фирманың кірісі мен шығыны