Фирманың кірісі мен шығыны

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсат - фирманың шығындары және олардың түрлерін, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынадай міндеттерді алға қоямыз:
- Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесін қарастыру;
- Фирма ішілік жоспарлауды талдау;
- Фирма табысына зерттеу жасау;
- Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы рөлін анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 ФИРМАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі..........................................................................................................5
1.2 Фирма - кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі......................................10
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы................................................................................................................12
2 ФИРМАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ФИРМАНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН КІРІСТЕРІ
2.1 Фирма ішілік жоспарлау.................................................................................14
2.2 Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту....................................................................................................................20
2.3 Шаруашылық субъектісінің кірістері............................................................25
3 ФИРМАНЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................39

Файлы: 1 файл

Фирма шыгынымен кириси-курс.docx

— 90.89 Кб (Скачать)
 
 

Фирманың  ішкі жұмыстарын жоспарлаудың жалпы сызбасы

              Жоспарды әзірлеу кезінде оның  тиімділігін арттыру үшін мынадай  қағидаларға суйенеді:

  • Бейімділіе (икемділік) қағидасы;
  • Жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер еңгізу қағидасы;
  • Ұтымдылық қағидасы;

           Әрине, қандай бір жақсы жасалған  жоспар болсада оның құрамында  түсініктіз элементтер мен қателіктер  болуы мүмкін. Сондықтан жоспар өндірістік жағдайларға икемді болуы қажет. Жоспардың икемді болуы күтілмеген жағдайларға жоғалтулар мен кері факторладың әсерін  төмендетеді. Бейімділік (икемділік)қағидасы деп жоспардын бағытын өндірістік жағдайларға байланысты өзгерте алу мүмкіндігін айтады. Мұндай жағдайда тәуекелділікке байланысты шығындар да аз болады. Икемділік қағидасы  белгілі бір оның шектеріне байланысты жүзеге асырылады;

  • Жоспарға толық сенімділік болмай шешім қабылдау көз-жұмбайлылық деп атауға болады;
  • Жоспар өте қымбат болса шығындарды азайту үшін икемді жоспарға өтуді қамтамасыз етуге болады;
  • Жоспарды орындау кезінде оның икемді болуы көп қиыншылықтарға әкеліп соғатын болса, онда икемділік қағидасы өз мағынасын жояды.

           Өндірісте кездесетін өзгерістерге  жоспарға түзетулер мен толықтырулар  еңгізіледі:

           Жоспардың ұтымды варианттарын (жолдарын) анықтау қағидасы үш бағытта  жүргізіледі:

Күрделі қаржының ең тиімді варианттарын анықтау, перспективалы  жоспардың негізгі  көрсеткішіне күрделі қаржының құрылымы мен көлемі жататын жағдайда;

Өндіріс үшін тиімді құрал-жабдықтардың ұтымды варианттарын анықтап алу;

Сатылып алынатын шикізат пен материалдардың көлемі кәсіпорынның өнім көлемін арттыратын жағдайда.

     Фирмаішілік жоспарлау элементтері  мен кезеңдері

           Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • Болжау;
  • Мақсатты анықтау (міндет коя білу);
  • Жоспарға түзету еңгізу;
  • Бюджетті құрау;
  • Жоспарды нақтылау.

     Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы эканомиканы, жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады. Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Болжау-фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.

      Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы мндеттер анықталады. Олардың жуық уақыттары белгіленеді. Ресурстар мен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады.

      Жоспарды түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдріне түзетулер еңгізіледі. Бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдақтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.

      Бюджетті құрау. Бюджет дегеніміз-ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралдық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады. Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, кассалық бюджет және тағы басқалар. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.

         Жоспарға түзету  еңгізу және оны  нақтылау. Жоспарға түзетулер еңгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады. Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақытылы келіп түсінуіне байланысты еңгізіледі. Түзетулер еңгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді. Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстын мөлшеріне де байланысты болады.

        Жоспарлаудың кезеңдері:  Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:

Стратегиялық  мәселелрді  талдау;

Фирма болашағын болжау  және міндеттерді  анықтау;

Дамудын ұтымды вариант таңдау:

          Бірінші кезеңде фирма жұмыс  істейтін нарық талданады.

  • Талдау екі жақты болады:
  • Нарықтық ортада фирма қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
  • Нарықтық ортадағы фирма қызметінің кемшіліктері қарастырылады.

        Фирма нарықта өз орның табу  кезіңде әр түрлі кездейсоқ  проблемаларды кездестіруі мүмкін: тұтынушылардың талабының өзгеруі, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің еңгізілуі, нарықтың өзгеруі және бәсекелестердің стратегиясының өзгеруі, қаржы қиыншылықтары тууы мүмкін. Осы мәселерді шешкеннен кейін келесі кезеңге өтуге болады.

        Екінші кезеңде фирманың күшті  және әлсіз жақтары жөніңде  каталог жасалынады. Бұл каталогта  нарықтық орта жөніңдегі өзгерістер  еңгізіледі. Осы каталогтың көмегімен  қол жеткізуге болатын мақсаттар  анықталады.

        Үшінші кезеңде жасалынған каталогтың  негізінде фирманың дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады.

Фирманың  нарқтағы орны;

Фирманың  қайсы сала мен шаруашылық секторына  жататындығы;

Өндірістік  бағдарламаның ассартименттік құрылымы.

        Бұл кезең ең күрделі кезеңге жатады. Себебі алдыңғы екі кезеңнің ақпараттық негізінде тлдау жасалынып, фирманың дамуының ұтымды варианты анықталынады.

     Жоспарлаудың  түрлері 

Жаспарлаудың  үш түрі бар:

Ұзақ  мерзімді жоспарлау;

Орташа  мерзімді жоспарлау;

Қысқа мерзімді жоспарлау.

        Фирма ішілік жоспарлаудың негізгі мақсаттарына мынадай көрсеткіштерді анықтау жатады:

  • Сату көлемі;
  • Тауарлық масса;
  • Табыс;

         Әлемдік тәжірибеде ұзақ мерзімді жоспарлау кең қолдалынады және оның құрамына орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар кіреді. Жапонияда компаниялардың 70-80 % ұзақ мерзімді жоспарлаумен айналысады. Ұзақ мерзімді жоспар үш жылдық және бес жылдық мерзімге жасалынады. Ұзақ мерзімді жоспарда компанияның, фирманың ұзақ уақыттағы  стратегиялық мақсаттары анықталынады және оны компанияның басшылары дайындайды. Бұл жоспарда өндірістің кеңею варианттары, шығындардың азаюы, табысты арттыру жолдары қарастырылады.

          Орта мерзімдік жоспар ұзақ  мерзімдік  жоспарға қарағанда  нақты мақсаттар мен сандық  сипаттамалар берумен ерекшелінеді. Бұл жоспар екі немесе үш  жылға жасалынады. Орта мерзімдік  жоспарда ресурстарды бөлу негізгі  орын алады. Орта мерзімдік  жоспар үш кезеңнен тұрады.

Әрбір бөлімше өзінің мәліметтері негізінде  дамудың болжамын жасайды;

Болжамдар салыстырылады және олардың арасындағы айырмашылықтар анықталынады;

Дамудың жалпы ценарийі дайындалынып, ол жоғары басшыларға ұсынылады

         Қысқа мерзімді жоспар бір  жылға, жарты жылға, бір айға  әзірленеді. Бір жылдық жоспар  мынадай бөлімдердн тұрады:

  • Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау;
  • Материалдық-техникалық жабдықтау жоспары
  • Күрделі қаржыны жоспарлау;
  • Еңбек ақы мен мамандарды жоспарлау;
  • Толық өзіндік құн, табыс пен табыстылықты жоспарлау;
  • Қаржыны жоспарлау және т.б.

   Қысқа мерзімдік жоспарда серіктестіктер мен жабдықтаушылардың арасындағы байланысты нығайту жөніңдгі мәселелер  келісіледі. Айлық жоспар екі кезеннен тұрады:

  • Жоспарлаудан екі ай бұрын өндірілетін өнімнің көлемі мен модификациясы анықталынады;
  • Толықтырылған жоспар әзірленіледі.
 
 

2.2 Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту 

    Фирманың  шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар  жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл  басқару шығындары кіретінін  білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

    Қалдық  шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың  бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы  күшін жалдау мен ғимараттарды жалға  беру туралы түрлі шарттар мен  келісімдерден құтылу мүмкіндіктері  пайда болады.

    Старттық  шығындар-өндірісті қайта қосумен  және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.

    Старттық  шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері  өзгермегенде өзгермейтін болуы  мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру  керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.

    «Тұрақты  шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.

    Фирманың  шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі  шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің  өзгеруімен өзгереді.

    Фирманың  өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне  байланысты өзгермелі шығындар құрылымында  пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті  шығындар пайда болады.

      Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс  пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.

    Прогрессивті  шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін  өзгермелі шығындар.

    Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне  қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі  шығындар.

      Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен материалдар алынады.

        Бірақ та, белгілі бір сәтте  шаруашылық қызмет тиімділікке  жету, арзан шикізат пен материалдарды  жақсы қолдану мен сатып алу  мүмкіндіктері таусылатын деңгейге  жетеді. Фирма өзінің әлеуетін  толық пайдалану деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шығындар прогрессивті  шығындар сипатына еніп, олар  өндіріс көлемі өсуден немесе  тез өсе бастайды. Яғни жұмысшы  күші осы немесе басқа да  себептерден қымбаттайды, өнімнің  бірлігіне есептегенде шығындары  өсе бастайды, жұмысардың қарқыны  ақаудың пайызын көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті  шығындар басшылар үшін фирма  шаруашылық қызметінің тиімділігінің  барометрі болуы тиіс.

        Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.

    Егер А және В екі фирмалардың  жалпы шығындары мына түрде  келтіріледі:

А                      Б

өзгермелі шығындар               70%                   40%

тұрақты шығындар                  30%                   60%

жалпы шыіғындар                   .100%                 100%

    Осыдан олардың шығындарының  құрылымы өзгеше деп қорытынды  жасауға болады.

Информация о работе Фирманың кірісі мен шығыны