Саясат өнер ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 22:25, реферат

Краткое описание

Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.

Оглавление

1 Мақсаты
2 Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй
2.1 Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері
2.2 Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері
3 Саясаттағы гомеостазис
4 Саясаттағы жалғандылық
5 Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
6 Саясаттағы интеллигенция
7 Саясаттағы ислам
8 Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар
8.1 Интернет
9 Саясаттағы клиентализм
10 Саясаттағы қалжың
11 Саясаттағы қаскүнемдік
12 Саясаттағы либидо
13 Саясаттағы мақсат
14 Саясаттағы маргиналдылық
15 Саясаттағы мінез
16 Саясаттағы психологиялық қысым
16.1 Саясаттағы романтизм
17 Саясаттағы символдар
18 Саясаттағы стратегия мен тактика
19 Саясаттағы субъект және объект
19.1 Саясаттың субъектісі
19.2 Саясат объектісі
20 Саясаттағы субъективизм
21 Саясаттағы тәлкек
22 Саясаттағы үлгілеу
23 Саясаттағы физиогномика
24 Саясатты адамиландыру
25 Саясат және дін
26 Саясат тілі
27 Саясат заңдылықтары
31 Пайдаланған әдебиет

Файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ ПО ПОЛИТОЛОГИИ.docx

— 52.66 Кб (Скачать)

        

Саясаттағы тәлкек


Саясаттағы тәлкек - жоққа шығару немесе күлкі ету, өтірік келісім немесе қолдау түрінде болады. Күнделікті өмірде тәлкек "мазақ ету", "күлкі ету" дегенді білдіреді. Көне дәуірде тәлкекшешендік тәсіл ретінде қолданылған. Осы шешендік түсіндіру XVIII- XIX ғғ. дейін қолданылды.

Тәлкек басқаша айтуға негізделеді. Ақиқат бүркеме сөзбен беріледі. Тәлкекте күлкілі маңызды  ретінде жасырылып, ал теріс баға ашық айтылмайды. Тәлкекте объектіге теріс қатынас басым, ал әзілде керісінше маңызды күлкілі ретінде жасырылады және оң қатынас басым. Саясаттағы тәлкектің бір түрі - сарказм, адамды немесе құбылысты аямай, теріс бағалап мазақ ету.

 

                                    Саясат өнер ретінде

Саясат өнер ретінде - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.[

            

    Саяси жауапкершілік


Саяси жауапкершілік - саяси  қызметтің салдары мен мәнін  терең түсінуге негізделген, саясат субъектілернің моральді-психологиялық  ұстанымы. Саяси жауапкершілік жоғары кәсібі біліктілікке, саяси бағаттың дұрыстығына сенімділікке, адамдардың мүдделері мен тағдырларына катысу сезіміне, азаматтық борыш пен патриотизмге негізделеді.

            

                  Саясат тілі


Саясат тілі - саяси шындықты білдіру және тіркеу құралы. Саясат тілі - саяси мәдениеттің, оның барлық салалары мен қырларына жол ашатын табиғи кілт. Бұл саяси жетекші мен сайлаушылар арасындағы байланыс құралы. Ол - саяси қоғамды байланыстырушы бөлік, қоғамды қажетті ақпараттық деңгейде ұстау құралы. Саясат тілі - сайлаушылардың санасын алдап-арбаушы маңызды құрал.

        Саясат заңдылықтары


Саясат заңдылықтары - әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін анықтайды. Саясат заңдылықтары көптеген адамдардың мінез-құлқынан көрінеді, сондықтан  саясат заңдары үрдіс ретінде әрекет етеді. Саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі.

Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді.

Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі  әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен  байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде.

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланған әдебиет


1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.

2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім Министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

 

 

                                                                  ӘГП кафедрасы

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Саясат өнер ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: Алимкулова Д.Д.

                                                                                  ТТ-11-1 тобының студенті

                                                                            Қабылдаған: Шаймуханова С.Д.

 

 

                                               Қарағанды 2013


Информация о работе Саясат өнер ретінде