Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2012 в 11:54, доклад
Құрметті әріптестер! Құрметті ұстаздар!
Біз, 2012 жылғы 2 ақпанда өткен 75 жылға жуық тарихы бар жоғарғы оқу орнының ізбасары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымының ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылары Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауының бағыттарын толығымен қолдаймыз. Әр жылдың Жолдауының өзінің жаңалығы бар. Бұл жолдау – тарихи жолдау.
Үндеуі
Құрметті әріптестер! Құрметті ұстаздар!
Біз, 2012 жылғы 2 ақпанда өткен 75 жылға
жуық тарихы бар жоғарғы оқу орнының
ізбасары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институтының ұжымының
ғылыми-практикалық
Елбасының көреген басшылығынын арқасында өзіндік даму үлгісі бар, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында да өмірге икемділігін дәлелдейтін мүлдем жаңа мемлекет құрылды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында біздің қоғамдық құрылысымыз, экономикамыз, өмір сүру салтымыз түбегейлі өзгерді.
Елбасы Жолдауда білім жүйесін модернизациялауға байланысты бірнеше шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын қадап-қадап айтты. Ұлттық білім жүйесін қалыптастыру мен дамытудағы ауқымды міндеттерді шешу мәселесіне ерекше назар аударды. Педагог-ұстаздардың мәртебесін арттыруға байланысты тиімді шаралар белгіленді. Өйткені, ұлт келешегі – ұстаз қолында.
Ел көшбасшысының адам капиталын дамутудың қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды жан-жақты қолдауы жалпы жұртшылықты қуанышқа бөлеуде. «Елдің ертеңі – білімді ұрпақ», деді Президент. Сол себепті Қазақстандық білім беру жүйесінде істеп жатқан ұстаз кадрларға қойлатын талаптар да күшейді, олардың алдына жаңа күрделі міндеттерді қойды.
Білім беру ісі біздің облыстағы бірден-бір күрделі де, ауқымды сала, әрі негізгі бағыттардың бірі ретінде қалыптасып отыр. Сондықтан да Елбасынаң Жолдауының білім беру бағыттарына сәйкес озық іс-тәжірибелерімен ізденістер, ғылыми жетістіктеріміздің нәтижелі, табысты болуы үшін қажырлы еңбек етуге шақырамыз. Өскелең ұрпаққа терең білім, саналы тәрбие беруге бар күш жігерімізді жұмылдырайық.
Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық
Шымкент, 2012ж. 2 ақпан