Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 23:48, реферат

Краткое описание

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды.

Оглавление

1.Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік
2.Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу
3.Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері

Файлы: 1 файл

Оқу заңдары.docx

— 56.16 Кб (Скачать)

- оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді;

- бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының ойын дамыту жəне оны оқыту құралы;

- оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;

- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық жəне дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жəрдемін беретінін оқу жəне тəрбие барысында естен шығармау;

- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сəйкестендіру;

- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын жəне екінші дəрежелілерін өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.

- əртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мəн-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.

Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.

Мұғалім практикасында жүйелілік жəне бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:

- оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу əрекеттерін жасауға үйрету;

- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау;

- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тəсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету;

- əрдайым пəн аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

- оқу əдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды - логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару;

- қысқа жəне қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мəселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тəрбиелік) дəріс нəтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына жəне балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.

- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;

- оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты əрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.

- оқудан болар жарқын  болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;

- сезімдік тəжірибе мен тірек білімдерді орынсыз əрі жиі жаңғыртуға əуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, əркімге белгілі əшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.

Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

- қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау.

- қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;

- қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.

- есте сақтауға қажет  материал қысқа да нұсқа болуы  тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл  есіне келтіретіндерінің бəрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.

- Есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет;

- қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;

 

- оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру;

- алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;

- оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;

- оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.

Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені ғана түсіне алады.

Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:

- өтілуге тиіс материалдардың бəрі əр жас қабылдауына сəйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;

- оқушы санасы қандай да пəнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;

- оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тəжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу жəне оқытуда ескеру;

- оқу мазмұны жəне тəсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;

- оқушылардың əртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру;

- оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа жəне үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру;

- оқу жұмысы белгілі дəрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар əрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім əр оқу ситуациясына сəйкес оқу желісін тиянақты əрі нақты белгілеп барғаны жөн;

- педагогиканың жəне психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жəрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану;

- сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолдану, жаңа жəне күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа жəне төмен оқушыларды тарту;

- жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

- оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тəсілдерін ендіру;

- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;

- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;

- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру;

- жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне қатынастары аумағында қарастыра талдау;

- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шəкірттерге кең жария ету;

- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;

- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;

- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру.

Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:

- əр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей əрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ əрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;

Информация о работе Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері