Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 10:09, курсовая работа
Зерттеудің міндеті:
Оқушыларға оқыту пәнінің негізгі теориясын түсіндіру, оқушылардың өзін өзі тәрбиелеу тілегін тудыруға, бұл әлі олардың өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дурыс жолдарын неғұрлым тараған жолын өзін белгілі бір міндеттемелер алып, соның орындауын анық бақылап отыру, өзіне өзі өсеп беру, өзін-өзі тексеру бақылау.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Оқыту процесінің мәні...........................................................4
1.1 Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері........................6
1.2 Оқыту процесінде оқушының іскерлік
дағдыларын қалыптастыру жолдары.......................................................................9
2 Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі..............................................12
2.1 Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.........................................................22
2.2 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары..................................24
Қорытынды................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................................27
Кластың ерекшелігіне қарай мұғалім тексті іріктеп пайдалануы, адамдардың адамгершілік сезімі, түсінігі мен іс-әрекеті туралы баяндайтын басқа әңгімелер таңдауы мүмкім.
Төменгі класс оқушыларын еңбек қызметіне тәрбиелеуде елімізде жасалып жатқан зкономикалық және әлеуметтік өзгерістер туралы білімдерді жинақтаумен тығыз байланыста жүзеге асыру қажет. Балаларға түсінікті материал арқылы мұғалім оқушыларды еңбекшілерінің алдағы міндеттерімен таныстырады, жалпыхалықтық құрылыстардың маңызы туралы айтады.
Төменгі жастағы оқушылармен «сана», «үнем» «рационализатор-лық», "тиімділік" синяқты ұғымдарды қалыптастыру жөнінде де жүұыс жүргізіп отыру керек. Бұл ұғымдар еңбек процесінде және оның натижелеріне, меншікке, табиғатқа деген көзқарасты анықтайды. ІІ класта мұғалімдер "сапа" және "үнем" деген ұғымдарды терең түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Мәселен, балалар чертеж бойынша машина моделін әзірлеуді үйренеді. Модель оқушыларға көрсетіледі, оның негізгі бөлшектері қағазда бейнелену реті белгіленеді, ірі бөлшектерінің жазықтықта бейнелену сипаты анықталады. Мұғалім түсіндіру барысында қандай шартты сақтаған кезде уақыт пен күшті аз жұмсап, сапасы өте жақсы зат жасауға болатынын еске түсіруге көмектеседі. "Сапа" ұғымын түсінудің келесі кезеңі-заттарға баға беру. Баға беру үшін таңдалып алынған қадағалау тобы (әдетте ол үш адамнан тұрады) заттарды үш топқа бөледі: үлгіге сәйкес келеді, ауытқушылық бар, затта өрескел қателер бар. Заттарға ауызша баға беріледі. Еңбек нәтижелерін таңдау тез өтеді, заттың авторы әдетте аталмайды, әңгіме еңбек нәтижелері жайында болады. Балаларды бақылау зат авторларының фамилиялары аталмаса да, әрбір бала өз үлгісінің бағасын қадағалап, табысына қуанатынын немесе сәтсіздігіне ренжитінін көрсетеді. Еңбегінің нәтижесін ұжым мадақтап, еңбек қуанышын сезінген бала іштей күш-қуат алып, еңбек процесінен тағы да қуанышқа бөленсем деген ішкі ниеті пайда болады. Бұл бала бойынша адамдық қасиетті қалыптастыратын, оны парасатты және адамгершілікті түрде жетілдіретін бала еңбегінің екінші "рухани' нәтижесі.
III класта "үнем" деген ұғымды тереңірек түсіндіру жұмысы одан әрі жүргізіледі. Бұл жұмыста балалардың қолда бар материалды пайдалану жөніндегі дербес қызметі едәуір орын ала бастайды. Жаңа заттың чертежін қағаз бетін түсіре отырып, балалар бірнеше вариант ұсынады. Мұғалім бір топ баланың материалды неғұрлым үнемді жұмсауға мүмкіндік беретіндей етіп орналастырған чережына назар аударады. Тәжірбиеде мұғалімнің ұғымды түсіндіре отырып, істің бір жағына ғана, материалды үнемдеуге күш салатынын байқауға тура келеді, ал үнемдеген материалдың қайда жұмсалатыны балаларға әрдайым түсінікті бола бермейді. Үнемделген материалды падалануды, оны қайда жұмсауға болатынын ойлатсыру қажет. "Үнем" ұғымын түсіну процесінің тұжырымдылығы жұмыс барысында балалардың творчестволық қабілет, ептілік, тапқырлық көрсетуіне мүмкіндік береді.
Балалардың
еңбекте дұрыс ұжымдық
қалыптсатырудың зор маңызы бар. Оқушылардың
жалпыға ортақ аспап пен материалдарды
пайдалануларына, тіпті, көбінесе топ
бірлесіп жұмыс істеулеріне тура келетін
еңбек сабақтары мұғалімдерге балалардың
бойында ынтымақтастық пен өзара көмек
дағдыларын дамытуына көп мүмкіндіктер
береді. Екінші оқу жылында бірлескен
еңбек балалар үшін неғұлым үйреншікті
бола бастады, олар коллективтік жұмыс
жөнінде біраз тәжірибе жинақтады, бір-бірін
жақсы білетін болды. Балалар енді тапсырма
сипатынан көрінген, тапсырманы оңай бөлетін
топ құрамын іріктей алады. Олар ұжымдағы
жұмыстың артықшылық жағын түсінеді. Сондықтан
ІІІ класта мұғалім бірлесіп жұмыс істеу
үшін неғұрлым күрделі тапсырма бере алады
(мысалы, ертегілерге иллюстрациялар әзірлеу,
мереке қарсаңында мектеп үйін безендіру
үшін гүлдер мен гүл тізбектерін әзірлеу
және басқалары).
Мұғалім оқушылардың еңбек процесіндегі өзара қарым-қатынасын мұқият қадағалауға тиіс: олар баяуларды, қарындаштарды бөлісе ме, қағазды, картонды дұрыс тарата ма және т.б. Жолдастық өзара көмек көрсету фактілерін атап көрсетіп, балалардың жолдастыққа жатпайтын қылықтарын бетіне айту керек. Сабақтың соңында әр топтың жұмысына коллектив бойынша баға беріп, жұмысты орындаған кезде оқушылардың оз бетімен істеген жұмысын, инициативасы мен ұқыптылық көрсеткенін атап өткен жөн. Алайда ең бастысы - жұмыста қайырымдылық, ілтипаттылық көрсетуге, өзінің және жолдастарының жұмысын әділ бағалауға оқушылардың назарын аудару.
Ойыншықтардан, үйде пайдаланылатын және мектептегі еңбек сабағында артылғандардан балалардың өздері жасаған ұсақ заттарынан, оқушылардың өз класына және бірінші класс оқушыларына арнап жасаған дидактикалық материалдан класта ұдайы жұмыс істейтін "Ынтымақты еңбек" көрмесін ұйымдастыруға болады. Мұндай көрме ұйымдастырылған мектептерде оқушылардың ата-аналары мен өздері үлкен ықылас қояды.
Өз көрмелерінің экспонаттарын балалар жалпы ұйғарым бойынша жолдастарының туған күніне, аналары мен әжелерінің 8 Наурыз күніне және т.б. сылай алады.
Кейбір еңбек сабақтарының алдында балалар табиғатқа экскурсия жасайды. Орманда, далада, паркте балалар мұғалімнің тапсырмасымен топ болып материал жинайды, одан соң сабақ кезінде олардан әр түрлі заттар әзірлейді.
Пьесалар әзірлеу, одан соң оларды стол үстіндегі қуыршақ театрында және көлеңкелі театрда қою ұдайы еңбекті талап етеді. Мұғалім бұл театрда қандай ойын қоюды, ол үшіп не керектігін балалрдың талқылауына ұсынады. Сахна, шымылдық жасау, жарық орнатып, сценарий әзірлеу, фигуралар қиім, корациялар іріктеу, артистер, ойын жүргізушілер белгілеу, шақыру билеттерін жазу керек екендігі анықталады. Өзі үшін де, басқалар үшін де түрлі-түсті қағаз, кистілер және басқа қажетті материалдар табу талап етіледі. Балалар алғашқы тапсырмаларды орындау үшін топтар құрады. Олардың бірі театр үшін рамка жасаса, енді бірі шымылдық тігеді; декораторлар иллюстрация іріктейді, жарықтандырушылар ата-аналар көмегімен жарық етуге қажеттінің бәрін тауып, сым жүргізіп, шамдарын іледі. Еңбек сабағында оқушылар өздері іріктеген иллюстрациялардан кейіпкерлердің фигуркалары мен декорайиялар қияды. Балалар тапсырмаларды өзара әділ бөлісіп, бір-біріне көмектесіп бір-бірінен үйрене білуге тиіс.
Балалар театрын құру жөніндегі күрделі әрі көп қырлы жұмыс балаларды жақындастыра түседі, ұжымдық жұмыстың табысты болуы әрқайсысының адалдығына байланысты екендігіне олардың көзі жетеді.
III класта топтық үй тапсырмалары әр түрлі оқу бағдарламасы бойынша беріледі.
Табиғаттану пәні бойынша жарықтардаи немесе күзгі гүлдерден гербарий жинау, дәнді өсімдіктерден немесе арамшөптерден коллекция жасау, ауа райы календарын жүргізу сияқты тапсырмалар беруге болады.
Мақал-мәтел іріктеуді, әдеби викториналарға сұрақтар әзірлеудің, класс өмірінен инсценировкалар, сықақ көріністер даярлап, оларды клуб сабақтарында көрсетуді топ болып жүргізген жақсы. Үйде балалар жолдастарымен бірге кішігірім ойындарды, билерді зор ықыласпен үйренеді."
Ауыл шаруашылық еңбегіне және өсімдіктердің өсуін бақылауға байланысты ("Терезе алдындағы бақша", "Терезе алдындағы орман", Гүлді қысқы бақ") тақырыптарды топтық үй тапсырмаларына негіз етіп алуға да болады. Балалар өз "бақшасынан" өнім жинайды, өз еңбегінің жемісімен сыйлайды.
"Терезе алдындағы орманды" оқушылар ағаш өсімдіктердің: еменнің, ақ үйеңкінің, шыршаның, қарағайдың тұқымынан өсіре алады. Бұл жұмыс ұжымдық түрде топ болып жүргізіледі.
III кластағы қоғамдық пайдалы еңбектің түрлері әр түрлі, бұлар қластағы кезекшілік, мектеп территориясын тазарту, мектеп бақшалары мен бақтарында жұмыс істеу, балалардың мектептен тыс коллективтік еңбегі (көшелерді, аулаларды көгалдандыру, т.б.). Жалпыға пайдалы еңбек балаларға үлкен тәрбиелік ықпал жасайды, бірақ бұл үшін еңбекті дұрыс ұйымдастырып, жұмыстың жүйелілігін, балалар арасында міндет бөлуді ойластыру керек.
Қоғамдық тапсырмалар балаларға ойын түрінде берілуі мүмкін, бұл оқушылардың тапсырмаға деген ынтасын күшейтеді, оларды жұмысты орындауға ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен, мектептердің бірінде «Гүл ауруханасы» деген әңгімені оқығаннан кейін оқушылар өз класында осындай аурухана ашуға кірісті. Гүл "дәрігерін", "санитарларын" сайлады, терезе алдының бірін "аурухана" етті. "Дәрігер" мен "санитарлар" кластағы, коридордағы гүлдердің бәрін қарап шықты. "Ауру" гүлдер кластағы терезе алдына әкелінді. Балалар гүлдерді суару үшін ерітінді әзірледі, жапырақтарды сүртті, қурап қалатын бұтақтарын қырқып тастады, су себу үшін үйден себізгілеушілер әкелді. Гүлдерді "медицина персоналы" ғана амес, балалардың көпшілігі күтіп-баптайтын болды: бәрі де "ауру" өсімдіктердің тезірек "жазылғанын " тіледі.
Бұдан соң класта класс кітапханасының кітаптарына және оқушылардың өз кітаптарына арналған "ауруханалар" пайда болды. "Ауру" кітаптарды тігіп, желімдеп, сыртын қаптады.
Балалар үшін осындай қызықты істерден олардың алған әсерлі толғаныстары өзара адамгершілік қатынастардың дамып, нағаюына барынша игі ықпал етеді. Бірлескен әр түрлі еңбекте балалар бірін-бірі жақын біледі, жолдастық пен достық көріністі дұрыс бағалауға үйренеді. Олар кластағыға қарағанда, класс санитарлары мен старосталарын және т.с. сайлауға зор жауапкершілікпен қарай бастайды, кандидатураларды белсенді түрде талқылайды. Балалар өз құбыларының қасиеттерінен олардың жолдастарына қарым-қатынасын: олар айналасындағыларға әділ ме, әділ емес пе, ілтипатты ма, ілтипатты емес пе екенін көрсетс білуі маңызды. Педагог балаларды кемшіліктерді де, жетістікгерді де әдепті түрде талқылауға бағыттап отыруға, оларды жолдастарына әділ әрі жақсы ниетпен қарауға үйретуге тиіс.
Дұрыс ұйымдастырылған қоғамдық майдалы жұмыс балаларды жақындастырады. Жолдасына деген қамқорлық, бір-біріне көмек көрсетіп отыру балалардың әдетіне айналады.
Оқушылар сурет салумен айналыса бастағаннан бері жыл өтті. Сурет сабақтары бұрынғысынша балаларды бейнелеу өнерінің құралдарымен оқытудың және дамытудың басты формасы болып қала берді. Мұнда балалар өз бетімен істелетін жұмыста және кластан тыс сабақтарда өздеріне қажет болатын білім мен дағдыларды үйренеді.
Балалардың бейнелеу қабілетін дамыту бұрынғысынша көз алдына елестетуді байыту, сезімталдық пен есте сақтай білуге жаттығу арқылы жүзеге асырылады. I кластың материалдарында келтірілген әдістерді едәуір күрделіленген материал түрінде II класта да қолдануға болады. Негізгі міндет те бұрынғыша қалады: баланың суретте әр түрлі оқиғаларға, адамдар мен табиғатқа өз көзқарасын білдіруіне үйрету. Бұл көзқарас адамдардың іс-әрекетін балалардың бағалай білуінен, айналадағы өмірден "жақсы мен жаманды" түсінуінен көрінеді. Бағалай білу енді "мен үшін жақсы немесе жаман", "маған мейірімді немесе мейірімсіз қарайды" деген принцип бойынша ғана анықталмайды, "мейірімділік" пен "мейірімсіздік", "барлығына қатысты" деген мағынада ұғындырылады.
Балалардың жеке өмірлік тәжірбиесіне сүйене отырып, оларды адамдардың іс-қимылы мен әрекетін дұрыс бағалай білуге үйретуге болады. Егер бағалау оқушының мейірімділік пен мейірімсіздікті өзінің қалай түсінетіндігімен, оның жеке өзінің жамандық пен жақсылыққа көзқарасымен толықтырылатын болса, адамгершілік тұрғысынан баға беру әрбір оқушыға жеңіл түседі. Көптеген сабақтың тақырыптары балалардың бойында адамдардын іс-әрекеті мен қасиетіне адамгершілік тұрғысынан баға бере білу қабілетін дамытуға тікелей бағытталған.
Балалармен тәрбие жұмысында олардың суреттерін бірлесе талқылау өте пайдалы. Оған балалардың бәрі бағалайтынын білу мұғалім үшін қызықты болады. Мұндай бағалауға бағыт бере отырып, балалардың назарын суреттердің айқын сапасына: бейнелеудің әсерлілігіне, түс үйлесімділігінің дәлдігіне, адамдардың мінез-құлқының дәл көрсетілуіне және т.б. аудару керек.
Көркемдік материлдар балаларды тәрбиелеуге көмектеседі. III класта сурет салудың жаңа графикалық техникасы - қаламмен сурет салудан бастаған жөн. Қаламмен сурет салудың қарындаш пен бояуды пайдалануға қарағанда артықшылығы бар. Балалар қаламмен суретті тезірек салады, мұның өзі бұл жаста балалардың тұрақты болмайтын ойын тез жинақтауына жәрдемдеседі. Оның үстіне қаламмен сурет салу бала қолының дәлдігі мен икемділігін дамытады, өткені линияларда әр түрлі салмақпен және әр түрлі үйлесімділігімен жүргізе білуді талап етеді. Қаламмен жұмыс істеу балаларды сурет салуды дәлме-дәл ұйымдастыруға үйретеді.
Сабақтан тыс уақытта да қаламмен сурет салуды іс жүзінде пайдаланудың мүмкіндіктері көп. Бұл техникамен орындаған иллюстрациялар альбомдар мен көрмелер үшін материал бола алады. Мұндай суреттер қабырға газеттерінде кеңінен пайдаланылады.
Осының бәрі балалардың бейнелеу өнері қызметіне тақырыптар мен сюжеттердің неғұрлым кең ауқымын енгізуге, олардың алған әсерін толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
III класта тақырыптық тапсырмалардың бәрі дерлік адамды бейнелеуде балалардан кейбір дағдыларды талап етеді. Бұл жастағы балалардың суреттерінде адамның дене бітімі пропорциясының арақатынасы жиі бұзылып тұрады. Балалардың көпшілігі әдетте адамның басын анағұрлым үлкен етіп, аяқ-қолын қысқа етіп салады. Сондықтан мұғалім балалар суреттерінде адам денесінің барлық мүшелерінің шамалас болуына назар аударуы тиіс. Бірнеше сабақ ішінде балаларды адамды дәл бейнелеуге үйретуге болмайды. Бұған бірте-бірте қол жетеді. Дене бітімінің пропорциялылығы туралы ұдайы еске салуды адамның іс-әрекетімен және жалпы бейнеленіп отырған оқиғаның мағынасымен байланыстыру керек.
Дене бітімінің пропорциясын салу жұмысы балаларды адамның қозғалысын айқын бейнелеуге үйретумен, дене қимылының және қарапайым бет әлпетінің мәнін түсінумен қатар жүргізген кезде міндет жеңілдей түседі. Адамның дене бітімін бейнелеуге үйретудің басты әдісі ойша және бақылау негізінде жасалатын тапсырмалар болады.
Адамның дене бітімін қозғалыссыз (орнықты) қалпында ойша бейнелесу балалар үшін өте күрделі, оларға қандай да болсын қарапайым, бірақ айқын қозғалыстарды есте сақтау жеңіл. Салуға берілген қозғалыс сүретін осы кластағы оқушылардың бірі балалардың бәріне көрсетеді. Мұғалім оның тұрысын түсіндіреді, балалардың әрбір қимылға тән дене, аяқ, қол, бас қозғалысына назар аударуға кеңес береді. Ең бастысы суретте балалардың адам қозғалысын айқын бейнелеуді үйренуіне күш салу; мұндай жағдайда олардан бөлшектерді дәлме-дәл бейнелеуді талап етудің қажеті жоқ.
Информация о работе Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі