Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 10:09, курсовая работа
Зерттеудің міндеті:
Оқушыларға оқыту пәнінің негізгі теориясын түсіндіру, оқушылардың өзін өзі тәрбиелеу тілегін тудыруға, бұл әлі олардың өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дурыс жолдарын неғұрлым тараған жолын өзін белгілі бір міндеттемелер алып, соның орындауын анық бақылап отыру, өзіне өзі өсеп беру, өзін-өзі тексеру бақылау.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Оқыту процесінің мәні...........................................................4
1.1 Оқыту процессінің əдістемелік және дидактикалық жүйелері........................6
1.2 Оқыту процесінде оқушының іскерлік
дағдыларын қалыптастыру жолдары.......................................................................9
2 Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі..............................................12
2.1 Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.........................................................22
2.2 Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары..................................24
Қорытынды................................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................................27
Қандай да болсын іскерлікті меңгеріп алу процесінде бүтіндей барлық әрекет көрсету сияқты, оны біртіндеп жүргізілетін операцияға бөлшектеу үлкен роль атқарады. Білімді меңгеру процесінде оқушылардың ойлау қызметін жандандыруға бағытталған таныс міндеттерінде әдетте нәтиженің өзі белгісіз болып келеді, бірақ оның есесіне оғам жеткізу үшін жасалатын әрекеттің әдіс-тәсілдері белгілі.
Іс жүзінде іскерлік пен дағдыны игеріп алу кезінде оқушылар, әдетте, нендей нәтиже шығатынын біледі (мысалы, әдемі жазылган әріп) және ол күні бұрым белгілі болған нәтижеге әкелетін әрекеттерге үйрену үшін жаттығады. Мұнан бұрын атап өтілгендей, дағды деген жетілген сатысына келтірілген әрекет деп түсініледі, адам ол әрекетті қалай жасағанын тіпті ойлай алмай да қалады, ол оны көзді ашып-жұмғанша, автоматталғандағыдай тез орындайды. Дағдының физиологиялық негізі байланыстың тұрақты қалыптасқан жүйесі, динамикалық стереотип болып табылады. Алайда, мынаны атап көрсету керек, дағдыда да санаға сүйену бар. Егерде оқушыға әрекетті қалай жасау керектігін ойлауға тура келмейтін болса да, бірақ ол әрекетті неге, не үшін және неліктен жасайтынын әрқашан да біледі.
Мысалы, оқушы жазу жазған кезде "а" немесе "б" әріптерінің таңбасы қандай болып шығатыны туралы ойламайды. Сауатты оқушы сөздердің негізгі көпшілігінің орфографиясы туралы ойламайды, бірақ ол не жазу керектігін ойлайды, ол қандай мақсатпен жазып отыр, бүның ол үшін қандай маңызды бар екенін біледі. Дағдыньң пайда болу процесіне кейбір сипатты ерекшеліктер тән. Мысалы, шеберлікті қайталау және мұндағы пайда болған байланысты нығайту барысында әрекет элементтері барған сайын ірілене береді, -жазылатын әріптің элементтерінің таңбасын аналитикалық сапалы меңгеруден оқушы бүтіндей әріпті тез жазуға көшеді, ал әріптен бүтіндей сөздерге көшеді; шетел тілінің сөздеріндегі жеке сөз дыбыстарды анық айтудан-жеке сөздерді қосып айтыға, ол сөзден бүтіндей сөйлемдерді еркін пайдалануға көшеді.
Дағдының
пайда болу процесі іріленумен ғана
емес, сондай-ақ автоматизмге жақыңдауына
қарай жеке операцияларды өткізіп жіберуменде
сипатталады. Мысалы, алгоритмді игеріп
алу кезеңінде жүргізетін бірсыпыра ұсақ
операциялар мен расчеттар кейіннен өткізіледі
алгоритм жырысын қалады.
2
Оқу процесінде
қарым-қатынас жасау
әдістемесі
Оқу жылының соңына қарай балалар сабақта бірлесіп жұмыс істеу жөнінен біраз тәжірибе жинақтайды. Олар енді қажет болған кезде, жалпы оқу құралдары мен кітаптарын пайдалана алады, бір-біріне көмектесіп, өз білімін ортаға сала біледі, олардың бойымда ұжымдық жұмыс түрлеріне деген ұмтылыс пайда болады.
Орыс тілі, оқу, математика және басқа пәндер бойынша оқу материалын меңгеру қазіргі балалар үшін едәуір қиындық туғызады. Сондықтан қажетті ақыл-ой салмағы балаға ауыр, ұнамсыз әсер етпей, күш салудың, "жаңалық ашудың", жаңа, бұрын белгісіз нәрсені түсінудің арқасында қуанышқа бөленетіндей оқу процесін ұйымдастыру талап етіледі.
Оқу, грамматика және тіл дамыту сабақтары адамдардың қарым-қатынасы туралы балалардың көзқарасын байытуға, оларды қоғамдағы тұрмыс нормаларымен және ережелерімен таныстыруға мүмкіндік береді, баланың еліктеуге тырысатын адамгершілік мұратының қалыптасуына көмектеседі. Табиғаттану сабақтарының енгізілуіне байланысты табиғат оның байлықтары, адамиың табиғатқа көзқарасы екінші класс оқушыларыкың арнайы оқитын пәніне айналып келеді.
Оқуға арналган кітаптарда қазіргі балалардың омірі бейнеленген әңгімелер берілген. Әңгімелердің мазмуны балалардың назарын күнделікті өмірде жақсылық, ілтипаттылық, қамқорлық көрсегуге аударады. Сөйтіп, балалардың басты назарында айналасындағы адамдар достары, жолдастары, ата-аналары болады. Өнегелік мағынасы баланы түсіну сезімін сипатталып отырған оқиғаның тереңіне жеткізуді талап ететіндей әңгімелерге назар аударуға болады. Бірде, сабақта балалардың іс-әрекеті туралы әңгіме болған кезде, оқушылардың бірі: "Егер жаман қылық жасасаң, неге міндетті түрде өзің туралы айтуың керек, ал егер жақсы іс жасасаң, неге үндемеуің керек? Жақсы іс туралы айту үнамдырақ қой"- деп сұрады. Мұғалім бұл сұраққа бірден жауап қайтармады, ол балаларды ойлану мүмкіндігінен, бәлкім, класта болған оқиғаны жаңаша көз алдына елестету мүмкіндігінен айырғысы келмеді. Ол өз мінез-құлқымен балалардың назарын аударған адамдар туралы айтып беруін сұрады. Балалардың әңгімелері, олар басқаларға жақсылық жасап, ол туралы айтпайтын және жақсылық туралы сөйлеп, оны іске асырмайтын адамдардың іс-әрекетіндегі айырмашылықты талдай алмаса да, іштей сезінетінін көрсетті. Екінші класс оқушыларының бәрі бірге нағыз мейірімді адам жақсылықты награда үшін емес, адамдарға басқаша қарай алмайтындықтан жасайды деген қорытындыға келді. Ол әрдайым қарапайым.
Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі сабақтарында өткізілетін қысқаша мазмұндаманы пайдалануға болады. Бұл үшін мазмұндамаға арналған әңгіменің тексіне тиісті мінез-қүлық әдісін таңдауды талап ететіндей проблемалық адамгершілік міндетті енгізген жөн. Оқу тапсырмасын орындай отырып, бала адамгершілік көзқарасты қалыптастыруға арналган қажеті материал алады.
Мысалы, екінші класс оқушыларына мынадай әңгімө оқылды; "Жаз мезгілі жетті. Орманда бүлдірген пісті. Үш дос-Орал, Болат, Қасым - үйге бір-бір кәрзеңке піскен жидек әкелуді ұйгарды. Олар орман ішін үзақ аралады. Бүлдіргенге тойып, кәрзеңкелерін толтырды. Конет Қасым қалтасында үйдің кілті жоқ екенін байқады. Бүлдірген терген жерге қайтып барып іздемекші болды. Болат жолдасын аяп, күрсінді де, үйіне кетті. Ал Орал ..." Тапсырма: Қасым не істеуге тиіс екенін жазу.
Мүғалім осындай текстерді өзі іріктеп, оған мазмұны осы сәтте балалар үшін неғүрлым актуальды болатын тапсырмалар әзірлеп алады.
Балалардың ойлау қызметінің негізгі түрлері сабақтағы жұмыс түрі коллективті болған кезде тезірек әрі жақсы дамиды. I кластағы сияқты II класта да үжыммен құрылған әңгімелер қызықты болады. Бұл жұмыстың барысында балалардың бойында берілген сөйлем варианттарын салыстырып, тәуірлерін таңдай білу қабілеті дамиды.
Математика сабақтарында есеп шығарған кезде бірлесіп жұмыс істеудің әр түрлі варианттары болуы мүмкін, мысалы: 1) есептің шартын өз бетімен оқып шығу. Оның мағынасын, берілген мысалдың арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын сөздерді табу. Тапсырманың осы бөлігін олардың әрқайсысы дұрыс шешкен-шешпегені туралы өзара кеңесу; 2) есепті өз бетімен шығарып, одан кейін орындалған жұмысты өзара тексеру және жолдасы орындаған жұмысқа ауызша баға беру; 3) жолдасы ойлап тапқан есепке сұрақ қоя білу. Есептің кез келген шартына математикалық мәні жағынан әр түрлі бірнеше сұрақ қойылуы мүмкін екеніне балалардың назары аударылады; 4) тақтаға жазылган схема бойынша есеп мынадай саты бойынша жасалады; а) компоненттердің арасындағы байланыс белгіленеді; ә) математикалық ұғымдар арқылы есептің құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыс анықталады; б) ессптің мазмұны анықталады. Ұжыммен құрылған бөлшектерден тұтас есеп жасалып, ол класта өз бетімен шығаруға ұсынылады.
Табиғаттану жөніндегі пән сабақтары балалардың белсенді қарым-қатынасына байланысты болады.
Үйлестіріліп берілетін материалмен жұмыс істеу бір партада отыратын балалардың зерттелетін заттарды бірлесіп қарауына, салыстыруына, бейнелеуіне мүмкіндік береді. Бұл балалардың оқу пәніне деген назарын күшейте түсуге және олардың тату, жолдастық қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.
Мысалы, «Бөлме өсімдіктері» деген тақырып бойынша сабақ өткізген кезде класты төрт-төрт адамнан топтарға бөлуге болады. Балалар өсімдіктерді күтіп-баптау жөніндегі міндеттерді топ мүшілерінің арасында өздері бөледі: бірі топырақ қопсытады, екіншісі сарғайған жапырақтарды үзеді, құрғақ бұтақтарды кесіп тастайды, үшіншісі суарады; төртіншісі өсімдіктің аты жазылған белгі жасайды. Топтарда әр түрлі оқушылар кезекпен ұйымдастырушы болуға тиіс. Жұмысты қабылдап, талдау жасаған кезде мұғалім орындалған тапсырманың сапасым ғана емес, сонымен бірге жұмыс барысында қалыптасқан өзара адамгершілік қарым-қатынасты да бағалап өтеді. Сөйтіп, балалар бүкіл ұжыммен табысы әркімнің істеген жұмысына байланысты екеніне тағы да көз жеткізеді. Олар өзінің ғана жақсы жұмыс істеуін жеткіліксіз, жолдасың да сондай жақсы жұмыс істеуі керек, демек, оған дер кезінде көмек көрсету керек екенін түсінеді.
Топтық тапсырмаларды ұйымдастыру және оларды сабақта орындау оқушылардың бірлескен қызметі кезінде ұзақ уақыт бойы топтасып араласуына және коллективтік. сыннан өтуіне мүмкіндік береді.
Жалпы жұмыс үшін топтар құра отырып, балалардың арасындағы жолдастық байланысты, олардың өзара қарым-қатынасын, бірлесіп жұмыс істеуге балалардың әзірлік дәрежесін ескеру қажет. Бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланбаған бала ондай жұмысқа дағдыланған балалармен ынтымақтасып жұмыс істейді. Егер класта ұжымдық жұмысқа әзірленбеген балалар көп болса, педагог бүкіл класты топқа бөлуге асықпауға тиіс. Ол балалардың жұмысын мұқият қадағалауға мүмкіндік алу, оларды бірлесіп жұмыс істеуге, әркімнің еңбегін бағалай білуге үйрету үшін алдымен бір топқа, одан кейін екінші топқа тапсырма береді. Пәндік сабақтардағы ойластырылып құрылгаи топтар балалардың бір-біріне адамгершілік игі ықпал жасауының, олардың арасында өзара дұрыс қарым-қатынас қалыптасуының пәрменді құралы бола алады.
Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту барлық сабақтарда болатын процесс - бұл мұғалімнің назарында болатын ерекшө обьект. Балалардың сабақта да, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да араласу сарыны көбінесе сөйлеу мәдениетіне байланысты болады. Кейбір балалар өз жолдастарына әр түрлі жалған тағып, дөрекі сөздерді қолданады, қатты сөйлейді немесе заңды талаптарын жоғары сарынмен қояды. Жолдастарына көзқарасын білдірудің осындай сыртқы түрі көбінесе қарым-қатынастың мазмұндық жағын анықтайды. Мұғалім балалардың өзара араласу сарынын қадағалауға және қажет болған жағдайда оны алға қойлыған тәрбиелік міндеттерге байланысты өзгертіп отыруға тиіс. Балалар ұжымында "сыйластық сарыны" басым болса, онда жеке адамның өзара адамгершілік қарым-қатынасы мен қасиетті неғұрлым тезірек әрі оңайырақ қалыптасады.
Сабақта бәрі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Сабақтағы балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты көбінесе мұғалімнің жеке өзіне өзінің балалық шағын еске түсіру, баланың кездесоқ жасаған қылықтарын байқамағанси білу, балалармен бірге қуанып, бірге ренжи білу, олардың мүддесімен өмір сүре білу қабілетіне байланысты болады. Мұндай реттерде бала өзінің жақындығын сезініп, класта жолдастарына мұғалім сиқяты қарауға тырысады. Мұндай жағдайда бала мұғалімнің тарапынан, одан кейін кластас жолдастарының тарапынан да демеуді сезінеді. Бұл оның адамгершілік жағынан дамуы үшін де жағдай туғызады.
II класта балалар бірін-бірі жақсы біледі және жолдастық қарым-қатынастан басқа, олардың арасында ынтымақтық пайда болады. Мұғалім оқуға арналган текстерді пайдалана отырып, нағыз жолдастық пен шынайы достық туралы, бұл үшін қажетті қасиеттер (кішіпейілділік, қайырымдылық, әділеттілік және өзара көмек) туралы балалалрдың көзқарасын кеңейтіп, нағыз достыққа не кедергі келтіретінін оларға көрсете алады. К.Д.Ушинекий; "... шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекетті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма" - деп жазған.
Оқу үшін көркем шығармалар таңдау олардың негізінде екінші класс оқушыларының өзара қарым-қатынасында адамгершілік мәдениетін дамытуға болатындай етіп жүзеге асырылады. Әдеби шығармаларды оқи отырып, балалар адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, іс-әрекеттің болу себебін ажырата білуге, игі істің әдемілігін сезінуге, бұзақылықты, мейірімсіздікті айыптауға үйренеді.
Ұсынылған
шығармаларды талқылауға арналған сұрақтар
балалардың кейіпкер іс-әрекетін түсінуін
бағалай білуін тереңдетеді. Осы шығармалардың
негізінде өткізілетін этикалық әңгімелер,
егер олар баланың жақын туыстарымен,
жолдастарымен қарым-қатынасына байланысты
болса, егер мұғалім адамның халық, Отан,
табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі
туралы мәселе көтерсе, әдетте. балаларды
өте қызықтырады. Сөйтіп, балалардың алдына
қойылған мәселелерді коллективтік түрде
шешу адамгершілік көріністерді анықтауға
ғана емес, сонымен қатар балалардың өмір
тәжірибесін кеңейтуге де жәрдемдеседі.
Әңгіме кезінде мұғалім практикалық істерді
ұйымдастыру туралы балалармен міндетті
түрде сөйлесуге тиіс.
Оқи отырып және оқылған материал бойынша әңгіме өткізе келе, балалар бірте-бірте адамдардың ісі мен әрекетін өнегелік жағын ажырата білуге, адамгершілік норма тарапынана тәртіпті бағалай білуге үйренеді. Балалардың назарын игі көріністерге ғана емес, жаман көріністерге де аударып отыру, оларды әділетсіздікке, қаталдыққа, арамдыққа қарсы күресуге ынталандыру өте маңызды. Әдеби шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқын екінші класс оқушысы көбінесе үлгі тұтады, ол арқылы бала жолдастары мен өзінің іс-әрекетіне баға береді.
Тәрбиелік жағынан баланы әңгімеде, өртегіде, өлеңде келтірілген "адамгершілік проблемамен" қызықтыру өте маңызды. Осыған байланысты мұғалімнің мәнерлеп оқуы үлкен роль атқарады, баланың шығарманы ұғыну қабілеті көбінесе осыған қатысты болады.
Мәселелердің бағыттылығы, оқылған шығарманы талқылау қорытындысы бала сезімім оятардай "проблемалы" болуға тиіс. Бұл - екінші класс оқушылары мұғалімнің басшылығымен алға қойылған мәселені өздері шешуге, шешімді дайын түрінде шығармай, ереже жасауға тиіс деген сөз. Шығарманы талқылау баланың білімі мен сезімінің бірлігін қамтамасыз етуге тиіс, сабақта оқыған материал баланы толғандыратындай жағдай тудыруы тиіс.
II класта оқуға арналған әдеби шығармалар төрт бөлімге топтастырылып берілген: адамның асыл мұраты, "Мейірімділік пен қайырымдылық туралы", "Жолдастық пен достық туралы", "Тіршілік атаулыны сүйе біл".
Информация о работе Оқу процесінде қарым-қатынас жасау әдістемесі